Отбасы Fest

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы Fest

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жоспары 5-сыныпқа арналып жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін___________


Педагогтің аты-жөні

Мәлік Елнұр Жандосұлы

Күні:

20.05.2024

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

«Отбасы Fest»

Тәрбие сағатының

Мақсаты:

Ата- ана мен бала арасындағы ізгі қарым – қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Ата – ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір- біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата- ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата – ана екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: 

Нақыл сөздер, шарлар, слайдтар.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу



Құндылықтарға баулу

«АР-ҰЯТ» отбасының, өз ортасының абыройын асыру;

Жоспары:

Жоспарланған уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар

Кіріспе


Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім оқушылармен амандасады.

Мұғалім сөзі:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар!«Отбасы Fest» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақ қоғамында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызықққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.Оттың басы, ошақтың қасы- ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Қазіргі қоғамда ата – ана баласынан не күтеді? Ата – ананың бақыты неде? Баласы ата – анасын қалай бақытты етпек?

Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Отбасы Fest» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Отбасын таныстыру

  2. Ситуациялық сұрақтар

Сайыкерлеріміз дайын болғанша балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.

Отбасы деген сөзді қалай түсінесің?

Отбасына кімдер жатады?

Оқушылар мұғаліммен амандасады.




Оқушылар тәрбие сағатының тақырыбымен танысады.



Сұрақтарға жауап береді.









Оқушылар сайыстың бөлімдерімен танысады.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Слайд





















Слайд

Ортасы

1-бөлім. Таныстыру.

Отбасы мүшелері өздерін таныстырады.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.

Сенің отбасың қандай?

Сенің отбасыңда неше адам бар? Олар кімдер?

Отбасыңда сені қалай еркелетіп айтады?

Сен отбасыңдағы адамдарды қалай атайсың?

2-бөлім. Ситуациялық сұрақтар.

Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жуапкершілігі басым ба?

Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

Балалардың шығармашылығына назар аударайық.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі –бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.

Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.

«Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

1-оқушы: — Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы орындамап едім, апай сұраса, «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.

2-оқушы: — Анашым, мен бүгін емтиханнан «2» алдым.

3-оқушы: — Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.

Ата – аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін нақыл сөздерді қолданып ) көрсетеді.

Балаңыздың туған күні қашан?

Балаңыздың парталас көршісі кім?

Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?

Балаңыздың сүйікті асы не?

Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

Балаңыз сізді ренжіикенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?




Сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырады.









Оқушы мен ата – анаға түрлі жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.

























Ата – аналар баласына қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді.


Слайд, видео














Слайд



























Слайд

Аяқталуы

Қорытынды.

Ата – ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас қандай болу керек?

Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?

Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бір – бірін жақсы көреді және қамқор болады.

Ата – ананы тыңдайық,

Айтқанынан шықпайық.

Ал, достарды қолдайық,

Қиын шақта қорғайық.

Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!

Жақсы – жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата – ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы ата – аналар , сіздерге байланысты. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілейміз!

Слайд


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.06.2024
227
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі