Материалдар / "Отбасылық дәстүр" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Отбасылық дәстүр" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға, тәрбиешілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2021
7774
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы«Отбасылық салт-дәстүр»

Мақсаты: Ата-аналармен балалар арасындағы қарым-қатынасты ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ата-аналарға қазақтың көне сөздерді және ырым, тыйым сөздерді жайында мағлұмат беру.

Көрнекілік:құралдар: бесік, қоржын,тұмар,текемет,ұлттық киімдер,гүлдер,сыйлықтар,слайд .

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын,мақал-мәтелдер.

Ертеңгілік барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Бар асылын халықтың

Құйған сана ойына

Туған тілім өркенде

Баса берші күшті де,

деп өзіміздің тілімізді, салт-дәстүрімізді зор әлтипатпен бағалап, ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңартырып, білмегенімізді білейік. Ата-бабамыз айтқандай Алты жыл аш болса да, атаңнын салтын ұмытпа дегендей бүгінгі «Отбасылық салт-дәстүр» - атты сайысымызды бастаймыз.

Шарты: 1. «Сәлем бердім халқыма».

2.«Мақал-сөздің атасы»

3 «Өнерлі саусақтар»

4. «Білгенге-маржан»

5. «Салт- дәстүр»

6. «Арқан тарту»

7. «Үй тапсырмасы

Әділ- қазыларды сайлау1.Турганбаева Г.Б-қазақ тіл пәні мұғалімі,Сагындыкова К.А.-тәрбие жөніндегі орынбасары,Кожебаева Н. С.-мәдениет үйінің меңгерүшісі

Бірінші сайыс – «Сәлем беріп, отбасын таныстыру» - ерекшелігін тоқталып, тәрбие мен мәдениетінің ұстанымын жарнамалайды.

1 топ – «Дастархан»;

2 топ – « Тұлпар»

Екінші сайыс – «Мақал – сөздің атасы».

1. Туған жердей- жер болмас,Туған елдей-ел болмас

2. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

3. Құтты қонақ келсе,қой егіз табады.

Құттсыз қонақ келсе,қойға қасқыр шабады

  1. Жері байдың – елі бай..

  2. Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

  1. Таз таранғанша, той тарқар.

  2. Адам тілі тас жарар,

Тас жармаса бас жарар.

  1. Жүз сом ақшаң болғанша,

Жүз жолдасың болсын.

  1. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

10.Ақыл – жас ұланнан,

Жүйрік - тай құнаннан.

Айтыс:Гүлмира-Ақжол

Бала мен қыздың айтысы.Үшінші сайыс – «Өнерлі саусақтар» - әр тобының 7 минут арасында өз қолымен бір зат жасап қолөнер қабілетін көрсету қажет

Ойын «Қол күрес» балалар арасында

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Ой түбінде жатқан тас

Шер толқытса шығады.

Төртінші сайыс – «Білгенге маржан».(слайд арқылы көрсету)

  1. Наурызша деген қандай мағынаны білдіреді? (Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды).

2)Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады? (Наурызек. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер шақырып жем шашады, қумайды, үркітпейді).

3)Наурыз айында өсетін әсем өсімдік қалай аталады?(Наурызшешек. Түрлі гүлді әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік).

4)Үт дегеніміз не? (Үйдың саңылау немесе тесігінен түскен күн сәулесінің тоңаздануын үт кірді деп есептейді. «Үт кірді, үйге құт кірді» деген қазақ мақалында күн нұрының жердегі тіршілікке жасар игі әсерін бейнелейтін үлкен мән бар).

Ойын «Қыз қуу» балалар арасында

Бесінші сайыс – «Салт-дәстүр» - әр топ бір салт-дәстүрін көрсетеді

Ән «Төлдер»

Алтыншы сайыс – «Арқан тарту».

Алиханның орындауында«Ұлыстың ұлы күні» атты өлең жолдарын тамашалаңыздар

Жетінші сайыс – «Үй тапсырмасы».

Әділқазылар қорытындысы.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар біріншіден сіздерге рахмет, осы сайысқа уақыт тауып келгендеріңіз үшін, тіл байлықтарыңызбен, шеберлігіңіз үшін, сөз байлығы – тіл байлығы. Тіл байлығы – ақыл байлығы демекші.

Сіздердің белсенділіктеріңіз арта берсін деп, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!