Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдіктер систематикасы туралы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктер систематикасы жайлы түсінік беру. Өсімдіктерді жіктеуді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: __________________ Күні: 21.12.2017ж Сынып: 6 «А»


Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер систематикасы туралы түсінік. Өсімдіктер дүниесі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өсімдіктер туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге және қорғауға, туған елін жерін сүюге, адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа, жан - жануарларды аялап күтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ашық тұқымды өсімдіктер және жабық тұқымды өсімдіктер жинақтамасы, кестелер, суреттер ылғал препараттар балдыр, саңырауқұлақтар жинақтамасы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезең.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Керекті құралдарын реттеу.
II.Үй тапсырмасы: §30. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы.

Сұрақ-жауап:

1.Өсімдіктің жерасты мүшесі?

2.Тамырдың тамыр орналасқан бөлімі?

3. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар?

4.Құрғақ жемістер дегеніміз не?

5.Жемістердің таралу жолдары?

6.Минералды қоректену дегеніміз ?

7.Өсімдіктер қалай тыныс алады?

8.Ксерофиттер дегеніміз не?

9.Гидрофиттер дегеніміз не?

10.Телу деген не?

11.Телудің түрлері?

12.Өсімдіктердің дамуы дегенді қалай түсінесің?


III.Жаңа сабақ. Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы өсімдіктер болып үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар, қыналар жатады. Олардың біреулерінің құрылысы қарапайым әрі бір жасушадан тұрады. Басқа біреулері көпжасушалы болғанымен, олардың сабағы мен жапырағы болмайды. Бұлардың спора түзетін спорангий (қалтасы) және жыныс мүшелері бір жасушадан пайда болған.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы болады. Жыныстық мүшелері көпжасушалы. Оларға мүктер, плаундар, қырықбуындар, қырықжапырақтектестер, ашық және жабық тұқымды өсімдіктер жатады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің кейбір топтары, мысалы, мүк, қырықбуын, плаун, қырықжапырақтектестер споралар арқылы көбейеді. Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқымдары арқылы көбейеді. Тұқымды өсімдіктерде тұқымның қалың қабығы, ұрығы және қоректік заттардың қоры болады. Сондықтан сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді. Тұқым қолайлы жағдай туғанша, топырақта өнбей жата береді.

Жер бетінде өте кең тараған өсімдіктер тобына жабық тұқымды өсімдіктер жатады. Тұқымының, сабағының, жапырағының және тамырының құрылысына қарай жабық тұқымды өсімдіктер (немесе гүлді өсімдіктер) бөлімі қосжарнақтылар және даражарнақтылар болып екі класқа бөлінеді. Қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің тұқымында тұқым жарнағы екеу, ал даражарнақтылар класына жататын өсімдіктердің тұқымында тұқым жарнағы біреу болады. Әрбір класс бірнеше қатарды біріктіреді. Әр қатарға бірнеше тұқымдастар жатады. Тұқымдастар туыстар мен түрлерді біріктіреді. Мысалы, кәдімгі картоп – түйнекті алқа түріне, алқа туысына, алқагүлділер тұқымдасына, түтікгүлділер қатарына, қосжарнақтылар класына, жабық тұқымды өсімдіктер бөліміне жататын өкіл.



Өсімдіктерді жүйелеу:



Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

түр

тұқымдас

қатар

класс

бөлім

Дүние


Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7





IV. Бекіту:

1-кезең: Оқулықпен жұмыс:

Қозғалғыш споралар. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Зооспоралар.

2-кезең: Постер қорғау:

«Өсімдіктер систематикасы»


V. Қорытынды: Әр топ жаңа тақырып бойынша сұрақтар дайындау.

VI. Кері байланыс: «Табыс сатысы»

VII. Бағалау: Әр оқушы өзін бүгінгі сабаққа қатысу бағасын айтады.

VIII. Үйге тапсырма: §31. Өсімдіктер тіршілігімен танысу және оларды жіктеу.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3740
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі