Биология. 6 сынып.
Сабақтың тақырыбы: §4. Өсімдік жасушасының құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өсімдік жасушасының құрылысы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік. Өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық. Жасуша туралы түсініктерін дамыту
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, микроскоп, пияз, пышақ, бөлме өсімдігі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жасушада қандай процестер жүреді?
2. Жасушаны ашқан кім?
3. Ұлғайтқыш құралдарды кімдер ашты?
4. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі қандай?
5.Микроскопқа қажет жабдықтар қандай?
3. Жаңа сабақ. Жеке бір жасушаның құрылысы-жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер және вакуоль.
Жасуша қабықшасы. Жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарды ерімейтін мықты болады. Қабықша жасунықтан тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін саңылау деп атайды. Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара газ , суалмасу, зат алмасу жүреді. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданып, кеуіп кетуден сақтайды.
Цитоплазма- жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады.
Ядро-цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекеттеріне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.
Пластидтер-тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттарына байланысты пластидтер-хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.
Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кезеседі. Хлоропласта жасыл пигмент хлорофилл бар. Оргганикалық зат түзуге қатысады.
Хромопластар гүл күлтелерінде, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге , жемтамырға қызыл, сары түс береді.
Лейкопластар-өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады
Вакуоль- цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға тлоы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасуашынң қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы орортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.
4. Қорытындылау.
Зертханалық жұмыс.№2. Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау.
5. Бекіту:
|
Жасушаның құрылысы |
Атқаратын қызметі |
|
1 |
Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады |
|
2 |
Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді |
|
3 |
Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды |
|
4 |
Көбеюге қатысады |
|
5 |
Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды |
6.Үйге тапсырма: §4. 3-4 сурет.
7. Бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өсімдік жасушасының құрылысы

шағым қалдыра аласыз