Материалдар / Ортаңғы топ перспективалык жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ортаңғы топ перспективалык жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Перспективалык жоспар ортаңғы топка арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
42
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024 – 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape1 Жоспардың құрылу кезеңі: Қыркүйек айы 2024 жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау. Қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар қолдарын жоғарыға және жанына көтеру, бір қолындағы затты алдына әкеліп, екінші қолына ауыстыру; қолдарын шапалақтау. Допты бір-біріне беру, аяқты өзіне қарай тарту, қалаш тәрізді дөңгелету, отырған, жатқан қалыпта екі аяқты созу, түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею. Отырып, аяқтың ішкі қырымен құм салынған қапшықты алу, екі аяғымен секіру.

Негізгі қимылдар:

Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру

Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, аяқтың ұшымен, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру

Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр қашықтықта алға қарай жылжи отырып секіру

Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату

Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта, "жыланша еңбектеу

Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру

Сапқа бір-бірден тұру.

Қимылды ойындар

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге үйрету.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру (ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).

Сауықтыру-шынықтыру шаралары: Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білуді;

Сөздік қор:

ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;

Тілдің грамматикалық құрылымы:

сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру

Байланыстырып сөйлеу:

суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

Көркем әдебиет

Оқу, әңгімелеу барысында ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Күнделікті еркін ойында балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды,естуді дамыту

Сөздік қор.

Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату

Байланыстырып сөйлеу.

Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту

Математика негіздері

Сан.

Біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету

Шама.

ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

Геометриялық пішіндер

геометриялық пішіндерді тану және атау

Кеңістікте бағдарлау

өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.

Уақытты бағдарлау.

тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;

Сурет салу

Көкөністер мен жемістердің суретін салу

Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.

Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу

Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;

Жапсыру

Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету

Бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау

Музыка

Музыка тыңдау

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Ән айту.

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу. Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларды музыкалық аспап қоңыраумен таныстыру, оның дыбысталуымен

таныстыру. Музыкалық аспапты ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

«Мен» бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге үйрету

Заттық әлем.

Заттардың айырмашылықтары мен атауларын атау дағдыларын қалыптастыру

Көлік, байланыс құралдары.

Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру

Еңбекке баулу.

Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту

Менің Отаным Қазақстан.

Балалар тұратын қала мен ауыл туралы білімдерін қалыптастыру

Балабақшада, үйде, көшеде тәртіп сақтауға баулу. Балаларды әдепті қарым-қатынасқа үйретуді жалғастыру (амандасуға, қоштасуға, көмек көрсеткені үшін алғыс айтуға үйрету).

Өсімдіктер әлемі.

Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау

қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024– 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape2 Жоспардың құрылу кезеңі: Қазан айы 2024 жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау. Қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар- қолдарын жоғарыға және жанына көтеру, бір қолындағы затты алдына әкеліп, екінші қолына ауыстыру; қолдарын шапалақтау. Допты бір-біріне беру, аяқты өзіне қарай тарту, доға тәрізді дөңгелектеп иу, Отырған, жатқан қалыпта екі аяқты созу, түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею. Отырып, аяқтың ішкі қырымен құм салынған қапшықты алу, екі аяғымен секіру.

Негізгі қимылдар:

Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, тізені жоғары көтеріп жүру аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру.

Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастыру: Сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, аяқтың ұшымен, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойлап жүгіру.

Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр қашықтықта алға қарай жылжи отырып секіру, тұрған жерінен ұзындыққа секіру.

Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру.

Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта, "жыланша еңбектеу, арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен еңбектеу.

Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру, еңгіс тақта бойымен (20-30 см) жүру дағдыларын қалыптастыру;

Сапқа бір-бірден тұру. шеңберге шағын топтармен және барлық топпен қайта тұру дағдыларын қалыптастыру (тәрбиешінің көмегімен, бағдар бойынша).

Қимылды ойындар

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге үйрету.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру (ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).

Сауықтыру-шынықтыру шаралары: Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білу; дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту

Сөздік қор:

Ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;

жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).

Тілдің грамматикалық құрылымы:

сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану

Байланыстырып сөйлеу:

суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеуді;

шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау мен ересектердің сөзін тыңдау және түсіну дағдыларын дамыту

Көркем әдебиет

Оқу, әңгімелеу

Ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету.Тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай және дыбыстарды анық айтуға дағдыландыру;

Кейіпкерге, оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге баулу.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуде

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды,естуді дамыту

Сөздік қор.

Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету

Байланыстырып сөйлеу.

Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру

Математика негіздері

Сан.

"Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Шама.

ұзындығы мен ені бойынша , биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

Геометриялық пішіндер

геометриялық пішіндерді тану және атау

Кеңістікте бағдарлау

өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.

өзінің дене мүшелерін (басы, аяғы, қолы) бағдарлау және атау.

Уақытты бағдарлау.

тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша және ойдан құрастыру

Сурет салу

Көкөністер мен жемістерді, ыдыстарды, ойыншықтарды,

бірнеше көлденең және тік сызықтардан заттар салуды (дуал) үйрету

Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойынан сурет салуға мүмкіндік беру.

Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу

Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;

алақандарының арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қозғалыстары арқылы кесектерді жаю, элементтерді қарапайым заттарға (ыдыстар, ойыншықтарды мүсіндеу) біріктіру білігін жетілдіру.

Жапсыру

Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету

бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау

Желімдеудің техникасы; желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағып алу,

ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастыру мен желімдей білуін қалыптастыру;      

Музыка

Музыка тыңдау

Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Аспаптардың, музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуды үйрету;

ересектердің орындауындағы және аудио-бейне үн таспадан музыка тыңдауды дамыту.

Ән айту.

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуды жетілдіру. Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;

әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларды музыкалық аспап сылдырмақпен таныстыру, оның дыбысталуымен

таныстыру. Музыкалық аспапты ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

Әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету

Заттық әлем.

Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру

Көлік, байланыс құралдары.

Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру

Еңбекке баулу.

Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту

Менің Отаным Қазақстан.

Еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Балалар тұратын қала мен ауыл туралы білімдерін қалыптастыруды пысықтау.

Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету.

Өсімдіктер әлемі.

Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыруды жетілдіру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеуді игерту.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау

қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау, саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу дағдыларын қалыптастыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024 – 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape3 Жоспардың құрылу кезеңі: Қараша айы 2024 жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар

Доптарды бір қолынан екінші қолына салу,алдына,артқа апару,басынан

Жоғары көтеру;қолдарына лдына немесе басынан жоғары,артына апарып шапалақтау;допты бір-біріне басынан жоғары(артқа және алға)беру,жан-жаққа(солға-оңға) бұрылу;аяқтың ұшына көтерілу,аяқты алға қарай қою,аяқты жан-жаққа,артқа қою;

Негізгі қимылдар:

Әр түрлі бағытта:тура,шеңбер бойымен тапсырмаларды орындай отырып жүру

арқан бойымен жүру, тура жолмен жүру

Бірқалыпты,аяқтың ұшымен,сапта бір-бірден,алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен жүгіру.

1,5–2метр қашықтықтан допты бір-біріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату

еденгеқойылғантақтайбойымен,арқанның,доғаныңастымен(биіктігі40сантиметр) еңбектеу

құрсауданқұрсауға,заттардыайналыпжәнезаттардыңарасыменсекіру, 15-20 сантиметр биіктіктен секіру

Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірініңжанынасапқатұру

Қимылды ойындар

Кеңістікті бағдарлауға,«жүгір»,«ұста»,«тұр»белгілеріне сәйкес әрекет етуге үйрету

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу.Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру,тамақтану,жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін ақылауға үйрету;сабынды дұрыс қолдануды,қолды,бетті,құлақты тазалап жууды,жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді,орамалды орнына ілуді,тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты,шанышқыны,майлықты дұрыс қолдану;нанды үгітпеу,тамақты ауызды жауып,шайнау,ауызды толтырып сөйлемеу.

Өзіне-өзіқызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге,тісті тазалауға,ұқыптылыққа,киіміндегі ол қылықтарды байқауға,оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге,ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту;ауырмауға,денсаулықты сақтауға ынталандыру, «салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы үсініктер беру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Серуенде қимылды ойындармен дене жаттығуларына қатысуға

қызығушылықты арттыру

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дауысты(а,ә,е,о,ұ)және кейбір дауыссыз(п-б,к-қ,т-д,ж-ш,с-з)дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту,артикуляциялық аппаратты дамыту

Сөздік қор.

Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы(ойыншықтар,киім,аяқкиім,ыдыс,жиһаз)және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану

Байланыстырып сөйлеу.

Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну,сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беруді дамыту.

Көркем әдебиет

Кітаптарға қызығушылықты ояту. Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру,оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айтуды, балалардың пікірлерін тыңдауды жетілдіру.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау:бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге баулу

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты,сөйлеу кезінде тыныс алуды,естуді дамыту

Сөздік қор.

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді(«бөпе»,«аға»,«апа»,«іні»,«қарындас») айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу(бар,кел,айт).

Байланыстырып сөйлеу.

Алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап,әңгімелесе білуге баулу.

Математика негіздері

Сан.

Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу

Шама.

Екі затты өлшемі бойынша(ұзын-қысқа,биік-аласа, артық-кем) салыстыру.

Геометриялық пішіндер

Балаларды геометриялық фигура үшбұрышпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураны зерттеуге мүмкіндік беру.

Кеңістікте бағдарлау

Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтауды: үстінде-астында үйрету

Уақытты бағдарлау.

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлауды дамыту:күндіз-түнде,таңертең-кешке.

Құрастыру

Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлері мен таныстыру.

Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер,кірпіштер ажырата білуге үйрету. Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға,қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға,ұқыптылыққа баулу.

Сурет салу

Көлденең және тік сызықтарды салу,олардың қиылысуын жүргізе білу,әр түрлі пішіндегі ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар, заттарды бейнелеуді

Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету.

Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу

Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға,ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу

Кесектерді алақандарының арасында домалату,есу,жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеуді(ыдыстар,ойыншықтар) үйрету.

Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға,ұқыпты болуға баулу.

Жапсыру

Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру.Қағаз бетінде көлемі,түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасауды,содан соң пайда болған бейнені қағазға жапсыруды үйрету.

Музыка

Музыка тыңдау

Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдауға,музыканың сипатын түсінуге,музыкалық шығарманың неше бөлімнен тұратынын білуге және ажыратуға үйрету.

Ән айту.

Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре(ми)—ля(си)диапазонында,барлығымен бір қарқында әнді таза айтуды үйрету

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Музыкамен жүрумен жүгіруді ырғақты орындау,шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету.

Музыканың басталуымен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау,қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау дағдысын дамыту

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларды музыкалық аспап сыбызғымен таныстыру, оның дыбысталуымен

таныстыру. Музыкалық аспапты ырғақпен қағып ойнаудың арапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала,оның отбасы,үйі.

өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын дамыту

Заттық әлем.

заттардың сапаларымен қасиеттерін: сипап сезу,дәмін көру,есту арқылы тануды қалыптастыру

Көлік,байланыс құралдары.

Ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру

Еңбекке баулу.

Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне(мейірімді,жанашыр)аудару

Менің Отаным–Қазақстан.

Балалардың жалпы қабылданған ережелер мен нормаларды меңгеруіне ықпал ету.Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.

Өсімдіктер әлемі.

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру

Жануарларәлемі.

Үй жануарларымен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру,табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

Ауа- райының жағдайын анықтау(суық,жылы,ыстық),табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау

топта(терезенің алдын ашықпау,розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау) қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024– 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape4 Жоспардың құрылу кезеңі: Желтоқсан айы 2024 жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар

қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу. Солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан қалыпта);қолдарды алға созып, жартылай отыру, тізені қолмен ұстап, басты төмен иіп, кезекпен тізені бүгіп, аяқты көтеру;

Негізгі қимылдар:

әртүрлі бағытта:«жыланша», шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру: қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру

бір-бірінен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан тақтайшалардың, қырлы тақтайдың бойымен тепе теңдік сақтап жүру.

қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20 метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд ішінде) жүгіру.

допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру

4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу

сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40 сантиметр қашықтыққа секіру.

Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа тұру

Қимылды ойындар

Кеңістікті бағдарлауға, «жүгір», «ұста», «тұр» белгілеріне сәйкес әрекет етуге үйрету

Спорттық жаттығулар:

Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту; ауырмауға, денсаулықты сақтауға ынталандыру, «салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру. Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту

Сөздік қор.

заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

зат есімдерді, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.

Байланыстырып сөйлеу.

мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге үйрету

Көркем әдебиет

Өлеңдерді тыңдай білуге тәрбиелеу. Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасауды:

сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға баулу

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту

Сөздік қор.

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас») айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).

Байланыстырып сөйлеу.

Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Математика негіздері

Сан.

қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беруін қалыптастыру

Шама.

Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыруды үйрету

Геометриялық пішіндер

Балаларды геометриялық фигура үшбұрышпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураны зерттеуге мүмкіндік беру.

Кеңістікте бағдарлау

Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтауды: үстінде-астында меңгерту

Уақытты бағдарлау.

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

Құрастыру

Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін:

цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету.

Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Сурет салу

Дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеуді.

Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды үйрету. Қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдануды үйрету.

Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.

Жапсыру

Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдануды үйрету.

Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдануды үйрету.

Музыка

Музыка тыңдау

Музыкалық ойыншықтар мен балалар музыка аспаптарының (музыкалық балға, сылдырмақ, барабан, металлофон) дыбысталуын ажырата білуді жетілдіру.

Ән айту.

Сөздерді анық айту, әннің сипатын жеткізу (көңілді, созып, ойнақы айту).

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау, қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтауды пысықтау.

Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру. Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындауды меңгерту.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Музыкалық аспап металлафонмен таныстыру, оның дыбысталуымен

таныстыру. Музыкалық аспапты ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

Ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту.

Заттық әлем.

Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін: сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру.

Көлік, байланыс құралдары.

Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру.

Еңбекке баулу.

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр) аудару

Менің Отаным Қазақстан.

Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Өсімдіктер әлемі.

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеуді үйрету.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау

серуенде (жолға шықпау) ойын алаңында сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024 – 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape5 Жоспардың құрылу кезеңі: Қаңтар айы 2025 жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар

Қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен);

Аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жан- жаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта). Отырып құм салынған қапшықтарды аяқтың бақайларымен қысып ұстау, таяқтың, білікшенің (диаметрі 6-8 сантиметр) бойымен қосалқы қадаммен жүру.

Негізгі қимылдар:

Тоқтап, жартылай отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру

Тепе-теңдікті сақтай отырып, арқан бойымен жүру

Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру, белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру;

Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.

көлбеу модуль бойымен, туннель арқылы еңбектеу;

Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып секіру.

Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа тұру, шеңберге тұру (көзбен бағдарлау бойынша).

Қимылды ойындар

Қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды ойындарды ойнату.

Спорттық жаттығулар:

Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту

Сөздік қор.

Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізіп қолдануды үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдануды менгерту

Байланыстырып сөйлеу.

Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге үйрету.

Көркем әдебиет

Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау:өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға үйрету.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту

Сөздік қор.

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).

Байланыстырып сөйлеу.

Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге баулу

Математика негіздері

Сан.

«Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру

қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беру.

Шама.

салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар сөздерімен белгілеу

Геометриялық пішіндер

Балаларды геометриялық фигура шаршымен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураны зерттеуге мүмкіндік беру.

Кеңістікте бағдарлау

Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтауды пысықтау: алдында-артында

Уақытты бағдарлау.

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлауды бекіту: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

Құрастыру

Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.

Сурет салу

Бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеуді.

бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету. Қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін жасап (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдануды үйрету.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.

Жапсыру

Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алуды, жаймадағы дайын үлгіге жағуды, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдануды жетілдіру.

Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді бекіту.

Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдануды үйрету.

Музыка

Музыка тыңдау

Музыкалық ойыншықтар мен балалар музыка аспаптарының (маракас, асатаяқ, тұяқ, сырнай) дыбысталуын ажырата білуді жетілдіру.

Ән айту.

Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре (ми) ля (си) диапазонында, барлығымен бір қарқында әнді таза айтуды, сөздерді анық айту, әннің сипатын жеткізуді (көңілді, созып, ойнақы айту) үйрету

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындауды.

Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларды музыкалық аспап маракаспен таныстыру, оның дыбысталуымен

таныстыру. Музыкалық аспапты ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

Балаларды отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарауға үйрету

Заттық әлем.

Заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Көлік, байланыс құралдары.

Жаяу жүргіншілерге арналған қарапайым ережелермен таныстыру

Еңбекке баулу.

Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындауға, қолданып болған соң ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне ( қамқор, сезімтал және іскер) аудару

Менің Отаным Қазақстан.

Балабақшада, үйде, көшеде тәртіп сақтауға баулу. Балаларды әдепті қарым-қатынасқа үйретуді жалғастыру (амандасуға, қоштасуға, көмек көрсеткені үшін алғыс айтуға үйрету). Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету.

Өсімдіктер әлемі.

бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атауын қалыптастыру

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру,

табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеуді меңгерту.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау

серуенде (жолға шықпау) ойын алаңында сумен, қармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024 – 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape6 Жоспардың құрылу кезеңі: Ақпан айы 2025 жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар

қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен); заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан

жоғары көтеру; солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан қалыпта);отырып құм салынған қапшықтарды аяқтың бақайларымен қысып ұстау, таяқтың, білікшенің (диаметрі 6-8 сантиметр) бойымен қосалқы қадаммен жүру.

Негізгі қимылдар:

Еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа баяу айналу.

Бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр) тепе-теңдікті сақтап жүру,шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру;

Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық),

еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр)құрсаудан құрсауға секіру

Саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.

Қимылды ойындар

Қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды ойындарды ойнату.

Спорттық жаттығулар:

Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

Сөздік қор.

сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту

Тілдің грамматикалық құрылымы.

зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдануды үйрету

Байланыстырып сөйлеу.

ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге, өз ойын айтуға үйрету

Көркем әдебиет

Шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылауды ұйымдастыру.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға беймдеу

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту

Сөздік қор.

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.

Математика негіздері

Сан.

Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру

Шама.

салыстыру нәтижелерін

ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа сөздерімен белгілеу.

Геометриялық пішіндер

Балаларды геометриялық фигура шаршымен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураны зерттеуге мүмкіндік беру.

Кеңістікте бағдарлау

Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: алдында-артында

Уақытты бағдарлау.

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

Құрастыру

Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу.

Сурет салу

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету

Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды, бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету

Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу

Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулуды жалғастыру. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық- түлік тағамдарын мүсіндеуге үйретуді пысықтау.

Жапсыру

Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.

Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.

Музыка

Музыка тыңдау

Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну.

Ән айту.

Аспаптың сүйемелдеуіне ілесе отырып ән айтуды үйрету

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады.

Қазақ халқының би өнерімен таныстыру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларды музыкалық аспап барабанмен таныстыру, оның дыбысталуымен

таныстыру. Музыкалық аспапты ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

отбасы мүшелерін, олардың іс-әрекеттерін атауға үйрету

Заттық әлем.

Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану

Көлік, байланыс құралдары.

Жаяу жүргіншілерге арналған қарапайым ережелермен таныстыру

Еңбекке баулу.

Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындауға, қолданып болған соң ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (еңбекқор, ұқыпты) аудару

Менің Отаным Қазақстан.

Балалар тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін пысықтау.

Өсімдіктер әлемі.

бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, күтім жасау.

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу дағдыларын дамыту.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау

топта қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, терезенің алдына шықпау, розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау дағдыларын қалыптастыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024– 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape7 Жоспардың құрылу кезеңі: Наурыз айы 2025 жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар

қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау;

қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу. Допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу;аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою;

Негізгі қимылдар:

Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүру

Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, сапта бір-бірден жүгіру.

Төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты домалату, лақтыру, қағып алу.

Еденге қойылған тақтай бойымен еңбектеу

Заттарды айналып және заттардың арасымен секіру

Саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.

Қимылды ойындар

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды ойындарды ойнату.

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу. Спорт залда

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру.

Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, емделу қажеттігін білу.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Күн тәртібіне сәйкес балалардың күнделікті таза ауада болуын қамтамасыз ету.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

Сөздік қор.

Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы адамы ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру дағдысын жетілдіру

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыруды, етістіктерді келер және өткен шақта қолдануды дамыту.

Байланыстырып сөйлеу.

Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдануды үйрету

Көркем әдебиет

Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.

Сөздік қор.

Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету

Байланыстырып сөйлеу.

Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге баулу

Математика негіздері

Сан.

«Тең бе?», «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру.

Шама.

салыстыру нәтижелерін бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу

Геометриялық пішіндер

Балаларды геометриялық фигура дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураны зерттеуге мүмкіндік беру.

Кеңістікте бағдарлау

Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: оң-сол.

Уақытты бағдарлау.

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлауды пысықтау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

Құрастыру

Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.

Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындауды, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнау дағдысын жетілдіру.

Сурет салу

Тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдануды.

Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу.

Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.

Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіруді.

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Жапсыру

Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіруді.

Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.

Музыка

Музыка тыңдау

Әртүрлі аспапта орындалған әндерді тыңдауға, оларды есте сақтауға және білуге; шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету.

Ән айту.

Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып

ән айтуды үйрету.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталауын дамыту

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

өзінің отбасы, отбасылық қарым- қатынас туралы әңгімелеп беруге үйрету

Заттық әлем.

Қазақ халқының тұрмыстық заттарын тану және атау дағдысын кеңейту

Көлік, байланыс құралдары.

жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.

Еңбекке баулу.

Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру.

Менің Отаным Қазақстан.

Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Өсімдіктер әлемі.

Ағаштардың, дала гүлдерін тану және атау, өсімдік бөліктерін тануын қалыптастыру

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың көктемгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеуді пысықтау.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау

серуенде (отпен ойнамау, жолға шықпау) ойын алаңында және құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024 – 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape8 Жоспардың құрылу кезеңі: Сәуір айы 2025 жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар

Қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу. Солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта); аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жан- жаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта) Қолдарды алға созып, жартылай отыру, тізені қолмен ұстап, басты төмен иіп, кезекпен тізені бүгіп, аяқты көтеру;

Негізгі қимылдар:

сапта бір- бірден, екеуден (жұппен) жүру;

алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура жүгіру.

аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бір- біріне домалату

доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр) еңбектеу.

15-20 сантиметр биіктіктен секіру

саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.

Қимылды ойындар

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды ойындарды ойнату.

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру.

Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, емделу қажеттігін білу.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Ересектің көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Тыныс алу жаттығуларын жасау.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айтуды менгерту.

Сөздік қор.

тұсау кесу дәстүріне байланысты сөз тіркестерін меңгерту

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдануды және зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдануды үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.

Көркем әдебиет

Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге баулу.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.

Сөздік қор.

Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануды пысықтау.

Байланыстырып сөйлеу.

Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша өздігінен қайталап айтуға баулу.

Математика негіздері

Сан.

Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, «Тең бе?», «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беруін қалыптастыру

Шама.

Салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеуін дамыту

Геометриялық пішіндер

Балаларды геометриялық фигура дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураны зерттеуге мүмкіндік беру.

Кеңістікте бағдарлау

Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтауды жетілдіру: оң-сол.

Уақытты бағдарлау.

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлауды қалыптастыру: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

Құрастыру

Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру дағдыларын пысықтау.

Сурет салу

Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды пысықтау.

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдануды дамыту.

Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.

Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіруді.

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Жапсыру

Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану.

Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасауды үйрету.

Музыка

Музыка тыңдау

Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді қалыптастыру.

Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу.

Ән айту.

Ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Балалардың билейтін музыкаға сәйкес би қимылдарын өз бетінше орындауына, таныс би қимылдарын ойындарда қолдануына мүмкіндік беру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанды ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

жақындарына қамқорлық танытуға баулу.

Заттық әлем.

заттардың атқаратын қызметтерін түсінуін меңгерту

Көлік, байланыс құралдары.

жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру

Еңбекке баулу.

Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамытуды жетілдіру

Менің Отаным Қазақстан.

Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету.

Өсімдіктер әлемі.

кейбір көгөністер мен жемістердің түрін тану және атау, қарапайым түсініктерді

қалыптастыру пысықтау.

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың көктемгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтауды дамыту (саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу, қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2024 – 2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы : ........................

Топ/сынып: Ортаңғы топ (................)

Балалардың жасы: 3 жастағы балалар

Shape9 Жоспардың құрылу кезеңі: Мамыр айы 2025 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!