«ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРҚАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕСІНІҢ «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ
ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ.
«Отбасыда толерантты мінез
– құлықты қалыптастыру»
Ата – аналарға арналған
кеңес
Психолог:
Е.Елеусизова
2023-2024 оқу
жылы
«Отбасыда толерантты мінез
– құлықты қалыптастыру»
Жанұя құру — үлкен ерлік. Бала
табу, жаңа өмір сыйлау ондай қиын емес. Балаға махаббат, бостандық,
сенім, ар-намыс, жауапкершілік сияқты түсініктерді қалыптастыру –
бұл махаббаттан және жанұядан тыс орындалмайтын, қиын
тапсырмалардың бірі. Әсіресе, жанұяда патриоттық сезім, жақынына
деген махаббат және сыйластық, жомарттық, өз ісіне деген
жауапкершілік сияқты жалпы адами құндылықтар жанұяда қалыптасады.
Жалпы адами құндылықтар туралы айтсақ, басты жанұялық құндылықтар
жайлы сұрақты айналып кету мүмкін
емес.
Олардың тізімі сөзсіз, әрбір
жанұяда бірегей және есепсіз тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Дегенмен, әр отағасы жанұялық құндылықтары жайлы, олардың жанұяның
мықты әрі тату бекуіне негіз болатынын, бала тәрбиесіне де себепкер
екенін білуі керек. Моральді және адамгершілік тіреулер жанұяның
әрбір мүшелерінің сенімділігін нығайтуда маңызды рөл
атқарады.
Ең алдымен, мына қасиеттерін
атап өтейік: Маңыздылық пен қажеттілік сезімі. Маңыздысы, әр жанұя
мүшесі, оны жақсы көретінін, бағалайтынын және оның қажет екенін
білуі керек. Тіпті келешек берекелі жанұя бола тұра, өз жақындарына
уақыт бөлгенімен де, әр жанұя мүшесіне кеңістік бөлінуі және өз
әрекетіне бостандық берілу керек. Жанұя – бұл, бірге уақытты,
мерекелерді өткізетін, еш себепсіз жиналып, бірге бас қосатын,
бірнәрсе болмай, орындалмай қалса, қайтып келетін, сені қайта
қабылдайтын, сені тыңдайтын, сені қолдайтын, тұйыққа тірелгенде,
қалай шығуға кеңес беретін қауіпсіз
орын.
Жанұялық мәселелерді шешуде
икемділік — бақытқа апарар жол және жайлылықты сезіну. Әр жанұяда
өзіндік тәртіп, күн тәртібі, құрылымы, ережесі болады. Бірақ тым
көп тәртіп пен ережелер қарым-қатынастың нашарлауына және реніштің
пайда болуына әкеп соқтырады.
Сыйластық. Жанұя мүшелерін
бір-бірін сыйлау сезіміне дағдыландыру маңызды. Жанұядағы
сыйластықты сақтаудың жалғыз жолы – өзіңді сыйлауда үлгі болу.
Сыйластық пен қорқыныш сезімінің арасында жіңішке шекара бар.
Басқаны сыйлау – оның сезімін, пікірін, талап-тілегін, артықшылығын
қабылдау.
Сыйластық, бұл жанұя құндылығы
секілді, үйден мектепке, жұмыстан басқа қоғамдық орындарға, адамның
халықпен кездесетін жерлеріне таралуы. Адалдық жанұя мүшелерінің
арасында терең байланыс қалыптастырады. Жақындарыңыздың
түсіністікпен, сыйластықпен жасаған кез-келген әрекеттерінде
адалдықты дәріптеу керек. Егер, Сіз, болған жағдайға ренжитін
болсаңыз, онда келесі жолы, сізге деген сыйластықтың болмағанын
көрсетпеу үшін, бұл ақпаратты сізден жасыруы мүмкін. Сізді
ренжіткен адамдарды кешіруге дайындық. Барлығы қателеседі. Ренішке
уақыт жоғалтуға өмір деген өте қысқа. Сізді ренжіткен адамнан сіз
мазалаған сұрақтардың бәріне жауап алып, таңдау жасаңыз - қабылдау,
кешіру, жіберу, әрі қарай жүру сияқты. Зейінге, махаббатқа,
уақытқа, қарым-қатынас жасауға, тіпті кейбір материалдық иеліктерге
де жомарт бола біліңіз. Орнына қайтарып алуды ойламай, жомарттық
танытыңыз. Қарым-қатынас — бөлек
өнер.
Үлкендер өз балаларына үлгі
болу керек. Олар мәселелерді шешкенде, бірге жұмыс істегенде,
қарым-қатынаста және т.б. оларға өз дағдыларын, икемдерін үйретеді.
Некелік байланысты нығайту және дамыту барысында өз үлесін бағалай
білу. Жанұялық қарым-қатынас күшті қандас, туысқан байланысқа
негізделгенімен, уақыт өте келе үлкен жанұяларда да жақындық сезімі
нашарлай бастайды, сондықтан неке байланысын сақтап қалу үшін
қосымша күш пен уақыт бөлу керек.
Мезгіл-мезгіл өз өміріңізде
жанұя маңыздылығын еске салып отыру керек. Сөйтіп, жанұя — бұл енді
ғана дүние есігін ашқан жаңа кішкентай адамның өміріндегі бірінші
мектеп, бұл оның өз мүмкіндіктерін пайдаланып, оқитын, сыртқы
әлемді түсініп, оның болжап болмайтын сыйларын орындау
ортасы.
Өз жанұяңыз жайлы
білгеніңіздің бәрі, сіздің әрекетіңізді қалыптастыру негізінде
сіздің жүйеңіз, құндылығыңыз болып табылады. Бақытты, қуанышты
жанұялық өмір – кездейсоқтық емес, таңдау және еңбекке негізделген
үлкен жетістік. Жанұя құру — бұл бізден көп уақыт, күш, қуат, ақша
талап ететін жауакершілікті іс. Бірақ бұл бүкіл өміріңдегі ең
маңызды, лайықты іс. Баланы шыдамды етіп тәрбиелеу үшін алдымен
бала ата-ана қарым-қатынасы мен мінезінің айнасы екенін естен
шығармау қажет. Сондықтан, алдымен ата-ана өзі балаға шыдамдылықпен
қарау қажет:
* Біріншіден баланы ренжітпеу
керек
*
Екіншіден, оның ойын тыңдап
санасуы қажет
* Үшіншіден, реніштерін
кешіріп, ата-ана баладан кешірім сұрай алуы қажет. Бұл өте қиын
сәт, бірақ сонымен қатар, өте маңызды себебі, балада әділдік сезімі
жақсы оянады.
* Төртіншіден, ұрыссыз және
дау-жанжалсыз келісу қажет. “Дау-жанжал” сөз тіркесінің астарында
балаға моралды немесе физикалық тұрғыдан зиян “қарсылықтың”
мағынасы жатыр. Алайда, күнделікті өмірде ой-пікірдің бір жерден
шығуы екіталай. Бұл жердегі ең тиімді шешім баламен үлкен адамдарша
сөйлесіп, бір тоқтамға келу.
* Бесіншіден, баланың
ар-намысын төмендетпеу – оны төмендетіп немесе қызығушылықтарын
сыйламау.
* Алтыншыдан, баланы күштеп
оған ұнамайтын іс-әрекетпен
шұғылдандыру.