Отбасы - тәрбие бастауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы - тәрбие бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналар жиналысына арналған бұл "Отбасы - тәрбие бастауы" атты баяндама бастауыш сынып жетекшілеріне көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» БАЯНДАМА

(АТА – АНА ЖИНАЛЫСЫ)

Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.” (А. Құнанбаев)

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады.

Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.

Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек.

Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.

Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді.

Ата-ана мен бала үйлесімділігі

Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз. Баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.

Ата –аналардың міндеті

1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға;

2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға;

3. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге;

4. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге;

5. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға;

6. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға;

7. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға;

8. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата–аналар жиналысына қатысып отыруға.

Ата – аналарға өсиет

Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу қажет.



Назарларыңызға рахмет!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі