ОРЫС ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТІ ПАЙДАЛАНУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОРЫС ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТІ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОРЫС ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТІ ПАЙДАЛАНУ

Шамуратова Нафиса

109 орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі


Қазіргі заманда сабаққа қойылатын талаптар мұғалімнен шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалдарды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана  оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцзийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, орындасам түсінемін» — деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Сондықтан сабақта қолданылатын интербелсенді оқыту тәсілдерін  пайдалану оқушының бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығын қалыптастырады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар атқара отырып, оқушының белсенділігі артады, бір-біріне көмектесе отырып, сабаққа барлық оқушы қатыса алады. Өзінше ізденіп, өз ойын толық жеткізе алатын дәрежеге жетеді. Нашар оқитын оқушының өзі ойын элементтері арқылы интербелсенді оқыту тәсілдерін  қолдану барысында оқушының ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Оқытудың интерактивті әдістері өте тиімді, өйткені олар жоғары деңгейдегі ынталандыруға, барынша жеке-дара оқытуға ықпал етеді, шығармашылыққа, оқушылардың өзін-өзі танытуына арналған кең мүмкіндіктерді көздейді. Балалар материалды терең меңгереді, өйткені білімге өз бетінше қол жеткізеді. Интерактивті әдістер оқушыларға өз күштерін, өз қабілеттерін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өзіне деген сенімділігі артады.

Тәжірибе жүзінде интерактивті оқытудың отыздан астам әдістері сәтті түрде қолданылады: дискуссия, дебат, сұрақтар мен жауаптардың әдістері, жобалар, «айшықты ара», дилемма, саралау, «Позицияңды ұста» және тағы басқа. Олардың бәрі жақсы нәтижелерді қамтамасыз етеді, мектептегі әдеби және тілдік білім берудің басты мақсатына жетуге – талантты оқырман мен сауатты адамды тәрбиелеуге, ақыр аяғында – белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруға көмектеседі. Олар логикалық ойлауды дамытуға, сөйлеу дағдыларын жандандыра отырып, өз көзқарасын дәйектеу мен қорғауға мүмкіндік береді.

Интерактивті оқытуды ұйымдастыру кезінде танымдық оқу процесіне іс жүзінде барлық оқушылар тартылады. Олар білім алып қана қоймайды, өздерінің коммуникативтік дағдылары мен машықтарын дамытады: басқаның пікірін тыңдауға, түрлі көзқарастарды өлшеп, бағалауға, дискуссияға қатысуға, бірлескен шешімдер шығаруға бейім болады.

Тәрбиелік мүмкіндіктер де айтарлықтай: оқушылар арасында эмоционалды байланыс орнату, командада жұмыс істеу – мұның бәрі оқушылардың жүйкесіне түсетін жүктен арылтады.

Интерактивті әдістемелерді пайдалану оқушылардың дамуына ықпал етеді, өйткені интерактив негізінде белгілі бір түрде ұйымдастырылған сабақтың барлық сатыларындағы өзара әрекет жатады. Оқытудың табыстылығы сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкес келетін тиімді нысанын таңдауға байланысты.

Интерактивті нысандар мен тәсілдерді сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады, олардың көбі әмбебап, көптеген пәндер бойынша материалды оқып-үйренуге жақсы сай келеді.

Интерактивті технологиялар оқытуға қолайлы жағдай жасайды, әр оқушы өз үлгерімі мен зияткерлік мүмкіндігі үшін жауаптылықты сезінеді, бұл оқыту процесін өнімді етеді. Іс жүзінде барлық оқушылар таным процесіне тартылады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі