Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Орта мектепте ботаникадан сабақ беру методикасының жалпы мәселелері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Аренов Әділ
Орта мектепте ботаникадан сабақ беру методикасының жалпы мәселелері
Дипломдық жұмыс
Мамандығы: 5В011300-Биология
Арқалық, 20__
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағыАрқалық мемлекеттік педагогикалық институты
«Қорғауға жіберілді»
Химия, биология және география кафедрасының меңгерушісі
____________________ М.Ә.Нұрханов
«____» ______ 20____ ж.
ДИПЛОМдық жұмыс
Тақырыбы: «Орта мектепте ботаникадан сабақ беру методикасының жалпы мәселелері»
Мамандығы: 5В011300- Биология
Орындаған қолы А.Аренов
Ғылыми жетекші
лауазымы қолы Т.А.Ә.
Арқалық, 20__
мазмұны
|
кіріспе ……………………..... |
3 |
1 |
1 БОТАНИКА ОҚЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР ДАЙЫНДАУДЫҢ ОҚУ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ |
5 |
1.1 |
1.1 Мектеп жабдықтарының классификациясы. Биология сабақтарындағы оқыту құралдары
|
6 |
1.2 |
1.2 Ботаника пәнінен тірі табиғи нысандар, оларды пайдалана білуді оқыту мәселелері |
9 |
2 |
2 ОРТА МЕКТЕПТЕ БОТАНИКАНЫ ОҚЫТУДА ТҮРЛІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНА БІЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ |
17 |
2.1 |
2.1 БИОЛОГИЯДА БЕЙІНДІ-БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ РОЛІ |
17 |
2.2 |
2.2 БОТАНИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР |
34 |
2.3 |
2.3 КЕЙБIР ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ |
39 |
|
қорытынды …………………..……………………. |
69 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....…. |
71 |
КІРІСПЕ
Білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім, еңбек және кәсіптік даярлық сапасын арттыру, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, техникалық құралдарды кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.
Көптеген ғалымдардың психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне шолу жасайтын болсақ, оқыту құралдарының көмегімен өткізілетін сабақта білім алушылардың жалықпайтындығын, жаңа оқу материалдарын қабылдау процесіне олардың әр-түрлі сезім мүшелері барынша толық қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдануына мүмкіндік туғызатындығы дәлелденді.
Дегенмен, оқыту құралдары мұғалімнің ролін атқара алмайды. Ол тек мұғалімге көмекші құрал ғана бола алады. Өйткені мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Сондықтан педагогикалық процесте орын алатын мұғалім әлі де негізгі тұлға болып саналады.
Оқу-тәрбие жұмысында әр-түрлі оқыту құралдарын пайдалану, олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін одан әрі жетілдіру үлкен мәселе.
Тақырыптың көкейкестілігі: Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр. Сондықтан да білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және экономиканы индустриялық-инновациялық дамытудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін тиімділігі білім беру жүйесін қалыптастыру жұмыстың басты мақсаты.
XXІ ғасырдың табалдырығын білім мен ғылым дамуын саралаумен аттауымыз үлкен үміт туғызады. Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы білім беру іскерлік қасиеттер мен қабілеттерді жетілдіру – бүгінгі күннің басты талабы.
Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда оқушыларға білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып, білім беру үлкен маңызға ие.
Қазіргі уақытта білім берудің мазмұны қайта құрылды, оқытудың әдістемесі өзгерді. Мұның өзі жан-жақты және үйлесімді дамыған адамдарды қалыптастыруға бағытталған тәрбие үрдісін едәуір жетілдіруді керек етеді.
Тәрбие үшін білім беру мазмұнының, оқыту әдістемесінің, өзінің көзқарасын, мәдениетін, өмірлік тәжірибесін келер ұрпаққа беретін ересек адамның, мұғалім-тәрбиешінің жеке басының және білімінің аса зор маңызы бар. Мұның бәрі балалардың дамуын бағыттайтын және олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтайтын ықпалдық күштер жүйесін құрайды.
Тәрбие ісі екі жақты үрдіс болып саналады. Ол, бір жағынан, педагогикалық тәрбиелік жұмысын қамтитын болса, екінші жағынан, осы жұмыстың объектісі тәрбиенің әсерімен, оның мақсатты педагогикалық ықпалымен жұмысқа белсене араласатын балаларды қамтиды. Тәрбие ісінің мақсаты: оқушылардың бойында адамгершілік ұғымдар мен сенімдерді, жоғары моральдық сезімдерді қалыптастыру, мінез – құлықтық берік ұлттық әдет - ғұрыптар мен дағдыларын бойға сіңіру, мінездегі ерік белгілерін қалыптастырып, теріс әдет - ғұрыптарды жою.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Сондықтан да баладағы танымдық қызығудың даму деңгейін нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, мазмұны жағынан бірдей емес қызығу болуы мүмкін [2].
Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және танымдық даму оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында-ақ оның ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады. Білуге құмарлық – бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оның терең екеніне көмектеседі, баланың қойған сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықты көрсетеді. Мұны танымдық қызығудың бастауы десек болады.
Педагогикалық үрдісте ойынмен оқыту, тәрбие жұмыстарының құралы ретінде кең пайдаланылады. Ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қоғамдық тәртіп машықтарына тәрбиелейді.
Егер де адам бойында белгілі бір іске деген қабілеті болса, онда ол соған қатысты білім мен іскерлікті тез меңгереді, қабылдайды, сонымен қатар өз жұмысында көрнекті жетістіктер мен табыстарға жетеді. Сонымен адамның білімін терең білуі мен іскерлік, дағдының қалыптасуы нәтижесінде адамның қабілеттері жайлы жорамалдауға болады. Ал егер керісінше болса, яғни білімі, іскерлігі, дағдысы жоқ болса, онда оның бойындағы қабілеттерді сынай алмаймыз. Мұндағы біздің ойымыз, білім, арнайы іскерлік пен дағдының кәсіби дайындық процесі барысында маманға қажетті ерекше өлшеу аспабы болып табылады.
Атақты педагог А.С.Макаренко ойынмен оқыту, тәрбие жұмыстарының құралы деген пікірді дамыта отырып, былай деген болатын: “Баланың өмірінде ойынның зор маңызы бар – үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің мыңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы да сондай. Бала ойында қандай болса, ол ержеткенде жұмысқа да сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерлерді баулу ең алдымен ойын түрінде жүргізіледі” [3].
Биология – адамдардың өзі туралы және айналадағы қоршаған ортаны танып білуге арналған арнайы әдістемелік ақпарат. Биология жаратылыс-тану ғылымдарының арасында ерекше орын алады. Көптеген биологиялық үдерістерді химиялық және физикалық заңдарға сүйенбей түсіне алмаймыз.
Биология ғылымы арқылы оқушылар өздерінің өміріндегі мәселелерді шеше алады. Биологиялық объектілерді зерттеу күрделі жүйелердің, жануарлар, өсімдіктердің қосылу үрдісін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биологиялық мәселелер даму идеясымен танысуға, яғни жеке дара организмнің құрылуынан бастап жердегі өмірдің дамуымен аяқталады. Биологияны оқуда этикалық компонентте үлкен рөл атқарады, әсіресе ол дәстүрлі курсқа жатпайды, биологияны ғылыми пән ретінде қарастырады. Мектептегі биология пәнінің мақсаты жанды заттарға деген қамқорлыққа үйрету. Биология курсы әр түрлі оқытылуы мүмкін: ғылымның негізімен сәйкестендіру, тірі ағзаның деңгейлері арқылы, биологиялық жүйе арқылы, тірі ағзалардың ерекшеліктері т.б. Тәртібі мен мазмұны беріледі. Ережеге сәйкес, ол жас ерекшелікке де байланысты.
Биология мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының баска пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатьш талаптардан төрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру - мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп,сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады.
Дидактикалық материалдар ботаника оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабактарының, дидактикалық ойындаржың жиынтығы болып табылады.
Орта мектепте ботаникадан сабақ берудің жалпы мәселелерінің бірі оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын әдістәсілдер, жаңа білім беру технологияларының тиімді қолданудың маңызы зор.
Сондықтан да орта мектеп оқушысының ботаникадан сапалы, терең білім алуы, әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуінде дидакикалық ойын технологияларынан, жаңа заман дамуының барысында қолданылып жүрен технологияларын пайдаланып ботаника сабақтарын өткізу өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты- орта мектепте ботаникадан сабақ берудің жалпы мәселелерін зерттеп, саралау, нақтылау, ботаника сабақтарында орта мектеп оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру мен шығармашылық қабілетін дамытуда ботаника сабағында дидактикалық ойын технологияларының ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-
орта мектепте ботаниканы оқытудың жалпы мәселелерін анықтау;
-
орта мектепте ботаниканы оқытуда дидактикалық ойын технологияларының ерекшеліктеріне талдау жасау;
-
ботаниканы оқытуда оқушылардың қызығушылығын дамыту, биологиялық бiлiмiн қалыптастыру үшін дидактикалық ойынға баулу сабақтарында қолдануға болатын ойыдарды, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану;
-
орта мектепте дидактикалық ойын технологияларын ботаника сабақтарының қолданудың нәтижелiгiн арттырудағы маңызын ашып беру
Зерттеу жұмысының әдістері – талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысының нәтижелілігін зерттеу, тест т.б.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде білім берудегі дидактикалық ойын технологиясының тоериялық негіздері, әсіресе мектепте дидактикалық ойын технологиясының түрлерi оларды оқу процессiнде пайдаланудың түрлі элементері мен ерекшеліктері қарастырылған.
Екінші бөлімде ботаниканы оқытуда дидактиалық ойындар қаралып, оларды ботаника сабағында қолданудың маңызы, бұл технологияның әдістемелік сипаттарын ендіру жолдары анықталған.
Қорытынды бөлімінде зерттеліп отырған жұмыстың жетістіктері мен нәтижелері және ұсыныс, пікірлер келтірілген.
Қорыта айтқанда, орта мектепте ботаниканы оқытудың жалпы мәселесі - сабақты қызықты да түсінікті жүргізу мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.
1 БОТАНИКА ОҚЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР ДАЙЫНДАУДЫҢ ОҚУ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мектеп жабдықтарының классификациясы. Биология сабақтарындағы оқыту құралдары
Оқыту құралдары – оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдарламалары. Биологияны оқытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу қажет, ол дегеніміз оқытудың материялдық базасын ұйымдастыру биология кабинеті, оқу тәрбие алаңы және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты және оқыту мен тәрбие міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірін өзара толықтырып отырады. Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, ол негізінен сыныпта өтеді.
Биология кабинеті – биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшілігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән мұғалімі үшін кабинет, тек қана сабақ өткізуге арналған немесе тек жұмыс орны емес, ол әр-түрлі өсімдіктерді және жануарларды кездестіретін табиғаттың бір мүйісі болуы тиіс. Онда зертханалық, сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс шаралар жүргізіледі.
Биология кабинетінің оқыту құралдарымен жабдықталуы ұстаз бен оқушының біріккен әрекетінің қаншалықты жетістікте болатынын анықтайды. Көпшілік жағдайда «нені оқыту?» және «қалай оқыту?» керек екенін біле тұра, қолыңда құрал жабдық болмаса мұғалім «жалаң қолмен» өз қызметін толық мәнді етіп, жоғары тиімділікте жүзеге асыра алмайды. Әйткенмен кабинеттің толық, дұрыс жабдықталуына қарамай, оның құрал жабдықтарының тиімді пайдалануы әр-түрлі болуы мүмкін. Әдістемелік әдебиеттерде негізгі көңіл, мұғалімнің жаңа материалдарды хабарлау үрдісі кезінде кабинеттегі қайсы-бір оқыту құралдарын пайдалануға бөлінеді. Ұстаз сабақ барысында оқыту құралдарымен оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырған кезде, білім мен біліктілікті игеру еңбегі бала үшін шығармашылық еңбекке айналуы керек. Практика көрсеткендей, сабақтарда көпшілік жағдайда оқушылар тек енжарлы түрде тыңдаушы және пайымдаушы ғана, ал егер сабақта әр-түрлі білім көздерімен, мысалы, кабинетте бар құралдармен өзіндік жұмыс жүргізілсе оқыту үрдісінің пәрменділігі жоғары болады.
Кабинетті ұйымдастыруды оның сатылап даму жоспарын құрудан бастаған орынды. Жоспардағы алғашқы зертханалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізу үшін материалдар оқушылардың көмегімен табиғатқа танымжорықтар кезінде жиналады және жиналған материалдар жіктеліп, осы материалдарды сабақта пайдалану үшін қажетті әдістемелік ақпараттар (нұсқаушы карточкалар, тапсырмалар, сұрақтар) жасалады.
Биология кабинетін ұйымдастыруда негізгі көңіл бөлінетін жағдай оның эстетикалық және гигиеналық жоғары талапқа жауап беруі. Себебі, кабинет базасында үнемі оқу-тәрбие үрдісі ұйымдастырылады.
Кабинетті ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімдері арқылы өтетін үш негізгі идея: эволюция, экология және табиғатты қорғау, систематика. Сондықтан кабинетті жабдықтағанда басты стендтер осы бағытты қамтыса орынды болады. Эволюциялық даму жалпы планетамыздың жалпы көрінісін береді, егер жасалынатын стенд Жердің, тіпті Күннің жүйесінің пайда болуынан бастап қамтыса, онда оқушыларға ғылыми әлем бейнесі қалыптасып, материалистік дүние танымы дамиды.
Оқыту мен тәрбиелеудің материалдық базасын жасау және ондағы жабдықтарды тиімді орналастыру көпшілік жағдайда білім мен біліктілікті игеруге және биология ғылымына деген танымдық қызығушылықтың дамуына әсерін тигізеді.
Оқыту құралдарының үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи нысандар, нақты нысандарды алмастырушы көрнекі белгілер /бейнелеуші/, сөздік немесе вебральды құралдар.
Осындай үш түрге бөлу таным теориясы тұжырымдамасына және ойлаудың даму сатысына сәйкес. Алғашқы кезеңде нақты нысандармен, нақтылы жағдайда тікелей практикалық әрекет жасау жүретін көрнекі - әрекеттік, практикалық ойлау жетекші болып саналады. Екінші кезеңде оқушылар тәжірибелермен жинақталған, нақты заттармен емес, түсініктер мен қабылдаулардың бейнелі түйсінуі арқылы міндеттерді шешу жүзеге асырылатын көрнекі – бейнелі ойлау. Үшінші, жоғары кезеңде ойлау әрекетінің жетекші ролі болып, абстакциялық – теориялық ойлау есептелінеді. Оқытудың барлық құралдары оқу танымдық әрекетін ұйымдастырудың және биология мазмұнының басқаша көрсетілуін береді.
Табиғи немесе нақты нысандар – оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруен кезінде пайдаланатын және қарым –қатынаста болатын заттар. Олар а) тірі табиғи нысандар б) өңделген табиғи нысандар болып екі топқа бөлінеді.
Тірі табиғи нысандарға: арнайы таңдалған өсімдіктер – бөлме өсімдіктері, аквариум, террариум және тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарлар жатады.
Табиғи оқыту құралдарын сабақта қолдана отырып, мұғалім оқушылардың білімінің нақтылы бейнеден абстрактлы ойға шыңдалуына жәрдемдеседі. Мұндай құралдардың көмегімен оқушылар заттың мөлшерін, формасын, түсін толық бақылап толық мәлімет ала отырып, олардың эстетикалық ұнату қабілеті де қалыптасады.
Өңделген табиғи нысандарға:
ботаника пәні бойынша – кеппе шөп, практикалық сабақтарға арналған өсімдіктердің бүтіндей (демонстрациялы) және және жеке мүшелерінің (таратпа) оқу құралы ретінде қолданылатын түрлері жатады;
зоология пәні бойынша жәндіктердің коллекциясы, жануарлардың дамуы бойынша ылғалды препараттар, әр-түрлі систематикалық топтағы омыртқалылардың қаңқасы мен тұлпы (демонстрациялы), жануарлардың жеке бөлімдері (таратпа) және сүйек, балық қабыршақтары, құс қауырсыны т.б.
анатомия, адам гигиенасы мен физиологиясы пәні бойынша адам қаңқасы (демонстрациялы), жеке сүйектер, микропепараттар.
Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезім, есту және сипап сезу мүшелерімен де қабылдана алады.
Бейнелеуші оқыту құралдарына таблицалар және әр курс бойынша сызба- нұсқалар мысалға; жасуша құрлысы, ағзалар экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер, фотосуреттер, үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары; ДНҚ нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың нақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьтерлік мультимедиялық оқыту құралдары есептеледі.
Сөздік немесе вебральды құралдар – олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе телекөрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар) тестілер мен жұмыс дәптерлері. Оқушылардың нақты нысандарды немесе суреттерді тікелей бақылауын қамтамасыз ету бақылаулар мен практикалық әрекеттер түрінде болады.
Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері.
-
Оқытудың формалары.
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.
Биология пәндерін оқыту барысындағы мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың бойына жүйелі түрде, бірізділік пен биологиялық түсініктерді, ғылыми көз қарасты, өздігінен ойлау процесі мен практикалық жұмыстарды орындау икем дағдыларының біртұтастығын үздіксіз дамыту болып табылады.
“Система” - дегеніміз грек тілінде белгілі бір логикалық тәртіпте құбылыстарды, заттарды іс әректтерді топтастыру деген мағынаны білдіреді екен. Жүйе бір – біріммен байланыстағы бөліктердің дамуының заңдылықтарының орналасу тәртібі.
Ал “методика” (әдістеме) “жүйе” түсінігі тәрбиелеп - оқытудың присптерінің біртұтастығы, оның элементтерінің өзара қарым – қатынасы мен бірлігі.
Мектепте оқушыларды тәрбиелеп оқытудың алуан түрлі формаларын ұйымдастыру қолданылады. Оқыту формалары дегеніміз - оқушылардың оқып білім алу, іздену әректтерін ұйымдастыру, мұғалімнің мұғалімнің оқу процесі кезінде әр түрлі жағдайларды, іс - әрекетті пайдалануы.
Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесінің мақсаты өздік жұмыстарды өткізу және ұйымдастыру тәсілдерін, оқытудың әдістері мен тәсілдерін дамытуды үйрену.
Қазіргі кезде мектептегі оқытудың негізгі формасы - сабақ.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И. Штурм дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап , оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір оқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды.
Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурсия), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар.
Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс – тәсілдерін қолданады.
Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады.
Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір – бірімен қарым – қатнастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады.
Сапалы сабақ өткізудің талаптары өте күрделі:
-
Сабақты оқытудың дидактикалық принсптері толық қамтамасыз етіледі.
-
Ғылымның, педагогикалық іс – тәжрибенің озық жетістіктерін пайдаланады.
-
Оқушылардың танымдық іс - әректтерімен пәнге қызығушылығын арттыру.
-
Пәнарқылы байланыстарын қамтамасыз ету.
-
Өткен сабақтарда алған білімдеріңді негізінде, оқушылардың білім деңгейін одан әрі дамыту.
-
Әр бір сабақта оқушылардың ойлау әрекетін дамыту.
-
Мұғалімнің сабақ жоспарының дұрыс түзілуімен сабақты рационалды түрде өткізу т.б.
Сабақтың негізгі мақсаттары, білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Білім беру мақсатын орындау үшін төмендегідей дидактикалық мәселелерді қамтыған жөн.
Сабақтың білімдік мақсатын ашатын ақпараттармен қамтамасыз ету.
-
Табақ жаңа технологиялық әдістермен өткізу.
-
Сабақтардың құрлымымен оны ұйымдастыруда шығармашылық таныта білу.
-
Сабақ барысында ұжымдық және жекеше ізденіс формаларын жүзеге асыру.
Сабақтың мазмұнын түсіну, игеру деңгейін анықтау, бағалау.
Биологияны оқыту әдістерімен әдістемелік тәсілдері, әдістердің оқу – тәрбие міндеттерін шешудегі ролі, әдістер мен мазмұнның тығыз байланысының мақсаты әдістердің оқу – тәрбиелік міндеттерін шешудегі роліне мазмұнның тығыз байланысына қатынасын анықтау.
Ал сабақтың тәрбиелік мәні, сабақтың мазмұнына сай анықталып, тәрбиенің барлық түрлерін қамтамасыз ететіндей, тәрбие мәселелерін шешу мүмкіншіліктерін анықтайтын болу керек.
Сабақтың дамытушылық мақсатына қойылатын талаптар, оқушылардың оқу – танымдылық, іздемпаздық, шығармашылық, қызығушылық іс - әрекеттерімен белсенділіктерін дамыту, сонымен бірге қоғамның дамуына сәйкес білім деңгейлерін жоғарылату.
Экскурсиялар - оқушылардың табиғи жағдайда өсімдіктер мен жа нуарлартіршіліктерімен танысуына мүмкіндіктер берді. Табиғатқа өндірістерге, мұражайларға, ауыл - шаруашылық қожалықтарына т.б. объектілерде өткізіледі. Экскурсиялар сабақтың тақырыбымен тығыз байланысты. Топсеруендер түсініктер комплекске кіріспе немесе түсініктерді бекіту, нақтылау, тереңдеу, қортындылау үшін жүргізіледі. Экскурсия кезінде бақыланған құбылыстар, объектілер, жинақталған материялдар сабақ кезінде көрсетіліп, қайталанады.
Үй жұмыстары - да сабақпен тығыз байланыста болады. Оқушылар үйде аса күрделі емес тәжрибелер орындап бақылаулар жүргізеді.
Эксперимент – сипатындағы жұмыстар сабақтың мазмұны мен тығыз байланымта, оның қортындысы міндетті түрде сабақта демонстрацияланады. Сабақ кезінде басталған практикалық жұмыстар аяқталмай қалған жағдайда үйде жалғастырады. (мыс: гүлдердің бөліктерін дәптерге жапыстыру, таблицалар толтыру, схемалар мен суреттер салу және т.б.) жұмыстар.
Әсіресе оқушыларды қызықтыратын алдын – ала орындалатын үй жұмыстары, жаңа сабақ өту кезеңінде оқушы өз бетінше үйде орындаған жұмысының қорытындысын алып келеді, оқушының өзі немесе мұғалім үй жұмысын сабақтың мазмұнымен байланыстары отырып демонстрациялайды.
1.2 Ботаника пәнінен тірі табиғи нысандар, оларды пайдалана білуді оқыту мәселелері
Ботаника курсы бойынша табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған бөлме өсімдіктері, оқу тәжірибе алаңынан алынған немесе танымжорықтардан әкелінген, тірі табиғат мүйісіндегі, аквариумдегі, террариумдегі өсімдіктері жатады.
Оқушылар ботаника курсын нақты және терең білу үшін оларға өсімдік дүниесі объектілері мен құбылыстары жөнінде дұрыс түсінік беру керек, ол үшін оқыту процесінде білімнің алғашқы бұлағына—тірі табиғатты тікелей көруге көңіл аударылады, ол сабақты көрнекі оқыту арқылы жүзеге асырылады. Ботаниканың әр сабағын тірі және арнайы әзірленген табиғи материалдармен қамтамасыз ету қиын емес, өйткені оны жинау, дайындау, сақтау іс жүзінде женіл, және оған әр мектептің мүмкіндігі бар.
Табиғи құралдарды сабақ үстінде көрсету үшін ғана емес, оқушылардың жұмыс істеуіне, яғни лабораториялық сабақта оқушыларға үлестіріліп беруге жететіндей болуы керек. Өсімдікті әр оқушыға беру қажеттігін мұғалім әрқашан да есінен шығармауы керек. Тірі объектілерді тікелей бақылау, олармен жұмыс істеу, эксперимент жасау оқушылардың толық және нақты түсінік алуына мүмкіндік жасайды. Бұның өзі өсімдік организмінің құрылысы мен тіршілік процестері туралы дұрыс және саналы түсінік қалыптасуын қамтамасыз етеді, бұл мектеп ботаника курсының алдындағы оқу тәрбиелік маңызды міндеттердің бірі.
Ботаника сабағында табиғи объектілерді, әдетте, басқа топтағы құралдармен бірге пайдаланады, өйткені осындай жағдайда ғана оқушылардың түрлі өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарының және тіршілігінің, олардың систематикасының заңдылықтарын білуге ең қолайлы жағдай туады. Өйткені көрнекі құралдың әр түрінің оқушылардың білім алу әрекеті мен ынтасын арттыратын өзіндік дидактикалық мүмкіншіліктері бар. Сондықтан белгілі бір сабақта көрнекі құралдарды таңдауда ескерілетін жағдай: міндеттерді орындау үшін белгілі сабақтъң мақсаты, міндеті және материалына байланысты түрлі көрнекі құралдар педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалану керек.
Ботаника сабақтарының қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілуі ең алдымен мұғалімнің өзінің инициативасы мен белсенділігіне байланысты. Ботаниканы оқытуға қажетті көрнекі құралдарды мұғалім жоспарлы түрде жыл сайын жинайды, олардан көрнекі құралдар дайындайды. Сабақ үстінде көрсететін және оқушыларға үлестіріліп берілетін материалдарды дайындау маусым айына байланыстылығын ескере отырып, мұғалім өсімдіктерді жинау және олардан көрнекі құралдар әзірлеудің календарлық жоспарын жасайды, жоспарда табиғи жағдайда табылатын, мектеп-тәжірибе учаскесінде, жергілікті колхоз егістігінде болатын материалдар, сондай-ақ оқушылардың, практикалық жұмыстарының, өсімдіктің дамуы мен өсуінің сатысы және фазасы бойынша жеке кезеңдерінде сұрыпталған объектілерге жасалған тәжірибелер нәтижесінде алынған материалдар ескеріледі. Оқушылар жазда болған жерлерінен көптеген қызықты материалдар жинап әкеледі. Мұғалім олардың сабаққа қажеттерін таңдап алады. Материалдар әзірлеу жоспары объекті тізімі тәрізді болады, әр объектіні карточкаға жазған қолайлы, содан кейін бұл карточкаларды жинау мерзіміне, жеке оқушыларға берілген тапсырмаға және т. б. сәйкес бөлу керек. Әр карточкаға, объектінің атынан басқа, оны дайындау жағдайы мен мерзімі, сақтауға, күтімге, тиісті сабаққа әзірлеуге және пайдалануға қойылатын талаптар көрсетіледі. Бірте-бірте ботаниканы оқытуға қажет барлық материалды көрсететін толық картотека жасалады. Көрнекі құралдарды мұғалімнің тікелей басшылығымен окушылар ретке келтірулері керек. Табиғи материалдарды ретке келтіру жұмысын кебінесе жас натуралистер үйірмесіне, не көрнекі құрал әзірлеу жөнінде арнайы үйірмеге біріккен оқушылар орындайды. Тірі табиғат материалдарына өсімдіктердің тұқымы, жемісі, жер беті, жер асты бөліктері, мектепке бір жолы пайдалану не кейбіреуін ұзақ сақтауға әкелінетін жабайы және мәдени өсімдіктер жатады. Бір жолы пайдалану үшін өсіп тұрған өсімдіктерді, әдетте, күзде, ботаника пәнінің алғашқы сабақтарына, ал кейбір ерте көктем өсімдіктерін оның соңғы сабақтары үшін көктемде жинайды. Бұл мақсатқа арнап табиғаттан, учаскеден, колхоз егістігінен қандай өсімдіктер алынатындығын бағдарлама талабына сәйкес және жергілікті жер жағдайына қарап мұғалім белгілейді.
Мектептер тәжірибесінде вегетация кезеңін түсіндіруде әр түрлі жабайы және мәдени өсімдіктері қолданылады. Осы мақсатта жаз бойы қажетті өсімдіктер тұқымын екі үш рет себеді және көшетін отырғызады, осының барысында ботаника пәнінің алғашқы сабақтарына (қыркүйек, қараша) барлық органдары бар, вегетация процесіндегі өсімдіктер алынады. Көп өсімдіктерді топырағымен қазып алып, мектепке әкеліп жәшікке не гүл құмырасына отырғызуға және ұзақ сақтауға болады: мысалы, астра, хошиісті темекі, настурция, қойбүлдірген (жыл бойы гүлдейтін, бірнеше рет жеміс беретін, қыс бойы гулдейтін және жеміс беретіндері өте қызықты), ал жабайы өсімдіктерден — бақ-бақ, өгейшеп, папоротниктер және т. б.
Ылғал камерада шықшылдық, плаун, түрлі мүктер тәрізді өсімдіктерді ұстау оңай. Мектепте тұтас өсіп тұрған есімдіктермен қатар, тәжірибе жасауға, вегетативтік көбеюге материал болатын өсімдік бөліктері, жеке органдары (капуста кочаны, бақ-бақ тамыры, лалагүл мен бидайық тамырсабағы), гүл шоғын алуға мүмкін (басты пияздың, жауқазының, пиязшығы, сәбіз тамыры) болуы керек. Мәдени және кейбір жабайы өсімдіктердің, мысалы: бұршақ, астық, крест гүлділер тұкымдастарының жас тұқымдары да қажет бұлар түрлі демонстрациялық және үлестіліліп берілетін материалдар алу және тікелей танысу үшін қажет. Кейбір жағдайда тұқымды өндіру (мысалы шалқамның тамыр түкшелерімен танысу үшін), өскін алу, екінші бір жағдайда өсімдікті топырақта не тұздар ерітіндісінде өсіру жеткілікті. Әдетте өсіп тұрған өсімдікті тұқымынан не вегетативтік көбею органдарынан, бағдарламаның белгілі тақырыбына сай, белгілі мерзімде алу керек.
Өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысы, олардың, тіршілігі жөніндегі мәселелермен танысу үшін біздің, кәдімгі бөлме өсімдіктеріміздің маңызы үлкен. Оларды мектепті безендірумен қатар, ботаника курсының белгілі тақырыптары мен жеке мәселелерін өткенде пайдалануға болатындай етіп өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысымен, олардың биологиясымен танысу үшін, тәжірибе жасау, бақылау жүргізу үшін, систематика топтарын анықтау үшін — таңдап алу керек. Бөлме өсімдіктерінің декоративтік және мөлшері жөніндегі сапасын да ескеру қажет. Мысалы, ірі фикустар, драцендер, барқытшөп, циперустар көп қиыншылық тудырады, өсімдіктердің аласа түрлері болғаны жақсы. Кейбір бөлме өсімдіктерін қалемшелеу жөніндегі практикалық жұмыстарда пайдалануға болады.
Бөлме өсімдіктерін қою үшін тіректер, кішкене столдар, аспалы ұстағыштар, тіреулер, трельяждар және т. б. қолданылады.
3. Жазғы танымжорықтар және олардың оқыту құралын дайындау барысындағы ролі. Өсімдіктерді гербарий үшін жинау.
Мектеп ботаника курсында өтілетін көптеген өсімдіктерді сабақ барысында табиғи тірі күйінде пайдалануға мүмкіндік болмайды. Сондықтан оларды арнайы мекемелерде немесе мектеп қабырғасында өңделген түрінде пайдаланады. Олар өсімдіктердің табиғи пішінін сақтай немесе сақтамай кептірілетін тәсілдің түрлері. Соның бірі пресстің арасында кептіру әдісі қолданылатын - гербарийлер. Ботаника сабағында жиі қолданылатын бірнеше гербарийлерді қарастырайық.
VI сынып ботаника курсы үшін гербарий үш бөлікке бөлінеді.
I бөлігі — «Өсімдіктер органдары », гербарийдің бұл бөлігі тамыр жүйесінің түрлі типтері көрсетілген 15 табақша; мұнда тамыр өсуіне түптеудің, шырпудың, жапырақтардың әр түрлі пішіні мен олардың сабаққа бекінуінің, жапырақтың орналасуы, сабақтың әр түрлілігі, жер асты өркендерінің әсері көрсетілген.
II бөлік — «Ерте гүлдейтін өсімдіктер», жеті табақша гербарийде тал, жанғақ ағашы, терек, қазжуа, желайдар, балшытыр суреті салынған.
III бөлік — «Өсімдіктердің көбеюі», мұнда жеті табақша
гербарий бар. Гербарийдің бұл бөлігінде вегетативтік көбеюдің әр түрлі әдістері, гүл мен гүл шоғы құрылыстарының типтері, тозаңдануға бейімділігі, жемістердің әр түрлілігі, жеміс пен тұқым таралуына бейімділігі көрсетілген.
Фабрикада жасалған гербарий үлгісіне сәйкес мектепте әр гербарий табақшасының 25 данасын дайындайды. Бұл жұмысты мұғалімнің басшылығымен көктемгі және күзгі танымжорық кезінде оқушылар орындауына болады, ал егер өсімдікті жазда ғана дайындауға болатын болса, оқушылар өздіктерінен орындайды.
Өсімдіктерді коллекция үшін жинау дала-таным жорықтарында жүзеге асырылады. Өсімдіктерді жинау барысында бірнеше ережелерді білу қажет:
-өсімдіктерді бақтарда, саябақтарда жұлуға тыйым салынады;
-егер де өсімдіктің бір – екі ғана түрі өсіп тұрса, олардың одан ары көбейтіп дамуына мүмкіндік беру қажет;
-өсімдіктерді тек бір мақсатпен ғана жинау керек; яғни қоршаған ортаға зиян тигізбеу керек.
Өсімдіктерді қолдану мақсатына қарай кептірудің бірнеше тәсілдерін қолданады.
Сабақ барысында таратпа немесе демонстрациялы құралдар дайындау;
2. Әр-түрлі мақсатта дайындалатын гүлдестелер;
Өсімдіктерді жинау үшін қажетті құрал саймандар;
1. Ботанизирка - өсімдіктерді жинау үшін арналған, сонымен қатар өсімдіктерді жинауға кез – келген жәшік немесе сөмке пайдалынады.
2. Гербарийге арналған папка немесе пресс – ботанизиркаға қарағанда өте ыңғыйлы.
Гербарий үшін өсімдіктерді кептіру бірнеше күнге созылады.
Қарапайым пресс қалыңдығы 7мм екі тақтайшадан өлшемі 20см 45см жасалынады. Жиналған даналарды тақтайшаның арасына оншақты газет қағазын қойып, осы қағаздардың арасыны салып тақтайшамен жабады. Тақтайшаларды белдікпен қатты тартып байлап қоямыз. Әрбір данаға газет қағазының арасына өсімдіктің атын, қай жерден , қай уақытта алынғанын білу үшін қағаздар салынады. Әр өсімдікті нөмерлеп, ол туралы қағазға түсініктеме жазылады. Өсімдіктермен толтырылған гербарий папкасын түнге қарай сол күйінде қалдырып қояды. Жақсы кептірілу үшін арасындағы ескі қағазды үнемі ауыстырып отыру керек. Сонымен қатар бұл мақсатқа мықты рейкадан қағылған немесе жапсырылған арнайы жасалған сөмкелерді қолдануға болады.Өсімдіктерді кептіру үшін газеттің орнына арнайы қағаздарды қолданған өте тиімді. Өсімдіктер жинау барысында олардың тамырына, гүлі мен тұқымына ұқыпты қарау керек. Тамырды қазу үшін әр кез брезенттен жасалған қорапта кішігірім күрек алып жүру қажет.Тұқымды түссіз қағаздан жасалған қалталарда жинайды, сонымен қатар онда айқын қолтаңба болу қажет. Орнықтыру барысында өсімдіктерді алдын жақсылап, престеп кептіру керек. Мысалы: оны бір үлкен және ауыр кітап секілді нәрсеге газет қағазбен орап басып қояды. Жапырақтардың орнын күнделікті ауыстырып отыру керек. Жапырақтар толық кепкеннен соң, альбом қағазға талапқа сай орнықтырылып , арнайы этикеткамен қамтамасыз етіледі. Өсімдіктердің гүлдерін кептіру аса ұқыптылықты қажет етеді. Олардың ұзақ уақыт сақталуы үшін , бетіне жұқа қатырма қағаздар жапсырылады. Гербарийге арналған өсімдіктердің гүлі, сабағы, жапырақтары, жемістері, тұқымдары жақсы сақталған, зақымданбаған болуы керек. Гербарий құрғақ жерде сақталу қажет. Жиналған және кептірілген өсімдіктерді оқушылар тығыз ақ табақша қағаз бетіне, ал табиғи объектінің қалыңдығы 5 миллиметрден артық болса ағаш рамалы — картон тақтаға жапсырады. Гербарий табақшасының төменгі оң бұрышына өсімдіктің аты және осы табиғи объекті туралы (гербарий не үшін жасалғанына қарай) этикетка (анықтама карточкасы бар гербарийлерден басқасына) жапсырылады. Әр гербарий табақшасына сол жағынан (өсімдікті түрлі заңыннан қорғау және өсімдік түсін жоймау үшін) жұқа қағаз парағын желімдеп жапсырады.
Мектепте гербарий табақшаларын ретке келтірген дұрыс. Оларды тақырыптарға сәйкес жеке құтыға не папкаға салады.
VI класс үшін анықтама карточкасы бар гербарийлерде өсімдіктің қырық түрінің жүз данасы болуы керек. Әр тұқымдасқа 20 гербарий табақшасы болады. Гербарийге өсімдіктерді анықтау 20 нұсқауы және 100 анықтама карточка қоса беріледі. Осы карточкаларды пайдаланып, оқушылар өсімдіктерді анықтау жөнінде лабораториялық жұмыстар жүргізуді қамтамасыз етеді.Гербарийді пайдалану қолайлы болу үшін гербарий материалы бар барлық құтыларды не папкаларды нөмірлеу және олардың нөмірлерін карточкаға жазу керек. Гербарий материалын шаң баспау және оның түсі өзгермеу үшін гербарийді есігі жабық шкафтарда сақтау қажет. Гербарийлерді насекомдар зақымдамау үшін материалды жылына 1 —2 рет инсектицидтермен өңдеу керек.
4. Өсімдіктердің табиғи пішінін сақтау отырып кептіру. Шалғындық, орман және су өсімдіктері. Кептіруі қиын өсімдіктер. Кептіру түрлері.
Демонстрациялық және үлестіріліп берілетін материалдардың көпшілігі табиғи кептіріледі. Астық дақылдарының бауларын, кейбір жемістер мен тұқымдарды, ағашқұлақ-саңырауқұлақтың жеміс денесін, қыналарды және басқа ботаникалық материалдарды құрғату қолайлы.
Астық дақылдарының табиғи жолмен кептірілген бауларын ағаш тірекке орналастыру арқылы сақтайды. Кептірілген тұқым мен жемістерден фабрика өндірісі үлгісіне сәйкес коллекция жасайды.
Құрғақ өсімдіктерден жасалған гүлдестелерді бақ өсімдіктерімен қатар, шалғын, орман су өсімдіктерінде қолдануға болады. Шалғын және су өсімдіктерінен: қияқөлең, елек шөп (маймақ), қарапайым қамыс, өлең шөп, қоға. Қоға – екі рет жиналады, жаздың басында, гүлдері қоңыр түске боялмай тұрып, сабақтары жіңіщке кезінде; және жаздың ортасында масақтары қоңыр тартқанда. Егер қоғаны күзде алатын болса, онда жылы жерде ол шашылып кетеді.
Гүлдердің көтеген түрлері қараңғы, салқын жерлерде жақсы кебеді. Гүлдердің түсін сақтау үшін оларды міндетті түрде тез кептіру керек, ол әрдайым таза ауасы бар кеңістікте жүзеге асырылады. Жапырығы жоқ гүлдерді гүлдерін төмен қаратып алдын-ала бума күйінде байлап іліп қояды.
Егер гүл бумаларының бірнешесі кептірілетін болса, олардың ара қашықтығын бір-бірінен 10см етіп, тартылған сымдарды орнықтырады.
Өсімдіктерді ауада кептіруді көлеңке жерлерде, жерге қағаз төсеу арқылы да жүзеге асыруға болады. Мұндай кептіру түрінде гүлдер түсін өзгертпей, сабақтары пішін сақтайды. Гүлдеу барысында кейбір бақ өсімдіктері өздігінен құрғап қалады, оларды (қызылқұлақ), кепкен сау жапырақтарын алып, сусыз заттарға салып немесе гүлдерін жоғары қаратып тігінен орнықтыру керек. Барлық шалғын, орман су өсімдіктері суы жоқ вазаларға салып кептіреді. Бұл олардың сабақтары мен жапырақтарын сақтайды. Күнде қалып қойған өсімдіктер тез кеуіп, түсін өзгертіп жібереді.
Кейбір ботаникалық объектілер, олардың көлемдік түрін сақтай отырып кептіруді қажет етеді. Бұл үшін құм немесе силикагель қолданылады (Н. И. Матвеевтің методы). Өсімдікті осылай кептіргенде табиғи объектінің бояуы мен пішіні сақталады. Бұл препараттарда гүл бөліктерінің және гүл шоғырында гүлдердің орналасуы жақсы көрінеді. Құмда не силикагельде кептірілген өсімдіктерді шынылы қоробқа не шыны қалпақ астына қойған қолайлы (органикалық шыныларды пайдалануға болады). Мұндай препараттардың түсі өзгермеу үшін тығыз жабылатын есігі бар шкафта сақтау керек.
5. Композиция негіздері. Композиция құрастырудағы қаңқалардың техникасы. Икебана негізі және принциптері. Өсімдіктерді орнықтыру.
Алуан түрлі гүлдерден неше түрлі композиция жасауға болады. Осыған орай бұрын кездеспеген фитодизайнер, флорист, аронжирлеуші деген жаңа мамандар пайда болып жатыр. Фитодизайн ежелден келе жатқанымен, бізде 10-15 жылдың айналасында пайда болған ағым. Сөзбе-сөз айтқанда фитокомпозиция – гүлдесте. Яғни, фитокомпозиция өсімдіктерден құралып, жасалатын шығармашылық туынды. Гүлдесте әр түрлі өсімдіктердің гүлді бұтақтарын, жасыл жапырақтарын, жемістерін қолдана отырып жасайтын композиция. Бір қарағанда гүлдесте жай ғана бір құшақ гүлдердің жиынтығы сияқты болып көрінеді. Гүлдестенің сыртқы пішіні, көлемі, үйлесім тауып тұрған бояулары және аронжировкасы да белгілі бір заңдылықты орындағанда ғана шығады. Адамға фитокомпозицияның көлемділігі емес, оның үйлесушілік бітімі үлкен әсер етеді.
Фитокомпозицияны 7 стильде жасауға болады:
Көлемді стиль – өзінің атауы айқындап тұрғандай көлемді болады. Бұл стильде форма құрайтын негізгі қаңқа болады да, оны толықтыратын көмекші материалдары бітіреді. Композицияның орталық тік өсі және бірнеше бүйірлері болуы мүмкін, бірақ ашық жері болмайды.
Бидермейер стилі – дөңгелек, ыдысқа қойылатын, дөңгелектеніп жасалынатын композиция. Қойылатын гүлдер басы бір биіктікте дөңгелене қойылады да, сыртқы жиегі жасыл жапырақпен көлденеңінен көмкеріледі. Бұл композицияда гүлдер сабағы көрінбейді, гүлдесте дөңгелек ыдыстың аузынан көп жасалған жоғары орналаспайды. Бидермейер стилінде жасалған композиция әр түрлі жаздық гүлдерден және раушан гүлінің бір түстісінен де жасалады. Көктемде гүлдейтін геофиттерден, дөңгелек вазаның ернеуінен ең жоғары орналастырылған композиция өте әдемі көрінеді. Вазаның жайпақ болуы қажет.
Аралас стиль – көлемді стильді және әртүрлі сызықты стильді де араластыра отырып жасалатын фитокомпозиция. Симметриялық үшбұрышты композиция аралас стилді туынды болады. Аралас стильге – гүлдердің өзімен шеңбер, қабырғаға ілініп қойылатын әшекейленген гүл тізбесі де жатады. Сырт пішіні ағаш өсімдігін бейнелейтін кішкене божай стилімен жанасатын композицияның ағаш діңгегін әсем иілген бұтақ немесе тік, қабығы аршылмаған жас талдың өсінен алу керек. Қойылатын ыдысқа ағаш діңгегін жақсылап орнықтырып цементпен ұстатады. Божай композициясына кептірілген гүл, жасанды бұтақтар да қолданылады. Ағаш ұшына кептірілген гүлдерді қадау үшін, қалың пенопластан кесілген немесе сары губканың бөлігі желіммен бекітіледі, қимылдамастай етіп байланады. Осы жұмыр пенопласт немесе оазис губкалы жан-жағынан кептірілген гүлдермен ашық жер қалдырмай қапталады. Кептірілген гүлдерден шар тәрізді жасалатын форма бойынша сыртқы формалы толтырыла береді. Бұл композицияға материал көп кетеді, кептірілген жидектерді де араластыруға болады.
Абстракты стиль – ешқандай белгілі ерекшелік ережесі жоқ, бірақ барлық бітімі белгілі бір ой туғызатын, жақсы әсер қалдыратын, әдемі көлемді етіп жасалған композиция. Жоғарыда жазылған стильдердің өзіндік ерекшеліктері бар болса, абстракты стильде ол жоқ. Ешқандай стильді білмейтін адам, әйтеуір бір композиция жасадым дегенімен, оның барлығы абстракты жұмыс болып шықпайды. Сонымен қатар еркін стиль, екеуі өте ұқсас. Бірақ мұндай стильді композицияны шебердің шебері, композициялық шығармашылығы өте жоғары, білімді, нағыз маман адам жасай алады.
Модерн немесе авонгарды стилі соңғы кезде пайда болған. Бұл стильде жасалатын композицияға әдемі тірі гүлдермен қатар, материалдар да қолданылады: шыны, жалтырақ, темір түтіктер, әр түрлі синтетикалық түрлі-түсті моншақтар, капрон жіптермен жасалған тор көз материалдар формасын сақтайтын теңіз жәндіктері, құс қанаты, керамикадан жасалған бұйымдар, көбелек, қоңыз, кішкентай мүсіндер мен алуан түрлі маскалар және т.б. сәндік материалдар. Гүл түсінің бояуы ашық, қанық, қою болуы мүмкін. Гүлдің бір ғана түрінен немесе бір гүл іріктемесінен жасалған гүлдесте монохроматикалық композиция болады. Мысалы, сары түсті раушангүл іріктемесін Глория Дей өсімдігінен жасалған гүлдесте. Аналогиялық гүлдесте үйлесімділік табатын бірнеше өсімдіктерден тұрады. Мысалы, сары түсті лалагүлі, қалампыр гүлі, баршынгүл, нарғызгүл, барқытгүл, сары шырыш, күнбағыс композицияда сары түсті болғанымен, әр өсімдік өз ерекшелігімен құнды.
Византикалық конус стилі – көбінесе бұл стилді кептірілген гүлдерден және жасанды гүлдерден жасау тиімді. Сырт пішіні конус түзетіндей етіп, қолданылатын гүлдер орталық діңгекке қолданады. Конустың өсі түп жағынан жақсылап тұрып қойылатын ыдысқа бекітіледі. Жаңа кесілген гүлдерден де жасауға болады, ол жағдайда «оазис» сияқты ең сорғыш губкамен консутың өзі тұрғызылады да, оның өн бойына қысқа сабақты гүлдер қадалады. Қолданылатын гүлдер түрі конустың бас-аяғына дейін бірнеше рет қайталана беруіне болады. Көлемді стильге қарама-қарсы бір жазықтықта жасалатын стиль де жатады. Бұл композицияның әр түрлі деңгейде ашық жерлері, шекаралары, сырт көзбен қарағанда бөліктері болады. Негізгі қаңқасын ұзын бұтақтан немесе биік өскен гүлден, жапырақтан түзуге болады. Бұл стильді жасау үшін қолданылатын өсімдіктер: тәжігүл, ұзын сабақты раушангүл, баршынгүл, қызылкүрең, алтын шыбық, шамшат, т.б. Осы стильге жататын жапондықтардан тараған Икебана стилі.
Икебана деген сөз – «гүлдерге жан бітіру» деген мағына береді. Икебананың негізгі үш бағыты болады. Ең ұзыны – аспанды меңзейтін тік сызық, екіншісі адамды бейнелейтін бөлік – өс көлбең орнатылады, үшіншісі жердің символы – жерге параллель орналастырылады. Осы үш сызық бір нүктеден шығуы тиіс. Икебанада осы үш бағыт анық көрінуі керек. Икебана стилі рикка, нагейра, морибана деп бөлінеді. Рикка – үлкен залдарға қойылатын, биіктігі 3 метрге дейін жететін композиция. Нагейра – өте қарапайым өсімдіктерді қолдана отырып жасалынатын композиция. Морибана – жайпақ вазалар мен кішкентай табақшаларға кензан арқылы бекітілген композиция. Морибана стилімен жеке бір гүлдің әсемдік ерекшелігін тамашалауға болады. Мысалы, бір ғана гүлжаһан гүлін тамашалау үшін, бір нүктеден қосымша тілдей жапырақ немесе өсі ашыла қоймаған, көлемі кішілеу осы гүл бүршігін шығару арқылы кенфиум гүлінің әдемілігін ерекше көрсету.
6. Ботаника пәнінен көрнекіліктер. Коллекциялар және құрғақ препараттар. Дарвинизм негіздері бойынша көрнекіліктер.
Оқушыларды табиғи объектілермен таныстырудың бір әдісі тұқымдардың, жемістердің тыңайтқыштардың және т. б. әр түрлі коллекцияларын дайындау. Коллекциялардың көпшілігі үлестіріліп берілетін материал ретінде қолданылады. Сондықтан мектеп оларды 20 данадан сатып алады. Мысалы, мәдени өсімдіктер тұқымы мен жемістері коллекциялары картон бетіне жасалған дөңгелек ұяға салынған табиғи объектілер. Коллекцияның бетіне шыны жабылған және жиектеріне мата ұсталған. Барлық материал үш бөлікке: жеміс-жидек дақылдардың жемісі мен тұқымы; астық дақылдарының жемісі мен тұқымы; техникалық және бұршақ тәрізді өсімдіктердің жемісі мен тұқымы деп бөлінген. Коллекцияны да, басқа кептірілген ботаникалық материалдар сияқты сақтайды.
Демонстрация үшін пайдаланылатын көптеген табиғи объектілерді гербарий таблицалары түрінде жасаған дұрыс. Бұл жағдайда объектілерді жұқа тақтайға не картонға жапсырады, оның шет-шеті гербарий таблицаларын сақтау кезінде зақымданудан қорғау үшін, жұқа тақтаймен көмкеріледі. Мұндай таблицаға көбіне схема, сызу, диаграмма және сурет түрінде негізгі мәліметтер жазылады; бұлар негізгі мәселені толық шешуге көмектеседі. Мысалы, картоп түсіміне түптеудің маңызын көрсететін гербарий таблицасында түптеген және түптелмеген жағдайдағы жер асты тамырының өсу дәрежесі мен онда түйнек түзілуін көрсетумен қатар, түсімнің салыстырмалы артуы мен мөлшерінің абсолют сандарын диаграмма түрінде беруге болады.
Мектеп жұмыстары практикасында ботаникадан оқу таблицалары кең қолданылады. Бұлар өсімдіктердің олардың органдарының және клеткалык құрылысының көп бояулы бейнесі. Кейбір таблицаларда тірі объекті өсетін орта көрсетілген. Табиғи объектілердің таблицадағы бейнесі сыныпта демонстрациялауға нақты объекті жоқ болса, соның орнын толтырады Олар ағаш және бұтаны, тропик өсімдіктерін, өсімдік бірлестіктерін көрсету үшін өте қажет. Тіпті сабақта үлестіріліп берілетін материал жеткілікті болған жағдайда да, оқу таблицалары өзінің маңызын жоймайды. Көркемділігі жасалған көп бояулы таблица оқушылардың нақты объекті жөніндегі білімдерін толықтырады және көмекші роль атқарады. Қорытынды жасағанда және салыстыру кезінде таблицаның маңызы үлкен. Мұндай жағдайда бірден бірнеше таблицаны пайдалануға болады. Оқушылардың білімін тексеру және бакылау кезінде де, таблицаның маңызы зор. Мұғалім оқушылардың өздерінің жауабында сурет, таблица қолдануды үйретуі керек.
Оқу таблицаларын лабораториялық және оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстары кезінде нұсқау ретінде пайдаланады. Мысалы, бөліктері жеке көрсетілген гүл таблицасы табиғи объектінің құрылысымен танысуды жеңілдетеді.
Дегенмен, таблицаны пайдаланудың осындай толып жатқан тиімділігіне қарамай, олар сабақтан табиғи объектілерді ығыстырып шықпауы керек. Оқу таблицасы материалды жақсы түсінуге көмектесіп, оның түсінікті болуын қамтамасыз етуі керек. Оқу таблицаларын пайдалана отырып мұғалім таблицалардын оқу құрал жабдықтары қатарында қандай орын алатыны, таблицаны қайда және қалай табиғи объектілермен, басқа оқу құрал-жабдықтарымен ұштастырып пайдаланылатынын анық білуі керек. Таблицаның әр сериясының нұсқауы бар, онда оның сипаттамасы және оларды найдалану методикасы жазылған. Жоғарыда аталған таблицалардың бәрі жұқа ақ қағазға басылған және оларды демонстрациялағанда тез жыртылып, тозады. Мұғалім таблицаларды картонға не матаға желімдеп жапсыруды бақылауы керек. Оқу таблицаларын қабырғасы ашылатын шкафтың төменгі секциясына салып сақтаған жақсы. Әр таблицаға нөмір жапсырылады және ол нөмірді карточкаға жазады. Шкафқа таблицаларды нөмір ретімен салады, бұл сабаққа дайындық жұмысын жеңлдетеді. Сабақтың жеке тақырыптарында пайдаланылатын таблицаларды сынып тақтасының төменгі жағындағы жәшікке салады. Таблицаны тақтаға іліп қою үшін заводтан шығарылатын арнайы ұстағыштар қолданылады. Баспадан шыққан таблицалар мен қатар ботаника пәнін оқыту практикасында колдан жасалған түрлі таблицалар кең колданылады. Жақсы көркемделген және методикалық дұрыс болса мұндай таблицалардың оқу-тәрбиелік маңызы үлкен. Өйткені қолдан жасалған таблицада мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі, оның нақты табиғи және өндірістік жағдайда оқыту практикасы, сабақта белгілі табиғи объектіні пайдалану тәжірибесі айқын білінеді. Оқушылардың өздері жасайтын таблицалары олардың мектеп оқу - тәжірибе учаскесінде және ауыл шаруашылығы өндірісінде жүргізген тәжірибе-практикалық жұмыстары нәтижесінің графика арқылы көрсетілуі; ал қарапайым түрде оқулықтан және арнайы кітаптап алып үлкейтілген суреті, кейде диапозитивтер мен диафильмнен көшіріп алған сурет болады.
7. Ботаника курсы бойынша ылғалды препараттар. Бейне– таспа, баспа оқу құралдары, нақпішіндер, нобайлар.
Ылғал препараттар дегеніміз шыныға жапсырылған және консервілеуші сұйық (спирт, формалин және т. б.) құйылған шыны цилиндрге батырылған табиғи объекті. Шыны цилиндр резина желімі жағылған шынымен тығындалған. Ылғал препаратпен жұмыс істеу тиімді болу үшін әр оқушы табиғи объектінің барлық бөліктерін айқын қарай алатын болу керек. Мысалы, «Бұршақ тәрізді өсімдіктер тамырындағы түйнектер» препаратынан оқушылар бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырының бір бөлігін, түйнектерді жақсы көруі керек.
Ылғал препараттардың сақталуы жөнінде алдын ала шаралар қолдану қажет. Табиғи объекті ұқыпты жабылмаған жағдайда, уақыт өте консервілеуші сұйықтықтардың бірқатары буланады. Препараттарды тексеру және қажеттігіне қарай консервілеуші сұйықты үстеп құю және тығынын тығыз жабу керек. Ылғал препараттарды тығыз жабылатын есігі бар шкафтарға қояды, өйткені күн сәулесі тисе олардың түсі өзгереді.
Мектепте уақытша және тұрақты пайдаланатын препараттар дайындауға болады. Ол үшін табиғи объектілерді формалинге, сирек те болса спиртке, ас тұзы ерітіндісіне, қант сиропы және т. б.салады. Шырынды жемістерді, кейбір тамырсабақтарды және тұтас өсімдіктерді, өсімдік гүлдерін, қалпақты саңырауқұлақ жеміс денелерін осылай сақтауға болады.
Уақытша пайдаланылатын ылғал препараттар дегеніміз — консервілеуші сұйық жалпы ыдыста сақталатын және сол түрінде пайдаланылатын объектілер. Оларды препарат жасау үшін қолданады.
Тұрақты ылғал препараттар шыны ыдысқа салынады және сан рет пайдаланылады. Шыны цилиндрді табу қиын сондықтан мектептерде темірден жасалған қақпақпен (үйде консервілеу әдісі бойынша) жабылған шыны банканы пайдаланады.
Мектепте үнемі пайдаланылатын жалпақ қабырғалы ылғал препарат жасауға да болады (И. В. Козырь методы бойынша). Мұндай препараттар қолдануға өте қолайлы, өйткені объектінің пішінін өзгертпейді, және кажетіне қарай қол не, препарат лупасын қолдануға болады. Сонымен қатар мұндай препараттар сақтау барысында аз орын алады.
Ботаникадан өте қажетті оқу жабдықтарының бірі микроскоптық препараттар. Микроскоптық препараттардың оқушыларды клетка және өсімдіктердің клеткалық құрылысымен таныстыруда үлкен маңызы бар. Микропрепараттар жиынтығы екі вариантта шығарылады: бір түрлі микропрепараттар жиынтығы (5 бір түрлі зең саңырауқұлақ — мукор микропрепараты) және әр түрлі микропрепараттар жиынтығы («Өсімдіктер сабағы құрылысының әр түрлі типтері» — 16 әр түрлі микропрепараттар жиынтығы).
Микропепараттарды көбіне түрлі анатомиялық және физиологиялық құрылысы анық көріну үшін арнайы бояумен бояйды. Мұндай бояу микропрепараттарды көрнекі етеді. Микропрепараттармен жұмыс істей бастағанда оқушыларға өсімдік препараты құрылысының бұл бояуы табиғи түсі емес екенін ескерту керек. Микропрепараттар жиынтығы негізінде жоғары оқу орындарына арналған дегенмен, микропрепараттардың барлығын орта мектепте қолдануға болады. Мысалы, «Өсімдіктердің көбею типтері» жиынтығынан II микропрепарат қолданылады. Лабораториялық жұмыстар үшін әр тақырыптан 20 бір түрлі микропрепарат (жалпы орта білім беретін мектептерге оқу көрнекі құралдар және оқу жабдықтары тізіміне сәйкес мектепте болатын микроскоп санына қарай) болуы керек. Бұдан басқа әр тақырыптан 3—5 артық микропрепараттар болғаны жақсы, өйткені жұмыс процесінде оқушылар жабын шынысын сындырып алуы мүмкін. Оқушылар микрообъектілермен алғаш танысқанда өсімдіктің түрлі құрылыстарын ажыратуда қателеседі. Объектіні қате түсінуге жол бермеу үшін сабақты микрообъектілерді көрсету және олардың құрылысымен танысудан бастаған дұрыс. Бұл мақсатта микропроектор — микропрепараттың проекциясын экранға түсіретін прибор қолданылады.
Мұғалім көрсеткішпен көрсетіп препарат құрылысын жақсы түсіндіреді, содан кейін оқушылардың мектеп микроскоптары арқылы өздері микропрепараттармен танысуына мүмкіндік береді. Микропроекция лабораториялық жұмыс кезінде ғана емес, өзінше бөлек те пайдаланылады. Егер мұғалімде 2—3 микропрепарат болса, немесе қаралатын препараттар күрделі болса не оқушылар өздіктерінен танысуға қажеті болмаса, ол микропрепаратты экранда түсіріп түсіндіру, бірлесіп талқылаумен шектелуге болады. Дегенмен микропроектор арқылы көрсету лабораториялық жұмыстың орнын алмауы қажет. Оқушылар микропрепараттарды және өздері қарағанда ғана микроскоппен жұмыс істеуге дағдыланады.
Микропрепараттарды жылу приборынан алыс жерде сақтайды, өйткені микропрепараттарды жасағанда қолданылатын, канада не майқарағай бальзамы жылы жерде жұмсарып кетеді. Жабын шынысы төмен түспеуі үшін микропрепараттарды горизонталь қалпында қою керек. Микропрепараттарды арнайы сөреде сақтау қолайлы, оны жұқа тақтайдан не пластикадан жасайды. Әр сөреге 20 микропрепарат орналастырылады. Бұл сабаққа дайындық уақытын біраз үнемдейді және материал үлестіру кезінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Сөрені қақпағы бар және бір бүйірінен ашылатын қорапқа немесе шкафқа қоюға болады. Мектеп жағдайында пайдаланылатын микропрепараттар дайындау үшін мектепте ботаникалық объектілер, оның ішінде өсіп тұрған өсімдіктер, бөлме және жабайы өсімдіктер, мысалы қабығынан препарат жасау үшін шалқан пияз, клеткада цитоплазманың қозғалысымен танысу үшін элодея, өсімдіктің устьице аппаратымен тынысқанда жапырақ қабығы препаратын жасау үшін амариллис және басқа өсімдіктер болуы керек.
Уақытша пайдаланылатын микропрепараттардың маңызы үлкен, өйткені оқушыларды өздері дайындайтындықтан оқып зерттеу үшін материал болумен қатар, микропрепараттар дайындауға үйретеді. Мұнымен қатар оқушылар өздері микропрепараттар дайындайтын табиғи объектіні көреді. Бұл өте маңызды, өйткені оқып зерттелетін объектінің құрылысы туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Егер микропрепарат дайындайтын материалды табу қиын болса, одан ұзақ уақыт пайдаланылатын микропрепарат дайындау тиімді.
Мектеп жұмысы практикасында экрандық құрал: оқу көркемфильмдері, кинофрагменттер, кино-кольцовка, диафильмдер, диапозитивтер және кодоскоп, интерактивті тақта кең қолданылуда. Экрандық құрал биология сабағында, әсіресе ботаника сабағында ерекше манызы бар. Фильм керсету өсімдік дүниесінің көп түрлілігін, өсімдіктердің қоршаған ортамен - өзара қатысын, өсімдік организмінде болатын процестерді демонстрациялауға мүмкіндік жасайды. Оқу киносы көмегімен оқушыларды, өздері болмаған аудандар мен облыстардың өсімдік дүниесімен таныстыруға болады.
Баяу түсірудің арнайы түрі жай көзбен бақылауға болмайтын, баяу жүретін процестерді — өсімдік сабағы мен тамырының өсуі, даму және көбею, гүл жаруы, өсімдіктің жарыққа бұрылуы және т. б.—көрсетуге мүмкіндік береді. Микрокино түсіру нәзік структурамен қоса, тіпті онда жүретін процестерді бақылауға жағдай жасайды. Мультипликация көмегімен өсімдік органдары құрылысы схемасын көрсетуге және сөйтіп, ең манызды белгілер жөнінде қорытынды жасауға және абстрактауға болады. Шартты түрде белгілеу жылжып аққан сұйық ағысын, газдар қозғалысын, көбею жеке даму процестерін, жеке физиологиялық құбылыстарды және т. б. көрсетеді.
Оқу фильмдері ғылыми лабораториялардың сырын ашуға және биологиялық эксперимент жасау мен оның жүрісін бақылауға мүмкіндік жасайды. Экрандық құрал мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде сабақта жаңа хабар көзі, өткен материалды қорыту оқушылардың білімін бағалағанда пайдаланылады. Экрандық құрал қолданғанда, мұғалім басқа оқу құралдарды қолданып түсіндіргеніне қарағанда, белгілі уақыт өлшемінде әлдеқайда көп хабар береді. Дегенмен фильммен жұмыс істегенде жоғары педагогикалық тәжірибеге қол жету үшін мұғалімнің арнайы дайындығы болу керек. Фильмді биология кабинетінде демонстрациялау керек, өйткені фильм басқа оқу құрал-жабдықтарымен бірге пайдаланылуы және сабақтың үздіксіз бір бөлігі болуы қажет. Осыған байланысты биология кабинетін қараңғылайды.
Оқу фильмі — дыбысты экрандық құрал. Өсімдік организмінің өсуі мен жетілуін, организмдер арасындағы өзара байланысын көрсету қажет болған жағдайда фильм орнына бір қалыпты қана көрсететін экрандық көмекші құрал пайдалануға болмайды. Фильмде материал белгілі жылдамдықпен беріледі және стоп-кадрлардың болмауы оқушылардың назарын белгілі бір құбылысқа аударуға мүмкіндік бермейді. Сонымен катар педагогикалық әдісте объектіні қозғалмай тұрғанда мұқият қарап және анализ жасау қажет.
Оқыту ісінде ботаника сабағында диафильмдер мен диапозитивтерді пайдалану кең мүмкіндік жасайды, диафильмдер 30—50 кадрлар болатын лента. Кадрлардың орналасу реті диафильмді қолдану методикасын анықтайды. Кадрдағы әр суретке түсінік берілген.
Сонғы жылдары шығарылған кейбір диафильмдерде материалды өтуде проблемалық әдіс қолданылған. Диафильмге сабақ үстінде проблемалық жағдайлар жасайтын оқу материалдары жалғасқан. Бұл оқушылар білімін кеңейтетін және тереңдете түсетін, тіршілікпен байланыс түзетін хабар материалдары. Кейбір кадрлар сұрақ ретінде келтірілген, бұларға оқушылар фильммен жұмыс кезінде өздігінен жауап қайтарулары керек. Бұл диафильмді пайдаланудың педагогикалық мүмкіншілігін әлдеқайда кеңейте түседі және оны тек хабар кезі ретінде ғана емес, оқушылардың материалды қалай түсінгендерін бақылауға пайдалануға мүмкіндік жасайды, Мұндай диафильмдер: «Дара жарнақты өсімдіктер», «Қос жарнақты өсімдіктер», «Саңырауқұлақтар» және басқалар.
Диапозитивтер - белгілі тақырыпқа арналған жеке кадрлар сериясы. Диапозитивтердің диафильмдерден айырмашылығы: диапозитив сериясынан кадрларды көрсету ретін мұғалімнің өзі белгілейді және кадрдағы бейнелерге кадр ішілік түсінік жазылмаған. Бұл диапозитивтерді жаңа материалды түсіндіруде де, оқушылардың білімін бақылау үшін де пайдалануға мүмкіндік береді. Диапозитивтердің, әр сериясына жеке кітапша түрінде түсіндірме нұсқау қосылған. Диафильмдерді арнайы сөреге салып шкафқа сақтау керек. Сөре жылжымалы тартпа, оған диафильм қабының диаметріне сәйкес ойық жасалған. Қабына салынған диафильм сөренің ойығына қойылады. Қабының қақпағына, картотекадағы нөміріне сәйкес келетін, нөмір жапсырылады.
Диапозитивтерді, олар сатуға түскендегі қораптарда сақтайды, қорап нөмірі картотека нөміріне сәйкес болады. Оқулық кино, диафильм және диапозитивтер көрсету үшін мектепте қажетті проекциялы аппараттар болу керек. Оқытудың ен маңызды техникалық құралы жаңа проекциялық аппарат— кодоскоп; кодоскоп арқылы жарық бөлмеде де демонстрациялауға болады. Ол мөлдір объектілерді (оның, ішінде көлемдік объектіні де) және диапозитивтерді демонстрациялауға арналған. Сонымен қатар кодоскоптың мөлдір ленталы қайта орайтын тетігі бар. Осы лентаға мұғалім сабақ кезінде қажетті жазу жазады, сурет салады, оларды сол экраннан көрсетеді.
Кодоскоп диапозитивтері — мөлдір пленка кадрлар сериясы, оның әрқайсысында жалпы суреттің бір бөлімі ғана бейнеленген, кадрларды ретімен бірінің үстіне бірін келтіру арқылы экранға объектінің тұтас бейнесі түсіріледі. Бұл объектінің жеке бөліктерін ретімен көрсетуге, өсу циклінде әрбір сатыға талдау жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, гүл құрылысын өткенде мұғалім алдымен гүл тостағаншасын, күлтесін, аталықты, аналықты, содан кейін тұтас гүлді көрсете алады. Кодоскоп диапозитивтерінің кейбіреулерінде жазуды жауып тұратын қара перде болады. Бұл оқушылар білімін бақылауға қосымша мүмкіндік береді. Диапозитивтердің әр сериясы, оны қолдану методикасы жөнінде нұсқау берілген.
Ботаника курсының бірқатар мәселелерін оқып үйренгенде көлемдік бейне — муляж бен модель пайдаланылады. Муляж — табиғи объектінің көшірмесі, мұнда объектінің мөлшері, пішіні және реңі дәл көрсетіледі. Өнеркәсіп муляждар жиынтығын және әр түрлі жемістердің, калпақты саңырауқұлақ жеміс денесінің муляждарын шығарады.
Муляждар сабақты табиғи объектілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік болған жағдайда пайдаланылады. Көбінесе муляждарды стеарин массасынан жасайды. Пайдаланған кезде мұқият, жемістерді сағағынан көтеруге болмайды және оларды қолданғанда аса ұқыпты болу керек. Муляждарды мақтаға орап жылытқыш приборлар алыс жерде картон қорапта сақтайды, өйткені температура жоғары болса олар пішінін өзгертеді.
Модельдерде муляж сияқты, көлемдік бейнелеу, бірақ муляждан айырмашылығы объектіні дәл бейнелемейді, оны схема түрінде көрсетеді. Схема түрінде көрсетудің мәні — оқушылардың назарын аударуы қажет маңызды белгілерін айқын көрсету. Олар табиғи объектінің үлкейтіп схема түрінде берілген бейнесі. Мұндай модельдерде VI класс ботаника курсында өтілетін тұқымдастарға тән белгілер айқын көрсетіледі. Көрнекі болу үшін гүлдің кейбір бөліктері жеке бейнеленеді. Мысалы, капуста гүлінде мұндай бөлік желек, екі аталық (біреуі үлкен, біреуі кіші) және аналық болады.
Модельдерді сәйкес табиғи объектілермен бірге пайдалану керек. Модельдердің өздерін ғана пайдалану оқушыларға табиғи объектілердің құрылысы жөнінде теріс ұғым тудыруы мүмкін. Модельдерді пайдаланғанда және сақтағанда олардың оңай сынатын материалдан (папье-маше) дайындалатынын, сондықтан ұқыпты болу керек екенін ескеру қажет. Модельдерді шкафта бөлшектенген күйде, картон қорапта сақтайды. Модельдерді демонстрациялаған кезде приборларды демонстрациялағандай,
2 ОРТА МЕКТЕПТЕ БОТАНИКАНЫ ОҚЫТУДА ТҮРЛІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНА БІЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 БИОЛОГИЯДА БЕЙІНДІ-БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ РОЛІ
ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау жұмысын жүзеге асыру үшін бейінді оқытудың орны ерекше. ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа шектелуі анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет.
Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандартына сәйкес, білім мен ғылым министрлігі жалпыға білім беретін мектептердің жоғары сатысында бейінді-бағдарлы оқытуды қарастырып, жалпыға білім беретін мектептердің бағдарлы оқытуға жағдай жасау міндетін қойып отыр. [1]
Болашақта еліміздің тұтқасын ұстар ұрпақ қамын ойлап, әр сыныптағы оқушыны жеке тұлға деп танып, оның құзіреттілігін анықтап, бейінді-бағдарлык сыныптарда оқушы қалауы бойынша білім беру – бүгінгі мектептің басты міндеті болмақ.
Заманауи бейінді - бағдарлы оқыту оқушыларға ғылыми танымның негіздері мен әдіснамасын беруді қажет етеді. Сондықтан қолданбалы курс тек зертханалық практикумнан ғана емес, сонымен бірге оқушыларға зерттеу және шығармашылық жобалар орындауына, биологиялық білімді практикада қолдануына жағдай жасауы қажет.
Бейінді-бағдарлы оқыту белгілі бір мамандық облысында білім алуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, биология пәні медицина, психология, педагогика, микробиология, биотехнология, экология, ауыл шаруашылығы және тағы басқа бағыттардағы мамандықтар үшін бейінді пән болады.
Бейінді-бағдарлы оқытуды енгізудің негізгі мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бейінді-бағдарлы оқыту барысында мұғалімдер ұжымы, ата-ана, оқушы арасында түрлі жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт беретін педагогикалық ынтымақтастық қалыптасты. Сонымен қатар білім беретін мұғалімдердің біліктілігі, оқылатын пәндердің мазмұны, ерекшелігі оқу жоспарындағы мектеп компоненті мен оқушы компонентіндегі пәндердің құрылымы жан-жақты талқыланып, олардың бағдарламаларын жасауға, білім беруді жаңа сапаға көтеру үшін оқыту технологияларын таңдауға, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруына бағыт-бағдар беріледі.
Қоғамдық – гуманитарлық бағдарлы мектептерде биология пәнінің тарихы және гуманитарлық негіздері – биологиялық теориялар мен тұжырымдамалар кеңінен ашылып берілуі қажет. Оқу материалының мазмұны биология тарихы, жасуша биологиясы, органимнің көбеюі мен жеке дамуы, генетика негіздері, эволюция, экология негіздері, биосфера және адам бөлімдерінен тұрады.
Жаратылыстану – математикалық бағдарына арналған биология пәні төменгі сыныптарда берілген білім мазмұнын тереңдетіп, курстың қолданбалы және практикалық бағытталуы күшейтіледі. Оқу материалы цитология негіздері, генетика негіздері, селекция, эволюция, экология негіздері бөлімдерінен құралған. Сонымен бірге, аталған екі бағдар үшін оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар берілген. Бірақ бейіналды оқытуды тереңдетіп оқытумен шатастыруға болмайды. Оның айырмашылығы сол, бейінді оқыту барлық оқушылар үшін ұйымдастырылып, олардың қалауымен таңдалады. Білім беру мазмұнын құрастырудың бейінді-бағдарлы қағидасы жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерден көрі кең білім беру кеңістігін ұйымдастыруға бағытталған.
Бейінді-бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, оның қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт – бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
«Биология» пәнінің базалық мазмұны 6 – 7 сыныптарда ботаника және зоология ғылымдарының негізін құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың анатомиясы, морфологиясы, көптүрлілігі, таралуы, систематикасын қарастырады.
Бейінді-бағдарлы оқытудың негізгі міндеті оқушылардың өз кәсіби мамандығын анықтауға көмектесу. Сондықтан негізгі мектептің 8 – 9 сыныптарында ұйымдастырылатын бейінді-бағдарлы оқыту бейіндеудің маңызды бөлігі болып табылады. Бейінді-бағдарлы оқыту үш құрамдас бөліктен тұрады:
- кәсіби ақпараттандыру
- таңдамалы кәсіби бағдарлы курстар
- психологиялық сүйемелдеу
Бейінді-бағдарлы оқытудың нәтижесінде оқушы саналы және өзіне сенімді түрде мектептің жоғарғы сыныптағы оқытудың бейінін немесе орта кәсіптік білім беру жүйесінде игеретін мамандығын таңдауы қажет. [2]
Бейінді-бағдарлы оқытуда орта сыныптағы биология курсы бағыттарға бөлінбеген. Жалпы бейіналды анықтау психологиялық сараптама қорытындысы, ата-ана және оқушы қалауы, мектеп мұғалімдерінің деңгейі негізінде анықтайды.
Биология пәнінің ерекшеліктері мен орта мектепте биологиядан білім беру мазмұнының кемшіліктері биологиядан қолданбалы курстар мен таңдау курстарының мазмұндық бағытын анықтайды:
- тірі ағза, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері туралы оқу ақпаратын тереңдетіп оқыту, тірі ағза ерекше тірі жүйе ретінде қарастыру;
- тірі ағзалардың құрылымын және тіршілігінің механизмін молекулярлық деңгейде оқыту.
Қолданбалы және таңдау курстарының тақырыбын келесідей топтауға болады:
- биологиялық зерттеу әдістері арқылы (сипаттау, эксперимент, тарихи реконструкция),
- биологиялық проблемалар типтері бойынша,
- биологиялық зерттеу обьектілері (жүйелер: биологиялық жүйе, таксономиялық жүйе; процесстер: метаболизм, онтогенез, эволюция; тіршілік ерекшеліктері: формасы, белсенділік, таралуы, бейінделуі).
Биология ғылымының құрылымына байланысты қолданбалы және таңдау курстарының мазмұны бір пәнді немесе пәнаралық (интеграция) болуы мүмкін, танымдық процестің түріне байланысты фундаментальды, теориялық, эмпирикалық болуы мүмкін.
Бейінді-бағдарлы оқытуда оқушыға берілетін білімнің қолдану жағдайы қарастырылады. Сондықтан қолданбалы және таңдау курстарының мазмұны оқушыларды біліктілікті қалыптастыруға бағытталуы қажет. [3]
Қолданбалы және таңдау курстарының тақырыбының модельдері:
1. Биологиялық зерттеу әдістері арқылы (сипаттау, эксперимент, тарихи реконструкция). Мысалы, «Дәрілік өсімдіктер сипаттамасы» бейіналды оқытуда, ал бейіналды оқытуда – «Фармацевтика негіздері».
2. Биологиялық проблемалардың типтері бойынша, мысалы, «Құс гриппі», «Көптүрліліктің жойылуы».
3. Биологиялық зерттеу обьектілері бойынша мысалы, жүйелер бойынша: биологиялық жүйе, таксономиялық жүйе;
4. Биологиялық процесстер бойынша: метаболизм, онтогенез, эволюция;
5. Тіршілік ерекшеліктері бойынша: формасы, белсенділік, таралуы, бейінделуі.
Биология пәнінен бейінді-бағдарлы оқыту келесі бағыттарда болуы мүмкін:
- жеке тірі организмді сипаттау деңгейінде зерттеп оқыту,
- организмдердің көптүрлілігін сипаттау деңгейінде зерттеп оұыту,
- биологиялық зерттеу әдістерін (бақылау, сипаттау, салыстыру, қарапайым эксперимент жасау, эмпирикалық тұжырымдау) қолдану біліктілігін қалыптастыра оқыту,
- салауаттылық негіздері туралы білімді қалыптастыра оқыту.
Әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасуын, дамуын, білімге деген оқушының барлық қажетін өтеу – ұстаздың алдында тұрған мақсат. Сондықтан осы дамыту жүйесін басшылыққа ала отырып, әр оқушыны зерттеп, шығармашылық қабілетін ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылыққа қабілетті жеке тұлға қалыптастыруға атсалысу қажет. [4]
Болашақта еліміздің тұтқасын ұстар ұрпақ қамын ойлап, әр сыныптағы оқушыны жеке тұлға деп танып, оның құзіреттілігін анықтап, бейінді-бағдарлы сыныптарда оқушы қалауы бойынша білім беру – бүгінгі мектептің басты міндеті болмақ.
Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздеріқаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады.
Биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады.Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен
Оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуңына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйәымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігінздің арта түскендігін аңғарасыз. Биология пәні бойынша, «өсімдіктердің көбею мүшелері», «гүлдің құрылысы» атты тақырыптардағысабақтарда осы технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.
Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқада сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.
Эссе - өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану тіл сабақтарыменинтегративті қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Тамырдың маңызы», «Өсімдік пайдасы», «гүлді өсімдіктер» тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді.
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады
- оқушыны басқа жақтарынан таниды
- өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады
- оқушының жұмысын бағалайды
Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады.
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:
- оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;
- оқушыларға өз пікірін айта білуіне;
- оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;
- шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.
Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Модульдік оқыту технологиясының мәні: оқушы модульмен жұмыс істеу процесінде нақты мақсаттарға өздігінен (немесе белгілі көмек нәтижесінде) қол жеткізеді. Модуль бұл – оқу мазтұны мен оны меңгерудің технологиясы біріктіріліп берілген мақсаттық функционалдық түйін.
Модульдің құрамы:
- әрекеттің мақсатты жоспары;
- ақпарат банкі;
- дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған әдістемелік нұсқау.
Бұл технологияны оқыту мазмұныаяқталған дербесақпарат блоктары түрінде ұсынылады. Оларды меңгеру дидактикалық мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны құру үшін курстың негізгі ғылыми идеялары бөлініп алынып, оқыту мазмұны солардың төңірегінде белгілі бір блоктарға топтастырылады.Содан кейін екі деңгейден тұратын кешенді дидактикалық мақсаттар анықталады. Оның біріншісі – оқу мазмұның меңгеру деңгейі, екіншісі-оны практикада және оқуды әрі қарай жалғастыруда қолдануына бағдарлау деңгейі. Кешенді дидактикалық мақсаттардан кіріктірілген дидактикалық мақсаттар бөлініп алынады да, модульдер соған сәйкес дайындалады.
Модульдер үш типке бөлінеді:
- танымдылық, ғылым негіздерін оқытуда қолданылады;
- операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін қолданылады;
- аралас, алғашқы екеуін қамтиды.
Модульдік оқыту барысында өзіндік жұмысқа барынша көп уақыт бөлінеді,. Оқушы мақсат қоюға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оған оқу әрекетіндегі өз күшін байқап, сезінуге, өзінің білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерін табуына мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану оқытуды субъект қатынасына негіздеп құруға көмектеседі.
Модульдік оқыту технологиясын сонымен бірге бақылау, талдау және түзетуді өзін өзі басқарумен үйлесімдікте іске асырады:
- жаңа модульмен жұмыс жасауға дайындық деңгейі қандай екенің білу үшін әрбір модуьді бастамас бұрын оқушылардың білім, білік, дағдыларын алдын ала бақылау жүргізіледі;
- қажет болған жағдайда оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмысы жүргізіледі;
- әрбір модульдің құрамдас бөліктерінің соныңда өзін өзі бақылау, бірін-бірі бақылау, үлгімен сәйкестендіру түрінде ағымдық және аралық бақылаулар өткізіледі;
- қорытынды бақылау модульдің соңында жүреді.
Модульдерді кез келген оқыту жүйелерінде қолдануға болады. Ол оқытудың сапасын жақсартып, тиімділігін арттырады. Сондай-ақ дәстүрлі оқытумен үйлестіру өте нәтижелі.
Модульдерді жасаудағы мақсат курс немесе курстың әрбір тақырыбының мазмұның педагогикалық, дидактикалық және кәсіптік міңдеттерге сәйкес құрамдас бөліктерге бөлу болып табылады. Одан кейінгі мақсат-барлық құрамдас бөліктер үшін оқытудың ең тиімді түрлері мен формаларын анықтап, оларды уақыт жағынан үйлестіру және бір кешенге біріктіру, кіріктіру.
Модульдерге бөлуоқу пәнінің түсініктемелік аппаратын жүйелі түрде талдауға негізделеді. Ол іргелі түсініктер тобын бөліп алуға, оқу материялдарын жүйелі, тиянақты етіп топтастыруға, курс ішіндегі немесе іргелес, туыс пәндерге тақырыптарды қайталауды болдырмауға мүмкіндік береді.
Әрбір модуль қажетті дидактикалық, әдістемелік материялдармен, негізгі түсініктердің тізімімен, оқыту барысында қалыптасатын білік, дағдыларымен қамтамасыз етіледі. Әрбір модуль үшін оны меңгеру алдында оқушыға берілетін анықтамалық және иллюстративтік материялдар іріктеліп алынады. Сондай-ақ оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі дайындалуы тиіс. Әрбір оқушы бір модульден келесі модульге оқу материялдарын игеру қабілетіне қарай өз траекториясымен жүреді және ағымдық бақылау кезеңдерінен басқа оқушыларға қатыссыз өтеді.
Оқу материялдарын модуль бойынша құру – міңдетті және маңызды процесс, себебі ол:
- пән мазмұнын дамыту логикасын нақты айқындауға;
- осы мазмұнның бөліктері мен байланыстарын белгілеуге;
- олардың автономдылығының деңгейін анықтауға,
- олардың арасындағы логикалық байланыстарды тек мұғалімнің ғана емес, оқушының да толық түсінуіне жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Модульдің оқу материялдарының мазмұнын анық, дәл құру оқушылардың жетекші идеяларды, оқу пәнінің даму логикасын, жалпыланған білім жүйесін саналы меңгеруіне көмектеседі.
Оқу материялдарының мазмұның құру барысында оқу пәнін мұғалім белгілі бір жүйе ретінде қабылдауы тиіс. Логикалық құрылымды талдау графасы мұғалімге аталған модульді меңгерту кезіңде оқушыларда қандай арнайы, пәндік білік, дағдылар қалыптасуы керек және оны игеру процесін жеңілдету үшін қандай жалпы білік, дағдылар қолданылатының анықтауға көмектеседі. Қажетті біліктер мен дағдылар жүйесі оқушылардың жаңадан иергендерімен қоса, бұрынғы білік, дағдыларына сүйеніп қалыптасады.
Оқушыда бұрыннан бар білік дағдылар танымдық іс әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгеру үшін негіз болып табылады. Оқу материялдарын модульде орналастыру, баяндау жүйесі оқушыларда іс әрекеттің жалпылама тәсілдерін құрастыру үшін жағдай туғызады. Нақтылы бір бала үшін жаңа болып табылатын маңызды білік, дағдылар туралы ақпараттар модульдің мазмұнына еңгізіледі. Бұл мағлұматтар әр түрлі әрекеттеріне арналған бағдарлық негіз түрінде беріледі. Ол оқу іс әрекетін күтілетін нәтижеге ғана бағдарлап қоймай, осы нәтижеге қол жеткізетін тиімді әдістерді іздеуге де көмектеседі. Бұл оқушылардың іс әрекетте шығармашылықпен қарауын дамытып, модульдік оқыту процесінде өздігінен жұмыс істеу, білім алу деңгейін жоғарылатады. Мұны іске асыру модуль мазмұның құру кезінде белгілі бір шарттар ескерілген жағдайда мүмкін болады.
Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшелік – модульдегі басқару қызметі өзін-өзі басқару қызметі және өзін-өзі бағалау қызметіменалмасады. Оқыту процесінің дамуына қарай мұғалім оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңесші және координатор рөлін көбірек атқаратын болады. Оқытуды басқару біртіңдеп көзге білінбейтін, жабық түрдегі басқаруға айнлажы.
Модульдік оқытуға мынадай тәуелділік тән: оқытудың ақсатына – жеке тұлғаның шығармашылық дербестігін қалыптастыруға – теориялық жалпылау деңгейінде оқытудың мазмұны арқылы оқушылардың репродуктивті, продуктивті іс әрекетін іске асыратын әдістердің көмегімен қол жеткізеді.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін күтілетін нәтижеге және оған қол жеткізудің тиімді жолдарын іздеуге бағыттайтын мақсаттарды айқындау деңгейінде оқыту процесін дамыту бағыты беріледі, танымдық дербестігінің даму қарқыны анықталады.
Оқытудың бастапқы кезеңінде бірінші модульмен жұмыс барысында оқушылар мұғаліммен бірге оқытудың мақсаттары мен міңдеттерін айқындайды. Модульдің құрамдас бөліктерінің бірінен екіншісіне көшкен уақытта дәл сол бөліктегі оқу материялдарын толық меңгерудің қажеттілігін, яғни келесі бөліктегі материялдарды онсыз түсінуге болмайтының оқушылардың саналы сезінуіне жағдай жасау керек. Осылайша оқушылар өз әрекеттерінің бағдарламасын өздігімен құруға біртіңдеп дағдыланады.
Модульдегі оқу материялдарын орналастырудың ерекшелігі олардың белгілі бір принциптер, заңдылықтар, жетекші идеялар деңгейінде игерілуін қамтамасыз етеді, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін қалыптастырады. Бұл өз кезегінде оқушылардың танымдық дербестігі мен қабілеттілігін дамытады. Тек қарапайым міңдеттерді ғана емес, жаңа технологиялық және практикалық міңдеттерді шешуге итермелейді.
Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:
1. Құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды).
2. Өзін - өзі бағалау.
3.Топтық жұмыстағы белсенділік.
4. Көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі.
5.Еркін тәрбиеге баулу.
Әрбір тарауға құрылған жоспар бойынша кіріспе бөлімінде сабақ түсіндіріледі. Сөйлесу бөлімінде оқыту, үйрету ойындары нәтижесінде оқушының ізденісі, қызығуы жалпы білім деңгейі артады.Қорытынды бөлімінде тарауды қорытындылау мақсатында тест алынады, соңынан сынақ тапсырылады. Барлық оқушыларға тест пен сынақ басы бойынша қорытынды баға шығарылады.
Оқуциклі ретінде ұдайы қайталанатын модульді өзінің құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену), сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың іс әрекеттерін ұйымдастыру), қорытынды бөлімі (бақылау жұмысын алу). Әр модульге сағат саны әртүрлі беріледі және баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды.
3 Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын биология сабақтарына еңгізу жолдары.
Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту процесіне педагогикалық технологияларды кеңінен еңгізу.
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны «модульдерге» бөлінеді. Модуль дегеніміз – мазмұны, талабы ортақ бірнеше тақырыптардан тұратын, күнтізбелік жоспардағы әрі бақылау жұмысының арасында өтілетін оқу атериялдары. Әр сабақ соңында үш сабақ ерекше болады:
- қорытынды өздік жұмыс сабағы;
- қатемен жұмыс сабағы;
- бақылаужұмыс сабағы.
Деңгейлеп саралап оқыту нәтижесінде төмендегідей табыстарға қол жеткізуге болады:
- әр тақырыптың 1 –деңгейінің тапсырмаларын міңдетті түрде және дұрыс орындаған үшін «зачетін алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 процент үлгеруіне кепілдік алады»;
- әр тақырып бойынша қорытынды баға оның әлі келгенше еңбектеніп жинап алған ұпайына сәйкес қойылады;
- әр оқушы үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай саралап беріледі,
- оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететін саласынан дарының ашуға жағдай жасалынады.
Рейтинг жүйе бойынша бағалау.
Деңгейлеп саралап оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы бағалап отыру көзделеді. Аталған жүйе оқушылардың оқу сапасын, білімді игеру дәрежесін барынша толыққанды көрсетеді. Рейтингтік жүйе оқушының тапсырманы өз бетінше орындауына мүмкіндік жасайды. Рейтингтің арқасында ұстаз бен шәкірттің арасында оқушының ақыл – ой әрекетінің басқа да сипаттамалары, атап айтсақ, орындау тездігі, түсінігінің тереңдігі арқылы оқу мотивін арттырып көрсететін кері байланыс үзілмейді.
Рейтинг жүйесінің артықшылықтары оқушы қызметінде:
1. Оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді;
2. Пәнді оқытуды ізгілендіру ұстамына жәрдемдеседі;
3. Оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастырады;
4. Рейтингті бақылау қызметі тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы рөл де атқарады.
5. Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл – ой әрекетінің сипаттамаларын, тапсырманы орындау тездігі, түсіну тереңдігі т.б. көрсететін жүйелі байланыс сапасы артады;
6. Жұмыс нәтижесі мен өз мінез құлқын дұрыс бақылап – бағалау дағдысын қалыптастырады;
7. Ырықты зейінін тәрбиелеп, жетілдіруге ықпал етеді.
Мұғалім қызметінде:
1. Оқушының оқуындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен тәсілдері алдын ала белгілі жүйеге келтіру мүмкіндігі бар;
2. Бақылау үлгілерін, бағалаудың қалыпты критерийінжасау;
3. Оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін меңгеру;
4. Сыныптағы әр оқушы үшін жаңа көңіл – күй ахуалын қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыру.
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқыту – оқушының жеке бас ерекшелігі, рухани дүниесі, қабілеті, бейімділігін ескере отырып, оқу процесі арқылы әр оқушының өз бетінше танымдық қызметін, белсенділігін дамытуды көздейді.
Қорытынды.
Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту
процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларынмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзіәрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
2.2 БОТАНИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесімен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.
Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.
Ойынды психологогиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және әдістемелік негіздері: А.Фрейд, К.Роджерс, Д.Леви, Д.Торф және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.
Ойын әрекетінің бала психологиясының дамуына шешуші қызмет атқаратындығы жайында Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Кұдайбердіұлы т.б. қоғам кайраткерлерінен бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша атап өтілген [1, 2].
«Ойын арқылы бала дүниені таниды» дейді Т. Тәжібаев. Шынында да, бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуді үйренеді, ойлау кабілеті дамиды, сөздік қоры байиды. Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік меңгеру. Сондай-ак ойын үстінде балалардын тілін дамытып, ойын жүйесін айта беруге үйрету мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде атап көрсеткен.
Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеуге болады. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, өмір тәжірибесінен өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барысында тиімді қолдану қажет.
Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілген көпшілік жұмыстардың бірі – биологиялық дидактикалық ойындар.
Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos – үйретуші, diddaskalos –мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымынығ саласы [4].
Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, кештер, дидактикалық ойындар, әр түрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып жүр. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсат біреу, ол оқушыға тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының есінде қалатындай етіп ұйымдастырып бекіту. Ұстаз оқушылардың пәнге қызығуын арттыру мақсатында өз тарапынан шығармашылық ізденістер жасап, әр түрлі дидактикалық кештер ұйымдастыруы керек.
Биология пәнінің дидактикалық ойын кештерінің мазмұны тіршіліктің құндылығын, биологиялық мәселелердің маңыздылығын жете түсінуге, оқушылардың өмірге деген көз қарастарын жан-жақты дамыту, оқытудың теориялық бағытын, практика жүзінде іске асыру, қоршаған ортамызды аялай білуге үйрету және оқушыларға өмір сүру заңдылықтарын терең сезініп, оны дұрыс қабылдауына мүмкіндік береді [5, 6].
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа деген қызығуларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды биологиялық материалдарға қызықтыруымен қатар алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін ізденімпаздығын еңбекқорлығын жетілдіруге, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, В.Демин т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік тұрғыдан маңызды жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар арқылы теориялық білімді нақтылап, білім-білік дағдыларды қайталап және бекітуге арналған.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу қолға алынды. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барсында тиімді қодану қажет. Осы бағытта:
1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3.Отанымыздың мейлінше бай, көркемдікті бағалай ілуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
4.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;
5.Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу керек.
Демек, биология сабақтарында дидактикалық, ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай биологияны дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынандай мақсаттары болуы керек:
а) дидактикалық ойындарды тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда биологиялық биологиялық жұмбақтарды, сауалғыларды, сөзөрімдерді сөзжұмбақтарды оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың биологиялық тілін қалыптастыру керек.
Ойынның маңызы туралы В.А.Сухломинский: «Ойын дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктерін, ұғымдардың ширақ тасқаны келіп құйылады. Ойын дегеніміз – бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын».
Биологиялық кештерде, КТК (көңілдер, тапқыштар клубы), брейн-ринг өткізу барсында, сабақты бекіту кезеңінде, үй тапсырмасын сұрау кезеңінде, үйірме жұмыстарында биологиялық жұмбақтарды қолдануға толығымен болады.
Дидактикалық ойын кеші – эмоциональды өте қызықты өтетін тәрбие жұмыстардың бірі. Өткізілетін дидактикалық ойын кештері тек тыңдаушы, көрермендерді ғана емес қатысушылардың қызығушылығына үлкен әсер етеді.
Биологиялық кештерде ойналатын ойын түрлері
1. «Жапалақ» ойыны.
Алаң шетінде бір бала жапалақ болып тұрады. Қалған балалар көбелек, құс, шегіртке кейіпін келтіреді. Мұғалім «күн батты» деген белгі бергенде барлығы тынышталады. Жапалақ аңдып жүреді. Кім қозғалса, жапалақ соны ұстап алады. «Күн шықты» дегенде барлығы тіріліп, әртүрлі жәндіктерге тән қимылын жасайды. Ойын бірнеше рет қайталанады. Ойын ән әуенімен ойналады. Ән күшейсе, күн бәсеңдесе, түн болады [3].
2. «Допты домалату» ойыны.
Балалар шеңбер жасап тұрады да, допты бір-біріне береді. Шеңбер ішіндегі бала допты ұстауға тырысады. Доп кімде болғанда ұсталса, сол доп иесі ортаға шығады. Ойын жалғаса береді.
3. «Белгіні тыңда» ойыны.
Ойын алдын-ала, сыртта немесе бөлмеде ойналады. Балалар екі топқа бөлінеді. Мұғалім бұйрығымен «тоқта», «тізелеп отыр», «жүгір» жаттығуын жасайды. Бұйрықты тындамаған бала ойыннан шығады немесе айып төлейді (ән айту, би билеу, жұмбақ т.б.). Қай топта көп бала қалса, сол топ жеңіледі.
4. «Шеңбер» ойыны.
Шеңбер ішіне әртүрлі заттар қойылады. Ойнаушылар кеглимен (доппен) сол заттарды ұрып шығарса, сол жеңіпаз атанады (4 зат тұрғызылып 4 зат жатқызылып қойылады).
5. «Қағаз таяқпен қатысу» ойыны.
Газеттен он таяқ жасалады. 5 жұп бала таяқпен бір-бірімен сайысады. Кімнің қағаз таяғы бірінші майысса, сол бала ойыннан шығады. Ойынды осылай бірнеше рет қайталауға болады. Салауатты өмір салтын насихаттауда дене шынықтыру ойындары балаларды қазақтың спорт өнерін меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, тапқырлыққа, шеберлікке үйретеді.
«Брейн-Ринг» өткізу әдістемесі
Оқушылардың дүние танымын кеңейітіп, танымдық қабілетін өрістетуге «Брейн-ринг» зерделік-танымдық ойынын қолдану тиімді әрі қызықты болмақ. Бұл ойын мынандай мақсатты көздейді.
1. Жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын пәндердің жекеленген тақырыптары мен мәселелері бойынша балалардың танымдық қызығуын ояту, ғылыми-мәдени білімін арттыру.
2. Оқушыларды бағдарламалық материалдарды тереңірек меңгеруге, қосымша ақпарат көздерін пайдалануға тарту. Ойынға көбірек қатыстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: жүргізуші мінбері, 2 ойын үстелі, 12 орындық, 2 жалаушы не электірлік дыбыс сигналы, 3 микрофон, ассистент бақылаушылар үстелі.
Қатысушылар. Ойынға кем дегенде 4 топ (6 ойыншыдан) қатысады. Олардың аталуы және өз капитандары болуы тиіс. Жұргізуші сұрақ береді, жауап беруге рұқсат етеді, ұпай беруге, немесе дауды реттеуге шешім қабылдайды, ойын барысында ассистент-бақылаушылармен кеңеседі. Ассистент-бақылаушылар уақытты есептейді, топтардың жинаған ұпай санын қадағалайды.
Ойын ережесі. Ойын екі бөлімнен тұрады: бастапқы кезең және финал. Кезеңде мезгілде екі топ қана қатысады да, 3 ұпай жинағаны (финалдық кезеңде − 5) жеңімпаз болады. Ойын алдында жеребе тасталып, ойын әдістеріне («Айналмалы», «Олимпиадалық» т.б.) қарай топтардың қайсысы қайсысымен сайысатынын анықтайды.
Топтарға сұрақ беріледі, оны талдауға бір минут бөлінеді. Топ жауапқа дайын болса, капитан жалаушаны көтеріп, белгі береді. Жалаушаны жүргізушінің «уақыт бітті» деген сөзінен бұрын көтеріп қойған топ «фальстарт» алып, жауап беру құқынан айырылады. Бұл жағдайда ойлануға қарастырылған 10 секунд уақыты бар, біріншінің берген жауабы қате болғанда да солай.
Жүргізуші сұрағына екі топ та қате жауап берсе, келесінің «құны» бір ұпайға артады. Екі топ үш сұраққа бірдей қате жауап берсе, кезең тоқтатылады. Олардың орнына басқа топтар келіп, жаңа кезең басталады.
Финалдық кезеңде әрбір сұрақтың құны бір ұпайға ғана тең. Мұнда жүргізуші дұрыс жауаптарды міндетті түрде естіртеді.
Ойын барысында қатысушылардың көрермендермен байланысуына тайым салынады, көмек беріліп қойған жағдайда, көмектесуші залдан қуылады.
Барлық даулы жағдайда жүргізуші шешеді.
Ойнау әдістері.
1. «Айналмалы». Мұнда барлық топтар өзара кезектесіп ойнап шығарылады. Мысалы 1-2, 3-4, 1-3, 2-4, 1-4, 2-3.
2. «Олимпиадалық». Топтар жұптарға бөлінеді де, одан жеңгендері тағы да жұп құрайды. Топтардың саны тақ болса, жеребе бойынша олардың біреуі келесі айналымға ауысады. Ұтылған топ ойынан шығады. Ең сонында үздік екі жұп (анықталады). Финалға шығуы тиіс.
3. «Жеңімпазды табу». Топтардың арасынан жеребе бойынша бірінші жұп анықталады. Кезең біткенде ұтылған топтың орнын келесі кезектегі топ басады. Бастапқы кезеңдерді өткізуге уақыт белгілеу керек, әдетте, оған 45-60 минут қажет. Содан соң ең көп жеңіске жеткен, немесе көп ұпай жинаған топтар өзара финалдық сайысқа түседі.
Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.
Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.[9]
Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–биологиялық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын. Меңің ойымша, биологиялық ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын.
Биология сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.
Мысалы: «Көрші-көрші» ойыны кітаппен жұмыс. Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған жұмыстарымен бір-бірімен алмасып көрсетіп, бір бірін бағалайды.
Мұндай ойынды әр түрлі тақырыптарда өткізуге болады, өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады.
Алайда, ойын арқылы тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Оқушыныңның қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі оқушыныңның психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі оқушының жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді.
Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын: биологиялық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар, жұмбақтар.
Мысал үшiн ботаника сабақтарында төмендегiше пайдалансақ болады.
«Полиглот»
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
«Полигот» сайысына қатысып ,
Жұмбақтарды үш тілде кім шешеді?
1 Өсімдіктің жер асты мүшесі \ тамыр - корень – root \
2 Ең ірі жеміс \ асқабақ - тыква - pumpkin \
3 Өсімдіктің қай мүшесі ( жасыл асхана ) деп аталады?
( жапырақ – лист - letter)
4. Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін бөлімі
(сабақ-стебель- stalk)
5. Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен (гүл-цветок- flower)
6. Мәңгі жасыл ағаш (шырша - ель- spruce)
Сондай-ақ төмендегiдей тапсырмалардан пайдалансақ өте зор болар едi.
Мен қай өсімдікпін?
Мен Жорарта теңізінде дүниеге келдім. Мен әртүрлі боламын. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізінде жағалауында, Индия мен Қытайда кездесемін. Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф менің құрамымда қант барын тапты, ал 1799 жылы Франц Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алды. Одан әрі Ресейге өткізді. Мен қазіргі уақытта сұранысы жағынан үшінші орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдаланыламын (Қызылша)
Менің Отаным Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде өте ащы болғанмын. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген күйімде арабтар тіс ауырғанда емдеу кезінде пайдаланды. Еуропаға УІ ғасырдың аяғында келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. . (Баклажан)
Мен Азияда тудым, бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда мен ібатырлар кеуделеріне тұмар ғып жүрген, өйткені мен әр түрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Тіс ауырғанда пайдаланады мені.Өзіме тән исім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен ауырған кезде пайдаланасын мені. (Сарымсақ)
Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде мені «маис» деп атаған және мен осы кезге дейін сол қалпымды сақтадым. Менің алғашқы өкілімді Еуропаға Х.Колумб әкелген болатын. Бұл данамды Х. Колумб корольге сыйға тартқан болатын. Мен біржылдық, астық тұқымдасына жататын, жылу сүйгіш , дара жынысты, бір үйлі өсімдікпін.
Қазіргі таңда оқу үрдісінде бала өз білімі мен тәрбиесін қоршаған ортаны зерттеу әрекеттері арқылы қалыптастырады. Мысалы тақырып бойынша түрлі сызбалар ,үлгілер құрастыру, сарамандық жұмыс жасап, одан түйін шығару, даулы мәселелерге жауап іздеу т,б. Бұлардың барлығы да танымның индуктивтік әдісіне, жекеден жалпыға өтуге және педагогикалық концепция ретінде инструменталдық педагогика саласына енгізіледі. Осы тұрғыда 6-сыныпта жасуша тарауын талдай, әрі тереңдетіп оқыту мақсатында мынадай жұмақтардан қолдануды ұсынамын.
1.Жұмбақ
Жасушаның ішіндегі
Қоймалжыңдау сұйықпын.
Әрқашан космос қысымын
Тұрақты етіп тұрыппын
Жауабы; Цитоплазма
Ашқан ғалым;1841жылы Я Пуркинье Өсімдік жасушасынан тапқан
Атқаратын негізгі қызметі; Жасуша арасындағы байланыстарды және органоидтардың жұмысын реттейді
2.Жұмбақ
Бір бөлігі жасушаның,
Дөп дөңгелек мен болам
Тұқым қуалау қасиетін
Ұрпақтарға жолдағам
Жауабы; Ядро
Ашқан ғалым; 1831 жылы Р Браун өсімдік жасушасынан ядроны тапқан
Атқаратын қызметі; Көбеюге қатысады. Жасушада жүретін зат алмасу үрдісін реттеп отырады
3.Жұмбақ
Денем тарақ пішінді
Екі қабат ірімін
Цитоплпзма ішінде
Органоидтың бірімін
Жауабы; Митохондрия
Ашқан ғалым; 1850жылы Р А Келликер жәндіктердің бұлшықет ұлпасы жасушасынан тапқан
Атқаратын қызметі; Жасушаның тыныс алуын қамтамасыз етеді. Энергия көзі АТФ-ті синтездейді
4.Жұмбақ
Атақты ғалым есімді
Гольджи деген атым бар
Жеделдетер өсімді
Гормон деген затым бар
Жауабы; Гольджи
Ашқан ғалым; 1898 жылы К Гольджи жүйке жасушасынан тапқан
Атқаратын қызметі; Майлар мен көмірсу қызметін жинақтайды және синтездейді
5.Жұмбақ
Жүрмеңдер мені бөтен деп
Қажеті жоқ екен деп
Синтездеймін ақуызды
Жасушаны мекен деп
Жауабы; Рибосома
Ашқан ғалым; 1955 жылы ДЖ; Палладе жануар жасушасынан тапқан
Атқартын қызметі; Жасушадағы ақуызды синтездеуге қатысады
6.Жұмбақ
Тек жануарлар жасушасында кездесемін
Көрмейсіңдер өсімдіктен іздесең
Қоректерді қорыту үшін сөл бөлер
Жасушада еріткіштер мен боламын
Жауабы; Лизосома
Ашқан ғалым; 1955 жылы Де Дюв жануар жасушасынан тапқан
Атқартын қызметі; Жасуша ішілік қоректік заттардың қорытылуын қамтамасыз етеді. Тіршілік қабілетін жойған жасушаларды ыдыратады
7.Жұмбақ
Мен сырымды ашып айтам дәл бүгін
Ештеңе етпес қамал сынды тарлығым
Кедір бұдыр және тегіс бетті екенмін
Өткеретін реакцияның барлығын
Жаубы; Эндоплазмалық тор
Ашқан ғалым; 1945 жылы К Портер тауық балапанының ұлпасынан тапқан
Атқартын қызметі; Жасушадағы әр түрлі заттардың тасымалдануына қатысады
8.Жұмбақ
Фотосинтез мен арқылы жүреді
Сондықтан мен жасушаның жүрегі
Тек қана өсімдікте кездестін
Жасыл түсті жұрттың бәрі біледі
Жауабы; Пластид
Ашқан ғалым; 1676 жылы А Левенгук өсімдік жасушасынан тапқан
Атқаратын қызметі; Фотосинтезге қатысады, түрлі түсті береді
9. Жұмбақ
Бұлардың бәрі білсеңменде өседі
Бірімен бірі әркез теңеседі
Болмасам мен осындай күрделі
Дүние тіршілігін бермес еді
Жауабы; Жасуша
Ашқан ғалым; 1665ж жылы Р Гук өсімдік ұлпасынан тапқан
Атқаратын қызметі; Көбеюге қатысады. Жасушалар жиналып ұлпаны түзеді.
Соның мен бiрге кроссвордттардан пайдалану, оларды оқушылардың өздерiне дүздiрту сабақтың нәтижелiлiгiн арттырады.
Мысалдар:
Сөзөрім. «Шашақ» тамыр жүйесінің типі.
|
т |
а |
м |
ы |
р |
ш |
а |
|
|||||
|
қ |
а |
р |
ғ |
а |
к |
ө |
з |
|
||||
ү |
р |
м |
е |
б |
ұ |
р |
ш |
а |
қ |
|
|||
|
ж |
а |
н |
а |
м |
а |
|||||||
|
қ |
о |
с |
а |
л |
қ |
ы |
-
Өнген ұрықтан алғаш пайда болатын мүше.
-
Тамыр жүйесі кіндік тамыр болып келетін дара жарнақты өсімдік.
-
Қос жарнақты өсімдік.
-
Негізгі тамырдан шығатын тамыр.
-
Сабақ пен жапырақтан пайда болатын тамыр
Сөзөрім. «Кіндік» тамыр жүйесінің типі.
|
ө |
с |
і |
м |
д |
і |
к |
|
|||
|
н |
е |
г |
і |
з |
г |
і |
||||
ж |
о |
л |
ж |
е |
л |
к |
е |
н |
|
||
|
|
|
б |
и |
д |
а |
й |
|
|||
ө |
с |
к |
і |
н |
|
||||||
т |
і |
р |
е |
к |
|
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-
Тамыр арқылы қоректенетін организм.
-
Қос жарнақты өсімдіктердің ұрығынан дамитын тамыр.
-
Тамыр жүйесі шашақ тамыр болатын қос жарнақты өсімдік.
-
Дара жарнақты өсімдік.
-
Тұқымнан жер бетіне шыққан кішкене өсімдік.
-
Тамырдың қосалқы қызметі.
7. Жағдаят кезеңінің тапсырмалары
І. “Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс” мақалының мазмұнын түсіндіріңіз.
ІІ. Халық даналығы Бұхар жырауға кедей «Тарыны қай жерге еккенде мол түсім аламын» деп ақыл сұрай барса, ол құрт-құмырсқа жәндіктер қаптап жүрген жазық жерді нұсқап жүріп кетіпті. Сол жерге тары егіп, «шаш етектен келетін» мол түсім алған кедей Бұхарға келіп, неліктен солай нұсқағанын сұрапты. Мұны сіз қалай түсіндіресіз?
ІІІ. Орамжапырақ көшеттерін ашық жерге отырғызу кезінде кейбір өсімдіктердің негізгі тамырларының ұшын шырпиды, ал кейбіреулерін сол күйінде қалдырады. Қай өсімдіктер көбірек өнім береді? Сіздер неліктен олай деп есептейсіздер?
IV. Құмды топырақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі қос жарнақты өсімдіктерге кіндік тамыр болады. Сонымен қатар оның тамыры ылғалға жету үшін топыраққа терең орналасады. Ал батпақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі шашақ тамырға ұқсайды. Оның тамырлары үлкен ауданды алып жатады, бірақ топыраққа терең орналаспайды. Себебі неде деп ойлайсыңдар?
Жағдаят тапсырмаларының жауабы
1. Мол топырақта тұқым тез өнеді, тамыр тез өседі.
2. Жәндіктер бар жерде құнарлы, қопсытылған топырақ болады.
3. Ұшы шырпылған өсімдік тамырында жақсы түптенеді де, мол өнім береді.
4. Құмда ылғал тереңде жатқандықтан, тамыр ұзын болады, батпақта жайылып өседі.
Құпияхат тапсырмалары
І . Үш сөзден құрылған тамыр қызметі туралы сөйлем шығады.
3 |
6 |
9 |
5 |
1 |
10 |
15 |
1 |
13 |
8 |
3 |
13 |
4 |
2 |
|
9 |
14 |
11 |
|
|
7 |
12 |
|
1-Р, 2-У, 3-Т, 4-Н, 5-Ы, 6-А, 7-С, 8-К, 9-М,
10-Қ, 11-Ш, 12-І, 13-Е, 14-Ү, 15-О
5 ұпай.
ІІ. Үш сөзден құрылған тамыр қызметі туралы сөйлем шығады.
3 |
12 |
9 |
11 |
5 |
|
|
1 |
4 |
2 |
9 |
6 |
2 |
7 |
3 |
2 |
5 |
8 |
10 |
2 |
|
1-Ө, 2-І, 3-Т, 4-С, 5-Р, 6-Д, 7-К, 8-Е, 9-М,
10-Г, 11-А, 12-А . 5 ұпай.
Құпияхат тапсырмаларының жауабы
1. Тамыр қоректену мүшесі
2. Тамыр өсімдік тірегі
Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.
Сонымен бірге биология сабағында «Домино» ойынын пайдаланамын. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады.
Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударып отырамын. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Жалпы, ойындарды қайталау сабақтарында, сынақ сабақтарында ұйымдастырамын. [19]
Оқушылардың ботаника сабағына қызығушылығын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындарының орны ерекше. Биологияның сан-алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты, әрі ұтымды сабақ деп ойлаймын.
Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасауға тырысамын. Сонда сабақ білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі оянады, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлар алмасады, ақылдасады, бір-біріне дәлелдейді, белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға байланысты, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Осындай «Брейн-ринг» оқыта үйрену ойыны деңгейлік тапсырмаларды орындағанда ойнатуға болады. Сынып әр топта 2-3 баладан болатындай, 3-4 топқа бөлінеді. Ойынға 3-4 секторға бөлінген дөңгелек керек. Әр секторға бірінің үстіне бірі келесі тәртіппен үлестірмелер қойылады: ең астына 3-деңгейлі (күрделі), ортада 2-деңгей, ең үстінде 1-деңгей (жеңіл). Ойын тәртібі: әр оқушының өз нөмірі болады. 1-турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені алып, бірден жауап беру керек, 2-турда бәрі бір уақытта үлестірме алып, уақыт беріледі, ойынды топ басшысы жүргізеді. Топтар бір-біріне тәуелді болмайды.[10]
Менің өз тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшілерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді.
Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда биология сабағына ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
2.3 КЕЙБIР ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемімен қоштасу сабағы.
Білімділік мақсаты: Өтілген материалдарды талдап, тығолардың бір-бірімен тығыз байланысын көрсете отырып, оқушылардың алғаш білімдерін жинақтап, тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің гүл топтарына жататын өсімдіктерді білу. Әр түрлі тапсырмалар беру, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қорытындылау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеппешөптер, қосымша оқулықтар, суреттер
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. I Оқушылардың меңгерген білімін анықтау мақсатында «Орман алқабы» ойынын .... ағаштардың, көлдің сурет салынған плакат тақтаға ілінді. Оқушыларға саңырауқұлақ құстар, балықтар, гүлдер, жапырақ суреті салынған карточкалар арқылы тапсырма берілді. Жауап бергендер карточканы тиісті жерлерге жапсырулары керек
Жапырақ суреті салынған карточка. Жапырағы тікенекке айналған қандай өсімдік? (Сексеуіл, кактус)
Гүлдің суреті салынған карточка. Жауқазын қандай тұқымдасқа жатады? (Лалагүл тұқымдас)
Көбелек суреті салынған карточка. Лалагүл тұқымдас өсімдіктер не арқылы тозаңданады (бунақдене арқылы)
Саңырауқұлақ суреті салынған карточка. Қандай балдырларды білесің?
Гүлдің суреті салынған карточка. Қазанның шыққан отанын атаңыз. (Оңтүстік Америка)
Құстың суреті салынған карточка. Саңырауқұлақтың топырақ астындағы бөлімін атаңыз (Жіпше).
Балықтың суреті салынған карточка. Қандай өсімдік симбиоздық тіршілікке бейімделеді?
2 тапсырма. «Аукцион»
3 оқушы өздері салған өсімдіктердің суретін аукционға салды. Сатып алушылар сол өсімдіктердің а) отанын ә) түрін б) мүшелері ерекшеліктерін в) пайдасын білуі керек. Сонда ғана суретті сатып ала алады.
3 тапсырма. Графикалық диктант.
Оқушыларды 3 топқа бөлем
1 топ: «Бактерия»
2 топ: «Саңырауқұлақтар»
3 топ: « Қыналар»
Сұрақтар:
Өлі ағзалармен қоректенеді
Ауру туғызады
Жыныссыз жолмен көбейеді
Селбесіп тіршілік етеді
Жеуге жарамды түрі болады.
Хлорофилл дәні болады
Қолайсыз жағдайда спора түзеді
Өсімдік түрлері
«Картоп пәлесі» ауруын тудырады
Құрамында жіпшумақ болады.
Тірі және өлі ағзаларды ыдыратады
Медицинада дәрі жасауға пайдаланады.
«Бактерия» тобының жауабы:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
«Саңырауқұлақтар» тобының жауабы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
« Қыналар» тобының жауабы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
4 тапсырма.
Танымдық ойындар.
Сөзжұмбақ шешу.
Алқа тұқымдасына жататын өсімдік ( темекі)
Көктемді аққүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады (алма)
Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы (бидай)
Тұздықпен жүреді кәне кім айтып береді (пияз)
Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы (қарағай)
Ыстық жақта өсетін өсімдік (Анар)
Біреуін жерге беріп, күзде оны тереді (Тұқым)
Өсімдіктің жер астындағы мүшесі (тамыр)
Жасыл тонның бояуы жыл он екі ай оңбайды (шырша)
Маймыл өзі аршып жейтін жеміс (банан)
Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік (соя)
Картоп қандай тұқымдасқа жатады? (алқа)
Еті-қызыл, сүті-тәтті, күзде жерде өсіп жатады (қарбыз)
-
-
-
Т
А
Б
И
Ғ
А
Т
Т
Ы
А
Я
Л
А
-
-
Мұғалім сөзі: Табиғат –күрделі де көп түрлі. Біз оны неғұрлым көп танып, түсінсек, соғұрлым табиғат бізге қызықтырақ бола түседі. Табиғат бізге өмір сүруге қажеттінің бәрін береді, тамақ киім, баспана.
5 тапсырма. Ең, ең, ең
Әлемдегі ең үлкен гүлді атаңыз. ( Арнольд Раффлези)
Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық қай жерде (Танзанияда Серенгетти қорығы)
Ең үлкен шырынды жеміс (Асқабақ)
Ең улы сапңырауқұлақ (Шыбынжұт)
Ең жеңіл сабақ (Бальза)
Ең ұзақ жасайтын ағаш (Секвоя 3000-5000ж)
Жер жүзіндегі ең ұзын сабақ (Ротант пальмасы)
Ең ұзын жапырақты ағаш (Цейлон пальмасы)
Ең үлкен құрғақ жеміс Оңтүстік Азияда өсетін Цитада ағашының бұршақ қынының ұзындығы 1,8 м, ені -1,5 м)
6 тапсырма. Дәрілік өсімдіктер.
Мәдени өсімдіктердің шығу тегі туралы баяндап, оқушыларға алдын ала әзірлеткен материалдарын жұмбақ түрінде айтқызып және сынып оқушыларына оны шешкізу мақсат етіледі.
Жолжелкен 2. Меңдуана 3. Ошаған 4. Бақ-бақ 5. Алмұрт
Дәрілік өсімдіктерді қалай қолдану керек. Хабарлама
7 тапсырма. Гербарий (кеппешөп) арқылы әр тұқымдасқа жататын өсімдіктерді іріктеу.
тапсырма. Уақыт жетсе жұмбақтар айтып жіберу.
Қорытындылау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 38 бабында Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті делінген.
Білсең егер, табиғатта зор мән бар,
Онда аң, құс, жануарлар, ормандар,
Жерің, суың, таза ауаң қажетті,
Шын жүректен оны сендер қорғаңдар!
Оқушыларды бағалау.
-
Сабақтың тақырыбы: Гүлдің құрылысы
Сабақтың мақсаты: Гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық
және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну.
Білімділігі – гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары
мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың
құрылысымен таныстыру;
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын
дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Гүлдің макеті, суреттер, тірек-сызба, электронды
көрсетілім, кеппешөптер.
Сабақтың оқыту әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, проблемалық дифференциалды элементтер.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау (нені білеміз?) Сынып оқушыларымен «Өсімдіктің вегетативті
мүшелері» тақырыбында білімдері тексеріледі
1 тапсырма.
Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею туралы түсінік бер.
2 тапсырма.
Жапырақтың сыртқы құрылысы, жүйкеленуі, түрлері туралы түсінік бер.
3 тапсырма.
Жапырақтардың сабаққа орналасуы туралы түсінік бер.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мына сөзтуымды шешейік, ерекше
тор көзден шығатын қандай сөз?
1.Ең алғаш жасушаны микроскоп арқылы көрген адам? (Гук)
2.Камбийден кейінгі қабат (Сүрек)
3.Шығу тегі атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы? (Ұлпа)
-
-
Г
Ү
Л
-
Өсімдік мүшелерінің екі топқа бөлінетіндігін сызба арқылы түсіндіру.
Ассосациялық карта: балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі?
Хош иіс Әдемілік Сыйлық
ГҮЛ
Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әртүрлі түстер
Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып, оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.
Гүл дегеніміз - көбеюге қажетті, жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.
А)
Б)
В) Аналықтың және аталықтың құрылысы
1. Аналық аузы 1.Аталық жіпшесі
2. Мойны 2.Тозаң қабы
3. Жатыны 3.Тозаңдар
ІV. Бекіту «Бәрін білгім келеді»
Оқулық мәтініндегі суреттерді пайдалана отырып, гүлдің көбею
мүшелеріне тірек-сызбаны құрастыру үшін оқушыларға тапсырма берілді.
1-топқа – Аталықтың құрылысы
2-топқа – Аналықтың құрылысы
3-топқа – Гүлдің құрылысы
Жұмбақтар.
1.Көктемде тұрады, бұтаққа асылып,
Күзде жерде жатады шашылып. (Жапырақ)
2.Сабаққа бекитін жіңішке ноқтасы да біреу,
Күнге қарап жалпиған тақтасы да біреу. (Жапырақ)
3.Абайла жапырағы “шағады” балақай,
Бұл өсімдік аталады ....... (Қалақай)
4.Жеміс емес жейсіңдер, шырын екен дейсіңдер.
Денсаулыққа ем тамыр, оның аты - ... (Жемтамыр)
5.Өсімдіктің бойлап өсер тірегі
Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.
Жоғары -төмен тұратұғын таратып,
Осы мүше өсімдіктің жүрегі (Сабақ)
6. Гүлді қоршап аялайды, қорғайды,
Ол тұрғанда гүл де онша тоңбайды.
Мұндай ұсақ жапырақшалар болса егер,
Ұзақ уақыт күлтесі де солмайды (Тостағанша)
№12-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау.
Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің
құрылысын зерттеу.
Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдақ, гүлдеп тұрған бөлме
өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке гүл
бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.
Жұмыстың барысы:
1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-
жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл
бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.
2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.
3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап
ажырату.
4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін
салып атын жазу.
Нәтижесі: 1) Гүлдің құрылысын жаз:
-
1._______________________________________
2._______________________________________
3.______________________________________
4.______________________________________
5.______________________________________
2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).
3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл?
Қорытынды: М.Бесбаевтың «Миллион гүлдер» әнімен сабақты аяқтау.
V. «Бейнет түбі – зейнет». Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы. §22 оқып, гүл бөліктерін түрлі қағаздан әзірлеп, қатты
қағазға жапсырып әкелу.
ҚОРЫТЫНДЫ
43