Отбасы дәстүрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға отбасы дәстүрлерінің адам өмірінде алатын орны туралы түсіндіру арқылы Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

Көмекбай Қаракөзов атындағы № 235 қазақ орта мектебінің

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Абубакирова Мадина Кайырбековна



Өзін – өзі тану пәні сабағының жоспары


Сабақтың тақырыбы: Отбасы дәстүрлері

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, сыйластық, қамқорлық

Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасы дәстүрлерінің адам өмірінде алатын орны туралы түсіндіру арқылы Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • отбасы дәстүрлерінің маңызын түсіндіру;

  • мейірімділік қасиетін дамыту;

  • сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. 2-5 мин

5 Т – ережесі:

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.



2. Үй тапсырмасын тексеру. 6 мин

1. Оқулық , 55 бет №11 сабақ Бауыржан Момышұлы «Әке тәрбиесі» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Әкесі кішкентай Бауыржанды қандай әдептілікке үйретті?

2. Сәлем беру дәстүрі туралы не білесіңдер?

3. Өз отбасыларыңда қонақ келгенде қандай дәстүрді сақтайсыңдар?

4. Өз отбасыларыңда тағы қандай дәстүрлер сақталған?

5. Саған қандай отбасылық дәстүр ұнайды? Неліктен?



3. Сабақтың дәйексөзі. 5 мин

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»

Нақыл сөз

Сұрақтар:

  1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?



4. Әңгімелеу . (Мұғалім сыйы) 8 мин


Мейрам

Г. Әзімбаева


8-ші наурыз мейрамы жақындап қалды. Бұл мейрамға Раушан мен әкесі дайындалып жүрген. Тек Беріктің ғана қабағы салынқы еді. Ол мамасына не сыйларын білмей басы қатты.

Әпкесі оған:

  • Саспа бірдеңесі болар. Сыйлық ойлап таппасаң, сені құтқарамын... – деді.

Міне, көптен күткен мамасының мейрамы да келді. Әкесі мамасына әдемі көйлек алып берді. Раушан өзі кестелеген орамалын сыйлаған еді. Мамасы – мәз. Ал, Берік не сыйларын білмей әлі қысылуда. Барлығы отбасымен үстел басына келіп жайғасуда. Осы кезде әпкесі Раушан:

- Мама, сізге Беріктің де сыйлығы бар, - деді.

- Қандай сыйлық екен?! – деді мамасы.

- Берік математикадан үштік бағасын түзетуге уеде берді. Міне, осындай сыйлық!

Мамасы бұл сөзге қанаттанып, Берікке қараған...

Ал, Берік болса әпкесіне қарап, «енді есепті мықтап қолға алуым керек», - деді іштей.


Сұрақтар:

  • Әпкесі Берікті қалай құтқарды?

  • Беріктің мамасына ұсынған сыйлығының мәні неде?

  • Берік іштей өз-өзіне қандай уәде берді?

  • Сендердің өз-өздеріңе осылай іштей уәде берген кездерің болды ма?Неліктен?

  • Сүйіспеншіліктеріңді өзгелерге, қоршаған ортаға қалай білдіресіңдер?

  • Өз өміріңде осындай жағдай кездесті ме?Мысал келтір.


«Мөлдір бұлақтан» I-том


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.10 мин


Оқушылар үш топқа бөлінеді.


1-топ. Отбасылық дәстүр түрлерімен танысыңдар. Олардың бірін таңдап, өз отбасыларыңда жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қолданыңдар. Оның қалай өткенін әңгімелеп беріңдер.


Отбасылық дәстүр түрлері

Отбасында дастарқан жаю, бас қосу;

Отбасымен ақыл-кеңес құру;

Отбасымен ата-бабаларды еске алу;

Отбасымен ата-әжелерден бата алу;

Отбасымен бірге серуендеу;

Отбасымен табиғатқа шығу;

Отбасымен саяхаттау;

Отбасымен тарихи, мәдени орындарды аралау;

Отбасылық шежіре дайындау;

Отбасылық фотоальбом безендіру;

Отбасылық кітапхана жабдықтау;

Отбасы мүшелерінің туған күнін, мерейтойын өткізу;

Отбасымен бірге кітап оқу, ертегі айту, ойын ойнау;

Отбасымен бірге үй-ішін, ауланы, бау-бақшаны, табиғат аясын тазалау.


2-топ. Отбасылық дәстүрлерді сақтаудың адам үшін пайдасы қандай екенін жалғастырып жазыңдар.

Бірлік

Татулық ...

3-топ. Отбасылық дәстүрлер туралы постер дайындаңдар.



6. Топпен ән айту. 3 мин

Өлеңін жазған Фариза Оңғарсынова

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев


«Туған күн»


Ойнаған, бірге жүгірген,

Досым-ай, саған бүгін мен

Құттықтай келдім,

Құттықтай келдім,

Сені туған күніңмен!


Биіктей берсін талабың,

Қуанышы бол анаңның!

Сен туған күні,

Сен туған күні

Шаттанып ән саламын.



7. Үй тапсырмасы.1 мин

1. Оқулық, 57 бет № 11 Роза Әбілқадырова «Туған күн» мәтінін оқып келу.

2. Дәптермен жұмыс.№ 11сабақ 39-бет 4-тапсырма.Отбасында туған күн мерекесін өткізудің жоспарын құрап жаз.



8. Сабақтың қорытынды сәті. 2 мин

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.04.2021
500
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі