Материалдар / «Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы: Византиялық қалалар»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы: Византиялық қалалар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы: Византиялық қалалар»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
1469
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бір тұтас Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлінуіне  байланысты ІV ғасырда өз алдына дербес мемлекет ретінде пайда болған Византия қалаларының байлығы, мәдениетінің көркеюі жөнінен Батысынан әлдеқайда басым түсетін.

VII ғасырдың орта шенінен бастап ХІІІ ғасырдың басына дейінгі бес жарым ғасыр Византия империясы тарихында гүлдену кезеңі болып табылады.

Византия тарихының өзіндік ерекшелігі бар қырларының бірі оның қалалары. Византиятанушы тарихшылардың көпшілігі Византияның тарихи даму ерекшелігін қалалармен байланыстырады..

Византияның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтқанда М.В. Левченко елдің экономикалық ерекшелігі «қалалық өндірістік орталықтардың» дамымаған шаруашылық аудандармен қатар орналасқандығында деп атап өтеді[1].

Е.Э. Липшиц VІІІ-ІV ғасырлар деректері негізінде Византияның феодалды деревнясы мен қалалары мәселесін зерттеді. 1953 жылы ол біз қарастырып отырған кезеңге байланысты Византия қалаларына арналған мақаласын жарыққа шығарды. Византияның көрші елдермен сауда байланысы және сол уақытта «қызу тіршілігі бар» қалалардың болғандығын атай отырып, Е. Липшиц византиялық қалалардың қолөнер шаруашылығы ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста болған ортағасырлық табиғатын мойындайды[2].

Б.Т. Горянов Византия империясының экономикалық құрылымының ерекшелігін дамыған кәсіп, мануфактуралық өндірісі мен дамыған саудасы бар ірі қалалық орталықтардың сақталуымен байланыстырды[3].

М.Д. Сюзюмов Византия қалаларын зерттеу арқылы елдің тарихи дамуының ерекшелігін шешуге ұмтылған. Византияның өзіндік ерекшелігін зерттеуші мықты қалалардың болуымен тығыз байланыстырған. Антика дәуірінен мирас болып қалған эмпорио-қалалармен қатар Сюзюмов сауда-шаруашылық орталықтары бар басқа византиялық қалаларды мойындаған, ол қалалардың дауы ХІ-ХІІ ғасырлаға тұспа-тұс келіп, «провинцияның феодалды экономикасының дауы» ұғымымен анықталған[4].

Г.Г. Литавриннің зерттеулерінде басты назар ІХ-ХІ ғасырлардағы Византияның қоғамдық және әлеуметтік институттарына аударылған. «Как жили византийцы» атты еңбегінде зерттеуші империяның құлау себептеріне емес, мың жыл бойы еш нәрсеге қарамастан тіршілігін жалғастыруға күшті қайдан алғандығына көбірек көңіл бөледі[5].

Келесі зерттеуші А.П. Кажданның еңбегінде Византия қалалары мен ауылдарының арасындағы тұрмыс-тіршіліктің ұқсастықтары қарастырылып, зерттеуші өзіндік ой қорытындылар жасаған. Оның пікірінше Византиядағы қала мәдениетінің дамуына ауылдағы дамыған кейбір қолөнер кәсіптерінің ықпалы болған. Зерттеуші осыларға мән бере отырып қала мен ауылдың қарым-қатынасын барынша ашып көрсетеді[6].

Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның алғашқы феодалдық дәуірінен — өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды.

«Романистік теория» (Савиньи, Тьерри, Гизо, Ринуар) орта ғасырлық қаланың римдік қаланың соңғы кезеңімен байланыстырған және Римдік империяның соңғы кезеңінің, муниципиальдық мекемелер мен орта ғасырлық қалалар мекемелерінін, арасында байланыс бар деп дәлелдеуге тырысқан.

Ортағасырлық қаланың пайда болуын түсіндіруге ұмтылған келесі теория вотчиналық деп аталды. «Вотчиндік теорияға» (Эйхгорн, Нич) сенер болсақ, қалалар феодалдық вотчиналардан өрбіген және ортағасырлық қалалардың мекемелері тек қана вотчиндік басқарудың және вотчиндік құқықтың заңды жалғасы болған.

Маркалық теорияны да неміс ғалымдары Маурер мен фон Беловт және т.б. құрастырған. Қала генезисін олар неміс феодализміне тән еркін селолық қауымнан – маркадан іздеді.

Келесі теориялардың бірі – бургтік (burg - қамал) теория. Теория авторлары феодалды қаланың пайда болуын бургтық құқықпен тығыз байланыстырды[2, 92 б.]. Шредер, Зом сияқты ғалымдар қаланың пайда болып дамуын қалалардағы сауда орындарымен байланыстырды. «Маркалық теория» (Маурер, Белов) калалардың селолық қауымдық – маркалық құрылыстан өрбігенін уағыздауға тырысқан.

«Рыноктық теория» (Р. Зом, Шредер, Шульте, біршама Ритшель де) қалалық құқықты сауда-саттық ұйымдастырылған жерлердегі, айрықша құқықтырдан, айрықша күзеттен туындатпақ болған.

Археологиялық теория. Осы теорияны қалыптастырған зерттеушілер ортағасырлық қалалардың археологиясымен айналысады.

Қала пайда бола бастағаннан-ақ тұрғындардың әлеуметтік және мүліктік теңсіздігі байқалады. ХІІ-ХІІІ ғасырлардан бастап-ақ қалаларда екі полюс пайда болады: байлар және кедейлер.

Көлемі жағынан ортағасырлық қалалар әртүрлі болды: шағын, орташа, ірі. Шағын қалалардың тұрғындар саны көр емес, шамамен 1 мың адамдай боды. Орташа қалаларда 2 мыңнан 5 мыңға дейін жетті. ХІV-ХV ғасырларда қалалық өндірістің дамуымен және сауданың тұрақтануымен қатар қала тұрғындарының саны да өсті. Қала сондай-ақ деревнялар есебі үшін де өсті. Қала деревнядан өзіне көптеп шаруаларды тартты. ХІV-ХV ғасырларда 25-30 мың тұрғыны бар қала дамыған және кейінгі феодализм кезеңінің қалыпты қаласы болды. Тек аздаған қалаларда ғана (Париж, Венеция, Милан, Флоренция, Кордова, Севилья сияқты қалаларда) тұрғындар саны 80 мыңнан 100 мың адамға жетті. Бұлар ортағасырлық мегаполис ретінде болды, олардың жартысы қала-мемлекет (Италияда) болып қалыптасты[1, 112 б.].

Қала өндірісінің негізін құраған қолөнер өндірісі дамыған феодализм бірінші кезеңдерінде ұйымдастырудың ерекше түрі – цехтар немесе қолөнер гильдияларына ие болды. Византиядағы қолөнер бірлестіктері – корпорациялар мен киондар батысеуропалық бірлестіктерден әжептәуір ерекшеленді.

Киония тұрақсыз, құрамындағы мүшелері көп емес қолөнер ұйымы болды. Қолөнердің осындай жолмен ұйымдасуы Батыс Еуропа елдерінің барлығы тән болды. Ғылымда «цехтық мәжбүрлеу» деген ұғым бар. Бұл дегеніміз қатаң цехтық шекетеу. Барлық нәрсе алдын ала анықталып белгіленді: шеберханада пайдалынатын материалдың сорты, оның ені, ұзындығы, белгілі бір матаны тігетін жіптері, шәкірттерінің саны, шебер және оның шәкірті жұмыс істеген құрал-саймандар, станоктардың саны, жұмыс күнінің ұзақтағы

ХІV-ХV ғасырларда бай немесе үлкен, кедей немесе кіші цехтердің пайда болуына алып келген «цехтердің трансформациясы» немесе «цехтық трансформация» үдерісі байқалады. Бай цехтармен бәсекеге түскен кіші цехтер бәсекелестікке төтеп бере алмай бірті бірте кедейленеді де, кіші цехтердің мүшелері екі ғасырдан кейін қалыптасатын болашақ пролетариаттың прототипі болған жалданбалы жұмысшыларға айналады.

Осы уақыттан бастап тарих ғылымында «цехтердің тұйықталуы» деп аталған үдеріс басталады. Олай аталу себебі шеберлердің шәкірттері және шеберхананың басқа да жұмысшылары кәсіби және әлеуметтік статусын көтеру мүмкіндігінен толығымен айрылып, уақыт өте көптеп жалдамалы жұмысшыларға айналады[3, 44 б.].

ХІ-ХV ғасырлар бойында Батыс Еуропа қалаларында жаңа сословие қалыптасады: қала тұрғындарының ортағасырлық сословиесі. Бұл сословие сауда және қолөнер өндірісімен, жекеменшікпен тығыз байланысты. Аталған сословие саяси-құқықтық тұрғыдан толыққанды қала тұрғыны статусына сай келетін сөзсіз артықшылықтар мен еркіндіктерге ие болды. Одан кейінгі екі ғасырда қала тұрғындары бюргерлер деп атала бастады. Сауда өндірісі саласында табысқа қол жеткізген қала тұрғындарының бір бөлігі кейіннен осы сөзден шыққан «буржуазия» атуымен аталады[1, 67 б.].

Қалалардың өсуімен қатар қолөнер өндірісі кеңейеді, сауда дамиды. Қала және қала маңында пайда болған базар ортақ ішкі нарықтың қалыптасуына негіз жасайды. ХІІІ-ХV ғасырларда халықаралық сауданың екі ірі орталығы қалыптасады. Бірінші орталығы – Еуропаның романдық ықпалға түскен аймақтарымен байланысты болған Жерорта теңізі маңы. Бұл Византияға, ары қарай Шығысқа шығуға мүмкіндік берді. Халықаралық және батысеуропалық сауданың екінші орталығы солтүстікте – Балтық және Солтүстік көлдері аймақтарында қалыптасты. Осы сауда аймағына сонымен қатар Русь та (Новгород, Псков, Полоцк, т.б.) енді. Солтүстік сауда Балтық көліндегі янтарьдан атауы шыққан атақты «Янтарь жолымен» өтті. Бұл Батыс Еуропаның маңызды сауда тармағына айналады.

Византия өркениетін тарихи парадигма ететін спецификалық белгілер оның қалалық ережелерінде нақты көрініс береді. Өйткені қала кез-келген өркениетте оның арнайы белгілерінен хабар беретін басты фактор болып табылады.

Византия үшін қала аристократиялық сипатқа ие болды. Қала оның ішінде негізінен Константинополь империяның моделі болып табылды.

IX ғасырда басталған қолөнер мен сауданың XI-XII ғасырларда өрлеуі провинциялық қалалардың гулденуіне жеткізді. Шағын аймақтағы феодалдық қалалардың ішінде неғұрлым тығыз экономикалық байланыстар қалыптасты. Мұндай үрдісті, яғни қалалардың дамуын елдегі Х ғасырдың басында орын алған аграрлық өзгерістермен байланыстыру қажет. Х. Бурас византиялық қалалардың ІХ – ХІІ ғасырлардағы даму кезеңі деп бөліп қарастырады [4, 124 б.].

Осылайша Сардтағы және басқада қалалардағы қазбалар бойынша дамыған немесе құрылған қалалардың негізін ауыл шаруашылығымен айналысушылар құраған.

X XI ғасырда оңтүстік славян елдерімен, Шығыс және Батыс Европамен сауда-саттық ісінде Фессалоника аса ірі роль атқарды. Бүкіл европалық орта ғасыр елдерінде аса маңызды сауда орталығы болған – Константинополь қалды.

Византия астанасының басты көшесі – Месаға нағыз қолөнершілердің көшесі ретінде көптеген эргастрилер салынды. Эргастрилер негізінен қала аудандарының орталықтарында орналасатын болған. Мәселен, мыс шеберлерінің өнімдерін Халкопратиден, зергерлерді Аргиропратиден, етікшілерді Цангариден табуға болатын еді. Ал, Артополияданан өнімдерінің көптеген қатарлары орналасты. Мал тек қана Стратигия мен Тавра аудандарында сатылды. Сонымен қатар қарастырылып отырған қалада құл сататын арнайы базар орыны болды [5, 34 б.].

Х-ХІ ғасырлардан бастап византиялық қалалардың көпшілігі тек қамалдар, әкімшілік және епископтық орталықтар ғана емес, сонымен қатар олар қолөнер мен сауданың орталығына айналады. Константинополь ХІІ ғасырдың ортасына дейін Никей және басқа қалалар арасындағы транзиттік сауданың орталығы болып қалады. Византия қалаларының экономикасына Византияда византиялық императорлары тарапынан қомақты сауда артықшылықтарына ие болған венециялықтардың, генуялықтардың пайда болуы зиян әкеледі. Византиялық қолөнердің дамуына кедергі келтірген факторлардың қатарында сауда-қолөнер корпорацияларының мемлекеттік шектеулері де бар [6, 17 б.].

Византия тарихының «қараңғы ғасырларындағы» қала мәселесі маңызға ие, өйткені VІІ-ІХ ғасырлардың басындағы қаланың ролі жөніндегі мәселе кейінгі рим қоғамы мен антикалық дәстүрдің ықпалы мәселесімен тығыз байланысты. Қала-қамал

Тарихшылардың көпшілігі кейінгі византиялық қалалар (XII - XV ғғ.) экономикалық тұрғадан әлсіреп, сауда байланыстарының күрт төмендеуімен ерекшеленетіндігін бір ауыздан айтып отыр [7, 22 б.].

Қалалардың, сауданың және қолөнердің құлдырау себептері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тым баяу жүруінде, өнеркәсіптің тоқырауында, феодадардың қаладағы билігінде, экономиканы шет елдік саудагерлердің жаулап алуында және Византия мемлекеті үшін орын алған ауыр саяси жағдайда (түріктермен соғыс, батыспен байланыстың үзілуі) жатты..

Империяның соңғы кезеңінде қолөнершілер мен саудагерлер мемлекет тарапынан қолдау таба алмай, өздерінің тіршілік етуін қамтамасыз ете алмады. Бір сөзбен айтқанда дамудың манафактуралық сатысына бәсекелестік таныта алмады.

Оның үстіне саяси оқиғаларға байланысты Византияда орталық билік те әлсірей бастады. Византиялық қалалардың құлдырауана әсер еткен тағы бір ерекшелік ол империяның жекелеген қалалық орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуларының біркелкі болмауы еді. Бұл империяның астанасы мен басқа провинциалды қалаларды салыстырғанда қатты білінді. Константинополь әрқашан даму үстінде болып, ешқашан өзінің экономикалық күш-қуатын жоғалтқан емес. ХІІ ғасырда экономикалық белсенділікті астанадан империяның провинциалды қалаларына көшіру барысында Константинопольді біраз әлсіреткенімен бұл үрдіс Византияның соңғы кезеңінде жалғасын таппады.

Осылайша соңғы византиялық кезең (XIII - XV ғғ.) қалалардың экономикалық қызметінің біртіндеп дағдарысқа ұшырауымен және сауда байланыстарының үзілуімен айшықталды. Батыс Еуропамен салыстырғанда Византия қалаларының өрлеуі қысқа болып, олар елдің дамуында феодалдық экономиканы қалыптастыра алмады. Оның үстіне антикалық дәстүрлердің кейбірінің сақталып қалуы дамудың манафактуралық сатысына өтуге кедергі жасады.


Ортағасырлық қалалардың дамуы бүгінгі өркениеттің дамуындағы әлеуметтік-мәдени даму жүйесінде анықтамалық маңызы бар.

Еуропаның басқа мемлекеттеріне қарағанда Византия қалаларының даму үрдісі өзгеше болды. Сонымен жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе өзіміздің қорытындымызды жасап көрелік.

Біріншіден, феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қалалар пайда болды. Византия қалалары үшін тән ерекшелік қолөнершіліктің және сауда орталығы ретінде тууы және гулденуі болып табылады.

Екіншіден, қалалардың өсуімен қатар қолөнер өндірісі кеңейеді, сауда дамыды. Қала және қала маңында пайда болған базарлар ортақ ішкі нарықтың қалыптасуына негіз жасайды. ІХ ғасырдың орта тұсынан бастап халықаралық сауданың екі ірі орталығы қалыптасады. Бірінші орталығы – Еуропаның романдық ықпалға түскен аймақтарымен байланысты болған Жерорта теңізі маңы. Бұл Византияға, ары қарай Шығысқа шығуға мүмкіндік берді. Халықаралық және батысеуропалық сауданың екінші орталығы солтүстікте – Балтық және Солтүстік көлдері аймақтарында қалыптасты.

Үшіншіден, Византиядағы ортағасырлық қаланың қалыптасуына әсерін тигізген тағы бір фактор – қалалық қолөнер мен сауданың мемлекет тарапынан шектелуі.

Төртіншіден, мықты орталықтанған билік аясындағы мемлекеттік шектеу белгілі бір уақыттарға дейін қалалық қолөнер мен сауда-саттықтың дамып, гүлденуіне сөзсіз, ықпалын тигізді. Византияның экономикалық өміріндегі түбегейлі өзгеріс ХІІ ғасырда орын алды. Осыған дейін Батыс Еуропа мен Византия қалаларының даму жолдарына айтарлықтай ұқсастықтар болса, ХІІ ғасырдан Византия мен Батыс Еуропа қалаларының экономикалық даму тарихы екі бөлек бағытпен жүрді. Византиядағы осыған дейін жаппай қарқынмен жүріп келе жатқан қалалардың экономикалық дамуы мен гүлденуі ХІІ ғасырдан ұзаққа созылмай, елдің феодалдық экономикасында түбегейлі өзгерістерге алып келе алмады. Сондықтан осы кезеңнен бастап Византия империясы қалаларының құлдырауы басталып, оның соңы империяның тарих сахнасынан кетуімен аяқталды.




Пайдаланылған әдебиеттер мен деректемелер тізімі

1. Левченко М.В. Пентаполь по письмам Синезия. // Византийский временник. IX http://www.vremennik.biz/auct

2. Липшиц Е Э. Право и суд в Византии в IV - VIII вв. https://naukaprava.ru/catalog

3. Горянов Б. Т. Неизданный анонимный византийский хронограф XVI в. http://docplayer.ru/12088250-Neizdannyy-anonimnyy-vizantiyskiy-hronograf-xiv-veka.html

4. Сюзюмов М.Я. Ремесло и торговля в Константинополе в начале X в. // Византийский временник. http://www.vremennik.biz/opus/BB/04/52437– 1951.

5. Литаврин Г.Г. Как жили византийцы. - СПб., 2000.

6. Каждан А.П. Деревня и город в Византии IX - X вв. - М., 1960. https://tvereparhia.ru/biblioteka-2/k/3106-kazhdan-a-p/26254-kazhdan-a-p-derevnya-i-gorod-v-vizantii-ix-x-vekov-ocherki-po-istorii-vizantijskogo-feodalizma-1960

7.Бунин А.В. История градостроительного искусства. Градостроительство рабовладельческого строя и феодализма. Т. 1. Изд-е 2. / А.В. Бунин, Т.Ф. Саваренская. – М. : Стройиздат, 1972. – 496 с. http://townevolution.ru/books/item/f00/s00/z0000021/index.shtml

7



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!