Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5
мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал
туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне
тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ
барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі
артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне
тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және
бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде
саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру
мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі
беріледі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
10 мин
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен
тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау
сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі
сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен
бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау
жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен
таныстырады.
|
1.Ұрықтану нәтижесінде жаңа даралар қалай
дамиды?
2. Сперматогенез және овогенез процестерінің қандай
ерекшеліктері бар?
3. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан қалай жаңа аналық
организим дамиды?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды
түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық
дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын
көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік
береді.
Саралау: Бұл жерде
саралаудың «Диалог және қолдау
көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс
мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық
сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші
сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп,
талқылауға
белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың
ортасы
Мағынаны ашу.
20 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма
береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз
дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып
алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Гамета-жыныс жасушаларын
түсіндіреді.
|
Презентация
|
|
Білу, түсіну айдарындағы тапсырмаларды орындатады,
бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1.Жыныс жасушаларының
ерекшеліктері туралы айтып береді. Аталық және аналық жыныс
жасушаларының даму сызбанұсқасын
түсіндіреді.

2. Гаметогенез және партеногенез дегеніміз
не?
3.Тірі организимдердің түрлі топтарындағы партеногенездің
айырмашылығын айтып береді.
4. Овогенез процесінің кезеңдерін
атайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Мысалдар келтіреді.
2. Өз тұжырымдарын негіздейді.
.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
5 мин
|
Талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады,
бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Жыныс жасушаларының құрылыс ерекшеліктерінің атқаратын
қызметіне байланысты екендігін дәлелдеп
көрсетеді.
2. Параграф материалдарын, қосымша ақпарат көздерін
пайдаланып, суреттегі жыныс жасушаларын сипаттап
береді.

3.Овогенез бен сперматогенезді салыстырып
талдайды.

|
Жалпы - 4 балл
1.Мысалдар келтіреді.
2. Өз тұжырымдарын негіздейді.
3. Кестені талдайды.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
4 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа
деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін
саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша
оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын
қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде
саралаудың «Қорытынды» тәсілі
көрінеді.
|
Жеке
жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп
береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді
айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым,
ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын.
т.б.
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай
1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып
бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру
үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы
бағалайды.
|

|
Үй тапсырма 1мин
|
§ 62-63 бет 9-14
тест
|
|
|
|