Материалдар / Ортаңғы «Көбелек» тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ортаңғы «Көбелек» тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауырсақ ертегісі желісімен "Көктемгі тамшылар" тақырыбына көркем әдебиет ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ортаңғы «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі № 15

Өткізу күні: 30.03. 2021 ж Тәрбиеші: Асанова К.Р.

Білім беру саласы: «Қатынас» «Көркем әдебиет»

Өтпелі тақырып:« Алғашқы тамшылар»

Мақсаты:

1.Тәрбиелік: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге көмек беру, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру. 

3.Оқыту: Балаларға көктемгі құбылыстар жайында түсінік беру.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Ертегі мазмұнына сәйкес суреттер, үнтаспа, тамшылар, сурет салуға арналған құралдар.

Билингвалдық компонент: бауырсақ-колобок, қоян-заяц, қасқыр-волк, аю-медведь, түлкі-лиса, тамшы-капли дождя, гүлдер-цветы.

Сөздік жұмыс: Әже, қасқыр, бауырсақ, түлкі, қоян, аю.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбер:

 Біз қандаймыз қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

- Балалар сендердің бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?

-Жақсы.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде ауа-райы қандай болады?

Нелер ұшып келеді?

Аспанда бұлттар болса не жауады?

Жарайсыңдар балалар.

Ендеше балалар мына бір жақсы әнді тыңдап көрейікші.

-Үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдай отырып, қимылдар жасап көрсетеміз.

Ән: «Ертегілер»

-Балалар, өлең ұнады ма?

-Ұнады.

-Өлең не туралы?

-Ертегілер туралы.

-Балалар сендерге ертегі тыңдаған ұнайды ма?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

- «Бауырсақ», «Шалқан», «Қызыл телпек», «Қоянның үйшігі» т.б.

Иә балалар ертегілер өте көп.

Ендеше балалар мен сендерге бауырсақ ертегісін айтып берейін.

Бір күні әже мен ата болыпты. Бірде ата әжеге айтады:

Маған бауырсақ пісіріп берсеңші-дейді.

Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

Қамбаның түбін қырсаңшы, елеуішпен елеші, қарны ашқан шалыңа, бауырсақ пісіріп берсеңші, - депті.
Әжей солай істейді: қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытуға қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.

Тосын сәт: Топқа бауырсақ келеді. /Алина/.

Бауырсақ: Сәлеметсіңдерме балалар!

Мен әжеден қаштым, мен атадан қаштым.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бауырсақ домалап, біздің балабақшаға да келіп қалыпты.

Балалар, бауырсақ дұрыс жасады ма? Үйден қашуға болады ма?

Балалар:-Жоқ.

Ендеше балалар бауырсаққа көмектесейік.

Оны ата мен әжеге апарайық. /балалар бауырсақпен бірге шеңберде жүреді/.

Тәрбиеші: Сонымен бауырсақ балаллармен келе жатса жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ : - Жоқ,сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Қоян: - Жарайды.

Тақпақ

Тамшы, тамшы, тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін,
Тамаша гүлдер бар шығар.

Қоян: - Рахмет бауырсақ.

Тәрбиеші: - Бауырсақ балалармен бірге жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ : - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Қасқыр: - жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ, сен менің тапсырмамды орында.

Тәрбиеші: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып алдық ,енді қасқырдың тапсырмасын орындайық.

Сергіту сәті:

Май берейін құрт берейін

Күннің көзі шық шық

Алақай алақай күн шықты күн шықты

Жер үстіне нұр шықты.

Тәрбиеші: - Бауырсақ балалармен орман ішімен домалап келе жатса оның алдынан аю шығады.

Аю: - Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Аю: - Жоқ маған сенің өлеңің керек емес, оданда маған көмектес.

Көктем келді, бірақ менің ауламда гүлдер әлі өскен жоқ. Не істесем болады екен?

Тәрбиеші: Балалар, қане бауырсаққа аюдың тапсырмасын орындауға көмектесейік.

Балалар көктемде не жауады? Жаңбыр жауады.

Жаңбыр жауғанда не ағады бұлттардан?

-Тамшылар ағады.

Жаңбыр жауғаннан кейін нелер өседі?

Гүлдер өседі.

Ендеше қазір мына алдарыңда жатқан қағазға тамшыларды жапсырып, гүлдің суретін салып берейік.

Тәрбиеші: - Осылай бауырсақ пен балалар әрі қарай келе жатады. Алдарынан түлкі шығады:

Түлкі : -Амансың ба, бауырсақ! Қандай тәттісің! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ : - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Түлкі: Жоқ, оданда менің көңілімді көтер.

Тәрбиеші:-Қане балалар, түлкінің көңілін көтеру үшін ойын ойнайық.

«Тамшылар ойыны»: Екі тамшы, бір тамшы,

Жайлап жауды тырсылдап,

Тырс-тырс, тырс-тырс,

Енді жаңбыр үдетті,

Тамшы қуды бір-бірін, Тырс-тырс,тырс-тырс,

Қол шатырды алайық, тығылайық жаңбырдан.

Міне балалар, осылай бауырсақ ата мен әжеге де келіп жетті.

Бауырсақ: Рахмет сендерге балалар, мен үйіме барайын. Сау болыңдар.

 Қорытынды:  - Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

-Бізге кім келді?

-Бауырсақ.

-Біз бауырсақты қайда апардық?

-Әже мен атаға апардық.

-Жолда қандай аңдар кездесті?

-Қоян, қасқыр, аю, түлкі.

-Олар қоянды жемеу үшін біз не істедік?

-Тапсырмаларын орындадық.

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Тақпақ айттық, ойын ойнадық, гүлдің суретін салдық, тамшыларды жапсырдық.

Жарайсыңдар балалар, осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.









«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны







Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Қатынас» «Көркем әдебиет»

Өтпелі тақырып: «Көктемгі тамшылар»







Өткізген: тәрбиеші Асанова Куляим Рамазановна

30.03.2021ж





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!