Сынып: 10
Пәні: Биология
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктер және жануарлар селекциясы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – оқушыларға өсімдіктер және
жануарлар селекциясы туралы жалпы білім
беру.
2. Дамытушылық – оқушыларға жалпы білім бере отырып олардың ойлау, есте сақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік – оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, оқу процесіндегі ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілі: ауызша, сұрақ –жауап арқылы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Пән аралық байланыс: геогрфиямен
І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгелдеу
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Әр түрлі мәдени өсімдіктердің шыққан орталығы болатынын дәлелдеген?
-
Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі қай жылы жарық көрді?
-
Ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығын қаншаға бөлді?
ІІІ Жаңа сабақ
XX ғасырдың соңында жер бетінде халықтың саны 6 млрд-қа жетті. Халықты жоғары сапалы азық-түліктік заттармен толық қамтамасыз ету үпгін өсімдіктер мен жануарлардың өнімді сорттары және тұқымдары қажет. Қазір Қазақстанда 200-ден астам ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен будандары аудандастырылған.
Бидай — астық тұқымдас өсімдіктердің ішінде Қазақстан үшін негізгі дәнді дақыл. Қазақстанда бидайдың жәнө басқа дақылдардың селекциясымен айналысатын ірі ғылыми-зерттеу институттары бар. Олар А.И. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы ,Шортанды ауданы), Қазақтың В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы Алмалыбақ ауданы). Осы институттардың ғалымдары шығарған жоғары өнімді сапалы бидай сорттары республикамыздың көптеген алқаптарына егіледі. Академик Р.А.Оразалиев өзінің шәкірттерімен соңғы 20 жылдың ішінде 50-ге жуық бидайдың сорттарын шығарып, аудандастырды. Қазақстан ғалымдары шығарған кейбір бидайлардың сорттары.
Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл шаруашылығы малдары тек жынысты жолмен көбейеді. Олардан қолдан жасанды жолмен мутация алуға болмайды. Алынған жағдайда олардың тіршілік қабілеттілігі төмен және әр түрлі ауруларға бейім келеді. Жануарлар селекциясында экстерьерлік (лат. eksternus— сыртқы) белгілері бойынша сұрыптау жүргізеді, яғни олардың дене кұрылымы мен әрбір мүшесінің бір-біріне үйлесімділігі негізге алынады. Сұрыптаудың екініші түрі — ұрпақтары бойынша сынау. Бұл әдісті жануарлардың тұқымын жақсарту мақсатында қолданады. Мысалы, тауықтың жұмыртқалағыштығын арттыру үшін қоразды таңдап алып, мекиенінің (аналық) ұрпақтарының жұмыртқа әкелу өнімділігін, аналықтан алынған ұрпақпен және тұқымның орташа өнімділігімен салыстырады. Егерде мекиеннен алынған ұрпақтардың өнімділігі жоғары болса, онда қоразды аталық ретінде тұқымдарын асылдандыруға қолданады. Қазіргі жануарлар селекциясының негізін салушы ғалым М.Ф. Иванов ұрпақтары бойынша сынау арқылы жоғары өнім беретін Украинаның далалық ақ шошқа тұқымын және Аскания-1 қабанын алды. Бұдан баска жүнінің сапасы жоғары Аскания рамбульесі қойының тұқымын және сүтті бағыттағы ірі қара малдың Кострома тұқымын шығарды.
Қазақстандағы мал тұқымдары
Қой тұқымдары: Қазақтың арқар-мериносы. Бұл академик М.Ф. Ивановтың ұсынған әдісі бойынша биязы жүнді қойды таудың тағы арқарымен бұдандастыру арқылы шығарылған, дүние жүзіндегі бір ғана қой тұқымы. Қазақтың арқар-мериносын шығаруда, негізінен, шағылыстырудың сіңіре будандастыру және зауыттық будандастыру тәсілі қолданылды. Үшінші үрпақтың будан қошқарлары қандас саулықтарымен (ата жанынан қуғанда) шағылыстырылады. Осының нәтижесінде төртінші ұрпақ алынды. Бұл ұрпақтың қошқарлары да қандас саулықтармен шағылыстырылды. Бұдан бесінші ұрпақ алынды. Жұмыстағы негізгі мақсат — қойдың тұкымдық жаңа тобын, биік таулы жердің жағдайына бейімделген биязы жүнді қой түқымын шығару болды. Іріктеу және жұп таңдау, басқа да күрделі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде қойдың отандың жаңа тұқымы — қазақтын арқар-мериносы шығарылады. Авторлары: Ж.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Большакова, А.И.Жандеркин.
Республика көлемінде қойлардың бірқатар асыл тұқымдары бар. Олар: қазақтың биязы жүнді қойы, авторы: В.А. Бальмонт. Дегерес қойы — авторлары: В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев, М.А. Атлетов, Т.С.Садықүлов, А.Б.Байжүманов, т.б. Еділбайқойы—халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең жақсы тұқымы. Жергілікті құйрықты қойлардың тұқымын асылдандыру үшін Еділбай тұқымының таза көпщарларымен бұдандастыру жүргізеді. Қаракөл қойлары көп ғасыр бұрын Орталық Азияда, Бұхарада шығарылған. Қазір қаракөл қойлардың қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл коңыр, шатурн түсті түрлері бар. Ірі қара мал тұқымы. Қазақтың Ақ бас сиыры қазақтың жергілікті сиырын қалмақ бұқасымен бұдандастырып, одан алынған ұрпақты Герофорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алынған. Қырдың қызыл сиыры — Солтүстік Қазақстанда шыққан бұлтұқымқазақтыңжергіліктісиырын Швицкий бұқасымен бұдандастыру арқылы алынған. Симментальіріқара малы және Әулиеата ірі қара малы тұқымдары бар.
ІV Бекіту
-
Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер қандай?
-
Өсімдіктер селекциясында қолданылатын негізгі әдістер қандай?
-
Қазақстандағы мал тұқымдары?
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Өсімдіктер мен жануарлар селекциясы." 9 сынып

шағым қалдыра аласыз