400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы күні тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп атауы















Тақырыбы:



ОТБАСЫ БІРЛІГІ

Ашық тәрбие сағаты

Picture 2



















2022-2023 оқу жылы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Отбасы бірлігі»

Мақсаттары

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.

Қане, қане, тұрайық,

             Үлкен шеңбер құрайық.

             Тұрсақ үлкен шеңберге,

               Алақанға ұрайық.

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

Балалы үйдің еңсесі биік.

Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.


Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.



презентация

Сабақтың ортасы

Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 


Дұрыс жауабын сызба нұсқа арқылы жүргізіп көрсетіңіз: ана көрген тон пішер; ұшқанда соны ілерсің ; тал бесік; баласыз үй қу мазар ; бала ; баланың көңілі далада ; ана- бұлақ, бала - жағасындағы құрақ .

Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байла-нысты.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

« Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады »,- дегендей мемлекетіміздің іргетасын қалаушы - әр отбасы - жеке мемлекет. Әке алақаны мен ана жүрегінің жылуы бар сендер тәуелсіз еліміздің тірегі болатындарыңа сенемін.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым! ,- деп сіздерге шағын естелікті ұсынамын.




- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.



презентация





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
23.11.2023
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі