Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың
тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып,
тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Жағымды күйге келу.
«Комплимент» жаттығуы
Үй
тапсырмасы.
1.
№10 – сабақ. 5 – тапсырманы
орындау.
2. Келесі сабақ. №11, «Әке
тәрбиесі» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
• Әкесі кішкентай
Бауыржанды қандай әдептілікке
үйретті?
• Сәлем беру дәстүрі
туралы не білесіңдер?
• Өз отбасыларыңда қонақ
келгенде қандай дәстүрді
сақтайсыңдар?
• Өз отбасыларыңда тағы
қандай дәстүрлер сақталған?
• Саған қандай отбасылық дәстүр
ұнайды? Неліктен?
|
|
3.
Сабақтың дәйексөзі.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің.
Нақыл
сөз
• Дәйексөздің мағынасын
түсініп алыңдар.
Отбасылық дәстүр
түрлері
Отбасында дастарқан жаю,
бас қосу;
Отбасымен ақыл-кеңес
құру;
Отбасымен ата-бабаларды
еске алу;
Отбасымен ата-әжелерден
бата алу;
Отбасымен бірге
серуендеу;
Отбасымен табиғатқа
шығу;
Отбасымен
саяхаттау;
Отбасымен тарихи, мәдени
орындарды аралау;
Отбасылық шежіре
дайындау;
Отбасылық фотоальбом
безендіру;
Отбасылық кітапхана
жабдықтау;
Отбасы мүшелерінің туған
күнін, мерейтойын өткізу;
Отбасымен бірге кітап
оқу, ертегі айту, ойын
ойнау;
Отбасымен бірге үй-ішін,
ауланы, бау-бақшаны, табиғат аясын
тазалау.
|
|
-
Оқиға
айту (Мұғалім сыйы).
Сиқырлы
жүзік
Бiр кедей күнi бойы жұмыс
iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда,
жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады.
Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен
бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.
Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да,
кедейге:
- Ей, адамұлы! Сен менi
құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы
жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр ғана тiлектiлейсiң. Тiлегiң
орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады.
Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн
өкiнiп жүресiң, – дейдi.
Осыны айтып, бүркiт ұшып
кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда
зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң
қаншатұратынын сұрайды.
Зергер:
– Екi алтындай болатын шығар, –
дейдi.
Кедей қарқылдап күлiп жiберiп,
бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады.
Зергерқаражүректi, арам адамедi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа
шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап
алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғұс
жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп
алып:
– Жүз мың алтыным болса, – деуi
мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып,
арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүние қоңыз
зергер алтынға көмiлiп қалады, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады.
Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi
көрсетiп:
- Тәңір бiзге рақыметтi, ендi
қалаған тiлегiмiз орындалады, –
дейдi.
Әйелi:
- Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке
жер жетпей жүр ғой, – дейдi.
– Жоқ. Бiр жыл тырмысып еңбек
етсек, жердi өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi
күйеуi.
Сол жылы өнiмдерi мол болып,
жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:
Тағы бiр жыл ерiнбей
еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат
пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы
да:
- Бұрын сен Тәңірге
жалбарынып, тiлек етушi едiң. Тәңір тiлегiндi бердi. Қазiр патша
боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда.
Шаршап-шалдығып жүргенше, рақатқа батып, тыныш отырмайсың ба? –
дейдi.
Сонда егiншi
тұрып:
Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда,
бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын
жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi
қандай сынақта ркүтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi
зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң
қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бай-қуатты отбасының
бiрiне айналады.
-
Үйге
бақыт пен байлықтың келуіне не себеп
болады?
-
Отбасында татулық пен сүйіспеншілікті орнату үшін не
істеу керек?
-
Сендер отбасыларыңда татулық, бақыт, береке мен бірлік
болу үшін не істейсіңдер?
-
Сондай отбасы туралы мысалдар айтып бере аласыңдар
ма?
|
|
-
Шығармашылық жұмыс, топпен
жұмыс.
Оқушылар
үш топқа бөлінеді.
«Сыңарын тап»
ойыны
1 – топ:
«Татулық»
-
Әдепті бала ата-анасын
мақтатар
Әдепсіз бала ата-анасын ….
2. Ана
сүтін ақтамағанды ешкім ….
3. Әке
тұрып ұл сөйлегеннен без
... тұрып қыз сөйлегеннен
без
2 – топ:
«Достық»
-
Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына
қарап .... өсер.
-
Үйінде
ұл-қызы бардың,
көгінде
сөнбес ... бар.
-
Жығылып
жатып ... күлме
3 – топ:
«Бірлік»
1. Күлме досыңа ...
басыңа
2. Ауру қалса да …
қалмайды
3. Әдепті бала арлы
бала
әдепсіз бала ...
бала
1. Әдепті бала ата-анасын
мақтатар әдепсіз бала ата-анасын
қақсатар
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім
жақтамайды.
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен
без шеше тұрып қыз сөйлегеннен без
4. Қарағайға қарап тал өсер
қатарына қарап бала өсер
5. Үйінде ұл-қызы бардың
көгінде сөнбес жұлдызы бар
6. Жығылып жатып сүрінгенге
күлме
7. Күлме досыңа келер
басыңа
8. Ауру қалса да әдет
қалмайды
9. Әдепті бала арлы бала
әдепсіз бала сорлы бала
6-тапсырма.
Суреттерге қараңдар. Олардың
ішінен өзіңнің туған күніңе қандай сыйлық алғың келеді? Ал отбасы
мүшелерінің туған күніне не сыйлар едің? Атап
айт.
|
|
8. Сабақтың қорытынды
сәті.
Тыныс алуға зейін
қою.
Баяу музыка
қойылады.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е
м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)
немесе 1..................2
[3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
|