Материалдар / Отбасы тәрбиесінің қазіргі кезеңдегі жағдайы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы тәрбиесінің қазіргі кезеңдегі жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда XXI ғасырдағы отбасы тәрбиесінің қазіргі жағдайы талқыланған. Баланы тәрбиелеуде отбасылар қандай мәселелермен бетпе-бет келіп жатыр, олардың шешімін қайдан табамыз, не істеуміз қажет, нені маңызға алу керек - барлығы материалда көрсетілген.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы











БӨЖ

Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің қазіргі кезеңдегі жағдайы














Орындаған: Нагыматдин Ботагөз Топ: 211/1

Қабылдаған: Салгараева Г.И

Отбасы тәрбиесі баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі. Ол баланың дамуының моральдық, эмоционалдық және әлеуметтік аспектілеріне айтарлықтай әсер етеді. Алайда, отбасы тәрбиесінің қазіргі жағдайы назар аударуды және ойлануды қажет ететін бірқатар қиындықтар мен проблемаларды тудырады.

Алдымен, қазіргі кезеңдегі отбасы тәрбиесінің маңыздылығын айта кеткен жөн. Балалар адамгершілік құндылықтарды, қарым-қатынасты, жауапкершілікті және т.б. маңызды қасиеттерді отбасыдан үйренеді. Отбасы тұлға мен мінез- құлық мәдениетінің негізін қалыптастыратын орын. Алайда, осыған қарамастан, қазіргі отбасылар тәрбиеге байланысты кейбір қиындықтарға тап болады.

Отбасы тәрбиесінің бірінші проблемасы - балаларға тиісті уақыт бөлмеу. Қазіргі өмір жұмысқа, міндеттерге және ақпарат ағынына толы, бұл ата- аналардың балалармен аз уақыт өткізуіне әкеледі. Мәселе балалардың назар мен қолдау алмауына, тәрбиеге белсенді атсалысудың жоқтығына әкелуі мүмкін. Әрине, ата-аналар ауыр жұмыс жүктемесіне байланысты тиісті уақыт бөле алмайтыны үшін кінәлі емес, бірақ олар саналы түрде бала өсіруді шешкендіктен, өз балаларының тәрбиесіне абай болуы керек. Үлкендердің бақылауының жоқтығына негізделген либералды стиль пассивтілікке және балалардың өз-өзіне ие бола алмауына әкеледі. (Querido et al. 2002; Thompson et al. 2003).

Екінші мәселе - интернет пен әлеуметтік медианың балаларға әсері. Технологияның дамуымен, балалар үлкен көлемді ақпаратқа, соның ішінде олардың тұлға ретінде қалыптасуына зиян болуы мүмкін контентке тап болады. Ата-аналар балаларды ақпаратты талдауға және оң мен теріс контент арасындағы айырмашылықты белсенді түрде бақылап, үйретуі керек. Заманауи технологиялар мен интернет балаларға кейбір дағдылар мен білімді игеруге көмектеседі. Мысалы: танымды видеоларды қарау, білім беретін ойын қосымшалары, көптеген қызықты ертегілер және т.б. Бірақ, осыны қоса отырғанда, ата-аналар балаларының тәрбиесін өздерінен гөрі интернетке көбірек арта бастайды. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігінің Ғылым комитеті зерттеу жүргізген болатын. 3000 адамнан тұратын сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі «ата-ана бақылауы (родительский контроль)» функциясының бар екенін білетіндерін хабарлады, бірақ фокус-топтар ішіндегі ата-аналар арасында оны ешкім пайдаланбаған және оны қалай қосу керектігі туралы ешқандай түсініктері жоқ болып шықты. Бізге Қытай мен Италия секілді дамыған елдерден үлгі алу керек. Бұл елдерде балалардың технологияны және интернетті қалай қолдануы туралы нақты пікір бар. Егер Қытайда бұған заңнамалық деңгейде тыйым салынса, Италиядағы мектептерле телефонды пайдалануға рұқсат етілмейді, ал 11-12 жастағы балаларда смартфон мүлдем жоқ.

Үшінші мәселе аса күрделірек. Отбасындағы зорлық-зомбылық пен маскүнемдік жалпы отбасы тәрбиесінің жоқтығын тудырады. Бұл проблемалар отбасында балалардың физикалық және психикалық денсаулығына әсер етуі

мүмкін. 1994 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы шеңберінде, Балалардың құқықтарын қорғауға және БҰҰ конвенциясының 3-бабына, сондай-ақ "Бала құқықтары туралы" Ұлттық Заңның 6-бабына сәйкес баланың мүддесін қорқауға міндеттеме алды. Бірақ, қазіргі кезде балаларға физикалық зорлық-зомбылық көрсету - көптеген қазақстандық ата- аналар үшін норма болып саналады. Бұл туралы 2010 жылдан 2016 жылға дейін ЮНИСЕФ адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп жүргізген зерттеулердің нәтижелері айтады: ересектердің шамамен 75%-ы балалардың отбасындағы мінез-құлқын бақылау үшін дене жазасын қолдайтынын, ал ата-аналардың 67%- ы бала тәрбиесінің зорлық-зомбылық түрлерін қолданатынын көрсетті.

Бұл мәселелерді шешу үшін ата-аналар мен жалпы қоғам белгілі бір қадамдар жасауы керек:

  1. Балаларға уақыт бөлу. Ата-аналар жұмыс жүктемесін азайта алады немесе балаларға уақыт бөлу үшін уақытты тиімді басқару тәсілдерін қолдана алады. Бұл жақын қарым-қатынасты сақтау үшін басымдықтарды (приоритеты) белгілеуді, отбасылық іс-шараларды жоспарлауды және тұрақты отбасылық кешкі асты немесе сөйлесуді қамтуы мүмкін. Әрине, жұмыс жүктемесін азайту және еңбек жалақысын арттыру секілді сұрақтарды қарастыруға болады. Бірақ, біздің елдің шеңберінде бұл мәселелер қазір шешіле қоймайтыны анық.

  2. Цифрлық сауаттылықты оқыту. Балаға цифрлық сауаттылықты үйретпес бұрын, ата-аналардың өздері интернеттегі қауіпсіздікті біліп, сақтық шараларын ұстануы керек. Ата-аналар балаларды интернеттегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға және интернеттегі зиянды факторлардан қорғауға үйретуі керек. Мектеп цифрлық сауаттылыққа үйреткенімен, балалардың қолына смартфондар мектепке дейін түсетіні бәрімізге мәлім.

  3. Ата-ана бақылауы (родительский контроль). Ата-аналар балалардың телефонында «ата-ана бақылауының» функцияларын үйренуі керек. Бұл мүмкіндік белгілі бір сайттар мен контенттерге кіруден сақтауға, уақыт шектеулерін орнатуға және балалардың интернеттегі белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді.

  4. Педагогикалық мәдениетті үйрету. Мемлекет пен білім беру мекемелері ата- аналарға тиімді ата-ана болу, тәрбиелеу және балалармен қарым-қатынас жасау әдістерін қамтитын оқыту бағдарламаларын ұсына алады. Осындай білім беру мекемелерінің мысалы ретінде, 2023 жылдың 31 наурызында Астанада өткен "Педагогикалық кеңес" деп аталатын шараны айтуға болады.

  5. Дағдарыстағы отбасыларға қолдау көрсету. ЮНИСЕФ секілді дағдарыс орталықтарын құру, зорлық-зомбылық пен маскүнемдікке тап болған отбасыларға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл орталықтар зардап шеккендерге кеңес беру және баспана қызметтерін ұсына алады.

  6. Отбасы тәрбиесі туралы насихат. Балалардың құқықтары мен қажеттіліктері туралы мәселелерді қоғам деңгейінде ашық насихаттау қажет. Отбасы тәрибесі туралы білім беру бағдарламалары балаларға деген көзқарасты өзгерте алады және қоғамдық деңгейде зорлық-зомбылықтың, балаға деген немқұрайлықтың алдын алуға ықпал етеді. Бұған БАҚ, медиа-кампаниялар, оқу материалдары мен тренингтер, жарнамалар және т. б. кіруі мүмкін.

  7. Білім беру мекемелерімен ынтымақтастық. Мектептер ата-аналармен жұмыс істей алады, оларға балаларды оқыту мен дамытуға қолдау көрсету үшін ақпарат пен ресурстар бере алады. Ата-аналар жиналыстары мен іс-шаралар ынтымақтастыққа ықпал етуі мүмкін.

  8. Мемлекет тарапынан қолдау. Үкімет қаржылық, заңгерлік көмек, балабақшалар мен мектептерге қол жетімділік, балалар мен ата-аналарға медициналық көмек сияқты отбасыларды қолдау саясаттары мен бағдарламаларын жасауға көбірек зейін сала алады.

  9. Зерттеу және бақылау. Отбасы тәрбиесінің жай-күйін үнемі зерттеу және бақылау қоғамдағы проблемалар мен өзгерістерді анықтауға, сондай-ақ қабылданған шаралар мен бағдарламалардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Отбасылық тәрбие мәселелерін тиімді шешу ата-аналардың, білім беру мекемелерінің, мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді. Бұл балалардың өмір сүру сапасын және олардың болашағын айтарлықтай жақсарта алатын көп қырлы процесс. Балаларға көбірек уақыт бөлу, олардың өміріне қатысу, қызығушылықтарын сақтау және қарым-қатынасты дамыту маңызды. Ата-аналар ең жақсы үлгі болу үшін балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде өздерін тәрбиелеуі керек.

Қорытындылай келе, отбасы тәрбиесінің қазіргі кезеңдегі жағдайы бізге маңызды сұрақтар туғызады деп айта аламын, бірақ оларды ата-аналар мен қоғамның зейіні, білімі және қолдауы арқылы сәтті жеңуге болады. Отбасы дені сау және бақытты балаларды дамытудың негізі болып қала береді және оның біздің өміріміз бен еліміздегі рөлін бағаламауға болмайды.



Эссе жазушыдан: эсседе кіріспе, тезис, аргументтер мен оларға қарсы контраргументтер, контраргументтерге қарсы тұжырымдар, нақты дәлелдер мен мысалдар, мәселелердің шешімдері және қорытынды келтірілген.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!