Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдіктер түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктердің түрлілігі жайлы тақырыпты түсіндіру, өсімдіктер тіршілігі туралы мәліметтер беру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өсімдіктердің түрлілігі жайлы тақырыпты түсіндіру, өсімдіктер тіршілігі туралы мәліметтер беру;

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Өсімдіктерге тірі жан ретінде қарауға, оларға қамқор болуға, өсімдіктерді дұрыс күтуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: өсімдіктер суреттері, ActivStudio бағдарламасы бойынша жаттығулар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Бүгін ауа-райы қалай?

- Жарайсыңдар!

Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Бүгін сыныпта кім жоқ?

Ал, енді балалар біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, мына өлең жолдарын оқып жіберейік.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн – табиғат

Жайқалып өссін – өсімдік

Жайнай берсін – орманымыз

Биік болсын – тауларымыз

Сәтті болсын – сабағымыз.

-Жарайсыңдар балалар.

- Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ал енді балалар үй тапсырмасын тексеріп болсақ, жаңа сабақты бастайық.

Өсімдіктердің жер бетінде өспейтін жері жоқ. Өсімдіктерді мұхит түбінен де, орманды даладан да, шөл мен шөлейт жерлерден де, таудан да, тіпті суық полярлы аймақтан да кездестіруге болады. Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңннан астамы балдырлар, 5 мыңдайы саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Өсімдіктер алуан түрлі болып келеді.

Мынау не?(бөлме өсімдігі) сыныптағы бөлме гүлін көрсетіп, балалардан сұрау.

Гүлдің мүшелерін тани аласың ба? (гүлі,сабағы,жапырағы,тамыры)

Өсімдіктің тамыры қайда орналасқан? (топырақта)

Өсімдік қандай ағза? (тірі ағза)

Өсімдік түрлері.

Өсімдіктің негізгі топтарына тоқталайық:

Ағаштар.

Бұталар.

Шөптер.

Ағаш пен бұтаның ерекшелігі?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
1416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі