Өсімдікке су керек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдікке су керек

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша ашық сабақ.Дүниетану пәні бойынша пайдаланса болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: дүниетану

Сыныбы:2

Мұғалімі:


Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы

Өсімдікке су керек

Сабақтың мақсаты

1. Ойға түрткі болу арқылы өсімдіктің пайдасын ,жәна табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын ұғындыру 2.Танымдық тапсырмалар, жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін , сөйлесімін, айтылымын , ойын жүйелеп жеткізу дағдысын дамыту. Топтық жұмыс әрекеті арқылы жауапкершілікке, ынтымақтастыққа және топ болып тұжырым жасай білу дағдысын қалыптастыру 3.Өсімдіктерге қамқорлық жасап, күте білуге баулу арқылы табиғатқа деген ізгілік сезімдерін оятып,табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ формасы

Топтық, ұжымдық

Сілтеме

Дүниетану пәні 2-сынып, Биология пәні 6-сынып,Бастауыш сынып әдістемелігі. www.cpm.kz

Оқыту әдісі

Кембридж әдіс -тәсілдері

Оқыту нәтижесі



Тәжірибе жасау-бақылау нәтижесінде өз пікірін айтуға, табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінде пікірлесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін жетілдіреді, өз бетінше танымдық іс-әрекеттерін дамытумен бірге табиғаттағы адамдардың іс –әрекеттері жөнінде мәліметтер алады.



Түйінді идеялар

Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, судың пайдасын зерттеу нәтижелері арқылы тұжырымдап, табиғатты қорғау үшін үнемділік қажет екенін түйсінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс – әрекеті


Сабақтың кезеңдері.

І.Ұйымдастыру:

1. Оқушылармен амандасу

2.Психологиялық дайындық

«Жан жылуы»тренингі арқылы оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, сын есімді сөздер арқылы бір-біріне баға береді, жылы сөздер айтады.


ІІ. Топқа бөлу:

Қима қағаздар арқылы топқа бөлу

ІІІ. Бейнеролик «Құмырсқаның бірлігі»

ІV.Топ ережесін құру

1.Сабақтан кешікпеу

2.Ұйымшыл, ынтымақта болу.

3.Уақытты үнемдеу

4. Тақырыптан ауытқымай, ойды нақты жеткізу

5. Өзгенің пікірін аяғына дейін тыңдау

6. Өз тобы үшін жанкүйер болу

Оқушылар қиылған қағаздар арқылы өз топтарын табады.


ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І топ. Жобаны қорға

«Өсімдік – тірі ағза»

ІІ топ. Танымдық диктант

Өсімдіктің жер асты мүшесін ................ дейміз.

............өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады

Жапырақ арқылы өсімдік................................... .

Мәдени өсімдіктер: ..............,............................... .


Әр топ постерге жазып,тақтаға шығып өз зерттеулерін баяндайды. Топтағы оқушылар бір-бірін толықтырады.


ІV.Жаңа сабақ.

1.Мағынаны ашу

«ЖИГСО» әдісі «Өсімдіктердің өсіп-өнуіне өлі табиғаттың әсері»

Зертханалық жұмыс:

І топ. №1 ыдыстың түбіне мақта төсеп, кез-келген тұқымның 10-15 дәнін салады. Бетін ашық қалдырып , су құймайды.

2 ыдыстың түбіне мақтаны дымқылдап төсеп, тұқым салып, бетін әйнекпен жабады. Түбіне салынған тұқымның әр уақытта дымқыл болуын бақылау керек.

ІІ топ.№3 ыдыстың жартысына дейін су құйып, тұқымдар

( тұқымдар суға батып тұратындай)салынады. Үш ыдыстыда жылы, жарық жерге қояды.

4 ыдыстың түбіне дымқыл мақта төсеп, тұқымдар салып, бетін жаппай тоңазытқышқа қояды. (бір аптадан соң тексеру)



Тірек сұрақтар:

1.Тәжірибеден кейінгі шығатын тұжырым

2.Өсімдіктің өсуіне не қажет?

3. Тәжірибе алаңы

«Өсімдіктің бойында су бар»




4. Аут терапия

«Табиғат аясында»

Интерактивті тақта

Мен үшін сенің пікірің маңызды...

І топ. Егер өсімдіктер тілін адамдар

түсіне алатын болса, жердегі өмір қалай өзгерер еді?

ІІ топ. Сіз шежірелі Шалқар қаласының тұрғынысыз. Қаланы көркейтуге өз

үлесіңізді қалай қосар едіңіз?

Оқушылар алдарына таратылған кестеге толтыру керек.


Қима қағаздар


Өсімдікті суару жолдары


5. Рефлексия

Елбасы жолдауы:«...Бізге өз табиғат байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің маңызы зор.Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Біз оларды сақтаудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды ,ең бастысы еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді қолдануды үйренуіміз керек...»

Н.Ә.Назарбаев

Оқушылар пікірі

Үй тапсырмасы:


«Бір тамшы су жерге пайда»

Ойтолғау жазу


Бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек

Топ бір-бірін бағалайды





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2018
654
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі