Отбасы-өмір аясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы-өмір аясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі мол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Отбасым- өмір аясы

Мақсаты:отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.

Кіріспе: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

 Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы

« Ата-анаға көз  қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.

Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен  құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

 Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.

13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.

Мұғалім: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балалрды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала- солардан».


 Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына  үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргені қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқа– тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

 Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.

Қорытынды:

 Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы.

 Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

 Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

 Ән: «Әкешім, анашым».













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2018
750
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі