ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДА ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДА ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі орыс тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда орыс тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, өзге тілдерді меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДА

ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ


Анварова Зилола Сабиржановна

109 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі пәні мұғалімі


Елбасы  жолдауында кез – келген орта  санатты  мектептің  балаларының  ең жоғарғы  деңгейдегі  орыс тілін  оқып  үйренуіне жағдай  жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз  керек  делінген. Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде қазіргі  таңда  орыс тілін  меңгертуге аса мән беріліп  отыр. Қазақстан Республикасындағы ең  бірінші  кезекте тұрған тіл саясаты туралы  басты  мәселе мемлекеттік  тілді  еркін меңгерту, өзге тілдерді  меңгертудегі  басты  мақсат – білім алушылардың  сапасын  халықаралық  стандартқа сай  көтеру. Бұл үшін жетілдірілген  әдіс  шетел  ғалымдарының іс-тәжірибелерімен  танысу қажет екендігі   ешбір  дау туғызбайтыны белгілі.

Бүгінгі  күні  елімізде 12 жылдық  білім  беруге  көшу қызу  пікірталас туғызуда, оқытудың  жаңа  жүйесіне  көшу-әлемдік білім кеңістігіне  енуді  көздейтін заман талабынан  туындаған  мәселе. 12 жылдық  оқу  мерзімінде  оқытуда  жалпы  орта  білім  беру  мазмұнында қазіргі  білім  беру  салалары сақталады: тіл мен әдебиет.

Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  әлемдік білім кеңістігіне  біртіндеп  өтуі  жағдайында  өзге  тілдерді  оқытудың ролі  артады. Әрине 12  жылдық  білім  беру  жағдайында орыс тілін  оқыту  әдістемесінің  бірі  ойын  элементтері мен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын  элементтері оқытудың  бір түрі  болып  табылады. Бұл әдістің  тиімділігі  оқушылардың  белсенділігін  пәнге  деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында  болып  табылады.

Оқудың  алғашқы  кезінде оқушының  тілдік  материалдарды жеңіл  меңгеріп кетуіне  көмектеседі. Ойын  түрлерін дұрыс  өткізілген   сабақта  оқушылардың  тілді  үйренуіне  ынтасы  артып, сол  тілді  білуге  қызығады.

Оқушының  шаршауын  сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек  ойын  элементтері  болып  саналады. Ойын  оқушыны бірігіп  жұмыс  істеуге бағыт  береді, іздендіруге  дағдысына  қалыптастыруына  мүмкіндік  туғызады.

Орыс  тілін  оқытуда ойын  түрлерін  мынадай  мақсатта қолдану  тиімді.

1.Алфавитті  дұрыс  меңгерту

2.Орфографияны  дұрыс   оқыту

3.Дұрыс   оқу  дағдысын қалыптастыру

4.Лексиканы  меңгерту

5.Оқушылардың  ойын  дамыту, дұрыс  жазу, дұрыс  айту, дұрыс  білу дағдысын  қалыптастыру.

Оқушыларды  орыс  тілінде  сөйлеуге  қарым-қатынас  жасауға  орыс тілін  әрбір  мұғалім  өз  сабақтарында  жаттығудың  бір  түрі  ретінде  ойындарды қолданылып, сабақты  қызықты  өтуге, оқушылардың тілге  деген  қызығушылығын  арттыруға  білім  деңгейін  тексеру  құралы  ретінде  пайдалануға  болады.

Таңдап  алынған  ойындар оқушылардың  сөз  байлығына тіл  қорына  сай  болу  керек. Мұғалім кез-келген   ойынды  өткізу  үшін  алдын-ала  жоспар құрып  алуы  керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.

Ол әдістемелік  тұрғыдан  алғанда   мынадай  бөліктерден  тұрады:

1.Ойынның  өтілетін сабақтарының  мазмұны мен  тақырыбына  сай  болуы.

2.Ойынға  берілген уақытты  нақты  белгілеу.

3.Ойынның ойналу  түрі  топ  болып  ойнау.

4.Ойынға  қажетті  материалдардың түгел  дайындалып қойылуы.

5.Қолданылған  сөздер,сөз тіркестері, өлең таңдау

6.Ойындардың  өту  барысының  жоспарын  жасау.

Мұғалім  алдымен оқушының оқуға  қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен  оқып үйрену барысында қабілеті  ашылып, дарыны  ұшталады, өз күшіне  мүмкіндігіне  сенімі  артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие  бола бастайды.

Қызығуды  туғызу  үшін  ойын  түрлерін  пайдаланудың  орны  бөлек. Тиімді  пайдаланылған  ойын түрлері мұғалімнің  түсіндіріп  отырған материалын  оқушылардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне  көмектеседі. Өйткені  төменгі  сыныптағы  оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап  отырады. Қызықты  ойын түрінен кейін  олар тез  серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы  орындайтын  болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Сонымен  бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер  арқылы да оқытуға  болады. Біз  сынып ішінде  ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы  сабақ үстінде  жаңа  сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа  сабақты  еске  түсіру  үшін қолданған жөн.


Ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру және тиянақтау, пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі  басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу  әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде  ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі  пайдаланып  отыру  керек.

Орыс тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады.  Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге  адамның өмір сүруінің маңызды  бір түрі. Іс-әрекетті  кесте  түрінде қарастырсақ,оқушының белсенділігімен білім  сапасын көрсетеді.

   Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда  зор маңыз атқарады. Ойын әсері  арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой  ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырылығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік-сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты  дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын  түрлерінің  материалдары  сабақтың  тақырыбы   мен   мазмұнына   неғұрлым  сәйкес  келсе,   оның  танымдық,   тәрбиелік    маңызы  арта   түседі.  Оны  тиімді   пайдалану   сабақтың  әсерлілігін,  тартымдылығын  күшейтеді, оқушылардың   сабаққа  ынтасы  мен  қызығушылығы  артады.

Ойынды  сабақтың  әр  кезеңдерінде,  тақырыбына   қарай   мұғалім   өзі   таңдап алып,  қолданып     отырады.  Қазіргі таңдағы жүргізіліп жатқан үштілді саясаттың әр сабаққа да әсері тиіп жатыр. Соған дәлел ретінде сабақ барысында қолданылатын бірнеше ойынды ұсынамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі