Материалдар / Ортаңғы ара тобының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ортаңғы ара тобының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың балабақша тәрбиешілеріне қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
494
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

___________

(күні, айы, жылы) Бекітемін

1 педагогикалық Балабақша меңгерушісі

шешімінде қабылданды ____________________

_________________

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР

Мектепалды даярлық ТОБЫ 2019 ЖЫЛ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ

Өтпелі тақырып « БАЛАБАҚША»

мақсаты: Балаларда әлеуметтік дағдыларды, мектепке дейінгі ұйымға, топқа, балалар мен ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған

Өтпелі тақырып « БАЛАБАҚША»







Тақырыпша: «Менің балабақшам». Мерзімі: 3-6.09

Денсаулық

Дене шынықтыру

1.Секіру. Сапқа құру

(далада)

Бір орында тұрып секіруді үйретуді жалғастыру. Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұруға үйрету.

2. Жүру. Еңбектеу

Сапта бір қатармен жүруді үйретуді жалғастыру. Гимнастикалық орындық үстінде ішпен еңбектеуге үйретуді жалғастыру.

3.Жүгіру Тепе-теңдікті сақтау. Футбол

Шашырап жүгіруді үйретуді жалғастыру. Тепе-теңдікті сақтай отырып заттардан аттап жүруге үйретуді жалғастыру. Допты шұңқырға, қақпаға домалатуды үйретуді жалғастыру.

«Ұлттық ойындар» вариативтік компонент

Күш сынаспақ” ойынын түсіндіру

Әңгімелесу арқылы ойын барысымен таныстыру, түсіндіру. Балабақшада қозғалыс ойындарында ойын ережелерін сақтайуды үйрету

Коммуникация Сөйлеуді дамыту

«Балабақшадағы алғашқы күн»

Сөйлеудің дыбыстық мəдениеті

тыңдауды, айтуды, оқуды, ана тіліне тəн барлық дыбыстарды айта білуді жетілдіру; интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру; ересектердің көмегімен əңгіменің жалғасын жəне соңын ойдан шығару

Көркем əдебиет «Кел балалар оқылық» Ы.Алтынсарин

(өленді жатқа айтуға үйрету)

Балаларды дауыс ырғағымен мəнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына

деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу

Английский язык вариативтік компонент

My kinder garden

Hello! Greeting.

What is your name?

Формирование коммуникативных умений и навыков. Познакомить со спецификой звучания английской речи. Научить здороваться и прощаться и научить знакомиться детском саду. Воспитывать интерес к изучению иностранного языка

Сауат ашу негіздері

«Сөз» жəне «дыбыс»

Біздің балабақшада

«Сөз» жəне «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін

қалыптастыру. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен

таныстыру.

Орыс тілі

Мой любимый детский сад

Обучение умению называть группы предметов ближайшего окружения; совершенствование умения задавать элементарные вопросы и отвечать на них; воспитывать бережное отношение к своей группе, детскому саду


Таным

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

«Бір» деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру. Көрнекілік негізінде 2, 3 санының пайда болуымен таныстыру. 3 саны мен цифр таныстыру, көлеміндегі санды тура жəне кері санауға үйрету. Заттардың (3 жəне одан артық) биіктігін белгілей білуге үйрету.

Жаратылыстану

Өлі табиғат

Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, «өлі табиғат» ұғымымен таныстыру. Өлі табиғат заттарын

адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйре

Құрастыру

Менің балабақшам

(ұжымдық жұмыс)

Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін жəне оған тəн бөлшектерін

анықтай білуге үйрету.

Дағдыларын қалыптастыру: болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау

реттілігін белгілеу жəне оның негізінде нысан жасау; ұжымдық құрылыстар салу.



Шығармашылық

Сурет салу «Балабақшам»

Балаларды елестету жəне заттарға қарап өздеріне тəн ерекшеліктерін сақтай отырып сурет салуға үйрету. серуен мен саяхат кезінде алған əсерлерін суретте бейнелеу.

Мүсіндеу «Балабақша жиһаздары».

Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні əртүрлі таныс заттарды, тəн ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып, мүсіндеуге үйрету.

Аппликация «Біздің балабақша»

Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту: жолақшаларды тікбұрыштар етіп қию, шаршыларды үшбұрышты етіп қиып алу.Еекіге бүктелген қағаздан елестету бойынша бірнеше бөліктерден заттар жасауды


Әлеумет

Өзін өзі тану

Мен - адаммын

Ерекше сөзінің мағанасын түсіндіру арқылы әр бала өзінің ерекшелігін анықтай алуға баулу; Рухани-адамгершілік білім берудің алғашқы қадамына жетелеу, өзін тани білуге тәрбиелеу. Сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың әдісі: таныстыру, сұрақ –жауап


дағдыларын дамыту; өзара сыйластыққа тәрбиелеу.


Музыка

«Балабақшаға барамыз»

(Әні мен сөзі А. Досмагамбет)

1.Музыкалық шығарманы тыңдау, эмоциямен қабылдау жəне ажырата

білуге үйрету. Балалардың музыкаға деген құштарлығын арттыру, сүйікті балабақшасы туралы əн айтуға үйрету. Музыкалық аспаптармен таныстыру , қызығушылықтарын ояту. Вальс би элементтерімен таныстыру , биге деген қызығушылығын арттыру. "Кім жылдам "ойын арқылы балаларды шапшандылыққа баулу.

2. Музыкалық шығарманы тыңдау, эмоциямен қабылдау жəне ажырата

білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың музыкаға деген құштарлығын арттыру, сүйікті балабақшасы туралы əн айтуға үйретуді жалғастыру. Музыкалық аспаптармен таныстыру , қызығушылықтарын ояту. Вальс би элементтерімен таныстыру , биге деген қызығушылығын арттыру. "Кім жылдам "ойын арқылы балаларды шапшандылыққа баулу.

«Би үйренейік» вариативтік компонент

« Күзгі жапырақ » биі

1-такт

Балаларға би қимылдарын музыка мазмұнына сәйкес орындауға үйрету. Шығармашылық, қабілеттерін дамыту.

«Сиқырлы бояулар» вариативтік компонент

Менің балабақшам

Өз тәжірибелеріне сүйеніп сурет салу. Сурет салуға қажетті құралдармен (мақталы таяқша, паралон, шаблон, трафарет, бояулар және т.б)

Тақырыпша: «Сыйластық пен мейірімділік аптасы». Мерзімі: 09-13.09


Денсаулық

Дене шынықтыру

1.Секіру. Сапқа тұру

Алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіруді үйретуді жалғастыру. Сапқа бір, екі, үш қатармен тұруға үйрету

2.Лақтыру Еңбектеу

Допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алуға үйретуді жалғастыру (4–5 рет). Гимнастикалық орындық астынан еңбектеуге үйретуді жалғастыру.

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Мен ауладамын. Балабақша мен үй ауласы. Қауіпсіздік ережелері, қауіпті орындар. Балабақшаға барар жол.

Көшеде өзін ұстау ережесін және жол қауіпсіздігі ережелерін қайталату; автокөлік түрлері, "Балалар", "Жаяу жүргінші" жол белгілері, полиция қызметкері мамандығы туралы білімдерін бекіту; өз үйі мен балабақша орналасқан ықшамауданда, жақын төңіректе, жалпы кеңістікте бағдарлай білуді; қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз және мәдениетті ұстау ережелерін сақтауды үйрету; ойлау мен елестете білу қабілетін дамыту; өз денсаулығына құндылық тұрғысынан қарауға, дербестікке өз қаласы мен ондағы адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

«Ұлттық ойындар» вариативтік компонент

Күш сынаспақ” ойыны

Ойын шартын бұлжытпай орындауға баулу, ойын ойнауға өзiне дос тауып алуға баулу

Коммуникация

Сөйлеуді дамыту

«Менің досым»

мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін

дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру. Байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде

бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.

Английский язык вариативтік компонент

My friends.

New words. I`m a …

Help me.

Научить знакомиться друг с другом . Развивать навыки дружеского общения и критического мышления. Научить применять и реагировать на просьбу о помощи друга. Воспитывать вежливое обращение к людям, прививать правила этикета.

Сауат ашу негіздері

«Менің достарым»

«Сөз» жəне «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін

қалыптастыру. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру

Орыс тілі

Давайте знакомиться

Использование игровых упражнений для развития правильного произношения русских звуков; развитие голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, чёткую дикцию.закрепить произношение звуков русского языка

Көркем әдебиет

«Күнді іздеген достар»

ертегісі

Балаларды театр мəдениетіне баулу Коммуникативті –тілдік, ойын, артикуляциялық дағдылар

балалардың театр ойындарына оң көзқарастарын таныту; əдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері

тұрғысынан бағалау


Таным

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту.

Көрнекілік негізінде 3, 4 саны мен цифр таныстыру, санының пайда болуымен таныстыру, оларды тану жəне атай білуді үйрету.4 көлеміндегі санды тура жəне кері санауға үйрету. Заттардың (4 жəне одан артық) ені мен

жуандығын белгілей білуге үйрету. Заттарды шамасына қарай өсу жəне кему ретімен

орналастыруға үйрету.

Жаратылыстану

Қүз келді далаға

Күздігүні табиғаттағы маусымдық

өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету. Айналасындағылардың қамқорлығы қажет екені туралы түсінік беру.


Шығармашылық

Сурет салу

«Досыма сыйлаған саңырауқұлақтар»

Пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып, негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне сүйене отырып, заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету;

Мүсіндеу

«Досыма сыйлаған саңырауқұлақтар»

Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні əртүрлі таныс заттарды, тəн ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып, мүсіндеуге үйрету

Аппликация

«Досыма сыйлаған саңырауқұлақтар»

Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту: жолақшаларды

тікбұрыштар етіп қию, шаршыларды үшбұрышты етіп қию, шаршы немесе

тікбұрыштың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қиып

алу.

Музыка «Кір қуыршақ»

(Өлеңін жазған: Ж. Қашқанов; Музыкасын жазған: И. Нүсіпбаев)

1. Достықты білдіретін мейірімді əнді тыңдап сезіне білуге ,əнді ширақ , жеңіл орындауға үйрету. Ішекти аспаптарды қолға ұстауға, жоғары төмен қағыстарын шертип ойнауға қолдарын жаттықтыру. Музыкаға сəйкес би қимылдарын үйлестіріп қозғалуға талпындыру. Музыкалық ойын арқылы балаларды тату дос болуга баулу, ойын , жарыс кезінде достық жеңетінін ұғындыру.

2. Достықты білдіретін мейірімді əнді тыңдап сезіне білуге ,əнді ширақ , жеңіл орындауға үйретуді жалғастыру. Ішекти аспаптарды қолға ұстауға, жоғары төмен қағыстарын шертип ойнауға қолдарын жаттықтыру. Музыкаға сəйкес би қимылдарын үйлестіріп қозғалуға талпындыру. Музыкалық ойын арқылы балаларды тату дос болуга баулу, ойын , жарыс кезінде достық жеңетінін ұғындыру.

«Би үйренейік» вариативтік компонент

« Күзгі жапырақ » биі 2-такт

Балаларға би қимылдарын музыка мазмұнына сәйкес орындауға үйрету. Шығармашылық, қабілеттерін дамыту. Бірлесе әрекет жасауға баулу.

«Сиқырлы бояулар» вариативтік компонент

Досыма сыйлайтын кемпірқосақ

Кемпірқосақтың суретін салу. Жылы және суық түстермен таныстыру. Хроматикалық (түстің сарыны, қанықтылығы және ашықтылығы) және ахроматикалық (ақ, қара, сұр) түстер туралы білімдерін кеңейту.

Әлеумет

Өзін өзі тану

«Өзін- өзі тану» əлеміне саяхат

« Өзін-өзі тану» пәні туралы түсінік беру. Өзін-өзі тану пәні туралы түсінік беру. Өзін-өзі тануға қызығушылықтарын арттыру. Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.

Қоршаған ортамен танысу

Менің балабақшам.

Ересектердің еңбегі.

Топ атауын, балабақша атауын, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру; балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру. Әртүрлі мамандық иелері туралы; еңбектің мазмұны, сипаты жəне еңбек нəтижесінің маңызы туралы; балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы. Барлық мамандықтың қажет екендігін ұғындыру.


Тақырыпша: «Ойыншықтар». Мерзімі: 16-20.09

Денсаулық

Дене шынықтыру

1.Жүру. Тепе-теңдікті сақтау (далада)

Аяқтың ұшымен, өкшемен жүруді үйретуді жалғастыру. Шектелген беткей үстімен тепе-теңдікті сақтай отырып адымдап жүруге үйрету.

2.Жүгіру. Жүзуге дайындық Жұптасып жүгіруді үйретуді жалғастыру. Судың таяз жерінде отырып жəне жатып аяқпен қимылдар жасап жүзуге үйретуді жалғастыру.

3.Жүгіру. Жүзуге дайындық

Бір қатармен жүгіруді үйретуді жалғастыру. Судың ішінде қолымен алға, артқа жүруе білуге үйретуді жалғастыру (аяғы денесімен деңгейлес созылған).

«Ұлттық ойындар» вариативтік компонент

Күш сынаспақ” ойынын бекіту

Шыдамдылық, белсенділік қасиеттерін қалыптастыру. Ойын ойнауға өзiне дос тауып алуға баулу.

Коммуникация

Сөйлеуді дамыту

«Менің сүйікті ойыншығым»

дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мəнерлігін қалыптастыру; жалпылауыш сөздерді жəне зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін

дамыту;

Көркем әдебиет

«Балабақша»

Б.Тәжімбетов

(өленді жаттау)

Балаларды дауыс ырғағымен мəнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына

деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуг баулу;

вежливость.

Сауат ашу негіздері

«Менің сүйікті ойыншығым» «Сөз» жəне «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін

қалыптастыру. Жазу кезінде арқаны жəне қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету, ирек сызықтарды жазуға жаттықтыру

арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту

Английский язык вариативтік компонент

My favorite toys

Saying goodbye.

Научить детей рассказывать о своих любимых игрушках. Развивать навыки высказывания впечатлений о любимых играх. Познакомить с новой лексикой приветствия и прощания. Научить детей здороваться и прощаться. Развивать навыки аудирования и говорения. Воспитывать

Орыс тілі

«Мои любимые игрушки»

Использование игровых упражнений для развития правильного произношения русских звуков; развитие голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, чёткую дикцию.закрепить произношение свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л) звуков русского языка.

Таным

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Көрнекілік негізінде 4, 5 саны мен цифр таныстыру, санының пайда болуымен таныстыру. 5 көлеміндегі санды тура жəне кері санауға үйрету. 5 дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану жəне атай білуді үйрету. Дөңгелек жəне тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру.

Жаратылыстану

«Нан дастарханға қалай келеді?»

Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген

ұқыпты қатынасқа тəрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын

адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.

Құрастыру

Ойыншықтар арасындағы көңілді көліктер

Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін жəне оған тəн бөлшектерін

анықтай білуге үйрету. Дағдыларын қалыптастыру:

болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу жəне оның негізінде нысан жасау, шамасы бойынша əртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай білу; Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы

бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету,

биіктігі күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа əдістерін

үйрету.



Шығармашылық

Сурет салу

«Менің сүйікті ойыншығым»

балаларды елестету жəне заттарға қарап гүлдер, көкөністер, күрделі

емес ойыншықтар сұлбасын өздеріне тəн ерекшеліктерін сақтай отырып

салуға үйрету.

Мүсіндеу «Аю мен қоян»

Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың

пішінін мүсіндеуге үйрету. Бөліктерді бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту

техникасын сақтай отырып, мүсіндеуге

Аппликация

«Менің сүйікті ойыншығым»

Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту: жолақшаларды тікбұрыштар етіп қию, шаршыларды үшбұрышты етіп қию, шаршы немесе тікбұрыштың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қиып алу.

Музыка «Ойыншықтар»

(Өлеңін жазған: Н. Әлімқұлов; Музыкасын жазған: И. Нүсіпбаев) 1.Музыканы мұқият тыңдап отырып ести білуге шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету. Əннің сөзін анық етіп, мəнін түсініп орындауға дағдыландыру. Ойыншық кейіпкерінің қимыл -қозғалысын бере білуге талпындыру. Ойын арқылы ойыншықтарын күтіп ұстауға тəрбиелеу.

2. Музыканы мұқият тыңдап отырып ести білуге шығарманы соңына дейін тыңдауға үйретуді жалғастыру. Əннің сөзін анық етіп, мəнін түсініп орындауға дағдыландыру. Ойыншық кейіпкерінің қимыл -қозғалысын бере білуге талпындыру. Ойын арқылы ойыншықтарын күтіп ұстауға тəрбиелеу.

«Би үйренейік» вариативтік компонент

« Күзгі жапырақ » биі 3-такт

Балаларға би қимылдарын музыка мазмұнына сәйкес орындауға үйрету. Шығармашылық, қабілеттерін дамыту.

«Сиқырлы бояулар» вариативтік компонент

Күзгі ағаштар (Монотипия) Жапырақтарды пайдалана отырып күзгі ағаштардың суретін салуға үйрету.


Әлеумет

Өзін өзі тану

Адам болуды үйренемін.

«Адамгершілік» «жақсы адам» ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту. Бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту ықпал ету. Жақсылық жасай білуге тәрбиелеу

Тақырыпша: «Мамандықтар түрлері». Мерзімі: 23-27.09

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!