Материалдар / Отбасы тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы тәрбиесі және жасөспірімдердің дамуының психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері

 

Отбасының бірлігі, отбасының бақыты, шаңырақтың қуанышы – бұл, арине, бала. Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Тәрбие басы -  отбасы дегенге барлығымыз да қосыламыз деп ойлаймын. Отбасы тәрбиесі адам тағдырына да ықпал етеді. Өйткені отбасы беретін  өмір сабағы балаға ең жақын адамдары – ата-анасы, ата-әжесі, үлкен ағалары мен апалары береді, сол себептен оның тәрбиелік потенциалы мол, онымен басқа адамдар, басқа тәрбие институты да, мектеп тәрбиесі де тең келе алмайды. Отбасында бала еңбек етуде, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көз қарасы қалыптасады. Қазіргі әлеуметтік экономикалық қиындықтары бастан кешу кезінде отбасы адамға ең жақын сезім түсінушілік, сүйіспеншілік сыйлайтын негізгі орта. Сондықтан бүгінгі күні отбасының мәні, отбасының тәрбиелік рөлі арта түседі. Отбасы тәрбиесі халықтық  педагогикасының аса маңызды саласы. Салт дәстүрде ұлттық ойындар, ауыз әдебиет шығармаларында, өнерде, этнографияда отбасы мәселесі қарастырылады. Егерде мақал-мәтелді алып қарастырсақ «Атадан бала тусайшы, атаның жолын қусайшы», «Анаға қарап қыз өседі, атаға қарап ұл өсер». Осы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні өте зор. Қазақ халқы ақыл айту, үйрету үлгі өнеге қолдану, ырым ету, бата беру, құлақ қағыс ету, тиым салу т.б. әдіспен баланы тәрбиелеген.

Балалардағы әр жастың өзінше жақсы жақтары, қиындықтары мен ерекшеліктері бар. Сондықтан да жасөспірім шақтың өзіндік ерекшелігі- бұл ең ұзақ және баланың физиологиялық өзгерістерге ұшырайтың кезең. Жасөспірім шақ-қыздар арасында 10-12 жастан 15-16 жасқа дейін, ал ұлдар арасында 12-14 жастан 17-18 жасқа дейін жалғасады. Баланың тез дамуына байланысты бүкіл ағзаның органдары және құрамдары физиологиялық және психологиялық өзгерістерге   тап болады. Жасөспірімнің өз автономиясына күрес ашып, яғни, «мен үлкенмін» деп өзімен санасқанды қалайды. Өз құқықтарын айтып, ата-ананың бақылауынан шығуға қажет етуі және де осы кезеңде өзіндік-жеке қарым-қатынас негізгі қажеттілікке айналады. Қойылатын талаптардың көбі қарсылық реакциясына әкеледі, өйткені жасөспірім өзін үлкенмін деп сезінгенімен, қиындықтардан қашады, өзіне көңіл мен қолдау көрсеткенді қажет етеді. Жасөспірімнің тағы бір ерекшеліктері эмоционалдық тұрақсыздық. Ұлдардың эмоционалдық тұрақсыздықтың шарықтау шегі 11-12 жасқа, ал қыздар 13-15 жасқа келеді. Әрине үлкен жасөспірім шақ кезінде баланың көңіл күйі, психологиялық реакциясы тұрақтайды, сонда да кей жағдайда тұрақсыздық көрінеді. Осы кезде жасөспірім өз-өзін тануға, өзін тәрбиелеуге, өмірді танып білуге, өзінің өмірлік компетенциясын жоғарлатуға дайын.  Сондықтан мектеп тарапынан психолог, мұғалім және тәрбие жетекшісі әртүрлі бағдарламалар құрастырып, жасөспіріммен түрлі жұмыстарды қарастыра алады. Ал ата-аналарға жасөспірім өміріне ерекше көңіл аударуды ұсыныс береміз. Өйткені көбінесе жасөспірім стресс жағдайда, көңіл күйінің тез өзгеруіне байланысты және ашу -ыза басым болуы – өте қауіпті. Ата-ана қарым қатынасты құрбылардың қарым қатынасына ауыстырады. Осы кезде үйден кетіп қалу, қаңғыбастық, мектепке келмеу, оқудан қашу, өтірік айту, агрессиялық тәртіп жиі кездеседі. Осының барлығы жасөспірімның іштей ізденуіне, физиологиялық және психологиялық қалыптасуының өзгерістеріне байланысты. Міне осы кезде ата-аналар суицидтік дертке байланысты аса сақ болып, балаларына көп көңіл бөлуі қажет. Суицидтің себептері: 1. Отбасынан; 2. Достарынан; 3. Жолы болмаушылықтан.

БАЛАЛАР ӨМІР СҮРУДІ ӨМІРДЕН ҮЙРЕНЕДІ

  • Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.

  • Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.

  • Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.

  • Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.

  • Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді.

  • Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.

  • Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.

  • Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.

  • Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.

  • Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббатты табады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!