
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Орыс сыныптарына олимпиада жұмыстары
Мемлекеттік тіл пәнінен олимпиада тапсырмалары
8-сынып
І тур
Мазмұндама
Не тәтті?
Жиренше шешен бір күні жолда бір баланы көріпті де, былай деп сұрапты:
– Дүниеде ең тәтті не, балам?
Сонда бала былай жауап беріпті:
– Бал тәтті, - деген екен.
– Ал жұмсақта не жұмсақ?
Мамық жұмсақ.
- Қаттыда не қатты?
– Тас қатты.
Бұл баланың жауабын екінші бала тыңдап тұрыпты. Ол Жиренше шешенге былай депті: «Осы сұрақтарға мен де жауап берейінші, рұқсат етіңіз».
– Ал, айта ғой, не тәтті? - депті Жиренше шешен.
– Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.
– Не жұмсақ?
Ананың қолы.
Ал енді не қатты?
Әкенің жүрегі, - депті бала.
Жиренше шешен екінші балаға риза болып, балаға батасын беріпті.
8-сынып
Тест
1 «Оңай» деген сөздің антонимін табыңыз. А)ауыр В)қысқа С)қиын Д)ұзын
2 Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз А)айттым В)киімім С)білім Д)жүзім
3 Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз. А)биік ой В)биік ағаш С)биік тұлға Д)биік арман
4 Қай сөз тіркесі дұрыс? А)кең алма В)кең бөлме С)кең тіс Д)кең шаш
5 Асты сызылған сөзге қандай сұрақ қоюға болады? Мен ертең үйде боламын.
А)қалай? В)қандай? С)қашан Д)қанша?
6 Жедел өткен шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А)Бүгін кешке мен теледидар көремін.В)Сен осы жерде тұрасың ба?
С)Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.Д) Мен үйге автобуспен келдім.
7 Мақалды аяқтаңыз: Күлме досыңа ...
А)ойлап сөйле В)өз тіліңді құрметте С)қызыл тіл Д)келер басыңа
8 Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз. А)Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр В)Кешке дейін ініммен үйде болғым келеді
С)Халық батырына риза болады Д)Менің анам -тамаша адам.
9 Қай сөздің жазылуында қате бар? А)мұрын В)кереует С)бөлме Д)құлақ
10 Жіктік жалғау 2 жақ, көпше тұрған сөзді табыңыз.
А)барамыз В)барасыңдар С)барасыз Д)барады
ІІ тур
1. Мәтінді оқыңыз. Мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз.Қазақ балаларына арнап алғаш рет мектеп ашып, өзі ұстаз болған.
Балаларды оқу-білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер шығарды. Өзінің бүкіл өмірін ұстаздық іске арнаған ол «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
2.Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.
3. Берілген арнаулы тақырыптардың біреуіне мәтін құрастырып жазыңыз.
Менің сүйікті жануарым. Менің сүйікті тағамым . Менің арманым. Білімнің өмірдегі маңызы туралы. Менің сүйікті кітабым .
4.Өзіңізге ұнайтын поэзиялық немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
9-сынып
I ТУР
Мазмұндама
Атасы мен немересі
Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты. . Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті. Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап. . . Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.
9-сынып ТЕСТ
1.Жіңішке дауысты сөзді табыңыз.
А) Базар В) Қора С) Қауырсын Д) Кілем Е) Сауысқан
2. Жіңішке әрі ашық дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) О, И. В) Ү,І. С) Ә, Е. Д) А,Ұ Е) Е, Ы.
3.Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Кенесары, өнерпаз. В) Ұлытау, қуғыншы. С) Емхана, арбакеш. Д) Игілік, ержүрек.
Е) Қыстыгүні, кітаптар.
4.Бірыңғай езулік жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.
А) Жоңышқа. В) Еріншек. С) Мүсәпір. Д) Бүлдіршін. Е) Бүлдірген.
5. «У» дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
А) Жауласу. В) Таулық . С) Қауышу. Д) Татуласу. Е) Баулық .
6. Болжалдық сан есімді табыңыз.
А) Бес-бестен. В) Беске таман. С) Бесінші орын. Д) Бес адам. Е) Сағат бесте.
7.Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір. В) Ешкім, ешқайсысы. С) Бірдеме, біреу. Д) Өзің, өздері. Е) Түгел, тегіс.
8. Белгісіздік есімдіктерді анықтаңыз.
А) Олар, бұлар. В) Менен, одан. С) Ешқашан, ешқайда. Д) Мен, сен. Е) Кейбіреуге, біреудің.
9.Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
А) Зат есім. В) Одағай. С) Есімдік. Д) Үстеу. Е) Етістік.
10. Шартты райдағы етістікті табыңыз.
А) Отырмас. В) Әңгімеледі. С) Барғай. Д) Кетіңдер. Е) Бармаса.
II ТУР
1. Мәтінді оқыңыз. Мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Спорт – денсаулық кепілі
Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.
2.Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.
3. Берілген арнаулы тақырыптардың біреуіне мәтін құрастырып жазыңыз.
1. Мектептегі үйірмелер (үйірме және спорт секциялары). 2. Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі). 3. Мектептегі мерекелер (мектебіңізде ұйымдастырылатын іс-шаралар). 4. Менің сыныптастарым (достық). 5. Менің жетістіктерім (мадақтама, жетістік).
4.Өзіңізге ұнайтын поэзиялық немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
10-сынып
I ТУР
Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, эссе жазыңыз (110-120 сөз)
1.Кітап-өмір ұстазы 2.Қазақстанның экологиясы 3.Менің отбасым 4.Ыстық ұям – туған жерім
ТЕСТ
1.Антоним бола алатын сөздер қатарын белгілеңіз.
A) Ұстаз – оқытушы.
B) Қайратты – жігерлі.
C) Жаман – нашар.
D) Әдемі – сұлу.
E) Ақ – қара.
2.«Белый - черный» антоним сөздерінің қазақша аудармасын белгілеңіз.
A) Ұзын – қысқа.
B) Биік – аласа.
C) Әлді – әлсіз.
D) Жақсы – жаман.
E) Ақ – қара.
3.Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбысты сөздер қатарын анықтаңыз.
A) Әдеби, жезде, бөгде
B) Рухани, әлем, жомарт
C) Толқын, пікір, сандық
D) Өсиет, тәртіп, баспана
E) Сұраныс, ермек, қиын
4.Қазақ әліпбиінде алтыншы тұрған дыбысты анықтаңыз.
A) з
B) д
C) ғ
D) ж
E) г
5.Жұрнақ жалғанған дара сөзді табыңыз.
A) Қызыл шай.
B) Ата-анадай.
C) Кешегі.
D) Кешеден.
E) Баспасөз.
6.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді белгілеңіз.
... саусақ бірдей емес.
A) Бес.
B) Он.
C) Бір.
Д) Тоғыз
E) Жеті.
7.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
A) Алтау.
B) Екі мың.
C) Екі жүз елу.
D) Он төрт.
E) Алты.
8.Болымсыз етістікті табыңыз A) Жиналыстан қал(ма). B) Қызық жарна(ма). C) Атым Ал(ма). D) Бұл шығар(ма). E) Кітап бар(ма).
9.Сөйлем түрін анықтаңыз.
Көктем. Қараңғы дала.
A) Толымсыз сөйлем.
B) Жалаң сөйлем.
C) Атаулы сөйлем.
D) Жайылма сөйлем.
E) Жақты сөйлем.
10.Бір тәулікте неше сағат бар екенін анықтаңыз
A) Он төрт.
B) Он екі.
C) Жиырма төрт.
D) Отыз бір.
E) Жиырма екі.
II ТУР
1.Мәтінмен жұмыс
Құстар
Орын ауыстыратын және қайтатын құстар күзге қарай ұйымшылдықпен топ болып бірігеді. Ұзақ сапарлар кезінде көптеген құстар теңіздердегі дауылдардан немесе таудағы борандардан және жыртқыштардан өлім-жетімге ұшырайды. Алыс сапарға ұшу кездерінде олардың тоқтаған жерлерінде көптеген құстарды адамдар аулап, атып алады.
Ұшу сапары кезінде тырналар мен қаздар тізіле ұшады. Тізіле ұшқанда әрбір құс белгілі дәрежеде басқаларын да қолдап отыратынын ғалымдар анықтады. Егер құстың бірі алға ұзап шықса, ол қарсы күштің артқанын дереу сезеді де, бұрынғы орнына орналасады.
Күзгі аспанда тырналар ұшып барады. Олардың жұмсақ үндерінен мұңды да сазды әуен естіледі. Ұшып кетер алдында қараторғайлар өздерінің ұяларына қайта оралып, «қоштасу әнін» сағаттап шырқайды. Қаздар кеш ұшады. «Қаз кетсе – қар келгені»,- дейді қалың ұшқан құс қаңқылын естіген халық.
Құстар ұшу кезінде толық тәртіп сақтай отырып, үйір-үйір болып ұшып кетеді.Тырналар үшбұрыш жасап, қаздар бұрыш жасай немесе доға түзеп ұшады. Кенет дабыл соғылса, құстар топтала қалады. Қауіп басылғанда, қатты дыбыс беріледі. Тырналар қайтадан сәнді үшбұрышқа жиналады да, өз орындарына орналасады. Сөйтіп, тырналар үйірі аспан көгінде алыстай отырып, алған бағытымен әрі қарай ұша береді.
Құстардың маусымдық ұшуы – табиғаттың тамаша құбылысы.
Туған ұяларына, өздерінің таныс қыстау орындарына жаңылмастан жол салуда құстар нені басшылыққа алады? Құстарда белгілі бір ерекше сезім бар екендігін, осының нәтижесінде олар белгілі бір жерді дәл анықтайтындықтарын өмір көрсетіп отыр.
Бөтен елдерде қыстау кезінде құстар өздерін қалай ұстайды? Үнемі үйірімен жүреді, ұя салмайды, ән шырқамайды. Жергілікті тұрғындар оларда қыстап шығатын бұлбұлдардың, бозторғайдың тамаша үнін ешқашан естімеген. Көктем жақындап келе жатқанын сезе салысымен, құстардың биязы күйі қайда кетеді десеңізші! Бірден тынышсызданып, әлемді жаңғырықтыра Отанына оралу үшін ыңғайлы соққан желді асыға күтеді.
Адамдардан айырмашылығы және құстардың ең басты қасиеттері: қандай жағдай болса да, Отанына қайтып келеді.
1.Мәтіннің тақырыбы. А) Күз мезгілі. В) Құстардың жылы жаққа ұшуы. С) Құстардың достығы. D) Құстардың өмір сүру ерекшіліктері. Е) Қаздар ұшып барады.
2. Құстардың күзде айтатын «әні». А) «Танысу әні». В) «Қоштасу әні». С) «Жақсы әні». D) «Көңілді әні». Е) «Әдемі» 3. Қаздың кеш ұшуымен байланыстыратын табиғат құбылысы. А) Жаңбыр жауады. В) Жел тұрады. С) Қар жауады. D) Тұман түседі. Е) Боран болады. 4. Мәтін бойынша құстардың ең басты қасиеті. А) Өз тамақтарын табулары. В) Ұрпақтарын өсірулері. С) Ән салулары. D) Отанына қайтып келулері. Е) Ұя басулары. 5. Мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтел. А) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. В) Ақылдыға жан қымбат, ақымаққа мал қымбат. С) Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер. D) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі. Е) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
2.Мәтіндегі асты сызылған сөйлемге жазбаша түрде синтаксистік талдау жасаңыз.
3.
Бір
мақал-мәтелді таңдап,
мағынасын ашыңыз..
Жақсы байқап сөйлер, жаман кісі шайқап
сөйлер.
Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен.
Бір
жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
Білмесең үндеме, білгенді
күндеме.
Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.
4.Өзіңізге ұнайтын поэзиялық немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
11-сынып
I ТУР
Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, эссе жазыңыз (120-130 сөз)
1.Кітап-өмір ұстазы 2.Қазақстанның экологиясы 3.Менің отбасым 4.Ыстық ұям – туған жерім
Тест
1.Антоним сөздерді анықтаңыз.
A) Басында, артында.
B) Қасында, ішінде.
C) Астында, үстінде.
D) Жанында, алдында.
E) Алдында, қасында.
2.Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыстан басталған мақалды табыңыз.
A) Жұмысы бардың жүйкесі тыныш.
B) Батыр жарасыз болмас.
C) Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.
D) Болат бүгілмес, морт сынар.
E) Жамандық жақын, жақсылық алыс.
3.Түбірлес сөздер қатарын анықтаңыз.
A) Оқу, білім, ғылым.
B) Күн, ай, жыл.
C) Біл, білім, білгіш.
D) Орындық, озат, орақ.
E) Дос, доп, долы.
4.Жұрнақтарды анықтаңыз.
-ыншы, -інші, -ншы, -нші.
A) Реттік сан есімнің жұрнағы.
B) Көсемшенің жұрнағы.
C) Етістіктен сын есім тудырушы жұрнақ.
D) Зат есімнен туынды сын есім жасаушы жұрнақ.
E) Зат есім жасаушы жұрнақ.
5.Демеулік шылау түрлерін ажыратыңыз.
-ау, -мыс, -міс. A) Болжалдық. B) Болымсыздық. C) Күшейткіш. D) Шектік. E) Сұраулық.
6.Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.
A) Күләштің дарыны әншілік әкесінің байқалды әндерінтыңдаған.
B) Әкесінің әндерін тыңдаған Күләштің әншілік дарыны байқалды.
C) Дарыны байқалды әншілік Күләштің әндерінтыңдаған әкесінің.
D) Байқалды әндерін әкесінің дарыны тыңдаған Күләштің әншілік.
E) Әншілік әндерін байқалды дарыны Күләштің әкесінің тыңдаған.
7.Бастауыштың көпше түрдегі сұрағын анықтаңыз.
A) Баспасөз деген не?
B) Кітап басу ісі қашан пайда болды?
C) Баспасөздің қандай түрлері бар?
D) Баспасөздің көне түрлеріне нелер жатады?
E) Баспасөз жүйесінің қызметі немен реттеледі?
8.Шығыс септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.
A) Кешеден бері қауырт жұмыс көбейді.
B) Домбырамен ән айтады немесе күй шертеді.
C) Бұл сырды қасым түгіл досыма да айтпадым.
D) Ол сабаққа бармады, себебі денсаулығы болмады.
E) Егер де киноға барсаң, маған айт.
9.Cын есімнен жасалған анықтауышты табыңыз.
A) Жарысқа он оқушы қатысты.
B) Сынған ағашты кесті.
C) Сыныпқа жаңа оқушы келді.
D) Қазақстандықтар соғысқа қатысты.
E) Сынып екі топқа бөлінді.
10.Жұмбақтың шешуін табыңыз.
Білімнің жолбасшысы, шәкірттің қолбасшысы.
A) Сынып.
B) Асхана.
C) Дәрігер.
D) Ұстаз.
E) Сатушы.
II ТУР
1. Мәтінмен жұмыс
Рахымжан Қошқарбаев
( 1924-1988ж.ж.)
Рахымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тікті. . . Рахымжан Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылып, Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балхаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберіледі.
1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. 1943 жылдың жазында офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды. Рахымжан осы топқа ілігіп, Фрунзе қаласында орналасқан офицерлік училищеге келеді.
Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді. Р.Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-пәрменді армиясына 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жетті. Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды. Осында «Гимлердің үйінде» барлау взводының командирі лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. «Гимлер үйі» мен Рейхстагқа дейін ара қашықтық 360 метр ғана, бірақ ол өзінің солдаттарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта, жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бұл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды.
Р.Қошқарбаев бұрынғыдай мұнтаздай, денесі тіп-тік, келбетті жігіт қалпында. Омырауын «Қызыл ту», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары ажарландырып тұрды. «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті.
«Халық қаһарманы» атағы Р. Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Рахымжан Қошқарбаев 1988 жылы дүниеден өткендіктен, Батырдың жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия және майдандас досы Ж.Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Р.Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді. Оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты.
1.Рахымжан Қошқарбаев қандай ерлігімен бүкіл елге даңқы шықты? A) Варшаваны азат еткені үшін. B) Беларусь майданындағы ерлігі үшін. C) Брестті азат еткені үшін. D) Берлинді азат еткені үшін. E) Бірінші болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тіккені үшін. 2. Рахымжан Қошқарбаевқа 2001жылы қандай атақ берілді ? A) Кеңес Одағының Батыры. B) Халық Батыры. C) Халық қаһарманы. D) Халық қалаулысы. E) Халықтың қорғаушысы. 3. Рахымжан Қошқарбаевтың балалық шағы қалай өтті? A) Жетімдік пен қиыншылықты көп көрді. B) Бақытты өмір сүрді. C) Жақындары туысқандары көп болды. D) Ерке болып өсті. E) Әкесімен бірге өмір сүрді. 4. Рахымжан Қошқарбаев ерлігінің маңыздылығы неде? A) Батырлық және патриоттық мәнінде. B) Еңбеққорлық мәнінде. C) Ата дәстүрін дәріптеу мәнінде. D) Ана тілін қастерлеу. E) Әскери адамды құрметтеу мәнінде. 5. Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды көрсетіңіз A) Ер үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар. B) Ердің екі сөйлегені – өлгені. C) Ерлік – елдің сыны. D) Батыр жарасыз болмас. E) Ер – ырыстың кілті.
2.Мәтіндегі асты сызылған сөйлемге жазбаша түрде синтаксистік талдау жасаңыз.
3.
Бір
мақал-мәтелді таңдап,
мағынасын түсіндіріңіз.
Көпке пайдаң
тисе, төбең көкке
тиер.
Ананың алдында асқар тау да аласа.
Ағайын азарында алыстанар, ағадан жөн сұрауға намыстанар. Әкеңнің төріне сенбе, маңдайыңның теріне сен.
Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас.
Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.
4. Өзіңізге ұнайтын поэзиялық немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.

