«Заман талабы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық XVII педагогикалық оқуларына қатысуға сұраныс
|
1.Автордың толық аты-жөні, тегі (жеке куәлік бойынша) |
Төлеген Шынаргүл Серікқызы |
|
2.Жұмыс орны |
МКҚК «Балапан» бөбекжайы |
|
3.Қызметі |
Тәрбиеші |
|
4.Ғылыми дәрежесі, лауазымы |
жоқ |
|
5.Жұмыс бағыты |
Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық |
|
6.Мақаланың атауы |
Балабақша мен отбасы арасындағы бірлескен жұмыстардың сабақтастығы |
|
7.Байланыс телефондары (ж/т; ұ/т) |
24-0-32 8 7789340346 |
|
Электрондық почтасы Е-mail: |
Shinar80-00@mail.ru |
БАЛАБАҚШАМЕН ОТБАСЫ АРАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАРДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ
Төлеген Шынаргүл Серікқызы
Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосы
Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын
«Балапан» бөбекжай тәрбиешісі
КІРІСПЕ
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процесіне тарту мақсатында балабақша мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылады. Бұл қарым қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады» делінген.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.П.Сейтешов М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, Қ.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.
Н.К. Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен. Себебі қоғамда баланы қалай тәрбиелеу керектігін білмейтін ата-аналар кездеседі.
Халық педагогикасы да баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Аймауытов сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр. [№5 әдебиет 2 том 121-бет]
Отбасы мен балабақша тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – балаларды айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.
Қазіргі заманға сай баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы шарт. Себебі, бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Ал тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
«Жаста білген, басқа сіңген тәлімің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
Балабақша мен отбасы жұмыстарының сабақтастығы
Балабақша мен отбасы жұмыстарының сабақтастығынан мынадай нәтиже көруге болады:
-
Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігінің артуы;
-
Бала тәрбиесінің кейбір бағыттарының отбасыда да орын алуы;
-
Балабақша мен отбасының арақатынасының одан әрі жақсаруы;
-
Ата-ана белсенділігі және қызығушылығының дамуы;
-
Балабақша ұжымына деген сенімділік, құрметтеу белгілерінің жоғарылауы.
-
Жұмыстың өзектілігін айқындау мақсатында ғылыми әдебиеттер пайдалану;
-
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесінде отбасы мен балабақша арасындағы жұмыстардың тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау;
-
Отбасы мен балабақша жұмыстарын ұйымдастыруда жүргізілетін зерттеулерді талдау.
Балабақша мен отбасы жұмыстары арасындағы сабақтастықты қалыптастыру әрекеті. [№1 әдебиет 4-бет]
Балабақша мен отбасы жұмыстарының сабақтастығын қалыптастыру бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы отбасы мен
балабақша рөлі
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Әлеуметтану тұжырымы бойынша, отбасы – бұл қоғамдық қатынастар мен процестердің көптеген түрлері біте қайнасқан және де әр түрлі әлеуметтік қызметтер атқаратын кешенді әлеуметтік құбылыс. Отбасы институты адам өмірінің негізгі кезеңдері өтетін және әрбір индивидтің өмірімен тығыз байланысты болғандықтан оның барлық дамуына кешенді әсер ететін әлеуметтік ортаны білдіреді.
Отбасы баланың тұлғалық қасиеттерінің негізі қаланатын алғашқы әлеуметтік бірлік.
Яғни, балалардың қуат алатын қайнар бастауы бұл-отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
- Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.
- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.
Ұлы педагог А. С. Макаренко : «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген тәрбие баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы тәрбиеші — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.
Бала әке-шешеге берілген аманат. Бала тәрбиесі қай кезден басталатындығы жәйлі көптеген пікір - таластар бар. Кейбіреулер тәрбие тал бесіктен басталады десе, келесісі бала ес біліп, етек жеңін жиып, ержеткен соң тәрбие ала бастайды дейді. Ал, ғалымдар болса: «бала ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады»- деп айтады. Шындығында «бала ақыл тоқтатып, есеймей тұрып-ақ көргенін істей бастайды, үлкендер не қылса, соны қылады. Жақсы істесе жақсы, жаман істесе жаман істейді. Бұлай болғанда, бала тәрбиелеудің негізі ата-анасында». Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата-аналардың балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім-тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке-шешенің жеке басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата-аналардың үлгі-өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді.
Олай болса, әке-шеше қарым-қатынасы, өзара сыйластығы, бір-бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір-біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі-өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс-әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң-солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата-ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін-бірі толықтырады. Ата-ана тәрбиесі терең ата-аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді. [№2 әдебиет 6-7 бет]
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген сөзін басшылыққа ала отырып бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында балабақшалар да жұмыс жасап жатыр деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласының басым бағыттарының бірі мектепге дейінгі білім беру мен тәрбиелеу туралы «...Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде "бетбұрыс” жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.» деген болатын. Қазіргі таңда ауыл балабақшалары жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған балабақша ұжымдары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» жүйесін жүзеге асыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды. [№1 әдебиет 16-17 бет]
1.2 Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығының бала тәрбиесіне әсері.
Сабақтастық–бұл адам іс–әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы негізіндегі адам жетістігін қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі әлеуметтік заңдылығының бірі болып табылады. Сабақтастық қоғамдағы өмір сферасының әр түрлі саласында белгілі бір ұғымға сәйкес кең түрде қолданылады.
Сабақтастық-этникалық тәрбиенің негізгі идеяларының, формаларының, құралдарының сабақтастығын қамтамасыз ететін этнопедагогиканың ерекше белгісі. Отбасылық сабақтастық адамгершілік аясынан орын алады. Сондықтан ата-аналар балалардың бақытты болуына көмектеседі.
Отбасымен педагогикалық сабақтастық баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады және ол төменгі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, бір біріне деген серіктестік барлық тәрбиеге қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана білім беру мен тәрбие сапалы нәтижеге жетеді.
Қазақстан Республикасының «Тәлім–тәрбие тұжырымдамасы» жобасында қазақ халқының ұлттық намысы мол, елжанды, табанды, жігерлі азаматтар тәрбиелеуге ден қойылған. Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.Баланың тәрбие үрдісіне қатысатындар, балабақша басшылары, тәрбиеші, ата-аналар. Ата-аналардың мақсаты тәрбиешілермен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Ата-ана немесе жанұя-қоғамның негізі. Қоғам жанұядан басталады. Әрбір жанұя болашақ қоғам мүшелерін дұрыс тәрбиелесе қоғам мықты болады. Бұл қағида ғасырлар бойы бойы қалыптасып келеді. Себебі бала өмірі жанұяда басталады, ол бала үшін ең жақын орта. Бала жанұяда ата-тегін біліп жанұяның, әулеттің жағымды өнегелерінен мұраларынан сусындап өседі. Жанұяда басты мәселердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар: оның үй еңбегіне қатысуы, оқу іс-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады. [№3 әдебиет 8-9 бет]
В.А.Сухомлинский балалардың ата–аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата–аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы балабақшамен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте балабақшаның жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата–аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі балабақшада жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие үрдісінің құрылымы мен мазмұны, соған сай тәрбиешілер мен балалардың көзқарастары олардың өзара қарым–қатынасын ұйымдастыру, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын балабақшаны басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда, яғни педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – «тәрбиеші - бала – ата – анаға» қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды.
Ата-аналар кодексінде: «Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті. Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана, өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес. Баланы жақсы көргендігінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз. Балабақшадағы жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар» делінген. Сондықтан балабақша психологы баланың толыққанды дамуы үшін балабақша ұжымымен бірлесе отырып, балалардың ата-аналарына психологиялық жағынан дұрыс бағыт-бағдар бере білсе және олармен жүргізілетін жұмыстар жүйесін арнайы тәртіпке келтіре отырып, жүйелі түрде жүргізсе балабақша пен отбасы ынтымақтастығы біртіндеп нығая түсіп, бала тәрбиесіндегі өзара байланыс одан әрі нығая түскен болар еді. Ендігі кезекте ата-аналарға балабақша психологы тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы психологиялық кеңестерге құлақ түрсек:
-
Таңертен балабақшаға барарында баланы жайлап қана ояту. Жұмсақ, биязы үн мен күлкінің өзі ұйқысын ашуы тиіс. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмау;
-
Дөрекі ескертулерді жиі айта бермеу. Керісінше, жылу сыйлап, жақсы тілектестік білдіру;
-
Балабақшадан баланы көңілді қарсы алу. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, көңіл бөліп, мұқият сұрап, жағдайды бірлесе талқыға салу;
-
Егер бала айтқанды тыңдамайтын болса, онда тәрбиешімен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесу.
Ұлы тәрбиеші А.С.Макаренко: «Баламен шыңдап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз, кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген», - парасатты ойы бала тәрбиесіндегі әңгімелесу әдісінің көп міндет жүктейтіндігін білдіреді. Дәннің өсіп-өнуі топырағына, күтіміне байланысты болатыны сияқты, бала ақыл-есінің, мінезінің қалыптасуы да ортасына байланысты. Соны байқаған халық «Ұлың өссе–ұлы үлгілімен ақылдас бол», «Қарағайға қарап тал өссін, қатарына қарап бала өссін» деп, ұлағатты ой айтқан. Яғни, қателігін түсіне білетін, дұрыс жүріп, күтіне білетін, үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, білімді жинап, дүниені шолатындай балалардың болуы үшін ата-ананың да оған үлгі болатындай тәрбиесі болуы керек. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Бұл сөз әрдайым басшылыққа алынып, баланы қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, тәрбиеші мен ата-ана әрқашан шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балалар өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндеті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
Ата-аналармен жұмыс формаларын мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ғылыми тұрғыда негізделген жұмыс арқылы ендіруге болады. Мектепке дейінгі ұйым практикасында негізгі рөл ата-аналармен жұмыс түрі болғандықтан олармен қарым-қатынас жалпы және топтық жиналыстар арқылы жүзеге асырады. Олардың тақырыбы балалардың мектепке дейінгі ұйымға келуінің барлық кезеңіне құрылады.
Ата-аналармен жұмыстың кең тараған формасы-жиналыс. Ата-аналар жиналысы балабақша өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас тәрбиешіге ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
Ата-аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл ата-аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және тәрбиешінің ата–аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Мен ата–аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұғындыру мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуге тырысамын. Жиналыс арасында ата-аналармен бірігіп қызықты ойындар ұйымдастырамын. Ата-аналардың балабақшамен бірігіп, жұмыс жасауына қызығушылығын арттыру үшін сұрақ беріп, өз тәжірибесін ортаға салуды ұсындым. [1-2 сурет]

Ойын тренинг «Ойыңды ашық білдір!»
1-2 сурет
Ата-аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс тәсілдері бар:
1. Ата-аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн.
2. Ата–аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі–шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады.Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана қолына алдын ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін тәрбиешінің, ата-аналар комитеті төрағасының ( төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.
3. Әсіресе бөлмеде ата - аналардың отыру қалпына мән берілуі керек. Ата-аналар жиналысына қатысушылардың бір – бірін жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтар дөңгелек түрінде орналастырылғаны жөн.
4. Ата-аналармен жиналыс қатысушылырына арналған қандай да бір ережелердің болуы. Мысалы:
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
- ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
- бір - бірін аты - жөнімен атауға; т. б.
5. Жиналысқа шақырылғандардың жұмыс уақытына назар аудару.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнату және оның сақталуын қатал қадағалау;
6. Жиналыс барысында ата–аналардың өзара қарым–қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікірталас ұйымдастыру.
7. Жиналыс қорытындысы
Осы әдіс-тәсілдер арқылы педагогтар:
а) ата–аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі. [№7 4-5 бет]
Іс–әрекеттің басқа да түрлі формалары бар:
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет іске қосылады.
Тәжірибе.
Өз тәжірибемнен мысал келтірер болсам ұйымдастырылған оқу қызметімді ата-аналардың қатысуменен тартымды, қызықты өткізуге тырысамын.Онда балалар
өз ата-аналары туралы олардың аты-жөні, қызметін, қалай жақсы көретіндері туралы әңгімелейді. Ата-аналар балалардың белсенділіктерін көріп риза болады.
Білім беру саласы-Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет-Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Менің отбасым».
Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерінің кеңейту,туыстық қарым-қатынас,отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік: Инабаттылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйрету.
Көрнекі құралдары: Отбасы суреттері.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
|
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
|
Жылулық шеңбер: Кел балалар тұрайық, Әдемі шеңбер құрайық. Уық болып иіліп, Кереге болып керіліп. Қазақ үйді құрайық. Балалар, міне осы шаңырақ астында бір отба-сының балаларындай тату тәтті тұрайық. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Менің отбасым».
-Балалар отбасы сөзін қалай түсінесіңдер? -Бәріміздің отбасымыз бар ғой оларды жақсы көреміз бе? -Отбасы дегеніміз махаббаттың сыйластық- тың,жақындықтың белгісі. Отбасы дегеніміз – бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар.Олар:ата, әже,әке,ана,аға, әпке,іні. Олай болса балалар отбасына туралы тақпақ жаттайық. Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әженіде ардақтап, Әдеппен бас иеміз.
Балалар біздің алдымызда отбасы мүшелерінің суреттері жатыр,рет-реттімен қойып шыгайық. Сергіту сәті. Бір үйде біз нешеуміз Бір біз бесеуміз Бас бармақ әкем Балап үйрек анам Ортан терек ағам Шылдыр шүмек әпкем Кішкене бөбек мен. Отбасы туралы мақал: Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар. Ата – бәйтерек,бала-жапырақ. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті қортындылау. Балаларды мадақтау. |
Балалар шеңбер құрады.
Балалар жатқа айтады.
Суреттерді ретімен орналастырады.
Саусақ жаттығуы арқылы жасайды.
Мақалды жатқа айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Отбасы мүшелерін біледі.
Игереді: Адамгершілік, инабаттылық қасиеттерді.
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін үйірмелер ұйымдастыру өте маңызды боып табылады. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады. [№9 әдебиет 3-4 бет]
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Мысалы: Ата-аналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасап қою, ата-аналармен біріге отырып қуыршақ театрлары мен ертегілерді бірігіп сахналау, т.б.
Ата-аналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында түрлі сайыстар өткізуге де болады. Мен ата-анамен бірігіп балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Отанды сүю отбасынан басталады» атты сайыс өткіздім.Сайыс өте қызықты өтті. Ата-аналар балаларымен бірге ән салды, орын тағайындалды.Балабақшамен отбасы жетістігін көрсету мақсатында, балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында сайыс қортындысы марапатталды.

[3-сурет «Отанды сүю отбасынан басталады»] [4сурет «Жеңімпаздарды марапаттау»]
Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу-оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.
Ата-аналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты–отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме дайындайды, немесе олар бірлесіп те дайындалады. Конференцияның өзекті тақырыбы болады. Мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференцияға жергілікті жердің атақты дәрігерлерінің қатысуымен өткізду. Бұған барлық ата-аналар, тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ мұндай конференцияларға балалар әдебиетінің жазушыларын, заңгерді қатысуымен өткізіп, ата-аналармен пікірлер бөлісіп, өз қызметтерінің бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы тәжірибелерімен бөлісе алады.
Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.
Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақырылады.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мен тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді. Топтық жиналыстарды талқылауға 2-3 мәселені ұсынады бір сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі дайындайды. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?», «Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?», т.б тақырыптар төңірегінде өткізуге болады.
Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. [№8 әдебиет 10-11 бет]
2.1 Балабақшадағы жұмыстарды ата-аналармен бірлесе іске асыру
«ҚР Білім туралы заңы» мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің типтік ережесіне сәйкес, баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін балабақша алдында тұрған негізгі міндеттің бірі-отбасымен қарым- қатынасқа түсу. Бала қалыпты даму үшін балабақша мен отбасында теңдей жағдай жасалуы керек. Отбасының тәрбиелік қызметі-баласына мейірімді ана және әке болуда ғана емес, отбасы «қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді».
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»-деп В.А.Сухомлинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру-бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық баланың жан жақты даму деңгейіне әсер етіп, тәрбие жұмысының сапасын арттырады. Ол төмендегі жағдайларға негізделеді: Өзара сапалы қарым қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну,т.б.
Баланың дамуы мәселесі бойынша балабақша мен отбасы жұмысының үлгісі:
1. Психологиялық кеңес беру жұмысы. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету.
2. Ақпараттық-әдістемелік жұмыс. Ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру. Ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жарнамалар шығару.
3. Диагностикалық талдау жұмыстары. Ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналарын жан жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым атынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
4. Бұқаралық мәдени жұмыс. Ата-аналарды балабақшаішілік, топтың дәстүрлі шараларына барынша көбірек қатыстыруға бағыттау. Ата-ананы ынтымақтастық, серіктестікке шақыра отырып, балабақшадағы әр-түрлі іс шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды тарту.
Осылайша, ата аналармен бірлескен жұмыстар ұйымдастырудан мынадай нәтижелер алынуы мүмкін:
1. Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиешімен бірге жауап таба біледі;
2. Балалардың психологиялық ерекшеліктерін тереңінен түсіне біледі;
3. Балабақшаға деген педагогикалық сенім күшейе түседі;
4.Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқылы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянады.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында: бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады деген. Соны басшылыққа ала отырып, ата-ананың қарым қатынасын ынтымақтастықпен құру көзделеді:
-
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын қызметін сауатты етуге жағдай жасау;
-
Ата-анамен қарым қатынасты ынтымақтастық жолдармен жасау;
-
Қарама қайшылықтарды болдырмау жолдарын талдау;
-
Ата-ананың тәрбиешімен қарама-қайшылық пікірлерін зерттеу;
-
Ата-ананы балаға дұрыс тәрбие беруге бағыттау.
Қарама-қайшылық дегеніміз бір біріне қарама қарсы бағытталған белгілі бір субъектінің мақсатын, қызығушылығын, позициясын, принцип ұстанымының сәйкес келмеуі. Егер балабақшадағы тәрбиешімен ата-аналар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуде тәрбиеші өзінің педагогикалық құзырлығын көрсетсе, оның болжауына жүйелі ынтымақтастық жұмыс жүргізілсе, ата-ана мен тәрбиеші арасындағы дұрыс қарым-қатынас орнайды.
Балабақшадағы тәрбие жұмысын ата-аналардан бастап жүргізген дұрыс. Өйткені, бала тәрбиесіндегі ата-ананың ықпалы басты орында тұрады. Баланы кішкентайынан әдептілікке үйрете бастау керек. Сыйлау сезімін, сыпайылық қасиеттерін ояту керек. Ең бастысы отбасыдағы ата-ананың бір-біріне деген сыйластық қатынасы балаға әсер етпей қоймайды.
Бүгінгі таңда сәбилерінің іс әрекетінің дұрыстығына, не ерсілігіне мән бермей, тәрбие ісін балабақшаға толығымен жүктеп, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін ата-аналар кездесіп отырады. Осыдан келіп, балабақша мен ата-аналар арасында байланыстың нашарлығы туындайды. Тәрбиеші мен ата-аналар бірін бірі түсінбей жатса, ортақ мәмлеге келе алмаса, түзде бір тәрбие, үйде бір тәрбиеде бала мінезі орнықсыз болып қалыптасары сөзсіз.
Осындай мәселелердің тығырыққа тірелуін күтпей, тәрбиеші мен бала және ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, өзара түсініктерін орнату керек.
Сонымен, бала балабақшаға қуана келіп, үйіне қуанып қайтуы керек. Балабақшада жайлы, көңілді, қызықты болатынын, достары көп екенін, ал үйде оны отбасы жақсы көретінін, үлкендердің оны асыға тосып отыратынын сәби сезсе балабақша мен отбасы арақатынасының дұрыс жолда екендігі анық.
2.2 Балабақша мен отбасы арақатынастарын тиімді ұйымдастыру жолдары.
Баланың қалыптасу нәтижелігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екендігі белгілі. Тәрбиені отбасымен ұштастыру балабақшаға, тәрбиешіге маңызды міндет жүктейді.
Әр баланың отбасындағы жағдайын, ондағы тәрбие бағытын біліп, ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанда ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді. Отбасынан балабақшаға жаңа қабылданған балалардың ата-анасымен жүргізілетін түрлі бағыттағы сауалнамалар алдағы даму баспалдағына бірлесе жасалған қадам деуге болады:
«Өз балаңыз туралы не айтасыз?»
«Сіз қандай ата-анасыз?»
«Балабақшаға келгенше балаңызға не үйреттіңіз?»
«Баланыз қандай ойыншықты жақсы көреді?» т.б сұрақтар төңірегінде қамтылады.
Әр отбасының мақтан тұтарлық жақтары болады. Барлық отбасы көмекті қажет етеді. Баланың жетістіктері туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеудегі өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын бірлесе жүзеге асыру көзделеді. Ата-анамен бірлесе атқарылатын жұмыс түрлерін 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Ұйымдастырушылық кезең. Бала мен отбасы туралы деректер алу, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау, ата-аналардың ұсыныс пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтарға жауап алу.
Үйретуші кезең. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық, дене және сөйлеу тұрғысынан дамуы, жалпы білімін кеңейту, отбасында баламен жұмыс істеудің кейбір педагогикалық тәсілдеріне үйрету, әрбір баланың жалпы және жеке коммуникативтік мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай отбасы жағдайында қалыптастыру мүмкіндіктерімен таныстыру.
Қорытынды кезең. Ата-аналардың педагогтармен бірге топтық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге талпынып,ертеңгіліктер мен мерекелерді өткізу сценарийлерін дайындауға ат салысуы.
Баланың дамуындағы табыстары жағымды, жағымсыз қылықтары туралы ақпарат алмасып турғаны жөн. Баланың әрбір әрекетіне әсер еткен кәсіби ықпалы туралы да тәрбиеленушіге қиын соғып жатқан тұстар мен жеткен жетістіктері жөнінде де екі жақтың бір-бірінен біліп тұрғаны дұрыс.
Сөйтіп күн өткен сайын бала тәрбиесімен кәсіби мамандар айналысып жатқанына ата-аналардың көзі жетеді. Ал бұл ата-аналардың педагог сөзіне құлақ асып, оны жақын тартып, бала тәрбиесіне өздері де ат салысуы керек екендігін түсінуіне жол ашады.Тәрбиешінің міндеті ата-аналарға жекелей ықпал ету болып табылады.
Кері байланыс- бұл тәрбиелеу, оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізі, ата-аналармен қатынас көпірі. Кері байланыстың негізгі түрлері:
-
Баланың өмірімен әрекеті және оның достары, топтағы өткен күндері жайлы талқылау;
-
Бағдарламадағы шығарманы бірігіп оқу және талдау;
-
Танымдық ақпараттарды оқу және талдау;
-
Оқыған тақырыпқа және әр түрлі ақпараттарға материалдар жинауға қатысу;
-
Әр түрлі эксперименттерге және жобаларға қатысу;
-
Саяхаттарға, спорттық шараларға, театр мен қойылымдарға және басқа да мерекелерге қатысу;
Міне осындай бағыттарды іске асыру үшін мектепке дейінгі мекемелермен отбасының арасында тығыз сабақтастық қажет. Баланың дамуына отбасы мүшелерінің бәрінің тигізер әсері мол. Мысалы: «Біз саламатты отбасы» спорттық эстафеталық сайыс өткіздім. Бұл сайыстың мақсаты баланың денсаулығын жақсарту, спорттық ойынға деген қызығушылығын арттыру, ата-аналармен қарым – қатынасын нығайтып балаларды достыққа баулу, ел қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында өткіздім.

[5-сурет «Доппен секіру»] [6-сурет «Жеңімпаздармен бірге»]
Топта ата-аналарды ұйымдастырып балаларының
бақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуына арналған іс-шаралар
өткізіліп тұруы қажет. Оған ертегілерді сахналау, психологиялық
тренингтер, сауалнамалар жатады.
Осындай отырыстар, жиналыстар арқылы ата-аналар бір-бірімен
жақынырақ танысып, ортақ мәселелерді бірге шешуге
тырысады.
Мен отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін тренинг жүргіздім.
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі»
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ - жауап, сауалнама, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу» жаттығуы.
2. Топқа бөлу.
3. Ой жинақтау.
4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
5. Ситуациялық сұрақтар.
6. Тест «Бала тәрбиесі».
7. «Ашық айтсам..» анкетасы.
8. Қорытынды.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана ролі» атты тренинг–сабағымызға қош келдіңіздер!
1. Танысу жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
2. Топқа бөлу.
Ата-аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
3. Ой жинақтау.
Екі топқа тақырып беріледі. Ата–аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
1 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
2 топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?
4. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ойыңызға қандай сөз түседі?
9. Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
5. Ситуациялық сұрақтар.
Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңыз қандайда бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?
6. Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?"
1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл
2. Кейде ғана келісемін – 2 балл
3. Келіспеймін - 1 балл
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0-16. Бала тәрбиесі–сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16-30. Балаға қамқорлық жасау–бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
7. «Ашығын айтсам»
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.
Менің тренинг барысында түйгенім ----------
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------
Жүргізушіге ұсыныс ---------
Маған ең пайдалы, құнды болған ----------
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер ----------------
Маған ұнамағаны --------------
Ең жақсы ұнағаны --------------
Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді -------------------
Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------
Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам -------------
Тренингті қорытындылау --------------------------
Қолы ------------------------------------
8. Қорытынды
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»- дегендей балалардың ата-аналармен бірігіп, ата-аналар бұрышын жасап, отбасы газеттерін шығарып, әр баланың
жеке өмірі жайлы демалыс күндерін қалай, кіммен өткізетіні жайлы, ең жақын адамдары жайлы білуге көмегі болып жатады.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші ата- аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда. Тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін балабақша қызметкерлері ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, үнемі ата-аналардың ұсыныс- пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алып отыруы керек. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата- аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата- аналардың ұсыныс-пікірлермен санаса отырып ата- аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға, ата-аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:
-
Балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
-
Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
-
Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
-
Ата-аналар мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
-
Ата–аналар оқу жоспарларымен танысады;
-
Ата–аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді.Тәрбиешілер ата- аналарға ақыл-кеңес беріп, ұсынылатын жұмыстарды талдау барысында төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек;
Тәрбиешімен ата-ана арасындағы қарым-қатынас
1 кесте

Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін:
-
Сиқырлы сөздер айту;
-
Баласының жетістігін айту
-
Сенімді болу
-
Көңіл-күйіне қарау
-
Намысына тимеу
-
Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)
Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі
-
балаларда іс–әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады
-
балаларға маңызды жетістіктерге жете алады
-
балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды
-
балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады
-
ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді
-
ата–аналар балабақшадағы оқыту-тәрбие жоспарларымен танысады
Ата – анамен жүргізілетін жұмыс түрлері :

2 кесте

Негізгі міндеттері :
-
тәрбиешінің топ ата- аналармен құрамын зерттеуі
-
ата–аналармен тұрақты байланыс орнату
-
ата–аналар ұжымын құру
-
ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру
-
үштік одақ ( бала, ата – ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру
Ата–аналар клубы балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады.
Тақырыптық кеңес - ата–аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту
Педагогикалық семинар-отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата–аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет. Шығармашылық кештер балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата- аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылу қажет. Мысалы топтағы қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасауға болады. Онда «Ата-аналарға кеңес», «Кел жаттайық бәріміз» деген сияқты тақырыптарда болуы мүмкін.

Ата-аналарға арналған бұрыш
7 сурет
Дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып, балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылуы қажет. Әр ата-ананың балабақшадағы болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай.
Ата-аналармен жүргізілген әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болады.
Балабақшада ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой-өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
-
А.Қабдолла Бала мен балабақша №2-2011// «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру»
-
А.Сапарбаева Бала мен балабақша №4-2013// «Балабақша мен отбасы жұмысындағы сабақтастық»
-
Ж.Шокенова Бала мен балабақша №5-2011// «Балабақша мен отбасы ынтымақтастығын құру»
-
Қазақ энциклопедиясы, 2 том
-
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, 1998 жылғы 17 желтоқсан №321-I . Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., №23, 62-бап 2 тармағы
-
Қ.Ә.Исаева Отбасы және балабақша №5-2012// «Ата-аналармен жұмыс жүргізуде жаңа әдістер»
-
Л.Ташева Бала мен балабақша №8-2011// «Балабақша мен отбасы ынтымақтастығының негізгі бағыттары»
-
Ш.Шарипова Отбасы және балабақша №5-2012// «Отбасы мен балабақшаның педагогикалық байланысы»
Жоспары:
І.Кіріспе бөлім
Балабақша мен отбасы арасындағы бірлескен жұмыстардың сабақтастығы.
ІІ.Негізгі бөлім
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы отбасы мен балабақша рөлі.

2.1 Балабақшадағы жұмыстарды ата-аналармен бірлесе іске асыру.

ІІІ. Қортынды
Ата-ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса,балаларға бірдей талап қойылса тәуелсіз еліміздің азматтары шығатынын ұғындым.
Өтініш қағаз
Баяндаманың аты: Балабақша мен отбасы арасындағы бірлеске жұмыстардың сабақтастығы.
Баяндаманың авторы: Төлеген Шынаргүл Серікқызы
Жұмыс орны: Атырау облысы Индер ауданы
«Балапан» мектепке дейінгі бөбекжайы
-қызметі: тәрбиеші
-наградалары:
Мекен –жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы
Телефоны:
- жұмыс: 24-0-32
- үй: 24-5-69
Аңдау хат
Бұл баяндамада балабақшамен отбасы арасындағы
бірлескен сабақтастығы және ынтымақтастығы туралы кеңінен
талқыланды.Қазіргі заман талабына сай баланы тәрбиелеу,дамыту және
білім беру тікелей ата-анамен тәрбиешіге байланысты екені
баяндалған.
Annotation
Әріптес туралы пікір
Төлеген Шынаргүл Серікқызы – тәрбиеші .Бүгінгі педагогикалық оқуға «Балабақша мен отбасы арасындағы бірлескен жұмыстардың сабақтастығы» тақырыбымен қатысқалы отыр.
Төлеген Шынаргүл балаларды тәрбиелеуде аянбай, іздене еңбек етіп, еңбек нәтижесінде асып таспайтын, өз білімін үнемі іздемпаздықпен толықтырып отыратын, тәрбиешілердің озат іс-тәжірибелерін өз жұмысына тиімді пайдалана білетін тәрбиеші.
Өз сабақтарына деген сүйіспеншілігін топтағы тәрбие жұмысымен ұштастырып, жас ұрпақтың санасына сіңіріп, жүрегіне жеткізе білетін тәрбиеші , еңбек жолында тек жақсы қырларынан көрініп жүр.
Жаңа технологиялық әдістерді өзі өткізіп жүрген сабақтарына қолдана біледі.
«Балапан» мектепке дейінгі бөбекжай әдіскері:А.Б.Жумагалиева
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық"

шағым қалдыра аласыз