Материалдар / Отансүйгіштік және рухани - адамгершілік тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отансүйгіштік және рухани - адамгершілік тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі оқыту тобына , тәрбиешілерге қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2018
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:

«Отансүйгіштік және рухани – адамгершілік тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын котерудін кепілі.»

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа Отансүйгіштік және адамгершілік – рухани тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі болып табылады.

Халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар үлкен роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, Отансүйгіштік, адамгершілік ықпалдың әр – түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктеріне зер салып отыруы қажет.

Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен байланысады: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым – қатынасы (тұрмыстық қарапайым ережелерін орындау) кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Рухани адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез – құлқымен іс – әрекетін анықтайды.

Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс – әрекет, түрлі ойындар арқылы беріледі. Сол мақсатта «Болады – болмайды» ойын – тренингі өткізіледі.

- Мейірімді болуға... (болады),

- Кешірімді болуға... (болады),

- Мақтаншақ болуға... (болмайды),

- Шыншыл болуға... (болады),

- Жаман болуға... (болмайды).

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің Отансүйгіштік асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының

Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Арлы адам – ардақты адам. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты жас ұрпақтарымыздың бойынан табылуына ықпал ету педагогтың бірден бір парызы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!