Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Тіл тағдыры —  ел тағдырына айналып отырған қазіргі қазақ  тілінің кінәратты жағдайында оқушы бойында  мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, қазақ тілі арқылы жасалған ойдың кестелі өрнектеріне үңілтіп, ауызша, жазбаша сөздік қорларын молайтуға,шығармашылық қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттырып,білім сапасын тереңдетіп,  мемлекеттік  тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге,  Тіл туралы заңды жүзеге асыруға барынша қолғабыс ету- әрбір қазақ  тілі  пәні мұғалімінің міндеті болуға тиіс. Ал қоғамымыздағы мұғалім алдында  тұрған міндет- сапалы білімді, саналы тәрбиелі, экономикалық ойлауы  дамыған, жалпы адамзаттық құндылықты меңгеруде шығармашылық,іскерлік пен дағдысы қалыптасқан, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру екені сіздер мен бізге белгілі.

Елбасының « Қазақстанның  болашағы- мемлекеттік тілінде» атты жолдауын іске асыруға Қазақстан азаматтарының әрқайсысы үлес қосуға міндетті, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері тіл жанашырлары қатарынан орын алатындықтан, тапжылмай еңбек етіп  үлестерін қосуға міндетті.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келсек, қазақ тілін оқытуға қойылатын талап- тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз.

Ұлт мектебінде қазақ тілін үйрететін ұстаз  үшін   басты мақсат-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі  мен әдебиеті мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас.

Осы жаупкершілікті іске асыру үшін барлығымыз да алдымызға өз міндеттерімізді қойып,оны шешуге тырысамыз, түрлі әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды қолданамыз.

Осыларды ескере отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында тілді үйретудің тиімді, нәтижелі әдістерін үнемі іздестіріп жүремін. Орыссыныптарында қазақ тілін үйрету және үйрету барысында өз алдыма мынадай міндеттер қойдым:

— орыс мектептеріндегі балаларға тілді үйрену жеңілдеу болу мақастында тілдің күнделікті практикалық жағын қарастыру;

— Қазақ тілі сабағында оқушының  ауызша, жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөз байлығын молайту;

— Шығармашылықпен  жұмыс істеуге, үнемі өз бетімен ізденуге дағдыландыру;

— Оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Осы міндеттерді шешуге төмендегідей тиімді  әдіс- тәсілдерді қолданамын:

Орыс мектептерінде қазақ тілі сабақтарында қай сыныпта болса да, көрнекілікті қолданған артық етпейді.Себебі көзбен көріп, қолмен ұстаған жылдамырақ, әрі ұзаққа  есте сақталады. Сондықтан тиімді әдіс- тәсілдердің бірі-көрнекілікпен жұмыс деуге болады.

Күнделікті ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сабаққа қажетті заттардың атауларымен танысып, олардың көмегімен сұрақ- жауап құрастырады. Бұл тапсырмалар жас ерекшеліктеріне байланысты құрастырылады. Мысалы , «Менің отбасым», «Мектеп», «Сабақ», «Менің досым»,  «Менің сүйікті кином» т.б. шағын тақырыптарға мәтіндер , қысқаша әңгімелер құрастырады және  әңгімелеуге  дағдыланады.

Салтанат Рамазанова

Тоғызақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

Қарабалық ауданы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
396
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі