Ортаңғы топ сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ортаңғы топ сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топ тәрбиешілеріне дайын технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

04.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы:Менің балабақшам

Тақырыбы: Таңертеңгіжаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Жүру түрлері 1минут. Заттардың арасымен оларға тиіп кетпей жүру және жүгіру. Команда бойынша сапқа тұру. Допты жерге лақтыру және оны екі қолымен қағып алу. Жалпы дамытушы жаттығулар.

Мақсаты: допты қағып алуды және беруді үйрету. Допты алып жүруді жетілдіру. Шапшаңдық, жылдамдық сапаларын дамыту.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Мәлімет қабылдау, сәлемдесу.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
- Оңға, солға, кері бұрылу.
- Секіріп бұрылу.
Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен.
Спорттық жүріс.
10 мин
Спорттық киіміне назар аудару.

Бір адамдай істеу.
Денені түзу ұстау.
Саптан шықпай бір қалыпты жүгіру.

Ұйымдастырушы

ізденуші

- Тізені жоғары көтеріп жүгіру;
- Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;
- Аяқтың басын алға сілтей жүгіру;
- Оң, сол жақ пен қолды айналдыра жүгіру;
- Артпен жүгіру;
- Жай жүгіру;
- Спорттық жүріс;
- Тыныс алу жаттығулары. 2 рет Арақашықтықты сақтау.
Алақанға тізені тигізу,
кеудені тік ұстау, қол бел тұста. Қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау.

Алаңды толық пайдалану.
Арақашықтықты сақтау, тепе - теңдік сақтау, көзді жұмбау, толық айналдыру.
Жалпы дамытатын жаттығулар:
a) б. қ. аяқ алшақ, қол белде. 1 - 4 оңға солға, 5 - 8 солға басты айналдыру;
ә) б. қ. қол иықта 1 - 2 алға, 3 - 4 артқа айналдыру;
б) б. қ. оң қол жоғары, сол қол төменде, 1 - 2 оң қолды, 3 - 4 сол қолды көтеру;
в) б. қ. қол бүгулі кеуде тұста, 1 - 2 оң бүгулі, 3 - 4 түзу күйінде артқа көтеру;
г) б. қ. қол кеуде алдында, 1 - 2 қолды бүгіп артқа 3 - 4 оңға/солға/бұрылып сілтеу;
д) б. қ. қол белде. Белді оңға - солға айналдыру.
е) б. қ. аяқ бірге, қол алда. 1 - оң аяқты сол қолдың ұшына, 2 - сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу;
ж) б. қ. қол белде, 1 - отыру қол алда, 2 - тұру қол белде;
з) б. қ. н. т 1 - 4 рет саны бойынша оңға, солға секіріп бұрылып.

Денені тік ұстау, толық айналдыру. Қолды бүкпеу, барынша артқа керу жылдам орындау. Барынша артқа керу шынтақты бүкпей йық көлемінде ұстау.
Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.

Доппен арнайы жаттығулар.
Доп беру әдістері:
1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру
- Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру;
- Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады;
- Допты екі қолмен кеудеден беру.
3. Допты бір қолмен беру
Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.

4. Допты ұстау
- Допты ұсынған бетте тез әріптесіне беру;
- Допты ұстау кезінде орнықты тепе - теңдікті сақтаған қалыпта және кез - келген еркін қозғалатындай ыңғайда болуы керек;
- Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанда ұшып келе жатқан допты қарсы бағыттау керек.

Балалар

жаттығуларды

бұлжытпай

тәрбиешімен бірге

орындайды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Допты бір орында тұрып ұстап беру, кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.

Оқу қызметін қорытындылау

Жаттығуларды

орындайды

Күтілетін нәтиже

Жасайды: Жаттығуларды орындайды

Біледі: Допты дұрыс беру тәсілдерін

Меңгереді: Қатармен жүруді

07.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене шынықтыру

Апта тақырыбы:Менің балабақшам

Тақырыбы:Таңертеңгіжаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Қимыл – қозғалыс бұлшықет маторикасын дамыту. Жүгіру кезінде сигнал бойынша саптағы өз морнын тауып алу. Жалпы да

Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Саптізбектен шығып

кетпей бір бағытты сақтай отырып, саптізбекте жүре білуді бекіту.

Достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Ойнауды, жүгіруді және жүруді үйрену үшін, денсаулық алаңына баруды ұсынады

(мақсат қою).

Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметіне қызығушылық тудыру үшін, спорт залының құрал-жабдықтарына көңіл бөледі.

Балалармен бірге қимылдарды орындап, үйренетін ертегі кейіпкерін көрсетеді.

Ұсынылған жағдаятқа

қатынасын көрсету

Спорттық снарядтарды және атрибуттарды зерттеу (қарайды, ұстайды, ойнайды)

(2-3 минут).

Ертегі кейіпкерінің келуіне және оны ойнауға, жаттығуға шақыруға қатынасын көрсету.

Балалар

дене

тәрбие

нұсқаушысының

айтқандарын

орындайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді (бормен салынған шеңбер).

Жаттығуларды атайды.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру.

2.Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру.

Жүруге арналған бағдарларды белгілеу (сызықты бормен сызу). Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді.

Балаларға бастарын төмен түсірмей, арқаларын тік ұстауын естеріне салады.

Жаттығуларды орындауын қадағалайды.

Балаларды қолдайды және мадақтайды.

«Маған қарай жүгіріңдер» ойынын ұйымдастырады.

Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру, қатарда өз орнын таба білу.

Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау

(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестендіру).

Негізгі әрекеттерді орындау (сапқа тұру және бір-бірден саптізбекте жүру, аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысу,

бағытын және тепе-теңдікті сақтау, саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды).

Ойынға қатысу ( белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдау мүмкіндіктеріне қуанады).

Негізгі әрекеттерді орындайды

(сапқа тұрады

және бір-бірден саптізбекте жүреді

аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысады

бағытын және тепе-теңдікті сақтайды

саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды)

Ойынға қатысады

белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдайды

мүмкіндіктеріне қуанады

Рефлексивті

коррекциялаушы

Спорттық құрал-жабдықтарды және атрибуттарды жинауды ұсынады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан ертегі кейіпкерімен қоштасуды ұсынады.

Ертегі кейіпкерлерімен

қоштасады

Күтілетін нәтиже

Біледі: Жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды

Түсінеді: Допты қағып алу әдістерін

Меңгереді: Негізгі қимылдарды

08.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене шынықтыру

Апта тақырыбы:Менің балабақшам

Тақырыбы: Таңертеңгі жаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Сызықтар арасымен 15см арақашықтық ирек сызықпен жүру. Бір орында оңға-солға бұрылып секіру. Жалпы дамытушы жаттығулар

Мақсаты: Шектелген алаң бойынша жүруде тепе-теңдік қалпын сақтауды үйрету. Қол мен тізеге сүйеніп, төрттағандап еңбектегенде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуге үйрету.Шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларға сап тізбекте тұруға белгі беру.

-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Ұсынылған жағдаятқа

қатынасын көрсету

-Балалар белгі бойынша сап тізбекке тұрады.

-Сәлеметсізбе!

-Көңіл күйіміз жақсы

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.Ленталарды алуға нұсқау беріледі.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Жаттығуларды атайды.

-Жаттығулар ереже бойынша бастан басталып аяқ ұшымен аяқталады.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Тура жолмен жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м)

Еркін бағытқа төрттағандап еңбектеу.

Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.

Ойын: «Бақшадағы тауықтар» ойынын ұйымдастыру.

Жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады
Ол – бау-бақша. Одан қашық емес жерге орындық қойылады, бұл күзетшінің күркесі.Күзетшінің ролін алғашқыда нұсқаушы орындайды, ал кейін нұсқушының белгілеуімен белсенді балалар атқарады. Қалған балалар тауықтар.Күзетші орындыққа отырған бойда тауықтар бақшаға түседі, қорғанның астынан өтіп, бақшада жүреді, жерді шұқиды, қытқылайды.Күзетші тауықтарды байқап оларды бақшадан қуа бастайды – алақанын шапалақтайды, «Қыш –қыш» деп дауыстайды.Тауықтар қашып кетеді .Күзетші бақшаны бір айналып шығады да қайтадан отырады.Ойын қайта басталады.Одан кейін басқа күзетші тағайындалады. Ойын осылайша 2-3 рет қайталанады.

Балаларды қолдау және мадақтайды.

Ойын барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

-Шеңбер бойымен сапқа тұру

-Жаттығуларды ленталар ұстап жасау.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларды жасайды

-Бүгінгі жаттығу түрлерін біледі.

- Балалар нұсқаушының түсіндіруі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

Бүгінгі жаттығу түрлерін біледі.

- Балалар нұсқаушының түсіндіруі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап береді:

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Еркін бағытқа төрттағандап еңбектеу.

Нені игеру керек: Тура жолмен жүру (көлемі 15см, ұзындығы 2,5 м) игереді

Нені біледі: Ептілікке, шапшаңдыққа жаттығады

11.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы:Менің достарым

Тақырыбы: Таңертеңгіжаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. 50см жоғары көтерілген арқанның астынан. Жалпы дамытушы жаттығулар№1 таңертеңгі жаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Алысқа дәлдеп лақтыру (3,5-6,5м кем емес)

. Мақсаты: Кіші допты алысқа лақтырудың мазмұндылығымен ерекшелігін көрсету арқылы допты алысқа лақтыруды жетілдіре үйрету.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балалардың сапқа тұруы,

Ә)Қатар бойынша реттік санау

Б)Кезекші міндеттерін қабыл-дау.

Жалпы дене даярлық жаттығулары:

Оңға бұрылып саппен алаңды айналып жүру.

Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.

Қол белде табанның іші-мен,сыртымен жүру.

Қол белде жартылай, қол желкеде толық отырып жүру.

Жеңіл, бірқалыпты жүгіру.

Оң иықпен, сол иықпен жүгіру.

Тізені жоғары көтере жүгіру

Оңға бұрылып саппен алаңды айналып жүреді.

Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүреді

Қол белде табанның іші-мен,сыртымен жүреді

Қол белде жартылай, қол желкеде толық отырып жүреді

Ұйымдастырушы

ізденуші

Жеңіл атлетиканың бір түрі-лақтыру. Бір орында тұрып доп лақтырудың бес қадамнан екпін алып келіп лақтырудың техникаларын қайталап, кейін толық екпін алудың техникасын меңгеруге көшу қажет.

Лақтыру бағытына қарап тұрып, кіші допты лақтыру.

Осы жаттығуды оңға жартылай бұрылып орындау.

Осы жаттығуды лақтыру бағытына бүйірін қаратып тұрып орындау.

Лақтыру бағытына(бір қырымен)тұрып, сол аяқтан оң аяққа жеңіл секіріп ауысу арқылы лақтыру.

Аяқтың арасы иық кеңдігіндей болып, бір қырымен, дененің салмағын оң аяққа түсіріп сол аяқ ілгері қойылған және кеуде сәл алға еңкейіп, оңға бұрылған, қол жанға созылған қалыпта лақтыру.

Ескерту:

Лақтыру кезінде жіберілуі мүмкін негізгі қателер: бастапқы қалыптың дұрыс болмауы: лақтыратын қолды шамадан тыс бүгу: оны иық тұсынан төменнен сілтеп лақтыру: дененің салмағын алда тұрған аяққа ауыстырмау: шынтақты жанға қарай жазып жіберу.

3-мин

Нұсқаушының

барлық айтқандарын

орындайды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балаларды сапқа тұрғызу

Қателіктерін ескерту.

Бағалау

Ұйымдастырылған түрде спорт алаңынан шығару.

5-мин

Ескерту жасау, қателіктерді айту, түзету

-Бүгінгі жаттығу түрлерін біледі.

- Балалар нұсқаушының түсіндіруі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жоғарыға екпінмен секіруді біледі

Нені игеру керек: Доптың қозғалу бағытын сақтап, бір-біріне түрегеліп тұрып допты домалатуды игереді

Нені біледі: Нұсқаушының белгілеріне ыңғайланып жаттығулар жасауды біледі

14.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы:Менің достарым

Тақырыбы: Таңертеңгіжаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. №1 таңертеңгі жаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Тепе – теңдікті сақтау, қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру, қолын беліне қойып, бір аяқпен тұру, қолын беліне қойып, екі жаққа айналу.

. Мақсаты: Кіші допты алысқа лақтырудың мазмұндылығымен ерекшелігін көрсету арқылы допты алысқа лақтыруды жетілдіре үйрету.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

-Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.Доптар алуға нұсқау беріледі.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Жаттығуларды атайды.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Ұйымдастырушы

ізденуші

1.Тоқтап және тапсырмаларды орындап жүгіру (орындықта тұру — тепе-теңдік)

2.Қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп еңбектеу.

Кедергілерді белгілеу, көрсету.

Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.

Қозғалмалы ойын:

«Бақалар»
Алаңның ортасында үлкен дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан гимнастикалық орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге нұсқаушы мынадай өлең айтады:
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,
Жүгіреді талтақтап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді.
Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.

Айжанның үйіне қонаққа баруға қуана келісті

Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтін қимылмен жасады.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады. Тағамды ыдысты ажырата білді

Рефлексивті

коррекциялаушы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балалар сабақ қорытындысына өз пікірлерін білдіреді.

Күтілетін нәтиже.

Нені біледі: Тағамдар мен ыдыстардың аттарын

Қандай түсініктерді игерді: Ыдыстар және тағамдар туралы сөйлем құрастыра білу дағдысын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қонақ күтуді

15.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы:Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Жалпы дамытушы жаттығулар №2 таңертеңгі жаттығулар комплексі негізгі қимылдар еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өту

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды шеңберге тұрғызу. (Шаршылармен)
Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсету.
1. Шаршы оң қолымызда солға еңкею
2. Шаршы сол қолымызда оңға еңкею
3. Шаршымен бірге отырып, тұру.
4. Шаршыны артымызға жасыру.
5. Шеңбер бойымен жүру.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Тосын сәт: Ана тауық келеді. Балалармен амандасады. Балалармен бірге жаттығу жасайды.
1. Жалпы дамыту жаттығуларына дайындық.
2. Тік тұру: Қолды жоғарыға көтеріп, аяқтың басына тұру. Б. Қ. тік тұру 3 - 4р.
3. Аяқты алшақ қою, қолдың басын шалқайтып, қолды жоғары қағу. Құйрықпен алға жылжу.
4. «Жем жейміз» «еңкейіп жерден жем шоқу», шалқаю.
5. «Шаттану» шалқадан жатып, аяқпен қолды кезекпе - кезек қозғау.
6. Секіру. Тынысты реттеу.
Психожаттығу «Күн шуаққа кептірін.»
Ана тауық: балапандар, мамығымыз су болып, тоңып барамыз, тоңып барамыз, күн сондай суық екен. Қане, балақайлар, жылынайық, қанаттарымызды сілкіп көтерейік те басымызды, кеудемізді, қанаттарымызды, аяқтарымызды сілкілеп, кептірінеміз. Ой, балалар, күн шықты, қандай тамаша, күн қандай шуақты, жылы бәріміз, бір - бірімізге көңілденіп, күліп қарайықшы.(жеңіл, әдемі әуен естіліп тұрады.)
Ойын: «Тауықтар бақшада»
Керілген жіптің астынан өту.
Допты бір-біріне домалату.

Төрттағандап еңбектеп тапсырмаларды орындау. Ана тауықпен амандасады. Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма? Не туралы өттік? Қандай ойын ойнадық?
Оқу қызметін қорытындылау. Балаларды марапаттау.

Балалар жауабы тыңдалады

Күтілетін нәтиже
Білу керек Бір-біріне допты домалатуды біледі.
Түсінеді Тура жолмен жүгіріп. Жүгіруде тепе-теңдікті сақтау керектігін түсінеді
Қолдана біледі Керілген жіптің астынан өтуде еңбектеу тәсілін қолдана біледі.

18.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы:Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Жалпы дамытушы жаттығулар. №1 таңертеңгі жаттығулар комплексі негізгі қимылдар. Допты жереге лақтыру және оны екі қолымен қағып алу

Мақсаты:

Мақсаты: Допты бір-біріне бағытын сақтай отырып лақтыру және екі қолмен қағып алуға үйре-

ту.Бір-біріне допты беру және доптың ұшу бағытын қадағалау, допты күтіп алу әдісте-

рін меңгерту. Балалардың дене бұлшықеттерін дамыту.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

  1. Шаттық шеңбері:

- Балалар, қараңдаршы, бізге күн сәу-лесі шуағын шашып тұр. Қане, күнмен амандасайықшы.

- Балалар, қараңдаршы, біз бүгін қандай әдемі боп тұрмыз. Біз қандай баламыз?

2. Тосын сәт: Қоян келеді, қолында үлкен гимнастикалық доптар бар.

- Балалар, мен сендерді алыстан іздеп келе жатырмын. «Айгөлек» тобының балалары жаттығуды жақсы жасайды, сымбатты деп естідім. Мен де сендер-мен бірге жаттығу жасап үйренейінші. Өзіммен бірге көп доптар алып келдім.

3. Түрлі жүріс түрлерін жүргізу

а) Біз көңілді баламыз

Жаттығуды жасаймыз,

Денені тік ұстаймыз

ә) Түзу болсын арқамыз,

Өкшемізбен жүреміз.

б) Аяқтың ұшымен де

Жүруді біз білеміз.

в) Жүгіреміз ирек жолмен

Адаспай бір-бірімізден

4. Тыныс алу жаттығуы.

  1. Балалар жай әуенмен дөңгеленіп кеп тұрады, күнмен амандасады.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Қуанышты бүгін күн,

Қайырлы таң айтатын.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Ақылды біз баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Жаттығу жасап шынығып,

Өсіп үлкен боламыз.

  1. Балалар қоянмен амандасып, оны өз қатарларына қосады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Жалпы жетілдіруші жаттығулар

а) қолға арналған жаттығу

б) белге арналған жаттығу

в) буынға арналған жаттығу

г) аяққа арналған жаттығу

2. Үлкен гимнастикалық доппен жаттығу. Қоян үйретеді.

а) «Кішкентай қояндар»

б) «Допты тербелтеміз»

3. Негізгі жаттығу

«Допты қағып алу»

4. Қимылды ойын: «Күшік»

Екі аяққа басын сұғып,

Жалбыр күшік жатыр сұлық.

Оятайық жақындап барайық та,

Қайтер екен, содан соң қарайық та.

Балалар үш қатарға тұрады. Доппен дене мүшелеріне арналған жаттығулар орындайды.

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бстаймыз.

Балалар үлкен гимнастикалық доптарға отырып, Қоянның нұсқауы бойынша жаттығулар жасайды.

Балалар арақашықтығы 1,5 метрден тұрып, бір-біріне допты лақтырып, қағып алады.

Балалар қоянмен бірге ойнайды.

Бірінші қоян «күшік» болып, допты қуады. Балалар допты қоянға бермей бір-біріне лақтырады. Балалар бірінен-кейін бірі күшік болып ойнайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Тыныс алу жаттығуы

2. Қоянмен қоштасу.

3. «Қоштасу шеңбері»

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, қайта түсіру арқылы тыныс алу жаттығуын орындайды.

Қоянмен қоштасады.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Доппен жаттығу орындауды

Игереді: Гимнастикалық допта отырып, жаттығу жасауды

Меңгереді: Допты бір-біріне лақтырып, қағып алуды

21.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы:Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы:

Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Саптізбектен шығып

кетпей бір бағытты сақтай отырып, саптізбекте жүре білуді бекіту.

Достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Ойнауды, жүгіруді және жүруді үйрену үшін, денсаулық алаңына баруды ұсынады

Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде қызығушылық тудыру үшін, спорт залының құрал-жабдықтарына көңіл бөледі.

Балалармен бірге қимылдарды орындап, үйренетін ертегі кейіпкерін көрсетеді.

Ұсынылған жағдаятқа қатынасын көрсету

Спорттық снарядтарды және атрибуттарды зерттеу (қарайды, ұстайды, ойнайды)

(2-3 минут).

Ертегі кейіпкерінің келуіне және оны ойнауға, жаттығуға шақыруға қатынасын көрсету.

Нұсқаушының

айтқандарын

мұқият

тыңдап,

жаттығулар

жасайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Саптізбекке бір-бірден тұруға көмектеседі.

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді (бормен салынған шеңбер).

Жаттығуларды атайды.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру.

2.Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру.

Жүруге арналған бағдарларды белгілеу (сызықты бормен сызу). Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді.

Балаларға бастарын төмен түсірмей, арқаларын тік ұстауын естеріне салады.

Жаттығуларды орындауын қадағалайды.

Балаларды қолдайды және мадақтайды.

«Маған қарай жүгіріңдер» ойынын ұйымдастырады.

Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру, қатарда өз орнын таба білу.

Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

Ойындар

ойнайды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау

(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестендіру).

Негізгі әрекеттерді орындау (сапқа тұру және бір-бірден саптізбекте жүру, аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысу,

бағытын және тепе-теңдікті сақтау, саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды).

Ойынға қатысу ( белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдау мүмкіндіктеріне қуанады).

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: барлығының бірге шұғылдануын.

Нені игеру керек: саптізбекте жүру дағдыларын.

Нені біледі: саптізбекте жүруді, тепе-теңдікті сақтауды; бір бағытта жүгіруді.

22.09.2017ж

25.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы:Жиһаздар

Тақырыбы: Жалпы дамытушы жаттығулар. №2 таңертеңгі жаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Құрсаудан еңбектеп өту.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды тынышталдырып, зейіндерін сабаққа аударту. Балаларды далаға алып шығу

Балалар далаға шығады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балаларды далаға алып шығып, сапқа тұрғызып жалпы дамытушы жаттығуларды жасату.

1. Басқа арналған жаттығулар: қолдар белде, аяқтар бірге тұрады, басты оңға, солға бұру

2. Иыққа арналған жаттығулар: қолдар белде, аяқтар бірге тұрады, иықты кезек- кезек көтеру

3. Қолға арналған жаттығулар: 1. 2 қолды жоғары көтеру

2. 2 қолды алдына апару

3. 2 қолды жанына апару

4. Белге арналған жаттығулар: 2 қол белде,аяқтар алшақ тұрады, оңға, солға бұрылу

5. Аяққа арналған жаттығулар: оң аяқпен 5 рет, сол аяқпен 5 рет, екі аяқпен 5 рет секіру

6. Терең дем алу

Балаларға аяқ ұшымен, сыртқы және ішкі жағымен жүруді, сапта жеке, жұппен, қолды жоғары, төмен жан- жаққа созып жүруді үйрету.

Ойын «Аққу- қаздар».

Балаларға ойын шартын түсіндіру. Бір бала түлкі, қалғандары аққу- қаздар болады. Аққу- қаздар далада жайылып жүреді, «түлкі келе жатыр»,- дегенде аққу- қаздар қашады. Түлкі аққу- қаздары ұстап алуы керек.

Ойын осылайша жалғаса береді.

Балалар мұғалімге қарап жаттығуларды қайталап жасайды.

Сапқа тұрып, түзу жүреді

Рефлексивті

коррекциялаушы

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау

Балалар сапта түзу тұрып жүруді үйренеді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар дене шынықтыру жайлы білуі керек

Түсінеді: Сапта түзу тұрып, сапты бұзбай жүруі керек

28.09.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы:Жиһаздар

Тақырыбы: Жалпы дамытушы жаттығулар№ 2 таңертеңгі жаттығулар комплексі. Негізгі қимылдар. Допты бір – біріне төменнен лақтыру. (1,5м қашықтықта)

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

  1. Шаттық шеңбері:

- Балалар, қараңдаршы, бізге күн сәу-лесі шуағын шашып тұр. Қане, күнмен амандасайықшы.

- Балалар, қараңдаршы, біз бүгін қандай әдемі боп тұрмыз. Біз қандай баламыз?

Балалар

күнмен

амандасады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Тосын сәт: Қоян келеді, қолында үлкен гимнастикалық доптар бар.

- Балалар, мен сендерді алыстан іздеп келе жатырмын. «Айгөлек» тобының балалары жаттығуды жақсы жасайды, сымбатты деп естідім. Мен де сендер-мен бірге жаттығу жасап үйренейінші. Өзіммен бірге көп доптар алып келдім.

3. Түрлі жүріс түрлерін жүргізу

а) Біз көңілді баламыз

Жаттығуды жасаймыз,

Денені тік ұстаймыз

ә) Түзу болсын арқамыз,

Өкшемізбен жүреміз.

б) Аяқтың ұшымен де

Жүруді біз білеміз.

в) Жүгіреміз ирек жолмен

Адаспай бір-бірімізден

4. Тыныс алу жаттығуы.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

- Боранның дыбысын салайықшы.

. Жалпы жетілдіруші жаттығулар

а) қолға арналған жаттығу

б) белге арналған жаттығу

в) буынға арналған жаттығу

г) аяққа арналған жаттығу

2. Үлкен гимнастикалық доппен жаттығу. Қоян үйретеді.

а) «Кішкентай қояндар»

б) «Допты тербелтеміз»

3. Негізгі жаттығу

«Допты қағып алу»

4. Қимылды ойын: «Күшік»

Екі аяққа басын сұғып,

Жалбыр күшік жатыр сұлық.

Оятайық жақындап барайық та,

Қайтер екен, содан соң қарайық та.

Балалар үш қатарға тұрады. Доппен дене мүшелеріне арналған жаттығулар орындайды.

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бстаймыз.

Балалар үлкен гимнастикалық доптарға отырып, Қоянның нұсқауы бойынша жаттығулар жасайды.

Балалар арақашықтығы 1,5 метрден тұрып, бір-біріне допты лақтырып, қағып алады.

Балалар қоянмен бірге ойнайды.

Бірінші қоян «күшік» болып, допты қуады. Балалар допты қоянға бермей бір-біріне лақтырады. Балалар бірінен-кейін бірі күшік болып ойнайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Тыныс алу жаттығуы

2. Қоянмен қоштасу.

3. «Қоштасу шеңбері»

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, қайта түсіру арқылы тыныс алу жаттығуын орындайды.

Қоянмен қоштасады.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Доппен жаттығу орындауды

Игереді: Гимнастикалық допта отырып, жаттығу жасауды

Меңгереді: Допты бір-біріне лақтырып, қағып алуды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі