Өсімдіктердің қандай түрлері болады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдіктердің қандай түрлері болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Oқушылар өсімдіктердің әртүрлі тіршілік фор­ маларын­ оқып біледі. Ағаштар, бұталар және шөптердің негізгі ерекшеліктері­ мен ұқсас белгілерін біле алады. Мәдени және жабайы өсімдіктердің ерекшелік­ терімен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктердің қандай түрлері болады?


Күні :



СЫНЫП: 1- сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: жабайы және мәдени өсімдіктерді ажырату;



Оқушылардың басым бөлігі: өсімдіктердің негізгі бөліктерін білу;


Кейбір оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

Ресурстар:

  1. өсімдіктердің суреттері;

  2. бөлме өсімдіктері;

  3. көкөністер мен жемістер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Oқушылар өсімдіктердің әртүрлі тіршілік фор­ маларын­ оқып біледі.

  2. Ағаштар, бұталар және шөптердің негізгі ерекшеліктері­ мен ұқсас белгілерін біле алады.

  3. Мәдени және жабайы өсімдіктердің ерекшелік­ терімен танысады.

  4. Оқушылар жергілікті флора түрлерін (оқушылар елімізде өсетін кем дегенде 3 өсімдіктің­ түрімен­ танысады) қарастыру арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қамқор болуға үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Өсімдік үш түрлі қарапайым морфологиялық топқа бөлінеді. Мысалы: ағаштар, бұталар және шөптесін өсімдіктер. Ағаш — бір ғана сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Ағаштын жуан сүрегі дің деп аталады. Ал бұта дегеніміз — бірнеше сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Бұталарда дің болмайды. Бұталардың биіктігі ағаштарға­ қарағанда аласа. Шөптесін өсімдіктер дегеніміз — сүректенбеген, жұмсақ сабақтары бар біржылдық және көпжылдық өсімдіктер. Қолайсыз жағдайда шөптесін өсімдіктердің жер үсті бөлігі қурап қалады. Өсімдіктер мәдени және жабайы

болып екіге бөлінеді. Мәдени өсімдіктерді адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өсіреді. Жабайы өсімдіктерді адам қолдан өсіруінің арқасында мәдени өсімдіктерге айналдырған. Мә­ дени өсімдіктер жеміс, көгөніс, дәнді дақылдар, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Жабайы өсімдіктер дегеніміз — адам күтім жасамайтын өсімдіктер тобы.


Кіріспе тапсырма. “Өсімдіктер — тірі ағзалар” тарауын толық меңгерту үшін қарапайым сұрақ қоюдан бастауға болады.


  1. Жанды ағзалар жансыз заттардан қалай ерекшеленеді?


  1. Жанды ағзаларға не жатады?

  2. Жанды ағзаларға мысал келтіріңдер.

  3. Жансыз заттарға мысал келтіріңдер.


Бау-бақшадағы өсімдіктер. Оқулықтағы кіріспе бөлімді оқып, оқушылардың назарын суретке аудару. Оқушылардың бейнеленген өсімдіктерді қаншалықты білетіндігін және осы өсімдіктердің қай жерлерде өсетінін сұрау.


Оқушыларды жұптастыра отырып, суреттегі өсімдіктердің бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін сұрау. Жауап беру барысында оқушылардың назарын өсімдіктің мөлшеріне, биіктігіне,­ сабағының санына аудару. Оқушылар өсімдіктерді ағаштар тобы, бұталар тобы, шөптесін өсімдіктер тобы деп анықтағаннан кейін, екінші суреттен осы топқа жататын өсімдіктерді табуды тапсырамын.


Оқып, білген білімдерін бекіту мақсатында оқушылардың өмірлік тәжірибесімен байланыстыра отырып, ойын ойнату. Тақтаға өсімдіктер топтарының атауларын (ағаштар, бұталар, шөптер) бекітіп, сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ өз атауына сәйкес (бірінші топ — ағаштар, екінші топ — бұталар, үшінші топ — шөптер) неғұрлым көп өсімдіктерді атауы қажет. Оқытушы осы атауларды тақтадағы сәйкес бағанға жазады.


Өсімдіктерді ата. Егер ауа райы қолайлы болса,­ мектептің ауласындағы өсіп тұрған өсімдіктерді зерттеуге болады. Олардың мөлшерін анықтау үшін оқушыларды ағаштың немесе бұтаның жанына тұрғызып. Оқушылар ағаш діңінің жуандығын құшақ арқылы анықтап көрсін, егер бір оқушының құшағы жетпесе, онда екі немесе бірнеше оқушы бір-бірінің қолдарынан ұстауына болады. Егер ауа райы қолайсыз болса, өсімдіктер туралы бейнефильм немесе фотосуреттерді көруді, терезеден қарап, күнделікті көріп жүрген өсімдіктерге қарауды ұсыну.


Ормандағы және шалғындағы өсімдіктер.


Бұл тапсырманың мақсаты — “мәдени өсімдіктер” ұғымымен олардың өсетін жерлерін (бау-бақшада) зерттеу арқылы таныстыру. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударып, келесі сұрақтарды қою.


Өз мектебіңнің айналасында өсетін бірнеше өсімдікті ата.

Shape1

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру.

Мәдени және жабайы өсімдіктер. Оқушылар әр пікірге сай келетін дұрыс жауапты қоршайды.

Жауабы: 1. Жоқ. 2. Жоқ. 3. Иә. 4. Иә.

Осыдан кейін оқушылардан мәдени және жабайы өсімдіктердің айырмашылықтарын атауын сұрауға болады.

Бағалау


Оқушылар өсімдіктердің тіршілік формаларын ажыратып, ағаштардың, бұталардың және шөп­ тердің негізгі белгілерін білулері тиіс.

Өсімдіктер тобы. Оқушыларға әр өсімдіктің қай топқа жататынын анықтату. Одан кейін тапсырманы біршама күрделендіруге болады. Оқушылардан өсімдіктердің әрқайсысы қалай атала­ тынын сұрай отырып, олардың ағаш, шөп және бұта деп бөлінетінін еске түсіру.

Оқушылар мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата білулері тиіс.

Суретте не көрсетілген? Оқушылар суреттегі өсімдіктерді олардың дұрыс атауларымен байланыстырып қосып, мәдени өсімдік түрлерін ғана бояйды. Тапсырманы орындағаннан кейін мәдени және жабайы өсімдіктер дегеніміздің не екендігін сұрауға болады.

Орамжапырақты, алманы, картопты, қызылшаны, сәбізді, пиязды бояу.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім ?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі