Материалдар / Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілік 7-сынып Ашық сабақ(дайын жауабымен)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілік 7-сынып Ашық сабақ(дайын жауабымен)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен тиімді әдіс-тәсілдер арқылы құралған, ашық сабақ үлгісі.Мақсатқа жету жолындағы жасалған жүйелі тапсырмалар,білім алушыны алға жетелейді.Әр тапсырма дайын жауабымен берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
83
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: Сүйіспеншілік пен достық

Мектеп: Н.Тұрсынбеков атындағы ШЖНОМ

Күні:15.11.2023

Мұғалім: Жолдасбекова Айгуль Мейрамбековна

Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.2.6.1 – Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу;

7.4.4.1 – Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті, етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу;

Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану;

Сабақтың барысы:

Сабақтың уақыты / кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сәтті күн тілеу. Бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Сен»

Топтарға бөлу. «Сиқырлы қорапша» әдісі бойынша,берілген мақал-мәтелдер арқылы екі топқа бөлінеді.

1-топ «Туған жер» тобы

2-топ «Отан» тобы

Оқу мақсаты түсіндіріледі. Бағалау парақшасы «Домбыра»

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабақтың мақсаттарымен танысады.

Домбыра” әдісі бойынша өз-өздерін бағалайды.







Алдыңғы білімді бекіту

« Пошта » әдісі: Оқушылар бізге поштадан хат келді.

Құрметті оқушылар, жаңа сабаққа өтпес бұрын, алдыңғы оқуды еске түсірейік. Келесі сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытуға тырысыңыздар:

1.Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?

2.Көсемшенің жұрнақтарын атаңдар?

3.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

4.Қазақ тілінде жалғаудың қанша түрі бар?

5.Септік жалғауларын ата?

6.Көптік жалғауы туралы.өз ойың?

7.Тұйық етістік атқаратын қызметі қандай?

8. Есімшенің жұрнақтарын ата?

9.Мақал дегеніміз не?

10.Мәтел дегеніміз не?

11.Сүйіспеншілік сөзіне өз көзқарасыңызды білдіріңіз?

12.Қазақ тілінде шылаудың қанша түрі бар?

13.Құрамында көсемшесі бар ,бір мақал-мәтел айтамыз.

14.Тұйық етістіктің жұрнағын ата?

15.Отан сөзін септе?

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді;

-өз ойын білдіреді;


«Отан мен туған жерге деген сүйіспеншілік туралы видео көрсетіліп, сол арқылы жаңа сабаққа өту қарастырылады.

«Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер».

Сократ

Оқушылар үй жұмысын еске түсіреді.





Оқушылар видео тамашалайды


Қазақ тілі:. / Ермекова Т.Н., Ильясова Н.Ә., Тоқтыбаева Г.Б. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2017. – 192 бет.

Сабақтың ортасы

1-тапсырма Топтық жұмыс


1-топ. Тақырыпқа қатысты нақты ұсынылған тапсырма мақсатына сәйкес іріктеп оқиды. «9 алмаз» әдісімен ақпаратты маңыздылығына қарай іріктеп орналастырып шығады.


2- топ. Тақырыпты мақсатына сай зерттеп оқиды.


Зерттеу ағашы

Екі топта бірігіп

Мәтіннен алынған тұжырымдарды мәтінге сүйеніп комментарий жасай отырып оқиды.


«Қосжазба күнделігі»


Қорытынды

Түсіндірме (коментарий)

Әбіш Кекілбаевтың бұл үзіндісінің мазмұнына қарап, Орбұлақ шайқасы өткен жер туралы баяндалған деп қорытындылауға болады.

Автор өзі сипаттаған жерді шексіз құрметтейді, тарихи тағылымына бас иеді, перзенті ретінде оның құдіреттілігіне мойынсұнады. Батыр бабалары шайқасқан бұл жер автор үшін тым жақын, тым ыстық,аса қымбат, қасиетті.

Дискриптор;

-мәтіннен ақпаратты іріктейді;

-мәтіндік зерттеу жасайды;

-қорытындыға сүйеніп түсіндірме жазады;

2-тапсырма .Жұптық жұмыс “Пікірталас” әдісі.  Оқылым мәтіні бойынша кестені толтырып, ой бөлісіңдер.

Тапсырма

Дәлел

Елді,жерді құрметтеуге қатысты көзқарасты білдіріп тұрған сөйлемдер


Нақты деректерге негізделген сөйлемдер


Туған жердің табиғатына деген көзқарасты білдіретін сөйлемдер


Ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған адами қасиеттерге деген көзқарасты білдіретін сөйлемдер


Нақты деректерді болжалды көзқараспен жеткізіп тұрған сөйлемдер




Діни көзқарасты білдіріп тұрған сөйлемдер


ЖАУАП ПАРАҒЫ:

Тапсырма

Дәлел

Елді,жерді құрметтеуге қатысты көзқарасты білдіріп тұрған сөйлемдер

Біз үшін бұл араның әр тасы киелі, әр бұтасы қасиетті. Олар бұдан үш жарым ғасыр уақыт бұрын көз көріп, құлақ естімеген ерен ерлікке куә болған.

Нақты деректерге негізделген сөйлемдер

Сондағы атамекеннің қамы үшін, атажұрттың бағы үшін арыстан болып алысып, жолбарыс болып жұлысқан алты жүз сайыпқыранның бәрінің бірдей аты есімізге түсіп тұрған жоқ.

Туған жердің табиғатына деген көзқарасты білдіретін сөйлемдер

Асқар тау, саумал ауа, көк майса – бәрі-бәрі: «өс, өн,өрбі, мейірлен, шаттан!» - дейтіндей ғой.

Ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған адами қасиеттерге деген көзқарасты білдіретін сөйлемдер

 «Қайсыбірі осы арада шейіт болған, қайсыбіріне кейін басқа арадан топырай бұйырған қасиетті бабаларымыздың аруақтарының алдында солардың ерліктерінің арқасында аман қалып, өсіп-өніп, он миллионнан асып отырған бүгінгі ұрпақтың атынан бас иіп, тағзым етеміз.»

Нақты деректерді болжалды көзқараспен жеткізіп тұрған сөйлемдер

Бәлкім, тіпті талайымыздың бет-әлпетімізде де солардың дидары тұрған шығар.

Діни көзқарасты білдіріп тұрған сөйлемдер

Жарықтарым, жандарыңыз жаннатта болғай, ел-жұртқа тілеп өткен тілектеріңіз жаратқан иенің жақсы құлағына шалынып, қабыл бола бергей!” – дейміз.


Дескриптор

-мәтіннен қажетті сөйлемдерді тауып,дәлел келтіреді;

-өз жауабын жұбымен талқылайды.

3 – тапсырма. Жеке жұмыс. «Қазына іздеу» әдісі

Мәтінге назар салыңыздар. Келесі кестеге етістіктің есімше, көсемше тұлғасындағы және тұйық етістіктің жұрнағы жалғанған етістіктерді үш бағанға бөліп,дәптерге жазамыз.


Есімшелі тұлғада тұрған етістіктер

Көсемшелі тұлғада тұрған етістіктер

Тұйық етістік

естімеген, болған, жұлысқан, тұрған, өткен, жатқан;

асып, шалқып-төгіліп, алысып, етіп, келіп, көріп, өсіп-өніп, қалып, иіп, шалынып;

Қызықтауға; тамашалауға; алуға;

Дескриптор:

-мәтіннен етістіктің көсемше,есімше,тұйық етістік тұлғалы сөздерін тауып,жазады.


Тақырыпқа қатысты нақты ұсынылған тапсырма мақсатына сәйкес іріктеп оқиды. «9 алмаз» әдісімен ақпаратты маңыздылығына қарай іріктеп орналастырып




Тақырыпты мақсатына сай зерттеп оқиды.








Мәтіннен алынған тұжырымдарды мәтінге сүйеніп комментарий жасай отырып оқиды.






































































Жеке жұмысты орындау барысында етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданады.



4 – тапсырма. « Жапырақ теру»әдісі. Тілдесім барысында етістіктің есімшелі, көсемшелі тұлғаларын, тұйық етістіктерді қолданыңыздар.

 1.Ақылсыз адам---------- келеді. (айқайлай)

Жан-жағын -------------- келеді(жайпай)

2 Жолға шықпай тұрып,----------(жолдасыңды сайла)

3.Сыпайы киімді ------- тоздырады(киіп)

Сараң киімді ---------тоздырады (жиып)

4.Адамды өмір---------------(үйретеді)

Үйренбесе ----------------(күйретеді)

5 Ақылды кісі----------(азбайды)

Асыл бұйым-----------(-тозбайды)

6.----------------, кісіден сұра (Білмегенді)

Үлкен болмаса ,кішіден сұра

7.Оқып сөйлеме,

Көңіліңе ------(тоқып сөйле)

8.Ақылды кісі -----(азбайды),

Асыл бұйым-------( тозбайды)

9.Аяққа кісен--------(салуға болар),

Тілге кісен салынбас

10. Орынсыз ашу---------(от шашу)

11.Уәдені бұзу----------( ұяны бұзумен тең)

12.Жақсының қасиеті------(жарастыру)

Жаманның қасиеті ------(таластыру)

13.Сауатсыздың сөзіне--------( сүрініп құлайсың.)

14.Сыпайы сызып айтады.

Шешен---------( қызып айтады)

15 Шорқақ үзіп айтады.

Жаман ------(бұзып айтады.)




Сабақты бекіту

«Жарық шамы» әдісі

Құрметті оқушылар, сабақты қорытындылау мақсатында сіздерге бірнеше шам әзірленген. Шамдарды жағып, өз қалауыңызбен таңдау арқылы онда жасырылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • Мәтіндегі басты идея қандай?

  • Комментарий жасап оқудың қандай артықшылықтары бар?

  • «Туған ел», «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?

  • Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?

  • Отанға, елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?

Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсіңдер?

  • Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?

  • Кіндік қандарың тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар?

  • Есімшенің түрлену жүйесін атаңдар?

  • Көсемшенің қалай түрленеді?

  • Тұйық етістік қалай түрленеді?

  • Көсемшенің жасалу жолын ата?

  • Мәтіннен өмірлік қағида шығар.

  • Мәтіндегі белгілі мәліметті ата?

  • Етістік дегеніміз не?


Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты бекітеді, қорытындылайды.

Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар “Домбыра” әдісі бойынша өз-өздерін бағалайды.


Сабақтың соңы. Кері байланыс

Кері байланыс.


Үй жұмысы: Етістіктің тұлғаларын, тұйық етістікті қатыстырып, «Туған жерге тағзым» тақырыбында алдымен жоспар құрып, жоспар бойынша мәтін құрыңыздар.

Оқушылар мұғаліммен кері байланыс орнатады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!