Материалдар / "Отбасы аясында"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Отбасы аясында"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
648
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















«Біз балалармен бірге не істей аламыз?»

Ата-аналармен жұмыстардан үзінді









Тәрбиеші: Изенова Н.О.





























«Біз балалармен бірге не істей аламыз?»

Ата-аналармен жұмыстардан үзінді



Мақсаты:Балалардың тәжирбиелік дағды мен тұрмыстық мәселені шеше алуын қамтамасыз ету. Ұжым болып жұмыс істеуді, қол еңбегінің дағдыларын тәрбиелеуді жалғастыру. Еңбектің тәжірибелік маңызын көрсету, өзін-өзі бағалау мен толлеранттылыққа, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Балалар мен ата-аналардың кездесуіне ыңғайлы жағдай жасау. Ата-анамен арадағы байланысты нығайту.

Міндеттері:

1.Балалардың белсенділігін арттыру.

2. Балаларды жеке тұлға ретінде дамыту.

3. Балалардың танымдық құзеттілігін дамыту.



Алдын ала жасалатын жұмыстар:

  • Ата- аналармен әңгімелесу

  • Балалардың ата- аналарымен бірге жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру



Жұмыс барысы:

Құрметті балалар және қонақтар, бүгін біз тобымызда тамаша отырыс жасайық деп, сіздерді шақырдым.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ.

  1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

  2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Иә, осы айтқанымдай балаларды бірлесе тәрбиелейік дей келе, бізге бірге болған әрқашанда көңілді. Біз бір-бірімізге түрлі кеңестер айта аламыз, жақсы нәрселерді көсетіп, түрлі нарселерді үйрене аламыз. Сондықтан бүгінгі кездесуді ұйымдастырып отырмыз.





Біздің бұл кездесуіміз қызықты әрі есте қаларлықтай болады деп ойлаймын.

(Балаларға сұрақ)

  • Балалар сендер өз ата-аналарыңды көрген кезде не ойладыңдар?

  • Ата- аналар құр алақан келген жоқ секілді.

Иә, бүгін аналарымыз бізбен бірлесе жұмыс жасауға келген екен.

1ші үстелге Аяулымның анасы Ажар жайғасады.

2 ші үстелге Мадинаның анасы Светлана жайғасады.

3 ші үстелгеАйарудың анасы Айгерім жайғасады.



  • Аяулымның анасы Ажар бүгін сіз балалармен бірлесе не жасауды ұйғардыңыз?

  • Мен бүгін сіздерге бутерброд жасап үйреткелі келіп отырмын.Мұндай бутербродтар баланың тәбетін ашып, ұзақ күнге көтеріңкі көңіл- күй сыйлайды. Мұндай бутербродтарды жасау үшін қажетті азық- түліктер:

арнайы нан, шұжық, ірімшік, салат жапырағы,қияр, майонез, кетчуп. Ал, ендеше балалар, кім бутерброд жасап үйренеміз дегендерің

маған келіңдер, орын алыңдар.

  • Мадинаның анасы Светлана сіз өзіңіздің асханаңыздан қандай жаңалық әкелдіңіз?

  • Мен бүгін балаларға тәтті печенье жасауды үйреткелі келдім. Осындай тәтті печенье жасау, біздің отбасымызда дәстүрге айналған. Қызым Мадина печеньені жасасуды жақсы көреді, бар ынтасымен маған көмектеседі. Печенье жасауға арнайы қамырды үйден даярлап келдім.

Ал, ендеше балалар, кім тәтті печенье жасап үйренеміз дегендерің бері келіңдер, жақсылап орналасыңдар.

  • Айарудың анасыАйгерім бүгін сіз балалармен бірлесе не жасауды ұйғардыңыз?

  • Мен бүгін салат жасағалы келдім. Салатты әр отбасы күнделікті және мерекелерде жасайды. Балалар осындай кездерде анасына қолғапыс етсе нұр үстіне нұр болады деген оймен салат жасауды ұйғардым.

  • Ал, ендеше балалар, кім дәмді салат жасап үйренеміз дегендерің

келіңдер.

Ал, аналар, сіздерге сәттілік тілейміз!

Мен сіздердің көңілдеріңіз көтеріңкі болу үшін баяу әуен қойып берейін.

Аналар балалармен жұмысқа кіріседі, тәрбиеші үш үстелге кезек барып жұмыстарын көріп, ақыл-кеңс беріп балаларға көмек қолын созады.

Үшінші үстелдің балаларына керексіз материалдардан стақан сыртын жұмыртқа қабығымен қаптауды ұсынады.

Міне біздің аналарымыз балалармен бірлесе жасайтын жұмыстарының мәресіне жеткен секілді.

Олай болса, аналар сөз тізгіні сіздерде. Көздеген мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме?

1 үстел

Аяулымның анасы Ажар.

Иа мен өз ойымдағыдай жұмысымыз жасалды деп айта аламын.

Балаларға ұнаған болар

Балалар сендерге ұнады ма?

Балалардың арасында өз қызымның жұмыс жасағанын көріп қуанып қалдым.

Әрине мұндай іс -шаралар алдыңғы уақытта жалғасын табады деген ойдамыз. Себебі, мұндай кездесуден баламызбен бірге үйде не істеуге болатынын көрдік, түрлі ойлар туындап, өрісіміз кеңейіп қалды.



2- үстел

Мадинаның анасы Свелана.

Мен балалармен күнде печенье пісіріп жүргендей әсер алдым. Балалардың қолдары машықтанған, жаттыққан. Балаларға өте қызықты әрі тартымды болды. Печенеміздің дәмін піскен соң татып, балалардан тағыда сұрай жатармыз, өйткені олардың әрқайсысы өз печеньелеріне сондай ынты-ниетімен жасағандарын байқадым. Бүгінгі іс -шара сондай керемет ойластырылған екен. Қазіргі кезде балабақша мен отбасының ынтымақтастығы маңызды өйткені баланы бірлесе тәрбиелеген дұрыс деп ойлаймын. Рахмет сіздерге!

3-үстел

Айарудың анасы Айгерімде

Бүгінгі кездесуіміздің өзі ерекше болып отыр. Ата-аналармен араласып, балаларымыздың ұжымдық жұмысқа араласқанын көріп көңілім марқайып қалды. Бүгін мен балалармен салат жасаймын деп келгем. Әрине оны жасадық. Нағима апайдың ұсынысымен қалдық материалдармен қосымша жұмыс жасап, стақанды жұмыртқа қабығымен безендірдік. Жасаған стақандарымыз керемет болып шықты. Міне бұған қарындаштарды, күзгі жапырақ шоғын, ас бөлмеде қол сүрткіш қағаздарын салуға болатынын көрдік. Қалдық материалдан жарамды бұйым жасадық. Рахмет!

  • Балалар сендеге бүгінгі кездесуіміз ұнады ма?

  • Аналарыңды көргенде қандай күйде болдыңдар?

(Балалардың жауабы)

Ал, бүгінгі кездесуіміздің келесі айналымын ойынмен жалғастырайық.

Ойын: «Мен саған сенемін!»

Әр үстел басындағы анаға бір бала құлағына сыбырлап бір зат па немесе жанды нәрсеме айтады. Анасының көзін байлап, қолына маркер беріп, маркермен тақтаға суретін салуды ұсынады. Көзі байлаулы ана баласының сенімімен тақтаға сурет салады.

Ойын әр үстелге жеке өтіледі.

Ойын өте қызықты болды. Жарайсыздар! Әрине біз бір серпіліп қалдық.Рахмет сіздерге!

Балалар аналарына арнап тақпақтар айтып беріңдерші



1-бала

Анашым, анажаным,

Сағынып салар әнім.

Бар ма жан сенен артық,

Түсінер бала жанын



2- бала

Айналайын анашым,

Асқар таудай панасың.

Күн көзіндей күлімдеп,

Құшағыңа аласың



3-бала

Айналайын анашым –

Әлемдегі жаны асыл.

Болса маған не керек,

Бәрін іздеп табасың.




4-бала

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.


5-бала

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың-мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.


Рахмет балалар!


Тәрбиеші:

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы , өз отының басындағы тәрбиесі.

Қазақтың: «Баланың бас ұстазы –ата-ана», «Балапан ұядане көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, есікіріп, тілі шығабастасымен - ақ байсалды, тындырымды, тіл алғыш етіп тәрбиелеген жөн дей келе бүгінгі кездесуімізді аяқтаймыз.

Құрметті аналар бүгін сіздердің бізбен өз ойларыңызбен, тәжірбелеріңізді бөліскендеріңізге көп рахмет! Алғысым шексіз!

Сау болыңыздар!













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!