Материалдар / Отбасы дәстүрлер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы дәстүрлер

Материал туралы қысқаша түсінік
окушыларга
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ошо КМҚК



Бекітемін:_______ Колледждің әдіскері:

Жунусова Л.Б.

«Келісемін»______ Сынып жетекшісі:



САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: « Отбасы дәстүрлері »



Өтетін орны: « Абай атындағы орта мектеп – бақша» КММ

Дәрісхана:

Сынып: 4

Мерзімі: 19.11.2020

Тобы: 310

Машықкер:Байназарова Сания

Баға:«__»___________



Семей, 2020 жыл



Мектебі: « Абай атындағы орта мектеп-бақша » КММ

Күні: 19.11.2020

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Отбасы дәстүрлері

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, татулық

Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы өзара түсіністіктің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. https://bilim-all.kz/

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

Тыныштықта отыру.

  1. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

(Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Үй тапсырмасын тексеру.

1. №10 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №11, «Әке тәрбиесі» мәтінін оқып келу.



Сұрақтар:

• Әкесі кішкентай Бауыржанды қандай әдептілікке үйретті?

• Сәлем беру дәстүрі туралы не білесіңдер?

• Өз отбасыларыңда қонақ келгенде қандай дәстүрді сақтайсыңдар?

• Өз отбасыларыңда тағы қандай дәстүрлер сақталған?

• Саған қандай отбасылық дәстүр ұнайды? Неліктен?














https://youtu.be/TsuI7H0glDE



3. Сабақтың дәйексөзі.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.


• Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.



Отбасылық дәстүр түрлері

Отбасында дастарқан жаю, бас қосу;

Отбасымен ақыл-кеңес құру;

Отбасымен ата-бабаларды еске алу;

Отбасымен ата-әжелерден бата алу;

Отбасымен бірге серуендеу;

Отбасымен табиғатқа шығу;

Отбасымен саяхаттау;

Отбасымен тарихи, мәдени орындарды аралау;

Отбасылық шежіре дайындау;

Отбасылық фотоальбом безендіру;

Отбасылық кітапхана жабдықтау;

Отбасы мүшелерінің туған күнін, мерейтойын өткізу;

Отбасымен бірге кітап оқу, ертегі айту, ойын ойнау;

Отбасымен бірге үй-ішін, ауланы, бау-бақшаны, табиғат аясын тазалау.



Нақыл сөз .



  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Сиқырлы жүзік

Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады. Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:

- Ей, адамұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр ғана тiлектiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, – дейдi.

Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қаншатұратынын сұрайды.

Зергер:

– Екi алтындай болатын шығар, – дейдi.

Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергерқаражүректi, арам адамедi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғұс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып:

– Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүние қоңыз зергер алтынға көмiлiп қалады, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп:

- Тәңір бiзге рақыметтi, ендi қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi.

Әйелi:

- Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi.

– Жоқ. Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.

Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:

  • Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiктен сұраймыз ба?

Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:

- Бұрын сен Тәңірге жалбарынып, тiлек етушi едiң. Тәңір тiлегiндi бердi. Қазiр патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рақатқа батып, тыныш отырмайсың ба? – дейдi.

Сонда егiншi тұрып:

Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақта ркүтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бай-қуатты отбасының бiрiне айналады.

  • Үйге бақыт пен байлықтың келуіне не себеп болады?

  • Отбасында татулық пен сүйіспеншілікті орнату үшін не істеу керек?

  • Сендер отбасыларыңда татулық, бақыт, береке мен бірлік болу үшін не істейсіңдер?

  • Сондай отбасы туралы мысалдар айтып бере аласыңдар ма?






  1. Шығармашылық іс – әрекет, топтық тапсырма.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

«Сыңарын тап» ойыны

1 – топ: «Татулық»

  1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар

Әдепсіз бала ата-анасын ….

2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім ….

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без

... тұрып қыз сөйлегеннен без

2 – топ: «Достық»

  1. Қарағайға қарап тал өсер,

Қатарына қарап .... өсер.

  1. Үйінде ұл-қызы бардың,

көгінде сөнбес ... бар.

  1. Жығылып жатып ... күлме

3 – топ: «Бірлік»

1. Күлме досыңа ... басыңа

2. Ауру қалса да … қалмайды

3. Әдепті бала арлы бала

әдепсіз бала ... бала

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без шеше тұрып қыз сөйлегеннен без

4. Қарағайға қарап тал өсер қатарына қарап бала өсер

5. Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар

6. Жығылып жатып сүрінгенге күлме

7. Күлме досыңа келер басыңа

8. Ауру қалса да әдет қалмайды

9. Әдепті бала арлы бала әдепсіз бала сорлы бала




  1. Топпен ән айту.

Туған күн

Өлеңін жазған: Фариза Оңғарсынова

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев


Ойнаған, бірге жүгірген,

Досым-ай, саған бүгін мен

Құттықтай келдім,

Құттықтай келдім,

Сені туған күніңмен!

Биіктей берсін талабың,

Қуанышы бол анаңның!

Сен туған күні,

Сен туған күні

Шаттанып ән саламын.




Таратпа материалдар (әуен сөзі жазылған)

https://youtu.be/xyS4WWbtttM

7. Үй тапсырмасы.

1. №11 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №12, «Туған күн» мәтінін оқып келу.



8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.



Пайдаланылған көрнекіліктер:

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!