Материалдар / Орта топ циклограммасы караша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Орта топ циклограммасы караша

Материал туралы қысқаша түсінік
Қараша айының ортаңғы топ циклограммасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
119
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымы (балабақша) 1 апта

Топ: ортаңғы

Балалардың жасы: 3 жастан

Жоспардың құрылу кезеңі: 02.09.-06.09.2024ж.


Апта күндері

Күн тәртібі

Дүйсенбі

02.09

Сейсенбі

03.09

Сәрсенбі

04.09

Бейсенбі

05.09

Жұма

06.09


Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау.


Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

«Өнегелі 15 минут» - Әңгімелесу «Балалардың балабақшаға қалыптасу ерекшеліктері", "Балалардың ең сүйікті ойыншығы», «Баланың қандай тағамға аллергиясы бар?»


Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Үстел үсті ойыны

Бала өз таңдауы бойынша үстел-үсті ойындарын алып ойнайды.

Шығармашылық орталық

Бала өз еркімен қиялына қарай суреттер салады, қарындаштармен бояйды.

Кітап бұрышы

Бала өз таңдауы бойынша ертегі кітаптарын тамашалайды.

Құрылыс орталығы Бала өз еркімен қиялына қарай құрастырады.

Желілі рөлді ойындар орталығы

Бала өз таңдауы бойынша орталықтағы еркін ойындар ойнайды.


Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (алақанға сыятын текшелермен)

1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде

1.1. Балалар қолдарын алдарына созып, алақандарын ашып, текшелерді көрсетіп: "Міне!" дейді;

1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қолдағы текшелер көкірек тұсында

2.1. Оңға бұрылып, қолдарын созып, текшелерін көрсетіп: "Міне! " "Міне!" дейді;

1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады).

3. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене бос, қол төменде

3.1. Жерге отырып, қолдарын алдына созып: "Міне!" дейді;

1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады).

4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қолдағы текшелер көкірек тұсында.

4.1. Бір орында тұрып секіру, қолдарын көкірек тұсында ұстап, алақандарын жұму.

4.2. Бастапқы қалып алақандарын ашу "Міне!" дейді (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру, дербес әрекет)


Таңғы ас

«Үнемді тұтыну» - Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Өзін-өзі күту, тамақтану, мәдениетті қарықатынас негіздерін дамыту.

Асты шашпай, төкпей іш,

Сораптамай, баппен іш.

Келген асты алдыңа

Тауысып іш, қалдырма.

Тәрбиеші балалардың үстел үстінде дұрыс отыруларын қадағалайды.


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Менің Қазақстаным» - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау

«Апта дәйексөздері» - «Менің отбасым – меніңі байлығым!»
мақал-мәтел

«Қауіпсіздік сабағы» - 10 минут қауіпсіз мінез-құлқы туралы әңгімелесу


Ертеңгілік жиын

1. «Амандасу» ойыны «Қайырлы таң! Қайырлы таң!»

2.Санау. «Саанамақ» ойыны «Біреу, екеу, үшеу, төртеу бүгін топта (ұлдар, қыздар, барлығы) нешеу? Бүгін топта (ұлдар, қыздар, барлығы)... .

3. «Сөйлемді жалғастыр» ойыны «Менің көңіл күйім жақсы, өйткені...» деген сөйлемді жалғастыру

4. Ауа-райың бақылау «Бүгін ауа-райы қандай? Бүгін күн жылы. Бүгін күн бұлтты. Бүгін күн салқын. Бүгін күн ашық.»

5. Сергіту сәті «Қане, қане тұрайық, Жарты шеңбер құрайық. Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Орнымызды табайық».

6. Апта күнін бекіту «Кеше ... болды, бүгін...., ертең ... болады.»

7. Балаларды өз еріктерімен заттық – кеңістіктік дамытушы орталықтарға топтастыру (құрылыс, сюжетті-рөлді ойыны, қол ойындары, кітап бұрышы, шығармашылық ойындар).


Білім беру ұйымының кестесі

бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

Маманныңжоспары бойынша

Шығармашылық орталық

«Менің үйім»

Берілген пішіндерді желімнің көмегімен қағаз бетіне орналастырып, үй ағаш құрастырады.

(жапсыру)

Кітап бұрышы

«Бауырсақ ертегісі»

Балаларға ертегіні оқып беру.

(көркем әдебиет)

Үстел-үсті ойыны

«Менің отбасы мүшелерім»

Отбасы мүшелерінің атауын атайды, ағаш бейнесіне жапсырады.

(сөйлеуді дамыту)

Сюжетті-рөлді ойындар

«Отбасы мүшелерін рөлге бөлу» Әр бала отбасы мүшесін сомдап шығады.

(көркем әдебиет, қораған ортамен танысу)

Құрылыс орталығы

«Пішіндерден үйшік құрастыру» (қоршаған ортамен танысу, құрастыру )

Санамақ

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым – атам,

Балан үйрек – апам,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүймек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде – бесеуміз.

(сөйлеуді дамыту)

Шығармашылық орталық

«Менің бесігім»

Берілген бесік суретін саусақ ұшымен бояу.

(сурет салу )

Кітап бұрышы

«Әжемнің ертегілері»

Кітап бұрышында балалармен ақылдаса отырып, ертегіні таңдап, сол ертегімен танысу.

(көркем әдебиет)

Үстел-үсті ойыны

«Атамның асықтары»

Балалар асықтарды санайды, ирек, түзу жолдар жасайды.

(сөйлеуді дамыту, математика негіздері)


Сюжетті-рөлді ойындар

"Отбасы мүшелерін рөлге бөлу" Әр бала отбасы мүшесін сомдап шығады.

(көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу)

Құрылыс орталығы

«Үй құрастырайық» үй қандай пішіндерден құралды, қандай пішіндерден тұратынын

әңгімелесу.

(қоршаған ортамен танысу, құрастыру )


Музыка

Маманның жоспары бойынша

Дене шынықтыру

Маманның жоспары бойынша

Үстел-үсті ойыны

«Отбасымен саяхат» Берілген дайын пазлдардан өзіне ұнаған саяхатты таңдап құрастырады, сұраққа жауап береді.

(сөйлеуді дамыту)

Шығармашылық орталық

«Анама сыйлық» Ермексаздан гүл жасау.

(мүсіндеу)


Кітап бұрышы

«Бұл менің отбасы мүшелерім» диалог құра білу.

Менің отбасым суреттерін досына көрсете отырып, отбасы мүшелерін атайды.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет )

Сюжетті-рөлді ойындар

"Шалқан" ертегісі

Бет перделермен ертегі кейіпкерлерінің рөліне ену.

(көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу)

Құрылыс орталығы

«Әкемнің көлік тұрағы»

Құрылыс материалдарынан көлік тұрағын құрастырады.

(қоршаған ортамен танысу, құрастыру

Сурет салу, жапсыру, мүсіндеу

Маманның жоспары бойынша

Санамақ

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым – атам,

Балан үйрек – апам,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүймек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде – бесеуміз.

Үстел-үсті ойыны

«Отбасы мүшелері кім болып жұмыс істейді?» Суреттерге қарай отырып, отбасы мүшелерінің мамандықтарын табады.

(сөйлеуді дамыту)

Құрылыс орталығы

«Атамның жылқыларына қора құрастыру»(қоршаған ортамен танысу, құрастыру )


Кітап бұрышы

«Менің отбасым» альбомын құрастыру.

(көркем әдебиет)

Сюжетті-рөлді ойындар

"Отбасыммен туған күн тойлаймыз"

(көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу)

Шығармашылық орталық

«Әкемнің көлігі»

Берілген пішіндерді желімнің көмегімен қағаз бетіне орналастырып, көлік құрастырады.

(жапсыру)




Дене шынықтыру

Маманның жоспары бойынша

Шығармашылық орталық

«Әжеме гүл»

Берілген пішіндерді желімнің көмегімен қағаз бетіне орналастырып, гүл құрастырады.

(жапсыру)

Үстел-үсті ойыны

«Мозайкалардан үйдің бейнесін құрастыру» үстел үсті ойыны

ұсақ қол моторикасын дамытады

(сөйлеуді дамыту, математика негіздері)

Кітап бұрышы

«Әжемнің ертегісі»

Кітап бұрышында балалармен ақылдаса отырып, ертегіні таңдап, сол ертегімен танысу.

(көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту)

Сюжетті-рөлді ойындар

"Отбасылық дастархан" Әр бала отбасы мүшесін сомдап шығады. Үстелдегі орындарын белгілейді.

(көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу)

Құрылыс орталығы

«Көпқабатты үй» құрастырады

(қоршаған ортамен танысу, құрастыру )



Серуенге дайындық

Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету. (дербес әрекет)


Серуен

Құстарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсаты: Көлеміне, қозғалу тәсілдеріне назар аудара отырып, әртүрлі құстардың сыртқы түрінің айырмашылығын таба білуге ​​үйрету.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (қураған жапырақтарды бір ортаға жинау).

Мақсаты. Топта жұмыс істеуді үйрету, ересектерге көмек көрсету.

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» «Ханталапай» ұлттық ойыны (2-3 рет ойнатылады). (дене шынықтыру)

Мақсаты. Балалардың денсаулыққа, ойынға құштарлықтарын дамыту, ұлттық ойын арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, далаға алып шығатын материалдармен ойындар.

Мақсаты. Қызығушылықтары бойынша ойын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету және өз құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе білуін қалыптастыру


Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі түрде шешуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, «Үнемді тұтыну» - қолдарын жуу кезінде суды үнемді тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, сөйлеуді дамыту)


Түскі ас

«Үнемді тұтыну» - Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Өзін-өзі күту, тамақтану үнемді тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру

Асты шашпай, төкпей іш,

Сораптамай, баппен іш.

Келген асты алдыңа

Тауысып іш, қалдырма.

Тәрбиеші балалардың үстел үстінде дұрыс отыруларын қадағалайды.


Күндізгі ұйқы

«Күй күмбірі» - балалар ұйқыға жатқанша күй тыңдау.

Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу.


Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары

Ауа ванналары. (дербес әрекет, дене шынықтыру) «Үнемді тұтыну» - Алғашқы мәдени-гигиеналық әрекеттерді жасауға қызықтыру.

"Қолдарымыз қайда?

Шығарайық алға.

Жеңімізді түрейік,

Жуынып көрейік.

Су астына салайық,

Уқалайық, сипалайық.

Қандай тамаша!

Қолдарымыз тап-таза.


Бесін ас

«Үнемді тұтыну» - Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Өзін-өзі күту, тамақтану, мәдениетті қарым-қатынас негіздерін дамыту.

Тәрбиеші балалардың үстел үстінде дұрыс отыруларын қадағалайды.


Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Санамақ

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым – атам,

Балан үйрек – апам,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүймек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде – бесеуміз.

«Менің отбасым» суретті плакаттармен әр бала өз отбасы мүшелерін таныстырады.

(қазақ тілі, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет )

Шығармашылық орталық

«Менің үйім»

Берілген пішіндерді желімнің көмегімен қағаз бетіне орналастырып, үй ағаш құрастырады.

(жапсыру)

Кітап бұрышы

«Бауырсақ ертегісі»

Балаларға ертегіні оқып беру.

(көркем әдебиет)

Үстел-үсті ойыны

«Менің отбасы мүшелерім»

Отбасы мүшелерінің атауын атайды, ағаш бейнесіне жапсырады.

(сөйлеуді дамыту)

Сюжетті-рөлді ойындар

"Отбасы мүшелерін рөлге бөлу" Әр бала отбасы мүшесін сомдап шығады.

(көркем әдебиет, қораған ортамен танысу)

Құрылыс орталығы

«Пішіндерден үйшік құрастыру»(қоршаған ортамен танысу, құрастыру )

Балалармен жеке жұмыс






Серуенге дайындық

Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (дербес әрекет, мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуен

Құстарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсаты: Көлеміне, қозғалу тәсілдеріне назар аудара отырып, әртүрлі құстардың сыртқы түрінің айырмашылығын таба білуге ​​үйрету.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (қураған жапырақтарды бір ортаға жинау).

Мақсаты. Топта жұмыс істеуді үйрету, ересектерге көмек көрсету.

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» «Ханталапай» ұлттық ойыны (2-3 рет ойнатылады). (дене шынықтыру)

Мақсаты. Балалардың денсаулыққа, ойынға құштарлықтарын дамыту, ұлттық ойын арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, далаға алып шығатын материалдармен ойындар.

Мақсаты. Қызығушылықтары бойынша ойын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету және өз құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе білуін қалыптастыру

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)

«Өнегелі 15 минут» - Әңгімелесу: "Балабақша ережелері", "Достарымыздың арасында өзімізді қалай ұстау керекпіз?" тақырыптарында адамгершілік және мінез-құлық туралы әңгіме жүргізу


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!