Отбасы тәрбиенің алтын бесігі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы тәрбиенің алтын бесігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасылық құндылықты қадірлеу,түсіну,ұғыну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған « Отбасы -тәрбиенің алтын бесігі» атты кездесу кеші.

Мақсаты:

  • Отбасы, мейірім, қамқорлық ұғымдарының мәнін түсіндіру

  • Жасөспірімдердің бойында сенім, үміт, жауапкершілік сезімін дамыту

  • Жылы ортада ашық пікірлесуге, шығармашылыққа баулу

  • Эмоциялық қолдау көрсету, психологиялық ахуалды жақсарту

Қатысушылар:

Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері, тәрбиешілер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, қонақтар,

Ұзақтығы:

60–75 минут

Жүргізуші

Қайырлы кеш, қадірлі тәрбиешілер мен жас достар!
Бүгін біз ерекше, жүрекке жақын тақырыпта бас қосып отырмыз. Бұл –
Отбасы күніне арналған "Отбасы – жүрек жылуы" атты кешімізді бастамас бұрын келген қонақтарымызбен таныстырып алайық.Отбасы – бұл тек ата-ана емес, бұл — сүйеніш, махаббат, сенім мен жылу мекені.Бүгін Жамбыл облысына белгілі облыстың намысын қорғап жүрген өнер майталмандары Жаңабаевтар халықтық атағы бар ансамбілі қонақта.Үлгілі жанұя үлкен қазына. Қазақ халқында   «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөз бар. Қазіргі таңда, отбасылық құндылықты сақтап,ұлы мен қызына,немерелеріне өз өнерін дәріптеп,ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, өнерлі отбасынан мерейлі отбасылық ансамбілін құраған ақ жаулықты Күлімбала анамыз отыр. Сіздерге қошемет,ортамызға қош келдңіздер!

Жүргізуші:
Ал енді жүректен шыққан ашық әңгімеге кезек берейік.
Сұрақтар арқылы пікір бөлісеміз:
Келген қонақтарға тәрбиеленушілер сұрақтар қояды. Қонақтар өз өнерлерін көрсетеді.

  • "Сіз үшін отбасы деген не?"

  • "Сізге бала күніңізде не жетіспеді?"

  • "Кім сізге шынайы қамқор болды?"

  • "Өз отбасыңызды қалай елестетесіз болашақта?"

  • Болашақ отбасына берер ақылдарыңыз болса? т, б сұрақтар

Shape1

4-бөлім: "Мейірімді жүрек" тренингі (10 мин)

(Қатысушылар шеңберге тұрады)

Жүргізуші

Отбасы – тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Отбасы шағын мемлекет. Оның тірегі әке мен ана. қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасыдан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда ғана бірлік, татулық болады.

Сөз, Жасөспірімдер үйінің директорының орынбасары Ляззат Құралбековнаға беріледі.(Алғыс сөз)

Сөз соңы

Отбасы татулы­ғы мен үйлесімділігі ата-ана мен бала және ерлі зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік сезімімен тығыз байланысты. Ата-ана мен бала және ерлі-зайып­тылар қатынасында өзара түсіністік, сыйластық, көмек тек қана отбасы мүшеле­рінің арасында сүйіспеншілік сезімі болғанда ғана бақытты жандардан тұратын отбасына айналады. Тұлға отбасында өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді. Біз бүгін осы отбасының шағын мемлекет болып қалыптасқанының куәсі болып отырмыз.Өйткені Анамыз қобызда ойнаса,отбасының әрбір мүшесі қазақтың ұлттық аспаптарын қолға алып куйді күмбірлете түсуде.
Біз бәріміз де сүйіспеншілік пен мейірімділікке лайықпыз. Осы кеште сол жылулықты бірге сезінейік.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.10.2025
24
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі