Материалдар / Орыс тілінде жүйелі білім беру

Орыс тілінде жүйелі білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ кезінде ұстаздарға көмегін тигізеді
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Page 1













ОРЫС ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ 5 ЖОЛЫ








@BIRGE.SOILEIK


Page 2

СӨЗ ЖАТТАУ. Кез келген тілді сөздер құрайды. Сондықтан,
үйреніп жатқан тіліңізде сөздік қорды көбейту өте маңызды.

1-техника. Ол үшін өзіңізге ұнайтын тақырыпта кішігірім
мақаланы оқып, білмейтін сөздерді аударып, жаттап алыңыз.
Кейінірек ол мәтінді қайта оқыңыз, сол кезде сөз есіңізде
сақталады.

2-техника. Жеке сөздерді емес сөз тіркестерімен бірге жаттаңыз.
Мысалы, ағаш сөзін ғана емес, сонымен қатар сын есімдерді де
жаттаңыз: ұзын ағаш, қысқа ағаш, жуан ағаш, жіңішке ағаш және
т.б.

КІТАП ОҚУ. Кітап оқудың жалпы пайдалы екені түсінікті. Бірақ тіл
үйрену үшін таптырмайтын құрал екені айтыла бермейді. Кітап
оқудағы негізгі 3 ереже:

1-ереже – дауыстап оқу. Егер даусыңызды шығарып оқысаңыз,
акцентті жоя аласыз.
2-ереже – түсінбейтін сөздер болса да оқи беріңіз. Ми – өте
ақылды. Көп сөздердің аудармасын білмесеңіз де оқу барысында
басқа сөздерге қарап түсініп аласыз.
3-ереже – әр бөлімді оқып біткен соң, 4-5 сөйлеммен
түсінгеніңізді орыс тілінде баяндап беріңіз. Бұл акцентті жойып,
орысша еркін сөйлеп үйренуге көмектеседі.

ТҮСІНІК АЙТУ. Кез келген мақала, кітап оқығанда, видео
көргенде түсінік айтуға тырысыңыз. Бұл сөздік қорыңызды
көбейтіп, тілдік барьерді жеңуге көмектеседі.


Page 3

КІТАПТЫ КӨШІРІП ЖАЗУ. Алдыңғы кеңестерде орыс тілінде
сауатты сөйлеу мен сөздік қорды көбейту жайында айтылды. Енді
орыс тілінде сауатты жазуды үйренетін уақыт келді. Себебі,
сауатты жазу да сауатты сөйлеу сияқты маңызды. Ол үшін
таптырмайтын әдіс – кітапты көшіріп жазу. Өзіңіз оқығыңыз келіп
жүрген кітапты не болмаса, өзіңізге ұнайтын жанрдағы кітапты
алып, соны көшіріп шығыңыз.

ОРЫС ТІЛІНДЕ АУДИОКІТА ПТАР ТЫҢДАУ. Орыс тіліндегі
кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы екі түрлі. Сондықтан
ауызша орыс тілін де түсіну керек. Ол үшін аудиокітаптар
тыңдаңыз. Тыңдау барысында автормен бірге қайталасаңыз,
акцентпен де жұмыс жасайсыз.















Page 4


























Page 5


Алматы 2020


ЖИ арқылы жасау
19 Мамыр 2020
384
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі