Материалдар / Өсімдіктердің әр алуандығы
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Өсімдіктердің әр алуандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктердің әр алуандығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тексерілді________________

БІ орынбасары Калиниченко Л.С.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән

Дүниетану

Күні:27.02.2017


Мұғалім

Мадреймова Райхан Джалгасбаевна

Мектеп, сынып

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қазан ауылы Қазан негізгі мектебі, 3 «Ә»-сынып

Cабақтың тақырыбы: Оқушылардың өсімдік туралы білімдерін дамыту, өсімдік топтарын ағаш, бұта, шөп толықтыру. Алуан түрлі өсімдіктерді білу. Оқушының ойлау қабілетін ұштау, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: өсімдіктердің көп түрлілігі туралы жалпы карапайым

түсініктерін тереңдетіп, олардың алуан түрлі екенінің

белгілерін, олар бойынша өсімдіктерді бір-бірінен айыра

білуге, түрін анықтауға үйренеді.

Дамытушылық: өздігінен жұмыс істеу, ойлау қабілетін дамытады .

Тәрбиелік: табиғатты аялауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: сұрақ парақтар, топтардың аты, слайд суреттер,видеолар.

Пайдаланылған сайттар: http://bilimland.kz/

Сабақтың барысы::

І. Мұғалімнің іс – әрекеті:

Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Күннен, жерден нәр алған

Біз – өмірдің гүліміз.

Ақпаннан басталған

Сәтті болсын күніміз

Оқушыларіс-қимылдар арқылы қайталап айтады.

Сабақ барысында өсімдіктердің алуан түрлерімен танысу ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Бөлу барысы:суреттер кеспелерінен өз топтарын анықтап алады.

Топтар:

I-топ - Ағаштар.

II-топ - Шөптер.

«Топтастыру» стратегиясы

Өсімдік

Балалар, «Өсімдік» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білімдерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Өсімдік:

1) шөптесін

2) ағаш

3) бұта

II. Мағынаны тану.

Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар фигуралар арқылы сабақ бойы бағаланып отырылады. Сабақ соңында есебі шығарылып бағаланады.











Топ бойынша тапсырма беру.

1 – топ Ағаштар:

1. Топырақ құнарлы болу үшін не істейді?

Өсімдік тамыры арқылы қоректік заттарды бойына сіңіреді.

Күн көзінің жылуы мен ауадағы көмір – қышқыл газын сіңіріп өсіп жетіледі.

Жануарлардың денесінде қорытылып шыққан заттармен құстар, түрлі жәндіктер қоректенеді немесе олар шіріндіге айналады.

Сонымен топырақтың беткі қабаты өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан құнарлы топыраққа айналады.

2 – топ Шөптер:

2. Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?

Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі де түрліше болады.

Қарашірік көп болса, топырақтың түсі қоңыр болады.

Оңтүстікте топырақтың түсі бозғыл болады. Себебі селдер өсімдіктен қарашірік те аз қалады.

Қар сияқты болып тұратын жер ол – сор. Ол жер тұзды жер. Сор топырақта өсімдік өте сирек өседі.

Қайсы суретте адамдар топыраққа зиян, қайсысына пайда келтіруде? (Суретпен әңгіме)

Көмір шахталарының төңірегінде бос жыныстардан үйілген террикондар, яғни пирамидалар да көп жерді пайдаланудан шығарып, топырағын басып қалады.

Кен орындарының төңірегінде ұңғымадан төгілген мұнай да орасан зор көлемде топырақты істен шығарып, құнарсыз жерге айналдырады.

Осы орайда топырақты қорғау адамзаттың аса маңызды міндетіне айналуда.

Сыни тұрғыдан ойлау. Жаңа сабақ.

Сонымен балалар Топырақ құнарлы болса табиғатымыз қандай болады? Міне балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Өсімдіктердің көптүрлілігі.

Дәптерге күннің жады, тақырып жазу.

Оқулықпен жұмыс (түсіндіру)

Ағаштар: Емен, Қарағай, Қайың, Тал Шырша

Бұталар: Тобылғы, Итмұрын, Жыңғыл, Қарағай, Қырыққұлақ

Шөптер: Жусан, Селеу, Бидайық, Жоңышқа, Шоңайна, Бақбақ, Бетеге

Әлемдегі ең үлкен өсімдік – бұл алып секвойя, оның биіктігі 84 метрге дейін және діңгегінің диаметрі 11 метр.

Әлемдегі ең кішігірім гүлденетін өсімдік – бұл балықот, оның басқа атауы – вольфия. Өсімдіктің өлшемі 1мм. Оларды үлкейту шынысы арқылы көруге болады.

Дала - ормансыз алқап. Дала шалғынды немесе қуаң болып келеді. Көктемде даланы шөптесін өсімдіктер басады.

Дала шалғынды, қуаң немес шөл дала, егістік болып үш түрге бөлінеді.

Шалғын өсімдіктері: жанаргүл, қоянбұршақ, т.б.

Қуаң далаға тән өсімдік – боз. Боздың жапырақтары ұзын және түтікше сияқты оратылып, жіңішке болып келеді.

Егістік даласына бидай, қара бидай, сұлы, арап, қарақұмық, т.б. ауыл шаруашылық дақылдары егіледі.

Шалғын біздің ауданымызда өте көп, әсіресе жайлауда, судың жағасында өскен. Шалғынды шөп тек қана әсемдік емес, бұл дегеніңіз, біріншіден, дәрілік өсімдіктер, біздің аймақта осы шөптерден әр түрлі дәрілер де жасалады. Шалғын дегеніңіз бұл барлық малға жазда жайылым, қыста жейтін шөп шауып алатын шабындық. Әр түрлі шөптен жиналатын балдың дәмін, иісін, қасиетін айтсаңызшы!

Шалғын шөптің ауаны қалай тазартатынын айтпасақ та түсінікті.

Сергіту сәті «Қызыл өрік»

Би қимылдарын біргелікте қайталайды.

Шығамашылық тасырма: Өсімдіктерді аттарымен сәйкестендіріңіз.

  Артығын табыңыз.

Ойын: Қар лақтыру.

1. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, тұқым, сабақ, гүл, жеміс, жапырақ)

2. Біздің жерімізде қандай өсімдіктер өседі? (Қара тал, жоңышқа, жусан, жыңғыл, адыраспан, бәйшешек)

3. Ағаштар бүршікті қай мезгілде жарады немесе гүлдейді? (Көктем)

4. Біздің елімізде өсімдіктердің неше түрі бар? (6000 астам түрі бар)

Бағалау

Бүгін сабақ ұнады ма?

Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін алған фигураларымыз бойынша бағалаймыз.

Рефлексия

«Бағдаршам»әдісін ұсынамын

Жақсы түсіндім десе – жасыл түсті көтереді.

Орта түсіндім десе – сары түсті көтереді.

Түсінбедім десе – қызыл түсті көтереді

Үйге тапсырма: Оқулықтағы өсімдіктердің суретін салу. Өсімдіктер туралы мақал – мәтелдер жазып келу. Мазмұндау







Қазан негізгі мектебі










Ашық сабақ

«Алуан түрлі өсімдіктер»




3 «Ә»сынып жетекшісі:Мадреймова Р.Д.





















2016-2017 оқу жылы


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!