Материалдар / Отбасы-Тәрбиенің ұясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы-Тәрбиенің ұясы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналарға психологиялық тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
708
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі














«Отбасы – тәрбиенің ұясы»

Тренинг











Өткізген:

Педагог-психолог:Мұфтахиева Ж.Ғ














2016-2017 оқу жылы


Тақырыбы: Отбасы -тәрбиенің ұясы 

Мақсаты:  Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Түрі:  топтастыру

Көрнекілігі: карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар; қағаз қалам.

Жоспар

1.   Сәлемдесу

2.  «Сиқырлы қоржын» ойлануға арналған сұрақтар

3.  «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны

4. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

5.  Қорытынды.

Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу

Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.

І. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық

2 нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)

ІІ. «Сиқырлы қоржын» Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.

1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....

3. Мен ренжимін, егер....

4. Мен қуаныштымын, себебі.....

5. Баланы үнемі қолдап отырса.....

6. Мен үшін бақыт деген.....

7. Отбасының қорғаны кім?

8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз 9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық... (қалай исең, солай иіледі)

10. Ана бауырындағы бұлақ.... (бала жағасындағы құрақ)

11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз? 12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз

13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.

 ІІІ. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

    Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

ІҮ. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

  Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

    Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.  

Ойын тапсырмалары;

1.  «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2. «Достық» кірпіші

 «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3.  «Махаббат» кірпіші

 Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз

4.  «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік»

 Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

Ү.Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.

  1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.

  2. Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.

  3. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.

























1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....


2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....


3. Мен ренжимін, егер....


4. Мен қуаныштымын, себебі.....


5. Баланы үнемі қолдап отырса.....


6. Мен үшін бақыт деген.....


7. Отбасының қорғаны кім?


8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз


9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық...


10. Ана бауырындағы бұлақ....


11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз?


12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз


13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?


14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.





1.  «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.


2. «Достық» кірпіші

 «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?



3.  «Махаббат» кірпіші

 Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз


4.  «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!