Материалдар / «Орыс тілі пәні сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану»

«Орыс тілі пәні сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі артып келеді. Орыс тілін оқытуда басты мақсат – оқушыларды шетел тілінде қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді азамат тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
1696
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

14 «Жас алаш» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Абдуллаева Гулнара Алданазаровна


ОРЫС ТІЛІ ПӘНІ САБАҒЫНДА ЖАҢАША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ

 

   Қазіргі заман талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі артып келеді. Орыс тілін оқытуда басты мақсат – оқушыларды шетел тілінде қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді азамат тәрбиелеу.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алға басып өркендеуі, демократиялық реформаларды дамыту стратегиялары, адамзат қоғамының құқығы мен бостандығын олардың ұлттық ерекшеліктеріне сай тұрғыдан қарастырып, қалыптастыру- ұлттық, рухани болжаулардың дамуын, адамгершілік және мәдени құндылықтардың өркендеуін, салт-дәстүр мен әдет- ғұрыптардың ойлау және тілдік тәсілдердің дамуын талап етеді.   

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай, әлемдік биіктері бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестің бірі - Қазақстанның дүниежүзіндегі бәсекеге қабілетті болуы керек» - деген болатын.Сабақ-мектептегі оқу тәрбие жұмысының негізгі формасы. Сондықтан шеберлікпен ұйымдастырылған сабақ көп табыстарға жеткізеді. Шет тілін үйрету ең алдымен тілді басқа пәндермен тығыз байланыста оқытқанда ғана толыға түседі.

Сабақта дидактикалық материалдарды қолданудың жолдары:

         Қазіргі заманда сабаққа қойылатын талаптар мұғалімнен шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалдарды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана  оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцзийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, орындасам түсінемін»-деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Сондықтан сабақта қолданылатын интербелсенді оқыту тәсілдерін  пайдалану оқушының бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығын қалыптастырады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар атқара отырып, оқушының белсенділігі артады, бір-біріне көмектесе отырып, сабаққа барлық оқушы қатыса алады. Өзінше ізденіп, өз ойын толық жеткізе алатын дәрежеге жетеді. Нашар оқитын оқушының өзі ойын элементтері арқылы интербелсенді оқыту тәсілдерін  қолдану барысында оқушының ой - өрісін дамытуға көмектеседі. Жаңашыл ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыруды ұсынады.         

 Ал, енді интербелсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылар орындайтын бірнеше тапсырма түрлері:

1. Орыс тілінде сөздік қорын көбейту үшін тақырыптық суреттермен жұмыс жасаған өте тиімді. Оқушыларды төрт топқа бөле отырып, оларға суреттері бар кубиктер беріледі. Суретпен жұмыс жүргізудің бір түрі - кубиктер. Кубиктің алты беті болады, сол алты бетіне тақырыпқа байланысты суреттер қоямыз. Кубикті лақтырып қалған кезде қайсы беті түссе, сол бетін суреттейміз. Топтар кезек-кезек кубик лақтыра отырып, тапсырманы орындап отырады. Мысалы, жан-жануарлардың суретін әрбір бетіне саламыз. Оқушылар сол жануардың атын, сын-сыйпатын айтып беру керек.

          Бұл кубиктер орыс тілін жаңадан бастағандарға арналған бастапқы этапта пайдаланатын кубиктер. Келесі кубиктер күрделірек. Әрбір бет бір-бір тақырыпқа арналады. Мысалы: бірінші бетте киім-кешектер болса, екінші бетте ыдыстар, үшінші бетте жеміс-жидектер, төртінші оқу  құралдары, бесінші үй жиһаздары, алтыншы табиғат бейнеленеді. Кубикті лақтыру арқылытапсырмалар беріп оқушылардың барлығын дерлік сабаққа жүмылдырып,қызықты өткізуге боады. Сабақта бір сарынды ұзақ жаттығулар мен ұзақ оқытулар оқушыларды жалықтырады, сондықтан да оқыту тәсілінің бірі ойын элементтерін пайдалану оқушылардың сабаққа деген, жалпы шет тіліне деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырады. Сабақта мен бастауыш буындарда мынадай ойын элементтерін пайдаланып өткіземін. Келесі ойын сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша ойын жүргізуге болады. Мысалы, [әе] дыбысына. Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады. Қай топ көп сөз айтса, сол жеңеді.

     4. «Қатесін түзе» ойыны – Бұл ойында берілген сөздің қатесін табу керек. Яғни,  қайсы әріп дұрыс қойылады.

    5. «Күн сәулесі» ойыны – Қажетті сөзді тиісті тақырыпқа пайдалану тақырыпқа (Венн диограммасы)

Бұл ойын күн сәулесіне адамның мінез-құлықтарын жазып толтырамыз. Күннің әрбір шуағына әр оқушы бір мінез түрін жазып, кеспе қағаз оқушыдан-оқушыға өте отырып, соңында өз иесіне қайтады. Бұл ойын арқылы оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.

6. «Сөздерді толықтыр» – Бір сөзден келесі жаңа сөз табу (зат есімнен – етістікке айналдару т.б.с.с.)

Қорыта айтқанда оқу процесін  жеделдетумен байланысты шет тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолданбау керек деген емес. Қайта бұл әдістеменің дамуына негіз салады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Педагогикалық Шеберлік Орталығы Кембридж Университетінің Білім Беру    Факультетімен Бірлесіп Әзірленген Қазақстан Республикасы Педагог Қызметкерлерінің Біліктілігін арттыру Курстарының  Деңгейлі Бағдарламасына арналған Глоссарий /оқу-әдістемелік құрал/

2. 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жалпы Орта Білім Беретін Ұйымдарына Ғылым Негіздерін Оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат

3. Республика Президенті Н. Назарбаевтың Еліміздің шығармашылық зиялы қауымының танымал өкілдерімен кездесуіндегі сөзінен. Егемен Қазақстан, 1998 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ