«От – досымыз,
от –жауымыз» тәрбие
сағаты
Тақырыбы: От – досымыз, от
–жауымыз
Мақсаты: оттың адам
өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен
қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру.
Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға
әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі
нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер,
плакаттар, тірек –сызба, макет.
Барысы.
Оттың шығу
тарихы.
Мұғалім: Құрметті оқушылар,
біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «От – досымыз, от
–жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге
қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ.
От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.От қалай пайда болды?
Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен
оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды.
Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған.
Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен
байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап,
асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды
екенін аңғарамыз.
От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді
терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі
жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да
жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар?
Оқушылар: Өртену, күю, жану, жарақат алу.
«Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына
тоқталсақ:
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады.
Өртенген дала. Күйген ас.
« Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы
айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта
аласыңдар? (сурет көрсетіледі)
Өрттің шығу себептері:
1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Шырпымен ойнаса;
3.Үтікті қосып кетіп қалса;
4.Газды ашық қалдырып кетсе;
Өрт қауіпсіздігін білу- әр
оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте
оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне
керек құралдардың суреттерімен жұмыс
жүргізеді.
Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр
тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап
жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді.
Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан
оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана
бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер
шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының
сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай
жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің
есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер
едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін
көрдің.Мұндай жағдайда не істер
едің?
Мұғалім: От туралы мақал
–мәтелдер айтайық.
6-оқушы:1.Отпен ойнама,күйерсің.
2.Ойын түбі –от.
7-оқушы:1.Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
2.От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.
8-оқушы:1.Сумен ойнама –батарсың,
Отпен ойнама –күйерсің.
9-оқушы: От пен су –тілсіз жау.
10-оқушы:Өзі саққа құдай жақ.
11-оқушы:Сақ жүрсең сау жүрерсің.
12-оқушы:Сақтықты сұңқырдан үйрен.
13-оқушы: Жау жоқ деме –жар астында.
Бөрі жоқ деме –бөрік астында.
Өрт сөндірушіге
не қажет?
Өрт сөндіру
көлігін көрсетіңдер?
Өрт кезінде
балалар, қай нөмірге хабар береміз?
(101)
Өрт тудыруы мүмкін, қауіпті затты
көрсет.(үтік, газ – плита,
т.б.)
Мін, балалар бүгін біз «От –досымыз, от -жауымыз»
деген тақырта тәрбие сағатын өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды
естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып
жүріңдер.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.
Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет
электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер
едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.
Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің
келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға
бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген
шөпке тиіп, шөп жана бастады. Не
істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер
шылым шегуге сыртқа шықты. Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған
тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не
істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті. Жанып жатқан пештің
есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті. Сен не істер
едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін
көрдің. Мұндай жағдайда не істер
едің?
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Раздольный жалпы білім беретін орта мектеп»
КММ
Өрт
қауіпсіздігіне арналған тәрбие сағаты
«От – досымыз, от –
жауымыз»
6 «А» сынып жетекшісі:
Ахметжанова З.Т.
2017-2018 оқу жылы