Материалдар / Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу

Материал туралы қысқаша түсінік
дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2019
3209
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.5

дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Дисперсия мен стандартты ауытқу мағыналарын түсіндіреді;

  • Дисперсияны есептейді;

  • Стандартты ауытқуды есептейді.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Дисперсия мен стандартты ауытқу мағыналарын түсіндіреді;

  • Дисперсияны есептейді;

  • Стандартты ауытқуды есептейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар дисперсия мен стандартты ауытқуды есептеуді түсіндіреді, шамалардың орта мәннен ауытқуын талдайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Арифметикалық орта, мода, медиана, ауқым, дисперсия, стандартты ауытқу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Сандық қатардың модасы деп, ... санын атайды.

Медиананы табу үшін, ...

Сандық қатардың арифметикалық ортасын табу үшін ...

Дисперсия ... көрсетеді.

Стандартты ауытқу ... тең болады.

Стандартты ауытқу ... көрсетеді.


Құндылықтарды дарыту


Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Астрономиямен байланыс Меркурий планетасындағы орташа температура жайлы мысалды қарастыру арқылы жүзеге асады, сонымен қатар, осы планета туралы қысқаша ақпарат беріледі.

Бастапқы білім


Арифметикалық орта, мода, медиана, өзгеріс ауқымы, дисперсия, стандартты ауытқу.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин









2-10 мин









  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.


2. Теориялық материалды қайталау.

Мұғалім статистикада дисперсия және стандартты ауытқу сияқты сипаттамаларды енгізудің қажеттілігі жайлы айтады, яғни арифметикалық орта зерттеліп отырған өлшем жайлы толыққанды мағлұмат бермейтіндігін атап өтеді.

Мұғалім ол үшін бір мысал келтіреді.

Меркурий планетасында орташа температура +15°. Осыған қарай Меркурийде адамдарға өмір сүруге болатын қалыпты климат екен деп ойлауға болады. Бірақ шындығына келгенде ол олай емес. Меркурийдегі температура -150°-тан +350° аралығында болады.


  • Әрі қарай оқушылар оқылып жатқан материал бойынша теориялық материалды қайталайды, жұпта ауызша сұрақ-жауап жүргізіледі. Мұғалім жұптағы жұмысты бақылайды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды.


Презентация

Слайд 1-2









Презентация

Слайд 3-5






Сабақтың ортасы

10-20 мин






















20-30 мин























30-38 мин









3. Есеп шығару.

Оқушыларға өз бетімен орындауға тапсырмалар беріледі (тапсырма 1-3), оны орындау барысында калькулятор қолдануға болады.

Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, қажеттілігінше сұрақтар қояды, консультациялық көмек көрсетеді, оқушыларға кері байланыс береді.

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды. Мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Сандық қатардың арифметикалық ортасын дұрыс табады;

  • Сандық қатардың дисперсиясы/ стандартты ауытқуын дұрыс есептейді;

  • Сандық қатарлардың дисперсиясы/ стандартты ауытқуларын салыстырады;

  • Есептің контекстіне байланысты қорытынды жасайды.


4. Тақырыпты тереңдету.

1-3 тапсырмаларын орындап болғаннан кейін мұғалім оқушыларға келесі сұрақ қояды:

Егер деректер интервалдық кесте түрінде берілсе, онда дисперсия мен стандартты ауытқуды қалай табуға болады?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін оларға 4-тапсырманы орындауды ұсынады.

Мұғалім кейбір көмекші кеңестерді слайдтарда көрсетеді, олар оқушыларға тапсырманы орындауға көмектеседі. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Сандық қатардың арифметикалық ортасын табады;

  • Интервалдық кесте түрінде берілген қатардың дисперсиясы мен стандартты ауытқуларын дұрыс есептейді.


5. Өздік жұмыс.

Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды орындауды ұсынады, бұл тапсырмаларды дисперсия мен стандартты ауытқуды табу дағдыларын жетілдіруге арналған. Оқушылар өздері жеке жұмыс істейді. Мұғалім көмек көрсетпейді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды, кері байланыс ұсынады, типтік қателерді ескертеді, 8.3.3.5 оқу мақсатының жетістігі бойынша қорытынды жасайды. Критерийлер қосымша 2-де берілген.


Презентация

Слайд 6-15

Қосымша 1





















Презентация

Слайд 16-18

Қосымша 1





















Қосымша 2








Сабақтың соңы

    1. мин

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақтың мақсаттарына оралып оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды.

Келесі сабақтарды дұрыс жоспарлау үшін оқушылар рефлексиясы ұйымдастырылады:

Сөйлемдерді толықтырыңыз:

  • Бүгін мен білдім

  • Мен үшін қызықты болды

  • Мен үшін қиын болды

  • Мен … тапсырмаларды орындадым

  • Енді менорындай аламын.


Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 19

Стикерлер









Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!