ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МЕХАНИКА БӨЛІМІНДЕГІ ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МЕХАНИКА БӨЛІМІНДЕГІ ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақалада физикалық есептерді шығаруға үйретудің маңызы мен әдіс тәсілдері көрсетілген. Физика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (талдау, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады. Физика пәнін оқытуда физикалық есептерді шығару оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, оқушылардың физикалық құбылыстарды оқып үйренуіне, ойлау қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МЕХАНИКА БӨЛІМІНДЕГІ ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ


Әліхан Айжан Мұхтарқызы

alikhanaizhan441@gmail.com

Ш.Уалиханов атындағы КУ Математика, физика және информатика кафедра студенті,

Ғылыми жетекші –

Көкшетау қ, Қазақстан

Аннотация: Мақалада орта мектеп оқушыларын Механика бөліміндегі физикалық есептерді шығаруға үйретудің маңызы мен әдіс тәсілдері көрсетілген. Физикалық есептер оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, өзінің сана-сезімі дамып және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады. Физика пәнін оқытуда физикалық есептерді шығару оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады.

Тірек сөздер: механика,үйрету, физикалық есептер, орта мектеп, логикалық ойлау.

Аннотация: В статье показано значение и методы обучения старшеклассников решению физических задач в разделе Механика. Физические задачи наряду с учебной квалификацией учащихся развиваются мышление, собственное сознание и формируется творческая деятельность. При изучении физики решение физических задач является частью, которую невозможно отделить от учебного процесса.

Ключевые слова: механика, обучение, физические задачи, средняя школа, логическое мышление.


Abstract: The article shows the importance and methods of teaching high school students how to solve physical problems in the Mechanics section. Physical tasks along with students' academic qualifications, thinking, their own consciousness are developed and creative activity is formed. When studying physics, solving physical problems is a part that cannot be separated from the learning process.

Keywords: mechanics, learning, physical tasks, high school, logical thinking..


Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, оқушылардың оқуға ынтасын ояту және қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамыған жеке тұлға дәрежесіне жеткізу.

Қазіргі кезде оқушының сөйлеу, талдау, салыстыру, логикалық ойлауын көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән берілуде. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз жас ерекшеліктеріне, мүдделеріне сай оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану көзделген. Бұл жағдайда жаңа оқыту технологиясын енгізуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, өз ойын толық айтуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді.

Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.


Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндермен қатар физика пәнінің атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен, қазіргі уақытта орта мектептегі оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын қалай арттыруға болады деген сұрақ туады.

Менің ойымша, бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканың оқыту әдістемесінің ең тиімді тәсілдерін іріктеп алып, оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының технологияны қабылдауына, ынтасы және құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Физика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және қарапайым ойлау операциялары (талдау, салыстыру, сұрыптау) қалыптасады.

Физика пәнін оқытуда есеп шығару оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, ойлау қабілетін дамытуға және оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор.

Есептер шығару физикалық заңдарды оқып үйренуде, нақты білім алуға және логикалық ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі.

Есеп шығарудың тәсілін таңдау арқылы ғана, есептің жауабын алу мүмкін емес. Ол үшін таңдап алынған тәсілді жүзеге асыру керек, яғни есептің шартындағы нысандарға және оның сипаттамаларына қажет болатын логикалық, математикалық немесе тәжірибелік амалдарды қолдану керек.

Есеп шығарудың таңдап алынған тәсілі белгілі бір әдістердің жиынтығы арқылы жүзеге асады. Физикалық есептерді шығару амалдары сан алуан, оларды қолдана біліп, оқушылардың есеп шығара алу қабілетін анықтайды [1].

Кей жағдайларда жаңа есеппен бұрын шығарылған есепті салыстыра мыналарды байқаймыз: олардың тек нысандары немесе сипаттамаларының сандық мәндері өзгеше, немесе шамалар басқа бірліктер жүйесінде беріледі. Кейбір есептердің талабы, бұрын шығарылған есеп шартындай және керісінше болады.

Есеп шығару үрдісін бірдей деп қарастыруға болады. Есеп шарты мен талабының түрлі болуына қарамастан, оқушылар олардың ортақ құрылысын, ұқсас есептерді шығарудың ортақ әдісі мен тәсілдерін байқай білу керек.

Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын түсіндіру.

2. Есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу.

3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық үрдістер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке көңіл аударылады.

4. Шығарудың жоспарын құру, тәжірибе жасау, есепке керекті тұрақтылар мен кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау жасау.

5. Физикалық шамаларды ХБЖ жүйесінде жазу.

6. Ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу.

7. Теңдеулерді құру және оларды шешу (қондырғыны жинау және оны жасау).

8. Ізделініп отырған шаманы есептеу, тәжірибе нәтижесіне талдау жасау.

9. Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру.

10. Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін алу [2-3].

Мысалы: Серіппеге массасы 2кг жүк ілгенде ол 4см-ге ұзарады. Серіппені 2см-ден 12 см-ге созу үшін атқарылатын жұмысты табыңыздар (g=10м/с²)?

Орта мектепте осындай есептерде оқушылар не істерін білмей,атқарылатын жұмыс

болады деп механикадағы атқарылған жұмыспен алмастырып алады да неге артық шамалар беріліп тұр деп бастары қатады.

Шешуі: мұндай серіппеде атқарылған жұмыс анықталады. Ал серіппенің қатаңдығын Гук заңы бойынша анықтап алуға болады:

Мұндағы k-серіппенің катаңдығы, ∆x-серіппенің созылу ұзындығы. Ғ-ауырлық күші.

Есепті шығарудан бұрын барлық берілгендерді ХБЖ-ға келтіріп аламыз.



Берілгені

ХБЖ бойынша

Есеп мазмұнын теориялық талдау

m = 2 кг

x = 4 см

х1 = 2 см

х2 = 12 см




Серіппенің серпімділік күшін анықтау үшін Гук заңы қолданылады:


Серіппенің ұштарына күш түсірілгенде, серіппе потенциалдық энергия жинайды. Серіппеге жұмсалатын жұмыс (немесе серіппенің потенциалдық энергиясы) келесі формуламен анықталады


А - ?


Шешуі: Серіппе 2 кг жүкпен 4 см-ге (0,04 м) ұзарған. Бұл жағдайда серіппенің күші ауырлық күшіне тең:

Серіппенің қатаңдығын табамыз:


Жұмысты есептейміз:

[Н*м]=Дж


Жауабы: А=3,5Дж


Оқушы есеп шығару жоспарын жүзеге асырып, есеп талабын қанағаттандырған соң (сұраққа толық жауап берген соң), қорытынды бақылау және талдаумен есеп шығарудың ортақ әдістері, тәсілдері және амалдарымен байланысты болатын есеп шығарудың жаңа кезеңін түсінеді. Есеп шығару үрдісінің әрбір кезеңдерінде оқушының ой әрекетінің түрлі ерекшеліктері көрініс береді. Есепті талдау және оны шығару жолы туралы болжам жасау кезеңінде ойлаудың бақылаушылық, жасампаздық, белсенділік және даралық қасиеттері көрініс табады.

Нақты айтқанда есеп шығару үрдісінің белгілі бір мақсатқа бағытталуы және есептің қандай мақсатпен шығарылатынын және оны шығару нәтижесінде қандай жетістікке жететінін білу керек. Тек осы жағдайда ғана, оқушылар физикалық есептерді саналы түрде, оның мақсатын толық түсініп шығарады.

Қорытынды

Орта мектеп оқушыларына механика бөліміндегі физикалық есептерді шығаруға үйрету – олардың ойлау қабілетін, логикалық тұжырым жасау дағдыларын және шығармашылық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Есеп шығару арқылы оқушылар теориялық білімді терең меңгеріп қана қоймай, оны нақты өмірлік жағдайларда қолдануға үйренеді. Әсіресе, есептерді кезең-кезеңімен талдау және шешу оқушының жүйелі ойлауын қалыптастырады, физикалық заңдылықтарды түсінуге және оларды практикада қолдануға мүмкіндік береді.

Әрбір есеп – оқушының таным көкжиегін кеңейтетін, ойлау логикасын дамытатын құнды құрал.

Сондықтан, физикалық есептерді шығару – оқу процесінің ажырамас бөлігі ретінде оқушының жан-жақты дамуына ықпал ететін тиімді әдіс екені даусыз. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу арқылы біз білім сапасын арттырып, болашақта ғылым мен техниканы игеруге қабілетті, зерделі ұрпақ тәрбиелей аламыз



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Г.М.Ерғалиева, Қ.Н.Жұмаділлаев Физика есептерін шығару әдістемесі. Алматы, 2007.

2. Б.Е.Акитай Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері. Алматы, 2006

3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі.- Алматы: Рауан, 1998


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2025
107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі