ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік унивеситеті
Тарих, Экономика және Құқық факультеті
Қазақстан тарихы және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: «Осман империясы»
Жумашева Мерей
5В011400
Курсы 2 , топ И(о)-16к
Оқу түрі: күндізгі
Жетекшісі: Картова Зауре Кенесовна
Петропавл, 2017 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. XIVғ. аяғы – XVIғ. Түрік мемлекеті
1.1 Осман бейлігі және оның басқару жүйесі 7
1.2 Әскери–лендік жүйесі............................................................................................10
2. XVI-XVIIIғғ. Осман империясы
2.1 Осман империясының мемлекеттік құрылысы 16
2.2 Осман қоғамының әлеуметтік құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Осман мемлекеті – түріктердің адамзат тарихында құрған мемлекеттерінің ішіндегі ең ұзақ өмір сүргені. 600 жылдан астам уақыт бойына тарих сахнасынан түспеген бұл мемлекет үш құрлықта үстемдік құрған ірі империя болды. Осман мемлекетінің орналасқан бұрынғы территориясында қазіргі таңда отыз шақты мемлекет бар. Осман мемлекеті ислам өркениетінің мұрагері ретінде адамзат тарихы үшін аса қомақты мәдени мұра қалдырды. Қазіргі Түркия Республикасы Осман мемлекетінің жалғасы болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі.
Түркия мен Қазақстанның арасындағы байланыс ежелгі кезден бері келеді. «Біздің түп тамырымыз бір, екі ағайынды халықтардың өкіліміз, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Йассауи мен Әл-Фарабидің тұқымдарымыз» деген түрік-қазақ қоғамының өкілі И.Сака сөзінің жаны бар. [1]
Түркия мемлекеті ең бірінші болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындаған ел. Елбасымыз Түркия мемлекетіне іс-сапарлармен жыл сайын барып келеді. 2003 жылдың мамыр айында елбасының Түркияға 14-ші іс-сапары болды. Онда ол сол кездегі Түркияның президенті Ахмет Недждет Сезермен кездескен болатын.
«...Біздің Түркиямен, күллі мұсылман әлемімен жақын қатынастарымыз да тұрақты назарда болуы тиіс» деп 2004 жылы 24 наурыздағы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдауында сыртқы саясатының маңызды бөлігінің бірін көрсетті.[2]
Көріп отырғанымыздай, біздің ел үшін Түркия мемлекеті өте үлкен маңызды орын алады. Яғни осы елдің тарихын білу өзекті мәселе болып келеді. Түркияның тарихында үлкен орын алатын, маңызды кезең ол - XIVғ аяғы мен XVIII ғ. Осман империясындағы әлеуметтік саяси және билігіндегі құрылымдар жағдайы. Осы кезең түрік тарихында өзіндік рөлі бар, тарихта өзіндік із қалдырған кезеңі болды.
XVI ғасыр Осман империясының әскери және саяси күшінің гүлденген кезеңі. Осы кезде Осман империясы өз құрамына Таяу Шығыс және Солтүстік Африка территорияларын енгізді. Үздіксіз агрессиялық соғыстар нәтижесінде үлкен империя қалыптасты. Оның билігі әлемнің 3 бөлігіне таралды: Еуропа, Азия және Африка. Ортағасырлық Түркияның Таяу Шығыстағы басты қарсыласы Иран осы кезде әлсірейді. Сауда жолдарындағы Осман империясының тағы бір қарсыласы Египет жеке мемлекет ретінде өз тәуелділігін жоғалтты. Нәтижесінде ол империя құрамына кірді.
Осман империясы ортағасырдағы нағыз және жалғыз әскери держава болды. Империяның әскери мінезі оның мемлекеттік құрылымына және әкімшілік құрылымына әсерін тигізді.
Осман империясы жаулап алынған мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымына, мәдениетінің, тілінің, дінінің дамуына өзінің үстемдігі арқылы ықпал етті.[3]
Тарихнамасы.
Ортағасырлық Түрік мемлекеті туралы зерттеулер шығыс тарихнамасында кездеседі. Осман империясы кезеңі ғылыми тұрғыдан көптеген түрік тарихшыларының зерттеу жұмыстарында қарастырылады. Әсіресе Осман империясының аграрлық мәселесіне жиі көңіл бөлінеді. Өйткені империяның саяси және экономикалық құрылымының негізінде жер қатынастары болғаны белгілі.
XIX ғасыр ортасында түрік мемлекетінің тарихын зерттеуде еуропалық буржуазиялық тарихшылардың еңбектері ерекше орын алады. Мысалы Хаммердің, Беланның, Тишендорфтың жұмыстарынан ортағасырлық түрік мемлекетінің саяси-әлеуметтік құрылымына қатысты толық мәлімет алуға болады. Сонымен қатар белгілі орыс османисі В.Д. Смирновтың зерттеулері түрік тарихының тарихнамасы үшін өте маңызды. Оның еңбектері түрік қолжазбаларына негізделіп жазылған. Көптеген уақыт бойы В.Д.Смирновтың жұмыстары классикалық еңбектер болып есептелді және оның көзқарастарын ешкім жоққа шығара алмады.
Түрік тарихшылары Осман империясының тарихын зерттеуде көбінесе сұлтандар мен визирлердің және басқа беделді қызметкерлердің жағдайын сипаттаумен айналысса, кейін Түрік республикасы құрылғаннан кейін тарихнамада «ұлттық концепция» байқалады. Осы бағытта түрік тархшыларының алдындағы басты мақсат Түрік тарихының ерекшелігін көрсете отырып, еуропалық тарихшылардың түріктер туралы дәстүрлі де қате көзқарастарын жоққа шығару. Бұл концепцияда 1931-1934 жылы шығарылған 4 томдық Түркияның ресми тарихы туралы «Тарих» атты еңбекте айқын көрінеді. Аталған еңбекте Түрік мемлекетінің қалыптасуының алғы шарттары мен себеп-салдары айтылған және оған тарихшылар өз тарапынан баға бере отырып, Осман империясының даму ерекшелігі көрсетілген.
Кеңес тарихшылары да Осман империясы кезеңіне тарихнамада өз үлестерін қосқан. Осы мәселеге қатысты А. Матковский, В. Мустафчиева сияқты зерттеушшілер Осман империясының әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымын зерттеген. Олар Осман империясының ортағасырлық тарихтағы рөлі мен маңыздылығын көрсете білген. А. Матковский Осман империясындағы шаруалар қозғалысына жеке тоқталған. Ол шаруалар көтерілісінің тек себептерін ғана емес, сонымен қатар оған түрткі болған жағдайларды да көрсетеді.[4] Осман империясына қарсы көтерілістер көбіне саяси жағдайлар негізінде басталғандығын дәлелдейді. Тарихшылар: Г.И. Ибрагимов, А.Д. Новичев, Д.Е. Еремеев, М.С. Мейер, М.Я. Гасратян, С.Ф. Орешкова сияқты кеңес зерттеушілері Осман империясының мемлекеттік құрылымы мен саяси-экономикалық жағдайын зерттей отырып, оған өз тарапынан баға берген. Көптеген тарихшылардың зерттеуі бойынша Осман империясы түрік мемлекеттілігінің негізін салуға түрткі болғаны туралы ой бөліседі.
Мақсаты: Осман империясының мемлекеттік билігі мен саяси-әлеуметтік құрылымы күрделі құбылыс болғандықтан оны жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саяси құрылымын ашып көрсету.
Міндеттері:
-
Түрік мемлекетінің қалыптасуының негізгі сатыларын қадағалау;
-
Осман билігіне мінездеме беру;
-
Осман мемлекетінің жаулап алу саясатын ашып көрсету;
-
XVI-XVIIIғғ. Осман империясының мемлекеттік құрылымын зерттеу;
-
Осман қоғамының әлеуметтік құрылымын айқындау қажет.
Осы міндеттер арқылы ортағасырлық түркі қоғамының мемлекеттік және қоғамдық-әлеуметтік тарихы толық зерттеледі.
Зерттеу жұмыстың хронологиялық шеңбері ғасырдан ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезең Ортағасырлық түрік мемлекетінің тарихын толық ашып көрсетеді.
Жұмыстың құрылымы.
Осман империясының саяси билігі мен саяси-әлеуметтік құрылымы бойынша зерттеу жұмысымых кіріспеден, екі тарау екі параграфтардан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттелгелі отырған мәселенің өзектілігі мен оның тарихнамасы және зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері жазылған.
Бірінші бөлімде XIV-XVI ғасырлар аралығындағы Бейліктердің қалыптасуы қарастырылған. Осы тарауда Осман билігіне және оның басқару жүйесіне баға беру арқылы оның ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар әскери-лендік жүйе және оның Осман мемлекетінің әскери өміріне тигізген әсери қарастырылады. Осман үкіметінің жаулап алу саясаты мен оның Түрік мемлекетінің құрылысына тигізген әсеріде осы тарауда зерттелген.
Екінші тарауда XVI-XVIII ғасырлардағы Осман империясының саяси-әлеуметтік және экономикалық тарихы зерттелген. Осы тұрғыда Осман империясының мемлекеттік құрылысында қарастырылған. Сонымен қатар Осман қоғамының әлеуметтік құрылымы және оның ерекшеліктері толық зерттелген.
1. XIVғ. аяғы – XVIғ. Түрік мемлекеті
1.1 Осман бейлігі және оның басқару жүйесі
Түріктердің ортағасырлық тарихын екіге бөліп қарауға болады – селжүктік және османдық. Бұл екі кезеңді «бейлік дәуірі» (эмираттар, князьдықтар) деп аталған ауыспалы кезеңді айтуға болады (XIIIғ. II жартысы – XVғ.басы).
«Бейлік дәуірі» кезінде моңғол шапқыншылығы мен Анадолыға жасалған түрік миграциясының екінші толқынымен байланысты саяси және этникалық өзгерістер болды[5, 145 б.].
XIIIғ. екінші жартысындағы Кіші Азиялық селжүктер мемлекетінің құлауы және XIII-XIVғғ. кезіндегі Хулагуидтер (Ильхандар) державасындағы өзгерістер Анадолы жерінде эмираттардың , яғни бейліктердің құрылуына жақсы жағдай туғызды.
Моңғолдардың Кіші Азия селжүктеріне 1243 жылғы жеңілісінен соң олардың құрған мемлекеті екі бөлікке бөлінді. Анадолының Қызыл-Ырмақ өзенінен шығысқа қарай территориясы Хулагуидтер билігіне қосылды. Мұнда моңғол жаулап алушыларының тәртіптері нығайды. Ильхандар державасы тараған соң бұл жерлер ғасырдан артық Ирандағы билікке таласқан әртүрлі түркімен басшыларының бақылауында қала берді. Кіші азиялық селжүктер моңғол хандарынан вассалдық тәуелдіктерін мойындай отырып, Анадолының Батыс және Орталық бөлігінің көбіне биліктерін сақтап қалды. Бірақ іс-жүзінде олардың биліктері тез арада бірнеше кішігірім бейліктерге бөлініп кетті. Олар іс-жүзінде олардың моңғолдардан да, коньи билеушілерінен де тәуелсіз болды. Бұл жаңа саяси бірігу процесі шекаралас облыстарда, яғни уджда белгіленді. Онда жақында Кіші Азияға қоныс аударған көшпелі және жартылай көшпелі тайпалр болды.
XIIІғ. аяғында Түрік жерінде болып келген саяхатшы Марко Поло удж туралы былай деген: «Туркмены чтут Мухаммеда и следуют его закону; люди знают, что есть привольные пастбища, так как занимаются скотоводством»[6, 256 б.].
Шекарада тұрып жатқан тайпаларда өзіндік әскери-көшпелі тұрмыс қалыптасты: көшпелілердің бір бөлігі әскери қызметін атқарса, ал екіншілері мал бағып, шаруамен айналысты. Удждың барлық тұрғындары қаруланған болды. Көршілермен айқас, тонап кету, жерін тартып алу мақсатында болған шапқындар олардың күнделікті өмірінде болып жатты. Шекарадағы тұрып жатқан тұрғындарға діни үгітшілердің ықпалы үлкен болды.(шейхтер, баба)
Ең алғашқы бейліктердің көбі «сенімсіздерден» басып алған жерлерде орналасты. Бұлар Қараман бейлігі, Ментеше бейлігі және Чобан бейлігі.
XIIIғ. екінші жартысы мен XIVғ. бірінші жартысында Анадолының батыс және орталық территорияларында жиырма шақты бейліктер пайда болып жатты. Олардың кейбіреулері әлсіз болып тез ыдырап жатса, ал екіншілері түрік тарихында үлкен із қалдырды. Мысалы, Қараман бейлігі. Бұл бейлік XIIIғ. 60-жылдарында Киликшілік Армян патшалығынан батысқа қарай Тавра таулы аудандарында құрылды. Оның билеушілері армян жеріне жорыққа және моңғолдармен олардың қолдаушылары селжүктер вассалдарына қарсы күресте үлкен үлес қосты. XIVғ. басында өзінің мемлекетінің территориясын кеңейте отырып, Коньейді жаулап алған соң Қарамандықтар селжүк сұлтанының мұрагерлері болу құқықтарын ашық жариялады.
Қараман бейлігіне бастапқы кезде астанасы Кютахье болған Гермиян бейлігі болды. Гермияндықтардың византиялық жерлерге жасаған жорықтары сәтті болды. Нәтижесінде бейліктердің шекарасы Анкараға дейін барып жетті.
XIVғ. 20-30 жылдары Гермиян атақтарын Эгей теңізінің жағалауында құрылған жаңа бейліктері басып тастады. Осы князьдықтар (Ментеше: Айдын, Сарухан, Каресы бейліктері) осы кезден бастап тоналған байлықтарының үлкен бөлігіне ие болды. Анадолы аудандарынан келушілер болды. Олар «дін үшін күресушілер», яғни газиліктер болды. Көп кешікпей Кіші Азияның батыс бөлігі түрік бейлерінің қолында болды. Теңіз маңындағы бейліктердің ерекшеліктері олар қарақшылықпен, құлсатушылықпен айналысты. Бұл Эгей теңізінің аралдарына, Балқан халқына және Жерорта теңізінің саудасына үлкен қиындық әкелді. Түрік пираттарының істерінен шығын көрген еуропалық елдер шара қолданбақ болды. 1343-1344 жылдары Крест жорығы ұйымдастырылды. Мақсаты- Кіші Азияның Эгей жағалауындағы бейліктерге блокада құру болды. Нәтижесінде еуропалық одақтардың осы іс-әрекетінен кейін Эгей эмиратының әскери және экономикалық потенциалы іс жүзінде үзілді, олардың билеушілерінің ішкі саяси атсалысулары төмендеді. Тағы бір шекара маңындағы бейліктің тағдыры басқаша құрылды. Бұл бейлік Вифинияда орналасқан (Кіші Азияның солтүстік-батыс бөлігі) және осы князьдықтың бірінші тәуелсіз билеушісі – Осман бей(1258-1324жж) болды [7, 89 б.].
Осман бейлігі Эскишехир ауданында орналасқан шағын удждың негізінде қалыптасты. Оның иесі Османның әкесі Эртогрул болды. Моңғол шапқыншылығынан кейін билік басындағыларының селжүк билігіне тәуелділіктері таза номиналды түрде болды.
Шамамен, 1300 жылы Осман селжүктердің қарамағынан толығымен босап, территориясын кеңейтуде өзінің саясатын жүргізе бастады.
Осман бейлігі басқа князьдықтарға территория жағынан да, саяси-экономикалық даму жағынан да жол берді. Кіші Азиядағы XIV ғ. басындағы географиялық жағдай мен саяси жағдайы Осман бейлігінің тез қарқынды дамуына оңды болды. Осман мемлекетінің орталығы моңғолдардың билігі жүріп жатқан аудандардан алшақ болғандықтан, бейлік басшылары өздерін моңғол хандарының вассалдары ретінде санай отырып, іс жүзінде өздерінің саясатын өздері жүргізіп отырды. Көрші князьдықтар османдықтардың бастапқы табыстарына көп көңіл аудармады.
Осман князьдығының өсуіне әсер еткен фактор ол Византиямен көршілес болуы. Бейлік көсемдер Кіші Азияның әлсіреген империясының соңғы мүліктеріне қарсы жіберген әскери қимылдары шекараларын кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Анадолының «қасиетті соғыстағы» «сенімсіздерге» қарсы келген басқа да түрік князьдықтарынан жаңа күштерінің үздіксіз келуін қамтамасыз етті.
Осман бейлігінің ішкі басқаруы бастапқы кезде қарапайым болды. Осман мен Орхан тайпа билерінің кеңесінде бей атағын алды. Бей – біріншіден әскербасы ретінде болды, ал негізгі оның функциясы болып – жаулап алған қалалар мен қамалдарға басшы қылып сайланған ұлдары мен ағайындары болды.
Осман бейлігі кеңейгенде оның басқару жүйесі күрделенді. Орханның тұсында бірінші везирлер пайда болды, бұрынғы жұмыстардың орнына қоршап алған жердің әкімшілің-территориялық бөлінуі енгізілді. Акча деп аталған өздерінің тиындары соғыла бастады. Әскери ұйымдар да ауысты. Жеке жаяу әскерлер – я немесе пияде және атты әскерлер – мюсселем құрылды. Әскери жорық кезінде осы отрядтарға кірген әскерлер күніне 1 акчадан алып отырды. Ал бейбітшілік кезінде бұл адамдар орталық билік бөліп берген, салықтан босатылған, жеке қолануға берілген жерлерді өңдеумен айналысты. Осылайша тайпалық одақтан феодалдық әскерге көшірілді. Жаңа әскерлердің мақсаты – Кіші Азияны өздерінің билігіне қосу болды. Бұны іс жүзіне асыру үшін бірнеше жылды керек етті. Дегенмен XIVғ. екінші жартысындағы жағдай Анадолыдағы біріккен түрік мемлекетінің құрылуына әсер етті.
1.2 Әскери-лендік жүйесі
Шайқастардағы түріктердің жетістіктері көшпелілердің әдеттегі рулық қатынасынан шыққан әлеуметтік ұйымдастырудың динамикалық жүйесіне байланысты болды. Бұрынғы бөлінген эмират, кейінгі сұлтанаттар енді біріккен біртұтас әкімшілік-территорияны құрады. Ол санджак деп аталды. Оның басында рулық бөлім әскерінің басшысы –санджак-бей тұрды.
Кешегі әскери-көшпенділер отырықшылыққа көшіп, кавалерист-сипах әскери қызметін атқарып, осы қызыметті үшін әр біреуі тимар алды.Тимар әдетте жердің көлемімен емес, өзін асырап отыруға тиіс болған тимариоттың жылдық кірісінен алынып отырған суммасына байланысты болды. Тимар мұралыққа қалу үшін мұрагер әскер қатарында болуы тиіс. Тимарды басқа адамның қолына беруге қатаң түрде тиым салынды. [8, 231 б.].
Тимар иктаға ұқсас келді. Олардың айырмашылығы икта мұра арқылы берілмеді, бірақ бір қолдан бір қолға жеңіл көшіп отырды, ал тимар болса ережесі сақталған болса, мұралыққа берілді.Тимариоттар мен заимдар Түркияның негізгі әскери күшінің құрамын құрады. Бірақ оның басқа да бөлімдері болды. Біріншіден, әскери шабуылдың ерекше санаттары: командирлер қатары томариттердан құралды, ал қатардағылар – жауынгер-әскерлер, салықтан босатылғандар және араб халифаты кезінен әскери қызыметті атқарып келе жатқан катше тәрізділер енді. Екіншіден, маңызды және бірте-бірте маңыздылығы жағынан көбейген елдің әскери күші янычарлар, жауынгер-гвардейец, райя немесе гулям-мамлүк арабтары қатарынан шыққан және басқа тайпалардың құл-балалары енді, олар сұлтан сарайында әдейі мектептерде тәрбиеленгендігімен әскердің сапасын арттырды
Османды Түркияға жердің шарты ұрпаққа қалу жүйесі сәтті негіз болды. Жер және жерді өңдеуші шаруалар жеткілікті болып, шаруашылық пен қаланың көркеюіне сонымен қатар әскери пайда да сөзсіз өз септігін тигізді. Империяның дамуы мен күшін қамтамсызететін әрбір пайда әкелетін сала негізінде әскери аппарат жүйелі түрде қалыптасқан еді. XVI ғ басында сұлтан билігінің өзгеріп, халифаттың басқару жүйесі институт түрінде болуы да өзгерістер енгізді: түрік сұлтаны дінге сенетін халық үшін жоғары рухани табынушы немесе жер бетіндегі Алланың шәкіртіндегі дәрежеге ие болды. Империяның дамуына байланысты оның ішкі басқару жүйесі қиындай түсті. Әсіресе оған басқа жүйелі облыстардың Түрік османдығының құрамына енуі себепкер болуы. Ішкі басқару жүйесіне де өзгерістер енді. Империяның басқару жүйесінің күрделенуіне байланысты жауынгер-әскерлермен қатар басқарушылар тимарлар билікке кірісті.
Сонымен қатар, елде сұлтан ұрпағынан шыққан жоғары беделділер етек ала бастады. Бұл адамдархасса және арпалық сияқты көлемді жерлерге иеленді.Хасса және арпалық территорияларының өзіндік салық ерекшелігі: бұл аудандағы жер өңдеушілердің төлейтін салығы тікелей осы жер иесіне берілді. Бұл ерекшелік барлық пайдасы саналатын тимарларға қарағанда жер иесіне көп пайда әкелді, сонымен қатар жер иесі салық жинаумен өзі айналыспай, бұл істе өз көмекшілері; мультазимдарға артқан. Мультазимдар өз ретінде шаруа-райялардан салықты барынша алып отырған. Бірақ хасса және қарпалық жерлерінің бір кемшілігі ұрпақтан ұрпаққа берілмеген-ді. Басқаша айтқанда, мемлекет институт ретінде тимарлардың іс жүргізуін күнделікті қатаң тексеріп және хасса мен арпалық ісін де ерекше көңілімен қадағалады, әрине, осындай орталықты қадағалау үшін мемлекеттік аппарат қажет еді. Осман империясының бұл басқару жүйесі, сонымен қатар империяның ішкі құрылысы Шығыстың жүйелі генералдың әдіс құрылысының срнымен қатар жеке-билік институтына және орталықтандырылған билік әдісіне өте ұқсас болды. Барлық жер империяның мемлекеттік жері болып саналып, ал басқару аппараты сұлтанның атынан іске асырылды. Басып алған территорияларда жер иелену жйесі османдық үсімдер негізінде біршамасы өзгеріп, біршамасы өзгертілмеген, бірақ империяда қабылданған шешімдермен сәйкестендірілді.
Жоғарыда айтылғандай, империяда жер иелену түрлері қалыптаса бастады. Шартты жер иеленудің ұрпаққа мирас болып қалатын (тимар, зеамет) және ұрпақтан ұрпаққа берілмейтін (хасса, арпалық) түрлері болды. Жердің кейбір бөліктері жеке меншік иесінде қалды. Олар негізінен ұсақ (мүліктер), олардың иелері салықты мемлекеттік қазынаға төледі. Сонымен қатар, діни мекемелерге бекітілген вакуфты жерлер салықтан босатылды. Көбінесе салықтан босау үшін мүлік иелері өз жерлерін вакуфты жерлер топтарына ауыстырып, өз басына біршама пайда тапты. [9, 321 б.]. Бұл жүйе мемлекетке қауіп әкелген кездерде, империя өзінің жеке меншіктігін жүзеге асыруға тырысты. Жер иеленудің түрлерін алыс аймақтар болсын, балқан территориясы болсын, кейінірек араб жері болсын бұл жүйенің әртүрлілігін, жергілікті ерекшелігін жалғастыра беруге болды.
Әртүрлі жер иелену түрлерінің қарым-қатынасы феодалдық жер иеленудің дамуына және қалыптасуына еш көмегі болмады.
Ұрпақтан ұрпаққа дамып отыратын кішігірім жер аудандары және уақытша иеленген кең аудандардың иелері қалыптастырған емес, өйткені бұған осман қоғамының мықты орталықтандырылған билігі және күшті мемлекеттік аппарат себепкер болды.
Жүйенің кемшілігі (Қытай империясының билігіндегі) оның институттық билік емес, жеке адамдардың қарым-қатынасы негізінде құрылғанында болды. Біраз уақытқа дейін бұл кемшілік білінбей келді. Бірақ XVI ғ асырда басқарудың бұл кемшілігі көріне бастады. Сонда да жеке тұлғаның қарым-қатынас негізнде қалыптасқан басқару жүйесі қандай болды?
Бұл жүйенің ең бір ақсаған жері, сұлтанның өзінің басқару жүйесі болды. Өткен ғасырда болған көшпенділердің тайпалық әдет-ғұрыптары, клан, майорат мұрагерлік жүйені қалыптастырмады, ұзақ уақыт бойы бұл усталдар, әсіресе, эмираттарында көрінді. Биліктің ұрпақтан ұрпаққа үлкен ұлына қалу дәстүрі әртүрлі қарама-қайшылықтарды туғызып, билікке деген күреске айналып кетіп отырды. Билік басындағы сұлтандардың ұрпақтарының көп болуы бұл жағдайды шиеленістіре түсті. Билікке талас-тартыс негізінде бұл жүйе әлсіреп, билік үшін сұлтан сарайында өз ағайындарын қатігездікпен өлтіру ісі өз ізін салған еді. Шығыс өңіріндегі ең күшті және жан-жақты билік жүргізген жүйені түрік сұлтандары сол кезеңде – ақ қалап, бұл жүйе жайында, Осман империясының билік жүйесін Гегель және Маркс та жазған еді. Сұлтан, падишах қарамағындағы көмекшілері, нөкерлері тек қана құл болды. Олардың өмірлері сұлтанның ықыласы немесе кездейсоқ сұлтанның көңіліне де байланысты болған еді.Елдің әкімшілігі, Жоғарғы кеңес сұлтанның қалауымен сайланып және оның алдында жауапты болды. Құрамы бірнеше министр-уәзірлерден құралып, ұлы дәуір басшылығында болды. ІІ Мехмедтің Канун наме заңы және ислам дінінің наным-сенімі, шариат елдің негізгі заңдары болды.Биліктің әр қайсысы орталықта және әр аймақтарда орналасты.Ұлы уәзір билейтін әскери жүйе империяның басқару құрылысының негізі болды. XVI ғ басында ел ірі-ірі он алты облысқа бөлінді, негізінен ұлы уәзірдің билігінде болған аудандар біріншіден әскери дайындықта болды. Бейлербейлерге, өз қатарында уездік әскери-басшылар санжакбейлер бағынып, (уездік-санджактар шамасында болды) өз уездеріне жауапты болды. Уездерде санджакбейлердің билігі өте жоғары дәрежеде болды. Ең соңында, биліктің ең төменгі дәрежесі барлық әскери жүйе тимариоттарға қарасты болды. Тимариоттар санджакбейлерге бағынып, әскери дайындық және жергілікті тұрғындар арасындағы тыныштық үшін жауап берді. Қаражат мәселесін шешуші уәзір-дефтердар қатал түрде елдің кіріс және шығыс қазынасының көлемін есептеп, салық төлеуін қадағалап, тимардың өзіне тиісті пайдасының да асып кетпеуін санаққа салып отырды [10, 225 б.].
Империяда салық жүйесі өте күрделі болды, сонымен қатар, кейбіралыс аймақтарда өзіндік дәстүрлі салық түрлері де етек алған еді. Бірақ жалпы жүйе құрылысы нақты және қатал түрде болды. Салық екі негізгі бөлік – заңды салық (шариатқа негізделген – мұсылмандардан он ұшыр, өз несиесінен зекет және одан да жоғары салық бай тұрғындарға салынды), қосымша салық қатарына әртүрлі жергілікті және ерекше салықтар жатты. Салықтан өз нөкерлерінен басқа, діни қызметкерлер, заңгерлер босатылды.
Заңды діни-наным жүйесінің қызметі тұрғылықты адамдардың өмір сүру қалпы және халықтың іс-әрекетін қадағалау болды. Орталықтандырылған ұшыр, өз несиесінен зекет және одан да жоғары салық бай тұрғындарға салынды, қосымша салық қатарына әртүрлі жергілікті және ерекше салықтар жатты. Салықтан өз нөкерлерінен басқа, діни қызметкерлер, заңгерлер босатылды. Заңды діни-наным жүйесінің қызметі тұрғылықты адамдардың өмір сүру қалпы және халықтың іс-әрекетін қадағалау болды. Орталықтандырылған билікті шейх-уль-ислам жүргізіп, кейінгі тармақтары бір екі кази-әскер, уездік дәрежеде мұсылмандық сот-кадимен және көмекшілермен қамтыды. Сот-кади ең негізінен ислам дінін ұстанып, мұсылмандардың барлық соттық істерін қарастырды. Бұл жүйенің атқаратын басты саласының бірі сот үкімдері болды. Сонымен қатар сот-кади заңгер ретінде, іс құжаттарды жүзеге асырушы, тілмаш, елдегі ішкі қарама-қайшылықтарды, талас-тартыстарды шешуші кіріс пайдасы мен салық жинау, бағаның қалыптасуын, қоғамдық жұмыстардың тәртіптілігін қадағалау т.б қызыметін атқарды. Исламдық басқару жүйесі саясат пен діни наным, сенімнің бірігуінен тұрды. Елде әртүрлі діни көзқарастардағылардың арасындағы қарам-қайшылықтарды кади шешіп отырды.
Қатаң саясат жүйесі қалалық өмірде бірден сауда және қолөнер саласынан көрінді. Түркия қаласының тұрғындары негізінен басқа ұлт өкілдері болды. Олар мұсылман қолөнерлері мен саудагерлері сияқты жан-жақты қанау, салықтан көп қиындық көрді. Қалаларда цех жүйесі қызымет атқарып, әртүрлі жеке қолөнершілердің өніміне бөгет жасады. Орта ғасырлық Еуропа қалаларында цех жүйесі жүзеге асқан еді. Бірақ Еуропа қалаларындағы үлкен айырмашылық, Еуропадағы қолөнершілерге, саудагерлерге империядағыдай қысым, ұсақ-түйек салық қатаң қадағалау болған емес.
Қалалардағы орталықтандырылған қадағалау жүйесі қатал қадағалау және салық қана болып қойған емес. Кейбір өнімдердің өңделуі және сатылуы, мысалы тұз, сабын, воск, тек мемлекеттің құлқасында болды. Сонымен қатар басқа ұлт өкілдері гректер, армиян, иудей, славян, кавказдықтар барлық түрін саудасы және қолөнерін өз қолдарына алған еді. Қалалық өмірге негізінен әсер етушілер – араб мұсылмандары болды, өйткені түрік халқы өте аз болды. Түріктер ең біріншіден әскери жауынгер, жер иеленуші, қала тұрғыны немесе саудагер түріктер өте аз болды.
Жалпы алғанда империяның басқару жүйесінің негізі болған емес, керісінше, қалаларда, аудандарда бір жүйемен қадағаланды, ірі қалалар сұлтанның хассасына, кішілері –тимар, заемет немесе вакуфтарға айналды
ІІ тарау. XVI-XVIIIғғ Осман империясы
2.1 Осман империясының мемлекеттік құрылымы
Жаңа дәуірден бастау алған шағында ислам әлеміндегі күштердің түпкілікті түрде жаңаша топтастырылуы болды. Мамлүк сұлтандығы Темірдің қаһарлы патшалығы, Дели сұлтандығы және құлдырай бастаған Алтын Орданың орнында жаңа қуатты патшалықтар пайда болды. Олар, ең алдымен Ұлы Моғолдар, Сефевидтер және Осман патшалықтары. 1453 жылы Константинопольды басып алғаннан кейін Осман мемлекеті халықаралық саясатта бірінші орынға шыққан әлемдік державаға айналды. Қайта өрлеу дәуірінде Осман патшалығы христиандық Еуропаның басты жауы болып табылды. Ол католик шіркеуіне, князьдар мен дворяндарға қарсы шыққан барлық күштердің жиылу орталығы болды. 1454 жылы көпке танымал раввин Исхак Сарфати өзінің діндестерін осман түріктерін жан-жақты қолдап, солардың иеліктеріне, «еврейлердің жаңа отанына» көшуге шақырды. Германияның еврейлік қауымдастықтарының көбі оны жақтады. 1485 жылы Испания мұсылмандары Стамбулға өкілдерін жіберіп, көмек сұрайды. Антикатоликтік ағымдардың бәрі – дунай антитринитарилерінен бастап француз гугеноттарына дейін – түріктердің көмегіне сенген еді [11, 178 б.].
Ал ислам жерінде османдар жағынан көмекке тіпті кәміл сенетін. Солтүстік Африка, Араб Шығысы, Қырым және Үндістан мұсылмандары Стамбул билеушілерінен қорғаныш пен қамқорлық іздеді. Константинопольды басып алғаннан кейін ислам әлемінде осман мемлекеті – «айшық елін» тәртіпке келтіре алатын, әділдік орнатып, сыртқы жаудан қорғай алатын қайта жаңғырған шығыс қағанаты деген тұрақты пікір қалыптасты.
Өз билігін сұлтан жоғарғы дін адамдары мен ірі әскербасыларынан тұратын патшалық кеңеспен (диван-и хумайюк) бірге жүзеге асыратын. Осман патшалығының саяси құрылыстары билік бірлігі мен ұжымдық басқару қағидаларына сүйенгендігін ерекше атап айту керек. Ұжымдық басқару деген келісушілікті немесе консенсусты талап еткен және барлық мұсылмандардың еркін білдірген шешімдерді талқылап-таразылап қабылдау шура, яғни кеңестік қағида. Осыдан Осман патшалығында заң шығарушы, атқарушы және соттық билік және де діни немесе әкімшілік функциялары арасында нақты бөліну болған жоқ. Олардың бәрі бір қолда болды да бір-бірін толықтырып тұрды. Бұл саяси құрылымдар ұжымдық басқару органдарында – билік етуші кеңестерде (дивандарда) нақты орындалып отырды. Мемлекеттік басқарудың әр сатысында билік сол кеңестердің атынан жүзеге асырылатын.
Ең ірі территориялық бөлімшелер билер биліктер болды. XVI ғасыр басында олардың саны үшеу болды. Олар – Румели (орталығы Эдирнда), Анадолу (Анкара мен Кютахйя), Рум (Амасья, Сивас). 1520 жылға қарай алтау, ал 1610 жылы отыз екіге жетті. 1590 жылдан бастап олар эйалеттер деп аталды. Провинциялар уездерге бөлінді. Қалалар үлкендігі мен маңыздылығына байланысты эйалетқа немесе санжакқа, кейде нахияға бағынды [12, 218 б.]. Бірқатар аудандарда, әсіресе таулы жерлерде (Күрдістан, Ливан) автономиялық бірліктер болды. Оларды жергілікті әулеттер басқарды. Олар белгілі бір дәрежеде санжак немесе нахия шеңберіндегі вассалдық мемлекетке ұқсас келді. Жергілікті әулеттер өздеріне бағынышты халықпен қарым-қатынасын осман әкімшілігі жағынан ешбір бақылаусыз жасады. Бірақ әскери жағынан олар тиісті осман әкімшілігіне бағынды, эйалеттердің жасақтарына қатысты. XVI ғасырда Мысыр мен тағы бірқатар араб елдерін бағындырғанда сальяне деп аталған салық төлейтін Эйалеттер құрылды. Сальяне – қазынаға немесе билерби аппаратын қамтамассыз етуге жұмсалатын төлем. Өздерінің орталық билікпен қарым-қатынастарын олар алым-салықтық немесе вассалдық үлгіде құрды. XVI ғасырдың ортасы мен XVII ғасырдың басында османдардың жаулап алған немесе өздеріне бағындырған жерлердің бәрі сондай дәреже алды.
Османдардың әкімшілік-саяси құрылысының ең бір керемет ерекшелігі милеттер болды. Ол – ішкі өзін-өзі басқаруда кең құқықтарға ие болған өзге діндегі халықтың автономды діни-саяси құрылымдары. XVI-XVII ғасырлары үш мемлекет болды: рум миллеттер (византиялық милет) , якуди миллеттер (еврейлік миллет) және эрмени миллеттер (армияндық миллет). Бұлардың біріншісі Осман патшалығының православиелік халқын, екіншісі - әртүрлі еврей конгрегацияларын (және караимдер мен самаритяндарды), үшіншісі - армян-грегориандар мен басқа да шығыс христиандық, халкидондық емес конфессияларды (копталар, яковиттер, несторлықтарды) біріктірді.
Сұлтанның жоғарғы билігін мойындап, жизье деп аталған жан басына салынған салықты төлесе болды, бұл миллеттердің бәрі мәдениет бостандығына иеленіп өздерінің қауымдық мәселелерін өздері шешетін болды. Нақты жері болмаса да, бұл шіркеулік-конфессионалдық мемлекеттердің толық ішкі егемендігі болды. Басқа сөзбен айтқанда, олардың егемендігі экстратерриториялық сипатта болды, яғни белгілі аумақтардың жұртына емес, тұратын жеріне тәуелсіз нақты бір адамдар категориясына таратылды. Соған сәйкес, бір жерде тұратын әртүрлі діндердегі адамдар әртүрлі билікке бағынды. Тек экономикалық және саяси өмір мәселелерінде ғана шешуші сөз мұсылман мемлекетінікі болды.
Миллетті дін қызметкерлері басқарды. Оның басында миллет-башы тұрды. Ол православиелік шіркеудің патриархы немесе өзге конфессияларда жоғарғы діни жетекші болып мойындалған адам болды. Мысалы, гахам-башы – патшалықтың басты раввины болып саналған адам. Миллет-башы патшалық кеңестің мүшесі болды, сұлтанмен тағайындалды және де оның алдында миллеттегі жағдай үшін жауап берді. Ол миллеттің діни қызметкерлер мен миряндардың өкілдерінен тұратын диванмен бірге билік жасады. Миллет-башы миллеттің иерархтарын тағайындады. Оның жеке қазынасы, абақтысы, полициясы болды және ол әртүрлі салықтар мен құрбандықтар жинады. Сот, мектеп, діни және қайырымдылық ұжымдары соның қолында болды. Сот миллеттің заңдары мен дәстүрлеріне негізделді. Бұл заңдар жанұялық-некелік қатынастардың бәрін, меншіктік құқық, т.б. азаматтық және қылмыстық істерді реттеді.
Бірқатар эйалеттерде осман билеушілері мен жергілікті діни-этникалық азшылықтар (язидтер, друздар, андалустықтар, испандық мұсылмандар, т.б.) арасындағы қарым-қатынас миллет жүйесі бойынша құрылғанын айта кету керек. Осман патшалығының қол астына өткенде оларға миллет құқықтарына ұқсас ішкі өзін-өзі басқару құқығы берілген еді.
Басқарудың ерекше саласы баш девтердар басқарған қаржы-салық қызметі. Эйалеттерде оның өкілдері – провинция дефтердарлары болды. Оларға санжактардың дефтердарлары, ірі қалалардың мемлекеттік меншігіне басшылық етушілер (шехир эминдер) және мамандандырылған басқармалардың басшылары бағынды: қазынашылар (хазинә), кірісті санау палаталары (рузнаме), тимарлар палаталары, қалалық және ауылдық мукатааларды басқарған басшылар (эмин) қызметіне жауап беретін мемлекеттік меншік палатасы. Егер мукатаа (яғни жер, әртүрлі меншік, т.б.) тікелей мемлекет иелігінде қалса, олар хавасси хумайүн (патшалық мүлік) немесе жай ғана эманет деп аталады. Сөйтіп, мемлекеттің материалдық байлығын жинау, есептеу және бөлу ісін басқарған үлкен бюрократиялық аппарат түгелдей дефтердарлар мен оларға бағынышты қызметтердің қолында болды.
Тұрғындардан алынған ренталық-салықтық төлемдердің жалпы деңгейі осман қоғамының негізі салынған батыс анатолиялық-балқан аумағы үшін түгел бірдей болды. Бұл жерлерде османдардың басын алуына дейін болған ренталық-салықтық иемдену мен салыстырғанда оның деңгейі әлдеқайда төмен болды. Шаруалардың жұмыс істеу міндеттілігі толық өзгерді. Олар енді жылына үш күнді құрады. Шаруалардың кейбір топтарына белгілі бір тұрақты міндеттер артылды. Мысалы, жолдарды жөндеу, өткелдер мен асуларды күзету, т.б. Бұл үшін олар салықтарды төлеуден жартылай немесе түгелдей босатылды.
Сүлеймен Кануни тұсында салық салудың бұл жалпы османдық деңгейі, кейбір жергілікті ерекшеліктерді сақтай отырып, Шығыс Анатолия мен Қосөзенге таралды. Ол жергілікті тұрғындардың өтініші еді, өйткені мұнда Ақ қоюнлы мемлекетінен қалған салық жүйесі әлдеқайда қиын болатын. Солтүстік Африка елдерінде, әсіресе салықтар шаруа қожалығы пайдасының 2% құраған Алжирда, салық көлемі біраз төмендеді. Осман патшалығының барлық бөліктерінде басыбайлы құқықтың, жеке тәуелдіктің ешқандай түрлерінің болмағандығын айта кету керек. Жалпы, көзбен көрген адамдардың баяндауы бойынша XVI-XVIIғғ. мұндағы шаруалардың жағдайы Батыс Еуропадағы көршілес елдерден артығырақ болды.
Эмин, аміл, тимариоттар билігі мен құқықтары қатал шектелді. Бераттар мен канун-намеда көрсетілген төлемдерден басқа ештеңе алуға рұқсат етілген жоқ. «Ерекше» (хасс) рентаға құқықтары болған жоғары шендегілердей емес, қатардағы сипахтардың түсіретін пайдасы төмен болатын [13, 345 б.]. XVI ғасырда тимарлық рентаның орташа көлемі тас қазушы немесе балташының жылдық еңбекақысынан (3-4 мың акче) аспады. Бірақ рентаға қоса тимариоттар егін егіп, шөп шабатын жер алу және де үйінің маңындағы жер мен қауымдық жайылымдарды пайдалану құқығы берілді.
Алғашында тимарлар зеамет, яғни түсетін пайдасы 20 мың акчедан артық тимар алған кавалерист-сарбаздар мен олардың әскери командирлеріне ғана берілді. Бірақ XVI ғасырда сипахтармен қатар салық пайдасына орталық мемлекет аппаратының шенеуніктері, сұлтан үйінің жоғары бағаланған малайлары мен кейбір кедейлер қосылып, ақшалай алатын төлем ақысының үстіне тимарлық рента алатын болды.
Осман дәуірінде барлық жер және су байлықтары умманың (мұсылмандар қауымы) жеке меншігі болып есептелді. Ол екі түрде көрінді: мемлекеттік (мири) және вакфтық. 1528 жылы мири үлесіне өңделетін жерлердің 87%, вакфтар үлесіне – 13% келетін. Мүліктік жерлер жоққа тән болды. Мысалы, Анадолу эйалетінде 1520-1535жж. ауылды жерлерде мүліктік жер иелері 11278 ауылдың алпыс алтысын мекен салық төлеушілерінің 0,6% құрды. Мири жерлерінен жиналатын пайда тікелей қазынаға (эманетте) немесе әртүрлі рентабұйрықшыларының әмірлігіне түседі [14, 288 б.].
1528 жылы жалпы патшалық бойынша жиналған 437929006 акче мемлекеттік пайданың 51% эманеттерге келді, ал 49% орталықсыздандырылған алынуларды құрады, соның ішінде 37%-тимарлар. Тимарлық және басқа да қызметтік еңбекақылардың көлемі әр провинцияда әркелкі болды. Шекаралық («майданға жақын») аудандарда ол бәрінен биік болды. Мысалы, Мысырда 1528 жылы әскери ренталарға мемлекеттік кірістің 14%, Сирия мен Румелияда 52-ден, Жоғары Қосөзенде 69, Анатолияда 74%, оның үстіне 56% тимарлар келетін болды. Бұдан шығатын нәтиже: Румелия, Сирия, Қосөзен, әсіресе Анатолияда тимарлар рента-салық жүйесі мен ауыл басқаруда басты әкімшілік-ұйымдастырушы белгі болды. Мысыр, Иемен және Солтүстік Африка елдерінде шаруаларды басқаруда мемлекеттік бюрократиялық қалыптар үстемдік етті.
2.2 Осман қоғамының әлеуметтік құрылымы
Осман патшалығының әлем державасы дәрежесіндегі негізгі әлеуметтік-саяси және экономикалық институттары ІІ Мехмед тұсында құрылған. ІІ Баязид кезінде (1481-1512жж) олар тәртіпке келтірілді және де Мехмед ибн Фира- Мырза (1480 жылы қайтыс болған) мен бірсыпыра осман үлемдерінің қызметімен байланысты нақты діни-құқықтық негізге ие болды. І Селім (1512-1520жж) мен І Сүлеймен Кануни (1520-1566жж) дәуірінде мемлекеттік институттар ғасырлар бойы осман қоғамында үлгі тұту нысанасы болып келген толық, аяқталған күйіне ие болды.
Осман мемлекеттілігінің негізінде XII-XIIIғғ. акийлік және ғазилық қозғалыстар дәстүрі жатты. Өздерінің рәміздерінде олардың сайид аль-гуззат белгісін ерекше мақтан тұтуы тегін емес (сайид аль-гуззат – «ғазылардың, яғни киелі соғыс сарбаздарының көсемі). Шынында да, патшалықтың әскери, әлеуметтік және саяси институтттарының көбі ертедегі осман ұйымдарының тікелей жалғасы мен дамуы болып табылады. К.Иналджик пен басқа да батыс-либералдық мектептердің түрік тарихшыларының оларды ерекше, мұсылмендық Шығыс елдерінен өзгеше әлеуметтік-саяси институттар ретінде көрсетуге талпынулары қалаған нәрсесін шындық етіп шығарғанға көбірек ұқсайды [15, 357 б.].
ХІХ ғасырдың ортасына шейін замандастар да, кейінгі ұрпақ та Осман патшалығын нағыз халифат, шариғат қағидалары іс жүзінде қоғамдық, мемлекеттік және жеке өмірдің барлық жақтарын реттейтін әлемдегі бірінші шариғаттық мемлекет ретінде қарастырды. Осман патшалығы тарихта мұсылман діні ресми мәртебе алып қызметтері мен функциялары нақты белгіленген кәсіби адамдардың ерекше иерархиялық ұжымын құрған алғашқы мемлекет болды. Османдардың ірі тоелогтары – Махмед ибн Фира-Мырза (Хүсрев молда), Ибрахим аль-Халеби (1458-1549жж), Шейх-заде (1667 жылы қайтқан), Әл-Хаскафи (1677 жылы қайтқан), т.б. – осман қоғамының идеялық-теориялық және құқықтық негізін жетілдірді. Османдардың шариғатты түсіндірулері соған негізделген. Мемлекеттік билік өкілдері өздерінің заң шығарушы, әкімшілік қызмет етуінде соған сүйенген. Биліктің қандай да болмасын іс-әрекетінің діни рұқсаты болуы керек. Ол фетва – сарапшылардың белгілі бір әрекеттің шариғат қағидаларына сәйкестігі жөніндегі шешім түрінде беріледі.
Билік басында Осман үйінің сұлтаны тұрды. Ол мемлекеттің рухани билеушісі, қасиетті заңдардың сақшысы, орындаушысы және түсіндірушісі болып есептеледі. Қандай да болмасын траекратиядағыдай Жоғарғы билік тәуелсіз болмады. Осман сұлтандарының еуропалық монархтардан айырмашылығы – олар шешім қабылдауда тым шектеулі болды, алдын ала белгіленген құндылықтар шеңберінен шыға алмады. Әйтпесе «халықтың» «революция» жасауға құқығы болды [16, 196 б.]. XVI-XVII ғасырларда он бес сұлтанның алтауына шариғатты бұзғаны үшін айып тағылып, олардың екеуі өлім жазасына тартылды.
Патшалықты басқару биліктің екі жолы бойынша жүзеге асырылды: әскери-саяси және шариғаттық, яғни кадийлік немесе діни-соттық аппарат. Әскери-саяси биліктің басшысы ұлы везир болды, эйалет деңгейінде – билерби (1590 жылдан-вали), әрі қарай – санжакби мен субашы (әскербасы). Олардың әрқайсысы өз жерінде тәртіп пен қауіпсіздік үшін, заңдардың сақталуы мен мемлекет алдындағы міндеттерді уақытында орындау үшін жауап берді. Азаматтық басқару – ең алдымен шаруашылық тіршілігі мен шариғат қағидаларының орындалуын бақылау, оның үстіне сот, мектеп, діни мәдениеттілік пен мейірімділік жасау – мұсылман дінінің қызметкерлерінің қолында болды [17, б.102]. Оның басында автокефалды шариғат ұжымдарына басшылық еткен шейх уль-ислам мен үш қази әскерлер тұрды. Эйалет деңгейінде шариғаттық билікті басты кадий (кади әл-кудат немесе провинцияның шейхы үл-ислам) басқарды. Санжактар мен ірі қалаларында (шекир) – аға кадий. Төменгі деңгейде – шағын қалалар (кудат әл-касабат) мен ауыл нахийлерінің (кудат ан-навахи) кадийлері. Соңғылары көбіне өзінің қоластына екі-үш нахияны біріктірді де, кадийлік округтар (каза) санжак пен нахилер (субашылық) арасындағы аралық сатысын құрайтын болды. Жоғарғы шендегілер сұлтанмен тағайындалды: билербилер – үш, басты кадийлер – бір жылға. Билерби эйалет диванының төрағасы болды да, оның шешімдері жариялады, сондықтан ол шешімдер шариғат қағидаларына сәйкес келмеген жағдайда вето құқығына ие болды.
Османдық әлеуметтік-саяси құрылысының негізі - өзін-өзі басқаратын өндірістік-аудандық ұжымдар немесе қауымдастықтар (таифа). Олардың басында жергілікті кадимен тағайындалған немесе оның бақылауымен сайланған шейхтер тұрды. Шейхтер ақсақалдар кеңестеріне сүйенді. Ең маңызды мәселелер жалпы жиналыстың немесе ұжымның барлық мүшелерінің жиылысында шешілді. Қауымдық өзін-өзі басқарудың бұл жүйесі кәсіби қызметтің барлық салаларын қамтыды. Мұнда шаруалар қауымдастықтары, саудалық-кәсіпкерлік бірлестіктер немесе цехтар, саудагерлер қоғамдастықтары және дәстүрлі осман әскері мен флотының әр бөлімшесінде әскери серіктестіктер болды. Әскери таифа әскери өмірдің шаруашылық-тұрмыстық мәселелерін реттеп, төменгі және жоғарғы буын командирлерін сайлады және әкімшілік алдында әскерилердің мүддесін қорғады. Саудалық-кәсіпкерлік бірлестіктер мен шаруашылық серіктестіктері өндіріс жұмысының процесін ұйымдастырумен тікелей айналысты. Ұжым ішіндегі қайшылықтарды шешті, өз мүшелерінің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамассыз етті. Олар салық төлеу мен мемлекет алдындағы міндеттерді орындау үшін бәрі бірге жауап берді. Өзін-өзі басқаратын автономиялық ұжымдар санын көшпенді және жартылай көшпенді тайпалар толықтырды. Олардың тайпалық-рулық құрылысы патшалықтың жалпы бірлестіктік құрылысына жақын келетін. Бұл тұрғыдан Осман мемлекеті империялық әкімшіліктің бақылауы мен қамқорлығында болған өзін-өзі басқаратын шағын қауымдастықтардың шексіз әлемі ретінде көрінді [18, 83 б.].
Ауылда, әсіресе Анатолия мен балқан провинцияларында, мемлекеттің бақылау мен әкімшілік-полицей функцияларын сипах-тимариоттар орындады. Әскери қызметтің үстіне олар тәртіп сақтауды бақылауға, жер пайдалану ережелерінің орындалуын, егіншілік жұмыстарының уақытында жасалуын және салықтардың жиналуын қарауға міндетті болды. Хассалық ауылдарда мұндай шаруашылық-ұйымдастыру қызметін эминдер орындады. Керек болған жағдайда кади мен субашылар оларға көмектесетін. Тимарларды үлестіру қатал орталықтандыру мен шектеуге ұшырады. Тимарлар тек сұлтандық бераттар (берілген грамоталар) негізінде ғана үлестіре басталды. Осман әкімшілігі тұрақты, әдетте 30-40 жылда бір, бүкіл мукатаалардың санағын өткізді. Бұл санақтар негізінде әр санжак бойынша бөлек кадастр кітаптары (рефтерлер) құрылды. Дефтерлерден канун-наме жазылды. Онда салықтар, шекара және базар алымдарының көлемі және тимариоттар, эминдер, амилдар (әртүрлі басқарушылар мен салық жинаушылар), кейде әлдеқайда жоғарырақ деңгейдегі шенеуніктердің құқықтары мен міндеттері белгіленді.
Осман қоғамының әлеуметтік құрылысы әдеттегі Шығыс деспотиясына сай болды. Сұлтанға бағынушылардың бәрі тең немесе жоғарғы билік алдында құқықсыз болды. Батыс Еуропадағыдай емес, Осман патшалығында дворяндық немесе басқа ақсүйек тап болған жоқ. Бостандық пен ешқандай құқық болған жоқ. Намыс және жеке абырой түсініктері, пірлер соты, т.б болмады. Бірақ бұқара санасында әлеуметтік құрылыстың иерархиялығы мен ақсүйектік туралы ұғым қалыптасты. Әдетте олар рудың көнелігімен, адамдардың айналысатын істерімен, олардың әлеуметтік, мәдени деңгейімен іс-қылықтары мен өмір сүру стилі мен байланыстырылды. Пайғамбар ұрпақтары және де ата тегі мұсылман «қасиеттілерінен», салжұк немесе мамлүк сұлтандарының, бей-ғазилер тағы басқалардан шығатын адамдар ерекше мәртебелі сыналды. Алайда, бұл тұрмыстық сана деңгейінде болған айырмашылықтар іс жүзіндегі құқық ережелерімен бекітілмеген. Басқа сөзбен айтқанда, Осман қоғамында таптар, яғни адамдарды әлеуметтік жағдайының, ата-тегіне байланысты құқықтар мен міндеттерінің ортақтығы бойынша біріктіретін ресми қабылданған қоғамдық топтар болған жоқ. Осман ттүсінігі бойынша адамдардың бәрі тумысынан тең болады. Оларда қанмен байланысты ешқандай артықшылықтар болмаған, болуы мүмкін де емес еді.
Осман қоғамының бұл екі «табы» құқықтары емес, міндеттері бойынша ерекшеленді. Бірінші «тапқа» кәсіби мұсылман-сарбаздар, дін қызметкерлері, ең алдымен кадилер мен олардың аппараты және де мемлекеттік кеңсе шенеуніктері жатқызылды. Олардың негізгі міндеттері – салық төлеуден босатқан мемлекетке қызмет ету. Екінші «тап» мещандар, шаруалар, сұлтанның христиандық бағынушылары. Олардың басты міндеті – салық төлеу болды. Бір сөзбен айтқанда біріншілері «басқарушы», екіншілері «бағынушылар» болды.
Қандай да болмасын деапотиядағыдай, «басқарушылар» үстемдік етуші тапқа айналды. XVI ғасыр басында оның құрамында елеулі өзгерістер болды. XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасыр басында ескі ғази рулары мен сипахилік жоғарғы деңгейдегілер мемлекетте алдыңғы қатардағы орындарынан айрылды. Бірінші орынға жаңа қабат – «табалдырық құлдары» (капықұлы), яғни тікелей сұлтанға бағынатын сарбаздар мен шенеуніктер шықты [18; б.188]. Алғашында олар өз еркімен османдарға қызмет етіп, ислам дінін қабылдаған қашқындар мен әскери тұтқындардан қалыптасты. Алайда XVI ғасырға қарай капықұлдар ертеректегі рекрут борыштылығы – девширме арқылы алынатын болды. Бұл борыштылық, негізінен, Румелия христиандарының балаларына түсті. 9-14 жас аралығындағы балаларды ата-анасынан айырып, ислам дініне кіргізіп, «түрік тілі мен құлдық қызметті» үйрету үшін материалдық жағдайы әркелкі түрік отбасыларына берді. Бірнеше жылдан кейін оларды қайта жинап сарай маңындағы арнайы мектепке орналастырды. Онда «жат жақтан келген балалар» (аджеми огландар) әскери немесе азаматтық қызметке даярлады. Олардан сұлтан жалақысына тұратын әскери бөлімшелер құрылды. Олардың арасында ең әйгілі болған –осман мергендері (янычарлар). Бұл деңгейдегі адамдар арасынан орталық басқарудың көптеген шенеуніктері шықты.
Әскер мен басқару аппаратында мұндай деңгейдегі адамдардың болуы барлық османдақ әлеуметтік құрылымға өзіндік бір қасиет үстем етіп тұрды. Сұлтанға тәуелді, қоршаған қоғамға жат және жек көрінішті капықұлдар тәртіпті бәрінен жақсы сақтайтын болып шықты. Олар ылғи әкімшілік әмірінде болып, мемлекетті барлық ішкі және сыртқы жаулардан сақтауға бейімдеген еді.
Осман патшалығында мұндай институттың болуы мемлекеттік құрылыста деспоттық бастаулардың ұлғаюына әсет етті, үстемдік етуші тап ішінде қайшылықтар тудырды, оның жабық феодалдық тапқа айналуына жол бермеді.
Капықұлдардың жоғарғы қабаты немесе кейбір түрік авторларының айтуынша, девширме ақсүйектері сарайлық немесе мемлекеттік қызметі үшін хасс және арпалықтар түрінде тимарлық ренттік қамтамасыз ету жалақысын алып отырды. Бұл жалақылар белгілі қызметпен байланысты болды да, сипахилік иеліктер секілді мұрагерлікпен буысқан жоқ. Қызмет бойынша мирасқолыққа берілді. Олардың көлемі сипахилердің тимар жалақысынан әлде қайда биік болды. Капықұлдардың сипахилерден айырмашылығы олар жергілікті тұрғындармен байланысты болған жоқ, өз тимарларында өмір сүрмеді және де оларға қызмет баспалдағында көтерілу барысында өзгеріп кете алатын уақытша пайда көзі ретінде қарады. Олай болса, тимариот-сипахилермен салыстырғанды олар шаруашылық өмірден алшақ осман қоғамының жатып-ішерлер тобы болды. Солай бола тұра XVI ғасырда тимарлық фонд қапықұлдардың пайдасына қарай ауысты. Қапықұлдар институтының нығаюымен тимариот-сипахилар мен олардың командирлары үшін жаңа тимар алу мен сарайда және өкіметте жоғарғы қызметтерге жылжу мүмкіндіктері тарылды.
Қапықұлдар арасынан шыққан адамдар мемлекетте жоғары қызметтерді ала бастады. Мемлекеттің қапықұлдар-қызметкерлерінің көбі осман қоғамының белгілі бір әлеуметтік немесе этникалық топтарының өкілдері ретінде көрінді. Сөйтіп, ата-тегі XIV-XV ғасырлар басында Балқанда қуатты болған би-ғазылардан шыққан кейбір түрік рулары күшін жоғалтып, өздерінің отбасыларында тәрбиеленген қапықұлдар арқылы патшалық саясатына ықпалын сақтай алды. Сұлтан отбасы да сондай әрекет жасады. Көбіне ұлы везирлар орындарына қапықұлдардан шыққан сұлтанның көптеген күйеу балаларын (дамадтарды) тағайындау кең етек алды. Христиан отбасыларының да көбі осы институтты пайдаланып, девширме арқылы османдардың басқарушы элитасына өз өкілдерін енгізді. Мысалы, үш сұлтанның – І сүлеймен, ІІСелім, ІІІ Мұрадтың әйгілі ұлы везиры, сұлтан дамады қапықұл Мехмед Соколлу белгілі сербтердің Соколовичтер руынан шыққан. XVI-XVIIғғ бұл рудың гүлденуіне әрине, сұлтанның ең жақын маңайындағы адамдардың арасында олардың өкілінің болуы әсет етті.
Девширме негізінде қазына есебінен асыралған осман әскерінің неғұрлым қаутты да күшті бөлімшелері қалыптасты. Ол ең алдымен – янычар жасақтары, сұлтан сипахилерінің алты атты корпусы, артиллеристер (топчу), минашылар, саперлар бөлімшелері және осман флотының негізгі күштері. XV ғасыр соңында қапықұлдардың бұл әскері османдық қарулы күштердің негізгі алдыңғы қатарлы қуаты болды. Оның саны әрдайым өсіп отырды. Тимарлық сипахтар жасақтары салмақты әскери маңызын жоғалтты. Олардың ұйымдастырылуы, әдістері мен қару-жарақтары ескірді. Тимариоттардың кейде отпен ататын қарулары да болмады. XVI-XVII ғасырлар бойы бұл жасақтарды қайта ұйымдастыруға бірнеше қайтара талпыныстар жасалды. XVI ғасыр аяғынан бастап провинциялық паштар сипахилік жасақтармен қатар өздерінің жеке әртүрлі атаулармен белгілі болған – секбандар, левендар, делилер, т.б. – жалдамалы қарулы күштерін қалыптастыра бастады.
Үлкейіп жатқан қапықұлдар әскерін, флотты және жалдамалы жасақтарды асырау үшін өте көп қаражат керек болды. Ол салық төлейтін халыққа ауыр салмақ болып түсті де мемлекеттің экономикалық тепе-теңдігіне қауіп төндірді.
Қорытынды
Ортағасырлық Осман империясының даму тарихы көптеген жылдар бойы тарих саласында қызығушылық тудыратыны белгілі. Осы рефератта мәселені терең зерттеп, оған өз бағамды беруге тырыстым. Сол кездегі Осман империясының тарих көп салалы болғандықтан оның даму ерекшеліктері де көп зерттеуді талап етті. Сол себепті түрік мемлекеттілігін және оның қоғамдық құрылымын зерттеуде оған тек сынайы көзбен қарап қана қоймай, оған объективті баға берілді.
Ортағасырлық Осман империясының қалыптасуы екі ірі кезеңнен тұрды. Бұл екі кезең «билік дәуірі» деп аталғанын білеміз. Осы кезеңде Осман империясы саяси және әлеуметтік-экономикалық салада кейбір өзгерістерге ұшырайды. Мұндай жағдайға сол кездегі моңғол шапқыншылығы, Кіші Азия мемлекеттерінің құлдырауы өз әсерін тигізді.
Жоғарыда қойылған мәселені зерттей отырып келесі шешімдерге келуге болады: біріншіден, Осман империясы түрік мемлекетінің қалыптасуының негізі бола отырып, оның саяси дамуына ықпал жасаған. Сонымен қатар Осман бейлігі және оның басқару жүйесінің ерекшелігі байқалады. Мұндағы Осман бейлігінің кеңейгенін және соның арқасында басқару жүйесінің күрделінгенін көреміз. Осы кезеңде визирлардың пайда болғаны да кездей соқ құбылыс екендігін байқауға болады. Осы кезде әскери ұйымдардың ауыстырылғанын да байқаймыз. Сонымен қатар Осман империясының ішкі басқару жүйесінің қарапайым түрден күрделі типке айналғаны байқалады.
Екіншіден, XVI-XVIII ғасырлардағы Осман империясы жаңа дәуірге бас бұрғанын көреміз. Осы кезеңде ислам әлемінің Осман империясының дамуына тигізген ықпалы да байқалады. Осман империясының мемлекеттік құрылысы да өзгерістерге ұшырап, өзінің саяси құрылымын өзгертеді. Сонымен қатар Осман қоғамының әлеуметтік құрылымының Шығыс деспотиясына сай болғандығы сол кездегі Осман империясының басты ерекшелігінің бірі екндігі белгілі. XV гасырда империядағы билік дағдарысы да орын алады. Осының нәтижесінде Осман патшалығында анархия жағдайы қалыптасады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
-
Казахстан-Турция: развитие добрых традиций. // Казахстанская правда. – 2003.
-
Витол А. Османская империя (началоXVIII в) М., 1987.
-
Гасратян М.А., Орешкова С.Ф., Петросян Ю.А. Очерки истории Турции. М., 1983.
-
Еремеев Д.Е., Мейер М.С. История Турции в средние века и новое время. М., 1992.
-
Жуков К.А. Османские хроники XV-XVIIвв. о создании войск «яя ве мюселлем». -Turcologica . 1986. К восьмидесятилетию академика А.Н.Кононова. Л., 1986.
-
История Востока. Т.3 на рубеже средневековья и нового времени. XVI-XVIIIвв / ред. Г.О.Ковтунович. – М.: «Восточная литература», 1999.
-
Коняшин Ю.Н. Очерки истории права и экономики средневековья. А., 2002.
-
Мейер М.С. Османская империя в в.: Черты стуктурного кризиса. М., 1991.
-
Новичев А.Д. К истории рабства в Османской империи: Система девширме. – Тюркологический сборник. 1976. М., 1978.
-
.Османская империя: Государственная власть и социально-политическая структура. М., 1990.
-
Османская империя и страны Восточной и Юго-Восточной Европы в XV-XVIвв.: Главные тенденции политических взаимоотношений. М., 1984.
-
Османская империя: Система государственного управления, социальные и этнорелигиозные проблемы. М., 1986.
-
Петросян Ю.А. Османская империя: могущество и гибель. Исторические очерки. М., 1990.
-
Средневековый Восток: История, культура, источниковедение. М., 1980.
-
Кадырбаев А.Ш. Османская и Россиская империи: общее Византийское и Золотоордынское наследие // Восток. 2003
-
Киреев Н. Метамарфозы политического ислама. // Азия и Африка сегодня. – 2003. №6.
-
Новый импульс сотрудничества. // Казахстанская правда. – 2003. 23 мая.
-
На прочном фундаменте дружбы. // Казахстанская правда. – 2003. 24 мая.
15
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Осман империясының түркі әлемәндегі орны

шағым қалдыра аласыз