Күні: 14.10.24ж
Тақырыбы: «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
Мақсаты:
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы
туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде
жеткізе білуге үйрету;
Міндеттері:
а)
Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
б) Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры,
отбасы
тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық
салтты,
дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге
даярлау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу,
ойындар
Түрі: Тәрбие
сағаты
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, нақыл
сөздер,суреттер
Барысы:
«Жеке
қауіпсіздік» төтенше жағдай туындаған кезде
жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері (10
мин)
I.Ұйымдастыру кезеңі
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани - адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.
II.
Ойланайық, пікірлесейік
«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу
«Отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіз?
III. Жаңа ақпарат.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену
оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер
азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі
жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының
ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да
отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы
берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық,
бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын
құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған
жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының
салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін
қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың
ең маңызды міндеті.
«Отан отбасынан
басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың,
жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан
басталады.
IV. Шығармашылық жұмыс
а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
б) Кәне, балалар « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын
орындайық.
1. Не тәтті? (Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? (Ананың қолы)
3. Не қатты? (Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? (Тату болса, ағайын жақын,
ақылшың болса, апайың
жақын.
Мақал – мәтелдерден жарыс:
Әке – (асқар тау).
Әке көрген оқ жонар
(Шеше көрген тон пішер).
Әке- балаға (сыншы).
Әкесі құрдастың (баласы құрдас).
Әкеге қарап ұл өсер, (шешеге қарап қыз өсер).
Әкесін сыйламаған адамды (баласы да сыйламайды).
Аталы бала-ақылды,
(Аналы бала-еркетай).
Ата-бәйтерек, (бала- жапырақ)
Қорытынды.
Өз
отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер.
Өз отбасымызды қорғай білейік! ата-анамызды аялай білейік! құрмет
көрсете білейік!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»

шағым қалдыра аласыз