"Отбасы - алтын ұя" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отбасы - алтын ұя" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы құндылықтарды оқушы бойына дәріптеу мақсатында 8-сынып оқушыларына "Отбасы - алтын ұя" тақырыбында эссе жаздырған болатынмын. үздік шыққан бір эссені ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туғаннан құлыным деп аймалаған,

Дүниеде ата-анам қымбат маған.

Жаратқанға мың шүкір, ең алдымен,

Отбасыны маған мұндай сыйлаған.

Бүгінгі қолға қалам ұстатқан тақырыптың өзі неткен киелі де, қастерлі еді. Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, өз отбасым жайлы мақтанышпен және үлкен қаріптермен жазғым келіп отыр. Біз өз отбасымызда айрандай ұйып сегіз жан тату-тәтті өмір сүрудеміз. Бұл өмірдегі менің ең басты құнды байлығым – ол біздерді аялап, әлпештеп өсіріп отырған ата-анам. Оларға мың тағзым. Ата-анамыз бізді жақсылыққа, әділдікке, ешқашан біреуге жаман сөз айтпауға, үлкендердің жолын кеспеуге үйретіп отырады. Менің бауырларым тәртіпті, тәрбиелі. Ата-анамызда бәрісіз де қуантқымыз келеді. Олардың туылған күндеріне тосын сый жасағанды ұнатамыз. Біздің кішкентай ғана сыйлығымызға олардың қуанған жүздерін көріп, біз де қуанамыз. Сабақта әрдайым жақсы баға алуымызға жігерлендіріп отырады. Біздің де осы өмірдегі басты мақсатымыз- ата-ана үмітін ақтау, саналы, ақылды азамат болып өсу. Өйткені ол кісілер әрқашан біз қуанғанда қуанып, мұңайғанда мұңаяды.

Бірақ, бүгінгі таңда елімізде балалар үйі де, қарттар үйі де өте көп. Ананың жылы алақанына, әкенің қамқорлығына зәру сәбилер мен баланың мейіріне зар болған қарияларды көргенде еріксіз көзге жас келеді. Отбасының жылуын сезіне алмай өскен бала қандай болады екен? Отбасы жылулығының аздығы қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, әке-шешесі бола тұра, таңнан кешке дейін жұмыста болып, балаларына тиісті дәрежеде көңіл бөле алмай жүрген адамдар да бар. Бірақ балаға тек қаржы ғана емес, қамқорлық пен өзіне бөлінетін аз ғана уақыт керектігін ұмытып жатады кейбір жандар. Егер де осы мәселені қолға алып шешетін болсақ, қарттар үйі де, балалар үйі де азаятын еді.

Отбасының тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Әкеден ақыл, анадан мейірді бойымызға сіңіреміз. Ал бірлігі бар отбасы – ең бақытты отбасы дер едім. Ақылшым,кәусар бұлағым – анам, қамқоршым – әкем, олар әлемдегі ең асыл жандар. Мен өздеріңізбен мақтанамын. Сіздердей асылдарым барына Аллаға сан мәрте мадақ айтамын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2019
9409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі