"Отан-Оттанда ыстық"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отан-Оттанда ыстық"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернаты



Рисунок 9

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы:

«Отан-Оттан да ыстық»

7 «б» сынып







Дайындаған : Алдонгарова Толғанай







2018-2019оқу жылы



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отан - оттан да ыстық»
Тәрбие сағат мақсаты:
Білімділік:Білім күні мерекесіне орайластыра отырып балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: ҚР рәміздері, карта, қанатты сөздер
I. Кіріспе.
- Құрметті ата-аналар, оқушылар, қонақтар сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер мектепке күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. 1 қыркүйек білім күнін пайдалана отырып бүгінгі «Отан - оттан да ыстық» тақырыбы аясында өтетін тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
-Балалар мен сендерге бір ертегі оқып бергім келіп тұр.
- Көгілдір өзен жағасында, жап- жасыл көкорай шалғында Ақ ботақан өмір сүрген екен.
Ол көкте жүзген бұлттай ақшаңқан болыпты. Күнде таңертең әжесі Үлкен Үнген ішкізетін сүт секілді аппақ болыпты. Барлық Ботақандар сияқты ол да қиялдағанды жақсы көретін. Ол күндердің бір күнінде саяхатқа тартып кетуді армандайтын. Сондықтан да таңның атысынан күннің батысына дейін түрлі кітаптар оқитын еді. Ол әліппе мен дүниетану туралы кітаптарды мектеп кітапханасынан тауып алатын. Сонымен қатар оның Құлын, Балапан, Қошақан сияқты өте сенімді достары бар еді. Ол достарын қасынан, арман- қиялынан еш уақытта қалдырмайтын.
Бір күні Құлын, Балапан, Қошақан үшеуі Ақ Ботақанға бара жатқанда күннің көзін бұлттар жауып тастапты.
- Оқушылар, қазір тақтаға жасырын күн шығады .Күннен шыққан сәулелерді бұлт жауып тұр.Сол бұлттарды ашу үшін ,сендер әр-түрлі сұрақтарға жауап бересіңдер.
II. Негізгі бөлім. -1.Балалар, біздің туған өлкеміз,Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан
-2. Қазақстан қандай мемлекет?
-Тәуелсіз,егеменді мемлекет.
-3. ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай?
-Қазақ тілі
- 4. ҚР рәміздерін ата?
-Елтаңба, Ту, Әнұран
-5. ҚР еліміздің тұңғыш президенті кім?
-Н.Ә. Назарбаев
-6. ҚР астанасы кай қала?
- Астана
- Ал енді міне күнімізді бұлттардан құтқардық.Біздің күніміздін ортасынан «ҚАЗАҚСТАН» сөзі шықты.Оңың шуақтарынан Қонақжай- қазақ елі қонақжай халық. Көп ұлтты- біздің елде әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір кешуде. Өнерлі- қазағымыз сегіз қырлы, бір сырлы халық. Табиғаты тамаша – еліміздің табиғаты керемет.Бурабай, Баянауылға барсан таулары, ағаштары, көлдері қандай ғажап.Қазақстанымыз қарқынды даму үстінде, баршамызға қымбат және бақытты ел.
Ойын:«Туған жерді гүлдендір»
- Қазақстанның жері - кең-байтақ.Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың
шақырымға,солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға
созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі.Мұнда тау да,өзен де,шөл де бар. -Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды. –Тәуелсіз мемлекетЕшкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет.
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.















Анықтама.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отан - оттан да ыстық»
Тәрбие сағат мақсаты:
Білімділік:Білім күні мерекесіне орайластыра отырып балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Тәрбие сағаты 15.09.2018 жылы өтті. Сабағымызға барлық оқушы белсенді қатысты. Олар Отан туралы өз пікірлерін, ойларын толық жеткізді.

Сендерде де ертең еліміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар,бірің
сәулетші, бірің, дәрігер, бірің құрылысшы, тағы да басқа маман иесі болып, елді гүлдендіре түсесіңдер деген сенімім мол.Сонымен, «ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, мәңгілік ел болу үшін осы отырған бүлдіршіндеріміз аман болып, болашақтары жарқын болсын деп тілейік!
Сонымен балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз керек.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, осымен тәрбие сағатымыз жоғары деңгейде өтті.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
1092
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі