Ата-аналарға арналған психологиялық
тренинг
«Менің отбасым – сыйластық
орнаған ортам»
Мақсаты: отбасында ата-аналардың
баланың әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға, бала тәрбиесіне
жеткілікті уақыт бөлу, т.б. жауапкершілікті
арттыру
Қатысушылар: ата-аналар.
Құрал —
жабдықтар: түрлі- түсті бояу, желім,
плакат, интерактивті тақта, таратпа материалдар.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін
байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;
көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны
реттеу.
Тренинг
барысы:
1. Сәлемдесу рәсімі
2. «Жанұя бақыты» жаттығу.
3. Сергіту сәті «Өтінемін» ойыны
4.Видеоролик
5. Жаттығу: «Тілек шамы».
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы –
ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының
әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы
алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі
отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне
белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп
арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау
мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан
зор.
І.
Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына
отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда
болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен
амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл
қашанда осылай болған, болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан
алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді.
Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Оңтүстік африкалықтар» — арқаларымен үйкелеседі.
4. «Солтүстік африкандықтар» — оң қолын алдымен маңдайына, одан соң
еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.
5. «Замбезиде» Африка – тізе бүгіп, алақандарын соғады екен.
6. Үндістер/ оңтүстік Америка/алақандарын бір-біріне қойып жоғары
қаратып қастарына тигенше көтереді.
7. Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық –
саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не
жетсін!
ІІ. «Жанұя бақыты»
жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ананың бала
тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы
ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Жаттығуымыздың шарты
бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын
салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына
отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
— сыйластық
-мейірімділік
-өзара түсінушілік
— татулық
— сүйіспеншілік
— денсаулық
— салауатты өмір салты
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын
қорғайды.
ІII. Сергіту сәті:
«Өтінемін» ойыны
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту,
бір-біріне көңіл бөлу, бірін- бірі тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
— Құрметті ата-аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді
білесіздер?
— Рахмет, өтінемін, кешіріңіз, ризамын т.б.
— Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді
айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет, «өтінемін»- деген сөзді
айтпасам, сіздер сол өтінішті орындамайсыздар.
— Секіріңдер
— Оң аяқтарыңды көтеріндер
— Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
— Өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар
— Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды
уқалаңыздар.
.
IҮ. Видеоролик «Отбасы
құндылығы»
«Тілек шамы». /Балауыз шамы
арқылы/
Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала
арасындағы қарым-қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан-жақты
талқылауға тырыстық. Отбасы, ошақ ұя – жылулықтың мекені. «Отбасы»
атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар
екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу
болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып
жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден
алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған
ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды
сұраймын.
Қорытынды.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ
қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз
бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай
тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік
және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай
болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз
болып, біз болып бірге атсалысайық.
Күндей күлген болсын
жарқын өмірі дей келе,сіздерде өз ойларыңызды қортындылаңыздар.
Қатысушыларға жеке сөз беріліп ой түйінделеді.
1.Сөз «Айна»
2.Сөз «Қайшы»
3.Сөз «Барыс»
Айна-баланың өмірі айнадай жарық,әдемі болсын деймін,ол үшін
жан-жақты жұмыс атқаруға үлес қосамын.
Қайшы-қайшымен негізі артық,керегі жоқ заттарды қиып жатамыз.Бір
сабы мектеп болса,бір сабы ата-ана болып,баланың өміріне төніп
тұрған жаман нәрселерді қиып тастап,бірігіпіс атқарайық.
Барыс-жеке тұлға ертеңгі елімнің барыс-болашағы.Сондықтан да
саналы,білімді,тәрбиелі шәкірт
тәрбиелейік.
«Бақытты бала»
салатының рецептісі
Құрамы: Махаббат (мүмкіндігінше
көбірек)
Тосын сый (тек жақсылары мен
жаңалары)
Күлкі (тек жолдастық, достық түрі
ғана)
Бақыт (шексіз)
Мейірімділік (тіршіліктің
барлығына)
Жауапкершілік (әр іске жеткілікті
мөлшерде)
Күтім (шексіз)
Дайындалу әдісі: Бар тіршілікке жетерлік мейірімділікке бір уыс
махаббат қосыңыз. Осы екі қоспаны мұқият араластырып, бір қасық
күлкі, екі қасық күтім мен жауапкершілік салыңыз. Салаттың бетін
әдемі тосын сыймен безендіріңіз.
Қортынды:
- Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Біздің балалар-біздің қарттығымыз.
Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл біздің көз жасымыз,
бұл-басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз
болмасын десеңіз, бала тәрбиесіне келгенде ешқашанда «кеш
қалмаңыз!»
«Балаңызбен қалай ойнар едіңіз?»
ойыны.
(сурет бойынша ертегінің атауын тауып, сахналап
көрсету)
Шалқан, Бауырсақ.