Материалдар / Өскен елім - өзегім интеллектуалдық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өскен елім - өзегім интеллектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шараларды өткізуге, "Өлкетану" факультативтік курсы үшін қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Өскен елім – өзегім» (интеллектуалдық ойын)


Мақсаты: Оқушылардың «Өлкетану» және «Сырым өңірін тану» факультативті курстарынан алған білімдерін пысықтау; өзбеттерінше оқуға, ізденуге бейімдеу; шапшаңдыққа, ойларын тез қорытып, жүйелі жеткізе білуге, топпен жұмыс істеуге үйрету; географиялық білімдерін шыңдау; дүниетанымдарын кеңейту.


Интеллектуалдық ойынның бағдарламасы

І кезең. Тұсаукесер. Топты туған жермен байланыстырып таныстыру.

ІІ кезең. «Кім жүйрік?». Сұрақ-жауап (туған жер туралы)

ІІІ кезең. «Адасқан әріптер». ( экрандағы орындары ауысқан әріптерден жергілікті жердегі табиғат нысандарының атауларын құрастыру)

ІV кезең. «Географиялық почта». Географиялық және логикалық сұрақтар.

V кезең. «Тамаша тоғыздық». Сергіту кезеңі. (9 ұяшық беріледі әр ұяшықтың ішінде географияға байланысты бір жұмбақ жасырылған. Ұяшық таңдалып жауап беріледі)

VІ кезең. «Туған жерді жырлайық!» (оқушылар өздері дайындаған өлең-жырларын оқиды)

VІІ кезең. «Көшбасшылар сайысы» (Топтың басшылары арасында туған жерге байланысты сұрақ-жауап алмасылады. Алдын-ала сұрақты дайындап келеді)


Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Өскен елім – өзегім» атты интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! «Сыры мол туған даламның, бөлігі сенсің – Жосалы», деп ақын апамыз – Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай, біздің туған өлкеміз қуатты да, қайратты Қазақстандай алып елдің бір кішкентай бөлігі. Туған өлкені Отанымыздың бір бөлігі ретінде танып оқу – бүгінгі күн талабының маңызды мәселесі болып отыр. Кіндік қаны тамған, өсіп-өнген жерін сүю, оның «кешесі» мен «бүгінін» біліп өсу ата-бабамыздың тереңнен келе жатқан тәрбиелік тағылымы. Үстіміздегі жылы туған жердің табиғатын, тарихы мен мәдениетін, экономикасы мен экологиясын оқып-үйрену; оны сүю және қорғай білуге бағытталған 7-сыныпта «Өлкетану», 9-сыныпта «Сырым өңірін тану» факультативті курстары жүргізілген болатын. Оқушылардың сол курстарды қалай меңгергендіне, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандықтарына, оқушылардың білімдерін өзбеттерінше қалай толықтырғандықтарына куә боласыздар.

Жосалы аймағы – тарихи тұлғалар мен оқиғаларға толы, өзгеше табиғаты мен өзіндік тарихы бар қойнауы қазынаға бай өңір. Осындай өлкеде туып-өскен, балалар, біздер бақыттымыз! Туған жеріміз туралы терең білуге, ол туралы үнемі ізденуге, оны сүюге, табиғатын қорғауға міндеттіміз! Олай болса, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі интеллектуалдық ойынға тағы да қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Білімдіден шығады, алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра, шәкірт, суырылып шарықташы,

Қалмасын бұл жарыста сенің есең, дей келе бүгінгі ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға қатысушы топтарды сіздердің қошеметтеулеріңізбен ортаға шақырайық.


7-сыныптың тобы – «Жосалы»

9-сыныбының тобы – «Былқылдақ»


Жүргізуші: Асыл – тастан, өнер – жастан,

Шығады деп дарынды.

Туған жерді жіті білсең,

Баға аларсың нанымды, дегендей бүгінгі оқушыларымыздың туған жер туралы білімдерін бағалауға келіп отырған әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1. Оқу ісінің меңгерушісі – Назгүл Ғалымжанқызы Үсенова

2. Биология пәні мұғалімі – Салтанат Нағымқызы Елеубаева

3. Тарих пәнінің мұғалімі – Алма Жақсығалиқызы Кәкімғалиева


І кезең. Тұсаукесер. Топты туған жермен байланыстырып таныстыру. Әр топ өздері жасаған слайдтары арқылы топтың атауын туған өлкемен байланыстыра отырып таныстырады. (7 – 10 минут). Бағалау: 1 – 3 ұпай аралығында.


ІІ кезең. «Кім жүйрік?». Сұрақ-жауап (туған жер туралы). Топтардың сыныбы ескеріле отырып, факультатив курсының оқу бағдарламасына сай сұрақтар қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай).


Сұрақтар


«Жосалы» тобына:


1. Жосалы ауылдық округі Сырым ауданының қай аймағында орналасқан? (шығысында)

2. Ауылымыз неге «Жосалы» деп аталған? (жергілікті жерде кездесетін түрлі-түсті сазға байланысты)

3. Өлкеміздің климаты қандай? (шұғыл континентті)

4. Қай климаттық белдеуде, қандай табиғат зонасында орналасқан? (қоңыржай белдеуде, дала зонасында)

5. Өлкеміздегі ең суы мол өзен. (Өлеңті)

6. Өлеңті өзені бастауын қайдан алады? (Кеңащы жеріндегі бұлақтардан; Алтыбастан)

7. Өлкедегі емдік қасиеті бар, қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер? (киікоты, мия, андыз, шәйшөп, бақбақ, жолжелкен, түймедақ, жусан түрлері, т.б.)

8. Қазақстан жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, жерлесіміз, суретші. (Мұратбек Тауфихұлы Жоламанов)

9. Жергілікті жерде кездесетін, күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген қандай шөгінді тау жыныстарын білесіңдер? (бор, қиыршық тас, әк, т.б.)

10. Қоңыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан үлкен оба. Айналасында ақ түсті балшық кездеседі. Бұл обаларда 1960 – 1980 жылдарда жылан ордасы болған. Обаның ерекшелігі – аттылы, жаяу адам үстіне шыққанда дүңкілдейді, соған қарағанда асты қуыс, қолдан үйілген оба болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл қай нысан? (Тәтентау)


«Былқылдақ» тобына:


1. Жымпиты ауылының көне атауы. Неге олай аталған? (Қоспа – осы жерде Шідерті мен Өлеңті өзендері қосылған; Қызыл үй – ең алғаш мектеп, аурхана, шіркеу күйдірілген қызыл кірпіштен салынған, соған байланысты халықтың берген атауы)

2. 1783 – 1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы – ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі, дәстүрлі ел билеу жүйесіне өзгеріс енгізген реформатор. (Сырым Датұлы)

3. Қазақстандағы соңғы халық санағы қашан жүргізілді? Сол жылғы санақта Жосалы ауылдық округінде қанша адам болды? 2016 жылдың 1қаңтарындағы есеп бойынша қанша адам бар? (2009 жылы – 1088 адам; 2016 жыл 1 қаңтар – 900 адам)

4. Ауылымызда орта мектеп қашан ашылды? (1967 жылы 1 қыркүйекте)

5. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ауылымыздағы сегізжылдық мектептің түлегі. (Мұқадес Есламғалиұлы)

6. Жосалы округі жері шығысында қай аудан аймағының жерімен шектеседі? (Шыңғырлау ауданының)

7. Қоңыр ауылының солтүстігінде 7 шақырымдай жерде орналасқан қырат қалай аталады? Ол туралы не білесің? (Айдана қыраты)

8. Жергілікті жердегі көпшілік құдықтардың суларының ащы болуының себебі неде? (Жерімізде тұз күмбездерінің болуына байланысты)

9. Абдолла Жұмағалиевтің өмір сүрген жылдары. Бір өлеңін жатқа айтып беріңіз. (1915 – 1942 жж)

10. Бұл жер ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында қалмақтармен шайқаста ерлікпен қаза тапқан адай руының атымен аталады. Осы жерден басталатын шағын өзен Өлеңтінің бір саласы. Осы жерде ескі мешіт орны, тастан өрген құдықтар сақталған. «Айтбай» бұлағы , түрлі жоса, балшық бар; әртүрлі дәрілік өсімдіктер өседі. Бұл қай нысан? (Қармыс)


ІІІ кезең. «Адасқан әріптер». ( Экрандағы орындары ауысқан әріптерден жергілікті жердегі табиғат нысандарының атауларын құрастыру, әр атауға анықтама беру) Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан.

«Жосалы» тобына:

ЕҢТІӨЛ, РАҚАЛӨК, БЕЗӨТӘ, МЫДАТ, ОЛЖАСЫ, ЩЫКЕҢА, ОСБАБЕ, АУТТЕНӘТ.

Дұрысы: Өлеңті, Қаракөл, Өзтөбе, Тамды, Жосалы, Кеңащы, Бесоба, Тәтентау.

«Былқылдақ» тобына:

МЫСРАҚ, ТЫҚАТҮШ, НАЙАДА, ЫРОҢҚ, АНУЖТА ҰЛБАҒЫ, АЙСАРАҚ, АЛБАПН, АШАШҮ.

Дұрысы: Қармыс, Үшқатты, Айдана, Қоңыр, Таужан бұлағы, Қарасай, Балпан, Үшаша.


ІV кезең. «Географиялық почта». Оқушыларға бірінші бөлімде географиялық, екінші бөлімде логикалық сұрақтар қойылады. Сұраққа жауапты бірінші тапқан топ жауап береді. Географиялық сұрақтың әр дұрыс жауабы 1 ұпаймен; логикалық сұрақтың әр дұрыс жауабы 2 ұпаймен бағаланады.

І. Географиялық сұрақтар.

1. Ең алғашқы «география» терминін ғылымға енгізген ғалым. (Эратосфен)

2. Экватор қай ендікте орналасқан? (экватор 00 ; экваторда ендік болмайды)

3. Масштабтың түрлері. (сандық, атаулық, сызықтық)

4. Фонтан сияқты атқылайтын бұлақ. (гейзер)

5. Орал қаласы қай бойлықта орналасқан? (шығыс)

6. Күнге ең жақын ғаламшар. (Меркурий)

7. Ең соңғы ашылған материк. (Антарктида)

8. Жер бетіндегі жауын-шашын мөлшері ең көп түсетін жер. (Черапунджи)

9. Төрт ендікте де жатқан материк. (Африка)

10. 10 меридиан доғасының шақырыммен алынғандағы ұзындығы. (111 шқ)

ІІ. Логикалық сұрақтар

1. Бір өзеннің суына екі рет түсуге бола ма? Жауабыңды нақтыла.

2. Қаңтар айында ұшақпен Аустралияға баратын болдың. Қалай киінесің? Неге?

3. Солтүстік Қазақстанда күздік бидай егілмейді. Неге?

4. Қандай елді басыңа «киюге» болады?

5. Салқын болса да – «ыстық»; қапырық болса да – «мақпалдай»; кішкентай болса да – «алып»; алыс болса да – «жақын»; көріксіз болса да – «ең әдемі» бұл не?


V кезең. «Тамаша тоғыздық». Сергіту кезеңі. (9 ұяшық беріледі әр ұяшықтың ішінде географияға байланысты бір жұмбақ жасырылған. Ұяшық таңдалып жауап беріледі. Бағаланбайды.)

1) Тұрғыны жоқ елдер,

Үйі жоқ қалалар,

Суы жоқ өзендер,

Ағашы жоқ ормандар.

Бұл не? (географиялық карта)

2) Өркеші бар, түйе емес, 4) Ақ боз атым орнында,

Не ақ отау – үй емес. Ақ көбікке малынып.

Бір орнында тұрғаны, Тұяқпен тас атқылап,

Не болады, бұл қане? (тау) Таудан түсті шапқылап. (өзен)

3) Бар ма, жоқ па 5) Жер өзегі атанған,

Оны анық білмейсің. Ең орталық бөлігі.

Ол жоқ жерде Айтшы, бұл не?

Өмір сүріп жүрмейсің. (ауа) Неден тұрады? (ядро)

6) Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр, 7) Жалғыз бағыт білері,

Өзінің кіндігінен айналып жүр. Бұрғаныңа көнбейді.

Өзіне назар салып қарасаңыз, Жол көрсетіп береді,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. Өзі бірақ көрмейді.

(глобус) (тұсбағар)

8) Жарқырап таңда шығады. 9) Нұры салқын,

Ауылына барса, батырым Өзі жарық,

Алпыс миллион шақырым. (Шолпан) Шалқалап жүзген қайық. (ай)


VІ кезең. «Туған жерді жырлайық!» (оқушылар өздері дайындаған өлең-жырларын оқиды) Бұл кезеңнің тапсырмасы 1 – 3 ұпай аралығында бағаланады.


VІІ кезең. «Көшбасшылар сайысы» (Топтың басшылары арасында туған жерге байланысты сұрақ-жауап алмасылады. Алдын-ала сұрақты дайындап келеді). Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.


Интеллектуалдық ойынның қорытындысын әділқазылар алқасы шығарады. Әділқазылар ұпай санын есептегенше 5-сынып оқушылары Гүлназ бен Әмина «Туған жер» әнін орындайды.


Ойынның қорытындысы хабарланады. Марапатталады.


Шара 7 және 9-сынып оқушыларының қосылып Ақұштап Бақтыгерееваның сөзіне жазылған Жаскелең Ғайсағалиевтың «Жосалы» әнін орындауымен аяқталады.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!