Материалдар / Отбасы - бақыт мекені.

Отбасы - бақыт мекені.

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
660
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы


Тексерілді_____________

ЖУТҰО-ның директорының

ОТ жөніндегі орынбасары:

Мұстафаев Б.Н.

«____» «________» 2018ж.







«Құқықтық сауат ашу» үйірмесі



Баяндама



Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені».












Орындаған: Мылтықбаев Н.Б.















Шымкент


«Отбасы – бақыт мекені»


Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. 
Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. 
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. 
Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. 
Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. 
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. 
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді. 
Қиналарлық жағдайлар да бар. Арақ ішу, тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік – мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді. 
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет. 
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Кейінгі кезде қалыптасқан «білім мектептен басталады» - деген көзқарас дұрыс емес. Бұл процесс отбасынан басталуы керек. Біздің айтайын деп отырғанымыз, кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүре алмауға баулу – нағыз «отбасылық дүние». Қазіргі ақпараттық технологияның даму, Интернеттің өмірімізде жаппай кең өріс алу кезеңінде «Мұның қажеті не?» - деген сұрақ туары сөзсіз. Өте дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге көп көңіл бөлуде. Өйткені, тек оқырман ортасы «ойшыл, саналы» орта болып табылады. Кітап оқу - әрбір баланың бойындағы әлеуметтік бағалы қасиеттерін дамытып, жағдайды тура бағалай білетін, жылдам және дұрыс шешім қабылдайтын, еркін жазатын және сөйлейтін, анық тұжырымдай алатын адамды қалыптастырады.  
Олай болса біздің жазушыларымыз жазған көркем әдебиеттерге көз жүгіртіп көрейік. Оларды оқи отырып та отбасылық тәрбие жайлы көптеген мағлұмат аламыз.  













































«Құқықтық сауат ашу» үйірмесінің білім алушыларымен тәрбие сағаты

Хаттама №_____

_____________20 ж

Қатысқандар: 1, 2, топтар



КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы.

  2. «Отбасы – бақыт мекені» баяндама.

ТЫНДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Құқықтық сауат ашу» үйірмесінің қосымша білім беру ұстазы Мылтықбаев Н.Б. сөйледі. Ол білім алушыларды ЖУТҰО үйірмелеріне сабақтан қалмай жүйелі түрде қатысу керектігін айтып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Құқықтық сауат ашу» үйірмесінің қосымша білім беру ұстазы Мылтықбаев Н.Б. сөйледі. Ол топ білім алушыларын «Отбасы – бақыт мекені» екенін және отбасының мықты болуы қоғамның негізгі діңгегі екенін, қазіргі таңдағы отбасылардың түрлі даңдарысты жағдайларға ұшырап, өмірдің сынақтарынан қаншама отбасылардың бұзылып жатқанынан балалардың зардап шегіп отырғанын айтты. Отбасыда ата – аналар мен балалар арасындағы сыйластықтың маңыздылығын түсіндіріп, үлгілі отбасылар да бастауын қарапайым отбадан қалыптасқанын айтып өтті



Қаулы:

1. Үйірме оқушылары сабақтарға жүйелі түрде қатыссын.

2. «Отбасы – бақыт мекені» атты баяндама қанағаттанарлық деп танылсын.


Қосымша білім беру ұстазы Мылтықбаев Н.Б.

Хатшы Джунисова А.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ