Отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша педагогтарына қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Досым Бағила Өсербекқызы.

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. «Ақкөгершін» бөбекжай баалабақшасының І санатты тәрбиешісі.

Түркістан облысы. Ордабасы ауданы. Қарақұм елді мекені.

Тақырыбы: Отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі маңызы.

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті- елдің ұлы» деп халық қаһарманы бауыржан Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен азаматтыққа баулу- тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Ол үшін балабақша мен отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы зор болуы қажет. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың» дегендей баланың тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптарда күшейе түседі. Ақыл – ойының дамуы, ұнамды мінез- құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым- қатынастардың өзіне қандай қамқоршы , сүйеніші екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесіне өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді , оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату – тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әдептіліктің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Болашақ ұрпақ келешек қоғам иесі. Ол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол ұрпақ етіп тәрбиелеу барлығымыздың қоғам алдындағы борышымыз. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіру, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамытуотбасы мен балабақшаның басты талабы.

Балаға балабақшадан бап керек. Өйткені жас ұрпақтың алғашқы таным ортасы, тәрбие ұясы – балабақша. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Оны кез келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Бүгінгі таңда балабақшада бүлдіршіндерді тәрбиелеудің жаңа әдіс – тәсілдері қалыптасып келеді. Балабақша тәрбиешілерінің алдында жаңашылдыққа ұмтылып, бүгінгінің баласын жалықтырмай , мейрімді, саналы етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Себебі – бала біздің болшағымыз , ертеңіміз, кемел келешегіміз.

« Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасы- саналы ұрпақ тәрбиелеуді мақсат- мүдде еткен тәлім ордасы. Балабақшамызда балғындарды тәрбиелеудің озық үлгісі қалыптасқан. Тәрбиешілердің білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік жасалған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша балабақшамызда білім беру 5 негізгі саласы бойынша ұйымдастырылады. Олар: денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық және әлеуметтік орта салалары. Жаңа стандартта жүктеген міндеттерде жеңіл емес. Мқнда басымдық баланың өмірін қорғау, денсаулығын нығайту, танымын кеңейту, Отанын, тілін, мәдениетін сүю сияқты құндылықтарға берілген. Міне, осындай негізгі бағыттарды іске асыру үшін мектепке дейінгі мекемелермен отбасының арасында тығыз сабақтастық қажет. Өйткені осы бағыттағы тәлім- тәрбие сабақтаса , қштаса жүргізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Жүсіп Баласағұнның зерделі ойлары біздің өрбітіп отырған мәселеміздің түйінін шешкендей;

Балам білім жолын қусын десеңіз,

Бесігінде ақ ілім шоғын көсеңіз.

Білім үйрет сәбиіңе сарыла,

Уыздай ұйыт, сүттей сіңір қанына!

Бала тәрбиесіне тек қана балабақша , мектеп, оны қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы мүшелерінің бәрінің тигізер әсері мол. Мысалы; біздің балабақшада өткен «Әкем, шешем және мен» спорттық эстафеталық ойыны, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс – шараларды жиі өткізіліп тұрады. Оған сауықтыру кештері, ертеңгіліктер, психолгтың тренингтері, сауаланамалар жатады. Осындай отырыстар арқылы ата – аналар бір – бірімен жақынырақ танысып, ортақ мәселелерін бірге шеуге тырысады. Ата – анамен балабақша арасындағы тығыз қарым – қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Кішкентай бүлдіршін балдырғандарын қолынан жетелеп, балабақшаға апарып салған соң, одан арғы міндетті тәрбиешілерге жүктеп, «балам бақшада, еш алаңдаудың қажеті жоқ –деп, немесе балабақшадан балам түкте үйренбейді , ондағы тәрбие тым нашар»-деп бар кінәні де сол баласының апайларына артып, өздері бейқам жүретін ата- аналарда арамызда жоқ емес.Кейбір ата- аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды. Осындайдан бала тәрбиесінде қиындықтар туындайды. Керісінше, өз тарапынан белсенділік танытып, баласының балабақша табалдырығын аттаған алғашқы сәтінен бастап, тәрбиешінің балаға қойған талаптарымен танысып, өткізілген бағдарлама бойынша берілген тапсырманың орындалуын жіті қадағалап, баласының іс- қимылын, әрекетін көзінен таса қылмай отбасындағы тәрбиемен балабақшадағы тәрбиені ұштастырып отыратын ата – аналарымызда баршылық. Баланың күнделікті өмірінде бір де әрекетін ата – ана ескерусіз қалмаған жөн.Жақсылығын мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, ұйретіп отыру баланы жетістіктерге жетелейді.

Бала тәрбиесі- игілікті іс, берері де, сұрауы да, жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі. Еліміздің ертеңі балаларымыздың болашағы үшін тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден жалықпайық. Әр шаңырақтан бала сыңғыры кетпесін! Әр шаңырақ базарлы үйге айналсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2020
362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі