2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Өсімдіктер-тірі ағзалар 1сынып
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Өсімдіктер-тірі ағзалар 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану пәніне қмж
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Пән: Жаратыстану Мектеп : №24 мектеп-лицей

Ұзақ мерзімді жоспар: Тірі табиғат

(«Өзім туралы» және «Менің мектебім» ортақ тақырыбы аясында)

Мұғалімнің аты-жөні Жигитекова Дана

Күні :

Сынып :1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер-тірі ағзалар



Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары ( оқу бағдар-ламасына сілтеме)

1.2.1.1Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өсімдіктердің тірі ағза екенін түсінеді.

Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің өмірлік формаларын анықтайды.

Кейбір оқушылар: Алған білімін өмірмен ұштастыра алады.



Бағалау критерийлері

- Өсімдіктердің өмірлік формаларын (ағаш, бұта,

шөп) анықтайды.

-Ағаш, бұта және шөптердің негізгі белгілерін

сипаттайды.



Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар:

Өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атай алады және салыстырып айта алады .

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

-ағаш, бұта, шөп;

-жабайы өсімдік, мәдени өсімдік


Талқылауға арналған сұрақтар:

- Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыздар?

- Бұталар мен ағаштың қандай ұқсастығы/айырмашылығы бар?

Сіздер неге … деп ойлайсыңдар?

- …бұл өсімдік жабайы/мәдени

Жазбаша тапсырмалар:

Өзіңіз көрген тірі өсімдіктің суретін салыңыз, белгілеңіз және жазыңыз.







Құндылықтарды дардарыту

Өзгенің пікірін тыңдай білу,адамгершілік қасиеттер және табиғатты сүйіп,оған қамқорлық көрсету.





Пәнаралық байланыс

Дүниетану,көркем еңбек





АКТ қолдану дағдысы

Интерактивті тақта





Бастапқы білім

Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін білуі, сондай-ақ оларды қалай күту және өсіру бойынша негізгі білімі болады.





Сабақ барысы





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ескерту





Сабақтың басы

8 мин





Психологиялық дайындық (3 мин)

Күз мезгіліне байланысты «Табиғат құбылысы»ойыны

Қимылмен оқушылар жасайды:

Оқушыларды топқа бөлу.(3 мин)

-Күн ашылды.

-Жел болды.

-Бұлт төнді.

-Жаңбыр жауды.

-Гүлдер ашылды.

-Бес-бестен топтасып саңырауқұлақ шықты.

1-топ.Ағаш

2-топ Бұта

3-топ Шөп

Алтын ережемен таныстыру.(2 мин)

1. Тәртіпті болайық!

2. Уақытты тиімді пайдаланайық!

3.Бір-бірімізді тыңдай білейік!

4. Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайық!

5. Біреу сөйлегенде, оның ойын бөлмейік!







суреттер



Бөлме өсімдіктері; өсімдіктердің суреттері.












Сабақтың ортасы

(23 мин )



Қалыптастырушы бағалау

























































Қалыптастырушы бағалау – сау өсімдікті анықтай білуін бағалаңыз.




Жұптық жұмыс (5 мин )

Өсімдіктерді неліктен тірі ағза дейміз?

Табиғатта заттардың түрі көп. Оларды жанды және жансыз табиғат деп бөледі.


Суреттерден нелерді көріп тұрсың? Олардың қайсысы жанды табиғатқа жатады?

Қайсысы жансыз табиғатқа жатады?

Ал қайсысы бұрын тірі ағзаның бөлігі болған?

Есте сақта!

Өсімдіктер — тірі ағзалар. Олар өседі, қоректенеді,­ тыныс алады, көбейеді. Жансыз табиғат нысандары өспейді,­ қоректенбейді, тыныс алмайды және көбеймейді.


Жеке жұмыс (3 мин)

Тас пен өсімдік

Тас пен өсімдікті салыстыр. Нені байқадың? Өсімдіктердің тірі ағза екенін қалай білуге болады?


Зерттейік (5 мин)

-Айналаңа қара. Қандай жанды табиғат нысандарын көріп тұрсың?

-Тапсырмаларды орындағаннан кейін шағын тәжірибелік жұмыс жасаңыздар. Жұмыс барысында оқушылар мынадай сұраққа жауап беруі тиіс: Біздің айналамызда жанды заттар бар ма? Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады, егер мүмкіндік болмаса, жұмысты сыныпта орындаңыздар.

Кейбір оқушыларға алдын ала дайындалып қойған екі өсімдікті ұсынуға болады. Оның бірі үнемі суарылған, екіншісі суарылмаған болсын. Оқушылар өсімдіктердің суреттерін салып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады.

Топтық жұмыс (10 мин)

1.Өзің бақылаған өсімдіктің суретін сал.

2.Коллаж жасау.(әртүрлі гүл мүшелерінің қималары)

3.Оқушыларға тірі өсімдік және үлгісін көруге ұсыныс жасаңыз. Оқушылардан тірі өсімдіктің осындай болатынындығын айқындайтын белгілерін атауды ұсыныңыз. Оқушыларға өсімдіктердің басты сипаттамаларын атап шығуға көмектесіңіз: қозғалмауы, дем алуы, қоректенуі, жасыл түсі.

АКТ,







суреттер










А4 қағазы

Үлестірмелі

қағаздар









тас

жапырақтар




Оқулық,сынып оқушылары





А4 қағазы



АКТ










Бірдей екі өсімдік, бірі - сау, екіншісі – ауру.





Оқулық

жаратылыстану





































































Оқу жоспары

ОМЖ

17-бет

Сабақтың соңы

(4 мин)





Қорытынды.

Рефлексия. Оқушылар жанды және жансыз заттарды ажырата алулары тиіс.

Жанды — жансыз

Оқушылар суреттерде салынған жанды ағзалар мен жансыз заттарды ажырата алады.


Жұмыстың дұрыс орындалуын бақылаңыз. Егер оқушыға тапсырманы орындау қиынға соқса, онда оған көмектесіңіз. Сонымен қатар тапсырманы тез, нақты әрі қатесіз орындаған оқушыларды ерекше атап өтіңіз. Тапсырманы орындай алмаған оқушылар кездессе, оның себебін анықтап, сабақ тақырыбын тағы да түсіндіру қажет.

Жауабы

Жанды: ағаш, ит, гүл, қоңыз, құс.

Жансыз: сағат, тас, су, үстел, асықтар, домбыра, құс қауырсыны.Shape1

Оқушылар бақылау, сараптау дағдыларын жетілдіреді.







смайликтер,

стикерлер









Оқулық







Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Деңгейлік тапсырма

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Ағаштарды жасыл, бұталарды қызыл, шөптекті

өсімдіктерді көк түсті қарындашпен қоршап сызыңыз.




Дескриптор: Білім алушы

- өсімдіктердің түрлерін таниды;

- өсімдіктердің түрлерін сәйкес түспен белгілейді.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қауіпсіздік шарасы – бейтаныс жидектерді, тұқымдарды немесе жемістерді жеуге болмайтынын және өсімдіктермен жұмыс істеген соң немесе ұстағаннан соң қолды жуу керектігін түсіндіріңіз.

ҚБ тапсырмалар жинағы

11-бет

Сабақ бойынша рефлексия

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылар қай тапсырма-ны орындауда қиналды?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен?
















Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы ды)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік\ қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет

















09 Ақпан 2019
563
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі